Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар үлгілері
1-мысал
Қазақ әдебиеті, 6-сынып
Бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақбозат» әңгімесі
Оқу мақсаты: Б/С 6.3.3.1- шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Тапсырма:
«PRES» тәсілі арқылы эссе жазу:
P- Position - Позиция: « Менің ойымша, ....» немесе «Мен ……. деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, әдеби шығармаға қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді
R- Resolution- Негіздеу: « Өйткені....» деген сөзден басталатын әдеби шығарма құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымының неге негізделетінін түсіндіреді.
E - Example - Мысал келтіру: ойын « мысалы....» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдер келтіреді.
S - Summary – Қорытынды: ойын «Сонымен (сондықтан, сөйтіп), мен ...... деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді [4].
2-мысал
Қазақ әдебиеті, 9-сынып
Бөлім: Бұқаралық ақпарат құралдары
Сабақтың тақырыбы: Теледидар – ең ықпалды БАҚ
Оқу мақсаты: Ж.9.3.2.1 - Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Тапсырма
«Еркін жазба» әдісі бойынша әр түрлі жанрларда мәтіндер жазу
Қазақстан» тобы
«Теледидар - ең ықпалды БАҚ» тақырыбында мақала жазу.
«Хабар» тобы
Мектеп оқушыларына арналған танымдық телебағдарлама сценариін жазу.
«КТК» тобы
«Өнерлі өрге жүзер» деген тақырыпта сұхбат сценарийін жазу.
Кез келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау
1-мысал
Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жетістіктері
Оқу мақсаты:
Ж.9.3.6.1. Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Тапсырма
«Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтінге бір оқушы аннотация, екінші оқушы тезис жазады, мәтінді абзацтарға бөледі. Жұптасып, бір-бірінің жұмыстарына логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.
Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамға өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.
Мәтінді өзара редакциялаудың кезеңдері:
1-кезең: қошемет сөздер
2-кезең: ұсыныстар
3-кезең. түзетулер
Жағымды жақтарын анықтап болған соң, мәтінді қалай жақсартуға болатыны туралы нақты ұсыныс жасауы керек. Соңында логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды [3].
Оқушылар осылайша бір-біріне кері байланыс береді. Қалыптастырушы бағалау да кері байланыс арқылы жүргізіледі. Оқушы үшін мұғалімнің ауызша, жазбаша кері байланысының маңызы өте зор. Тиімді кері байланыс арқылы оқушы өзінің тапсырманы қалай орындағанын, жетілдіру үшін не істеу керектігін түсініп, дер кезінде қателігін түзетуге бағыт-бағдар алады.
Мысалы осы тапсырмаға мынадай үлгіде кері байланыс ұсынуға болады: абзацтарға дұрыс бөлгенсің, редакциялауың сәтті шыққан, тың деректер мен детальдерді ұтымды пайдаланғансың, ұсыныс білдіруде нақтылық қажет, логикалық түзетулер енгізуде мұқият бол, ойыңды жинақтап, жүйелеп жаз, т.б.
2-мысал:
Қазақ әдебиеті, 5-сынып
Бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Оқу мақсаты:
Т/Ж 5.1.2.1 - әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тапсырма
«Бөліскім келеді» әдісі
Жүзеге асыру қадамдары:
Пікір алмасу (диалог) топта жүргізіледі;
Топ мүшелері мәтінді бөліктерге бөліп оқиды;
Әр топ өкілі өз оқығандарын кезектесіп басқаларына баяндайды;
Бір-бірін мұқият тыңдайды, түсіну үшін сұрақ қояды («Мен сені дұрыс түсіндім бе?» «Егер мен дұрыс түсінсем,...» «Бұл солай ма?»...)
Осыдан соң әр топ мүшесі кестені толтырып мұғалімге тапсырады.
Өзара бағалау парағы
Топ
|
Баяндаушылардың айтқаны тыңдаушыларға бірден түсінікті болды ма? Олар не туралы айтты?
|
Тыңдаушылардың сұрақтары баяндаушыларға түсінікті болды ма?
|
Барлық сұраққа баяндаушы немесе айтушы жауап бере алды ма?
|
Тыңдаушылардың сұрағы баяндаушыларға кедергі келтірді ме немесе қорытынды жасауға көмектесті ме?
|
|
|
|
|
|
Оқушылар осылайша бір-біріне кері байланыс береді. Қалыптастырушы бағалау да кері байланыс арқылы жүргізіледі.
Осы тапсырмаға мынадай үлгіде кері байланыс ұсынуға болады: әңгіме үзіндісін түсінікті баяндай алдыңыз, сұрақтарға толық жауап бердіңіз, тыңдаушы ретінде жақсы сұрақ бердіңіз, сіздің сұрағыңыз қорытынды жасауға көмектесті, мәтін үзіндісінің мазмұнын толық баяндауыңыз керек еді, мәтін мазмұнын тұсінікті жеткізу және сұрақтарға нақты жауап беру үшін мұқият оқу керек, сіздің сұрағыңыз мәтін мазмұнынан ауытқып кетті, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |