ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨЛІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ТАРИХЫНАН БІРЕР СӨЗ
Мамиева А.Н. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Ф.Ф.Фортунатовтың теориясы бойынша сөздің морфологиялық құрамын (сол сөздің құрамына кіретін жеке элементтерді) жіктеп, ыдыратып, бөлшектеп және сұрыптап талдағанда, негізгі морфема (түпкі түбір немесе этимологиялық түбір не негіз) және қосымша қызмет атқаратын көмекші морфема жеке-жеке өзара бөлініп шығады. Соңғы, яғни көмекші морфема әр тілде әр қалай аталады: постфикс, суффикс, интерфикс, трансфикс, аффикс, т.б.. Қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген қосымшаларды (көмекші морфемаларды ) жалпы тіл білімінде айтылып жүрген терминдердің ішінде «аффикстер» деп атауға тура келеді. Түркі тілдерінде аффикстер өзі жалғанып тұрған түбірдің тұлғалық көрсеткіші есебінде сол түбірдің (сөздің) материалдық табиғи болмысынан (кескін-кейпінен , морфемдік құрамынан) ажырап, өзіндік ерекше бір сипат алады. Аффикс («жалғанған», «қосылған» деген мағына беріп) – өзі қосылған сөздің тұлғасын (түрін), осыған орай оның мәні мен мағынасын, қызметі (функциясы) мен қолданылу ерекшелігін (аясын, өрісін, басқа сөздермен тіркесу қабілетін, сөйлем ішіндегі орнын, т.б. мүмкіндіктерін де) өзгертетін грамматикалық тұлға (формант). Аффикстер бірде префикс (түбір сөздің басында тұрса), кейде индекс (түбір сөздің ортасында келсе), енді бірде суффис (көбінесе,түбір сөзден кейін жалғанса ) болып өзара үш түрге бөлінеді. Бұлар әрқайсысы қолданылу орнына не ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке бірнеше түрлерге (топтарға) жіктеледі. Қазақ тіліндегі (жалпы түркі тілдері не агглютинативтік-жалғамалы тілдердегі) аффикстер түбір сөзден кейін жалғанады да, олар о бастан біртұтас түбір сөздің не алдынан, не ортасынан орын алмайды, сөздің тек соңында тұрады. Біздің тілімізде түбір тұлға бір бөлек те, аффикс оның өзіндік тағы бір тұлғалық көрсеткіші ретінде екінші бөлек болып, олар өзара жіктеліп келеді, аффикс өз алдына жеке түрде сараланып шығады. Қазақ тіліндегі «қосымша» деген сөз осы «аффикс» деген терминнің баламасы (эквиваленті) бола алады /1, 24/.
Қосымша морфема (тұлға-форма) – сөз құрамындағы элементтердің ең бір кішкентай, ұсақ түрі, одан әрі жеке бөлшектерге бөлінбейтін, бірақ белгілі бір мағынаны білдіретін фономорфемалық форма. Морфемикада осындай формалардың әр алуан түрлерін «морфтар» деп атайды. Олар морфемалардың мәтіндегі (сөз құрамындағы) нақтылы көрінісі болып есептеледі.
Қосымша морфтар (аффикстер) түбір сөздермен тікелей байланысты болады да, сол түбір сөздерге тәуелді қосымша элемент ретінде қолданылады, бірақ олар өзі жалғанып тұрған түбір сөздермен қатар корреляциялық (тепе-теңдік, ұқсастық ) қатынасқа түсе алмайды да, жек -дара тұрғанда жұмсалмайды, өйткені олар ешқандай лексикалық (семалық) мағына бере алмайды, грамматикалық байланыс жасауға ғана қатыса алады. Осыдан барып олар түбір сөздерге жалғанбай тұрып, тілдің белгілі бір элементі ретінде ешқандай қызмет атқара алмайды. Қосымшалар сияқты жұмсалып, дәл солардай көмекші қызмет атқаратын түбір сөздермен байланысты көмекші сөздер мен шылау сөздер түбір лексемалармен бірге қатар қолданылып, сөйлем құрамында грамматикалық қатынасқа түсе алады, бірақ олардың бәрі де (әрқайсысы бір-бір единица болғанымен) сөзжасам саласында «жартылай аффикстер» деп аталады да (өйткені олар түбір сөздермен бір шама салыстырмалы түрде ғана относительді түрде байланыста болады), грамматикалық қатынасқа түсетін тиісті корреляттармен өзара байланыса отырып, қатар қолданылады. Дәл осы көрсетілген қосымша морфемалар мен көмекші сөздердің арасында болатын функциональді ерекшеліктері есте ұстағанымыз жөн. Қазақ тіліндегі өлі жұрнақтардың қалыптасу тарихына байланысты бұл айтылып отырған айырмашылық белгінің өзінше мәні бар.
Атқаратын қызметі (фунциональдық) жағынан топтап (жіктеп немесе классификациялап) қарағанда қосымшалар осы уақытқа дейін «жалғау» және «жұрнақ» болып, екі топқа бөлініп қаралатын еді. Бұлардың екеуі де грамматикалык (категориялық) мағынаны білдіретін болғандықтан, «форма тудырушы қосымша (жұрнақ,жалғау)» болып аталады. Грамматикалық формаларға, С.Исаевтың айтуы бойынша жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) және форма тудыратын жұрнақтар (сын есімнің шырай тудыратын тұлғалары, етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік, тұйық етістік, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары) жатады /2, 28/. Әрине, грамматикалық мағынаны білдірудің қазақ тілінде бірнеше тәсілдері бар: семантикалық, синтетикалық, аналитикалық, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі, сөздердің қосарлануы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі /2, 22-26/.
А. Ысқақовтың ойы бойынша, «синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын категориялық маңыздары мен қызметтеріне қарай сөз жалғастыратын (сөз жалғастырғыш) формалар, сөз түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) формалар және сөз тудыратын (сөз тудырғыш) формалар деп үш салаға бөлген дұрыс» /3, 83-84/. С. Исаев сөз формаларының қазақ тілінде екі-ақ түрі бар деп қарайды: 1)сөзге форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын синтетикалық формалар немесе синтетикалық формалары; 2) негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын аналитикалық формалар немесе сөздің аналитикалық формалары /2, 42/. Бұл жерде автор «қосымшалар» деп жалғаулар мен жұрнақтар тобын айтып отыр. Байқап қарасақ, сөз жалғастыратын формалар да сөз тудыратын формалар сияқты сөзді түрлендіріп, өз алдына форма тудыра алады, сондықтан бұл екі топтағы қосымшаларды біріктіріп, бір топ етіп, қосымшалардың аясында да қарастыруға болатын сияқты, өйткені осы екі топқа жататын қосымшалардың барлығы да сөз тұлғасын өзгертіп өзінше бір басқа форма жасай алады да, сөз бен сөзді өзара жалғастырып тұрады, сол үшін жұмсалады, яғни олардың «сөздің синтетикалық формалары» болып аталуы орынды да.
Жалғаулар белгілі бір грамматикалық мағыналар беру үшін жалғанады да, грамматикалық формалар ретінде сөз топтарының әр алуан аясында тұрақты болып қалыптасып кеткен парадигма бойынша түрленіп келіп отырады, ал жұрнақтар өз алдына ерекше бір лексика-семантикалық топ құрап, жаңа мағыналы жаңа сөз тудыру үшін жұмсалады. Олар сөзжасам мәселесінің басты көрсеткіші болып табылады, бірақ бұлар да грамматикалық категориялардың ауқымынан шығып, алшақтап кете алмайды. Жұрнақтар түбір сөздерге жалғанғанда туынды сөздердің мағыналары түбір сөздердің мағыналары мен оларға жалғанып тұрған жұрнақтардың мағыналарымен сабақтасып, осы екеуінің (түбір мен жұрнақтың) бірігіп барып, қосымша келіп беретін мағынасы ретінде қалыптасады да, жаңадан бір мағына беретін лексема есебінде жаңа бір сөз табына ауысып отырады. Бұл жерде жұрнақ транспозициялық қызмет атқарады: қой (мал), қойшы (адам). Ондай түбір кейде өзінің негізгі мағынасы мен жұрнақ жалғану арқылы туындайтын жаңа мағынасын қатар ұстап, бастапқы мағынасымен өзара бірдей немесе соған ұқсас мағына беретін болады да ауддиттивтік (суммативтік) қызмет атқарады: бас (дене мүшесі), бастық (әкім), басқарма (басқарушы кісі), басшы (жетекші кісі), басқару (басқарушы кісі), т.т. Бұл айтылып отырған қосымшалардың екі түрі де (жалғау, жұрнақ) спонтандық әдіспен жасалады.
Қосымшалар, оның ішінде жұрнақтар да, әдетте жеке тұрып қолданылмайтын болғандықтан, «көмекші сөздердің» қатарына жатады да, «үнемі жәрдемші сөздердің есебінде» жұмсалады /3, 381/. Осыған орай көмекші сөздер өзара «көмекші есімдер», «көмекші етістіктер» және «шылау сөздер» болып үш топқа бөлінеді. Олардың бәрі о баста «атаушы сөздерден, демек, әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан» /3, 380/. Қазіргі қазақ тілі білімінде қосымшалар осы көмекші сөздердің қатарынан бөлініп, жеке бір топ болып есептеледі де, өз алдына бөлек қаралады. Оның басты себебі – қосымшалардың жеке сөз тұлғасы сияқты кескін-кейпі, олар тек грамматикалық (тұлғалық) қана мағына бере алады.
Қосымшалар түбір сөздермен не міндетті түрде тығыз байланысты, не осал (относительді, аса міндетті емес байланыста) жұмсалатын морфемалардың тобына кіреді. Оның себебі аффикстер өзінің пайда болу (генезисі) жағы мен жасалу, өзгеру және қалыптасу тарихы, тұрғысынан алып қарағанда, о баста жеке-дара сөз ретінде дербес тұрып мағына бере алатын элемент (лексема) қалпынан өзгере келе, осы күнгі грамматикалық көрсеткіш формасына түскен. Мысалы, қазіргі түркітану ұғымында тұрақталған таным бойынша, Мен барғанмын, мен барып ем, мен барам деген сөйлемдердің құрамындағы жіктік жалғау (-мын, -м) о бастағы мен деген жіктеу есімдігі болып есептеледі. Сен барғасын оған айт деген сөйлемдегі -сын тұлғасы соң деген шылау тұлғасынан өзгеріп барып қалыптасқан. Сен келгенсің дегенді -сің деген морфема бір кездегі сен деген жіктеу есімдігінен өрбіген. Осы іспеттес мысалдар толып жатыр. Олар энклитика заңына байланысты болса керек.
Аффикстердің жасалуы мен қалыптасу жолдары әрине әр қилы. Оларды танып-білудің әдіс-тәсілдері де әр алуан, бірақ дәл бұл жерде айтылып оырған басты мәселе – жұрнақтардың ең әуелде жеке мағыналы толық сөз екендігін және де оның морфологиялық белгілі тұлғасы бар жеке сөз болғандығын атап өту.
Тарихи қалыптасу тұрғысынан алып қарағанда, жұрнақтарды көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар немесе өлі жұрнақтар және тірі жұрнақтар деп бөлуге болады. Өлі жұрнақтар сөз тудыратын тұлғалар есебінде жұмсалатын болса, тірі жұрнақтар, әдетте (көбінесе) форма тудыратын (ауддитивті, суммативті) тұлғалық көрсеткіштер (формативтер) болып саналады. Бірінші топтағы морфемелар «өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады да, олардың әрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды (мағыналарды білдіреді)», бірақ олар «лексикалық та, грамматикалық та мағыналарды қоса қамтиды» /3, 31/. Екінші топтағы жұрнақтар – сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы категория, олар «өзі жалғанатын сөзге сәл де болса жаңа мағына үстейді, түбір сөзді оның «негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ әкетпейді» /3, 32/. Тап басып дәл айқындап бермесе де, осы пікір 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінде» де бар /4, 205-209/.
Көбіне өлі түбірге жалғанып, олардан ажыратылмай, бөлінбей қолданылатын жалғаулар ғасырлар бойы түбір сөзбен бірігіп, бірге айтылып жүріп, өздерінің беретін негізгі мәнін-жалғаулық мағынасын жойып алады да, жұрнақтар ұғымын тудыра алатын функцияға көшеді. Мысалы, «қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің құрамындағы т-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы» деп тануға тура келеді. /5, 92/. Сондай-ақ ғалым Ғ. Мұсабаев ашқылтым, қызғылтым тәрізді сөздердің құрамындағы -тым морфемасын тым ащы, тым қызыл деген тіркестерде қолданылатын күшейтпелі үстеу қызметін атқарып тұрған сөзден жұрнақ болып жұмсалатын тұлғаға энклитика және проклитикалы жолымен ауысқан деп есептейді. Сол сияқты осы автор өмілдірік деген сөздің морфологиялық құрамын былай талдайды: ом («омырау» сөзінің түбірі) -іл (етістіктің жұрнағы) -дірік (көне түркі тілінде «туруқ», ол «тур» деген сөз бен ық жұрнағы арқылы жасалған» тұлғалары арқылы қалыптасқан туынды сөз /6, 20/.
Осы айтқандарымызды қорыта келгенде, бұрын айтылып жүрген мынадай тоқтамның өміршең екендігін көреміз: бүгінгі таңда қолданылып жүрген өлі жұрнақтар бір кезде әдеттегі толыққанды жеке-дара сөз болған, қолданылу барысында ол өзінің беретін мағынасы мен грамматикалық қызметіне, синтаксистік орнына қарай көмекші сөзге айналған, одан әрі жалғау, бара-бара жұрнақ болып ауысқан, ақыр соңында ол қазір өлі жұрнақ болып қалыптасқан. Өлі жұрнақтар сан жағынан барынша көп те, грамматикалық қызметі тұрғысынан алып қарағанда сан алуан мағына беретін үлкен бір топ болып саналады. Мәселенің бұл жөніндегі барысын зерттеп білу өз алдына жеке алып қарастыратын әңгіме болуға тиісті деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Кеңесбаев І, Жанұзақов Т. Орысша-қазақша лингвистикалық терминдер сөздігі. – Алматы, 1966.
Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – Алматы, 1992.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974.
Современный казахский язык. – Алма-Ата, 1954.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің тарихынан. – Алматы, 1975.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақала қазақ тіліндегі өлі қосымшалардың қалыптасу тарихына арналған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена изучению «мертвых» аффиксов в казахском языке.
ОБЩЕЛИНГВИСТИЧЕСКАЯ ПРОБЛЕМАТИКА ЯЗЫКОВОЙ
КАРТИНЫ МИРА
Нагиева А.Т. – ст. преподаватель (г. Алматы, КазгосженПУ)
Когнитивная лингвистика в рамках современной антропоцентрической парадигмы существенно расширяет горизонты лингвистических исследований. В конце XX в. язык рассматривается с точки зрения его участия в познавательной деятельности человека, получающего различную информацию. Предметом рассмотрения в когнитивной лингвистике является лишь та часть информации, которая приобретает свое отражение и фиксацию в языковых формах. Когнитивная лингвистика сформировалась в преодолении структурного языкознания, но она не противоречит структурному подходу, более того, она предполагает и в некоторой степени его использование. С когнитивной лингвистикой связаны новые акценты в понимании языка, открывающие широкие перспективы его видения во всех разнообразных и многообразных связях с человеком, его интеллектом, со всеми познавательными процессами. Когнитивная лингвистика выходит за рамки собственно лингвистики. В сферу ее интересов входят логика, психология, социология, философия, что расширяет область познания. Речемыслительные задачи непосредственно связаны с использованием языка, ибо язык является наиболее мощной в семиотическом плане из всех систем коммуникаций. Через язык происходит передача и прием информации, знаний, сообщений, благодаря ему обрабатывается получаемая индивидом информация, таким образом строятся специфические языковые фреймы.
Язык создает возможность для упорядочения и систематизации в памяти множества знаний для построения характерной для каждого данного этнокультурного коллектива языковой картины мира. Так, В. Гумбольдт /1/ считал, что язык – главнейшая деятельность человеческого духа, пронизывающая собой все сферы человеческого бытия и познания. Именно в когнитивной лингвистике внимание лингвистов переключается на выявление роли языка как условия и орудия познания. Через язык формируются знания о картине мира. В результате взаимодействия человека с миром складываются его представления о мире, формируется некоторая модель, которая в философско-лингвистической литературе именуется картиной мира. Это одно из фундаментальных понятий, описывающих человеческое бытие. В последние десятилетия проблема отображения в сознании человека целостной картины мира, фиксируемой языком, стала одной из важнейших проблем когнитивной лингвистики. Картина мира запечатлевает в себе определенный образ мира, который никогда не является зеркальным отражением мира; она есть определенное видение и конструирование мира в соответствии с логикой миропонимания. Термин «картина мира» возник в рамках физики на рубеже XIX-XX веков. С 60-х годов XX века проблема картины мира стала рассматриваться в рамках семиотики при изучении первичных моделирующих систем (языка) и вторичных систем (мифа, религии, фольклора, поэзии, кино, живописи, архитектуры).
Картина мира – это реальность человеческого сознания. «Человек стремится каким-то адекватным способом создать в себе простую и ясную картину мира для того, чтобы в известной степени попытаться заменить этот мир созданной таким образом картиной. Этим занимается художник, поэт, теоретизирующий философ и естествоиспытатель, каждый по-своему. На эту картину и ее оформление человек переносит центр тяжести своей духовной жизни…» /2/. Следует отметить, что мировидение каждого народа складывается в картину мира: «Каждая цивилизация, социальная система характеризуется своим особым способом восприятия мира» /3/. Ученые считают, менталитет любого лингвокультурного сообщества обусловлен в значительной степени его картиной мира, в которой репрезентированы мировидение и миропонимание ее членов. Понятие картины мира (в том числе и языковой) строится на изучении представлений человека о мире. Если мир – это человек и среда в их взаимодействии, то картина мира – «результат переработки информации о среде и человеке» /4/. Явления и предметы внешнего мира представлены в человеческом сознании в форме внутреннего образа. По мнению А.Н. Леонтьева /5/, существует особое «пятое квазиизмерение», в котором представлена человеку окружающая его действительность: «Это – смысловое поле», система значений». Образ мира, по А.Н. Леонтьеву, – не перцептивная картинка, а некоторое относительно стабильное образование, являющееся результатом обработки данных восприятия. Вся новая информация встраивается в некоторую имеющуюся у субъекта структуру. Образ мира регулирует деятельность субъекта. Образ мира, как устанавливают ученые, является ядерной структурой по отношению к картине мира – своему модальному оформлению. Образ мира – иерархическая структура когнитивных репрезентаций; гипотеза о типичном состоянии реальности. Это структура, в которой закрепляются все когнитивные приобретения субъекта.
Итак, образ мира – иерархическая система когнитивных репрезентаций, а картина мира – это система образов. Так, исследователь М. Хайдеггер писал, что при слове «картина» мы думаем прежде всего об отображении чего-либо, «картина мира, сущностно понятая, означает не картину, изображающую мир, а мир, понятый как картина». Картина мира, которую можно назвать знанием о мире, лежит в основе индивидуального и общественного сознания. Язык же выполняет требования познавательного процесса. Концептуальные картины мира у разных людей могут быть различными, например, у представителей разных эпох, разных социальных, возрастных групп, разных областей научного знания и т.д. Люди, говорящие на разных языках, могут иметь при определенных условиях близкие концептуальные картины мира, а люди, говорящие на одном языке – разные. Следовательно, в концептуальной картине мира взаимодействует общечеловеческое, национальное и личностное. Система социально-типичных позиций, отношений, оценок находит знаковое отображение в системе национального языка и принимает участие в конструировании языковой картины мира.
Следовательно, картина мира – целостный, глобальный образ мира, который является результатом всей духовной активности человека, она возникает у человека в ходе всех его контактов с миром. Познавая мир, человек составляет свое представление о мире, т.е. в его сознании возникает определенная «картина мира», или «языковая модель мира». Поскольку возникновение картины мира тесно связано с языком и во многом им определяется, ее называют «языковой картиной мира». Вейсгербер, образуя от Wort новый глагол worten, говорил, что родной язык есть ein Worten der Welt – «осмысливание мира, постижение мира в слове» /6/. Картина мира может быть представлена с помощью пространственных (верх – низ, правый – левый, восток – запад, далекий – близкий), временных (день – ночь, зима – лето), количественных, этических и других параметров. На ее формирование влияют язык, традиции, природа и ландшафт, воспитание, обучение и другие социальные факторы. Картина мира может быть целостной – таковы мифологическая, религиозная, философская, физическая картины мира, но она может отражать и какой-то фрагмент мира, т.е. быть локальной. Языковая картина мира отражает национальную картину мира и может быть выявлена в языковых единицах разных уровней.
Между картиной мира как отражением реального мира и языковой картиной мира как фиксацией этого отражения существуют сложные отношения: границы между ними кажутся зыбкими, неопределенными. Таким образом, роль языка состоит не только в передаче сообщения, но, «в первую очередь, во внутренней организации того, что подлежит сообщению» /7/. Возникает как бы «пространство значений» (в терминологии А.Н. Леонтьева), т.е. закрепленные в языке знания о мире, куда непременно вплетается национально-культурный опыт. Формируется мир говорящих на данном языке, или языковая картина мира как совокупность знаний о мире, запечатленных в лексике, фразеологии, грамматике. В процессе жизни конкретного современного человека языковая картина мира предшествует концептуальной и формирует ее, потому что человек способен понимать мир и самого себя благодаря языку. Именно в языке закрепляется общественно-исторический опыт – как общечеловеческий, так и национальный. С одной стороны, условия жизни людей, окружающий их материальный мир определяют их сознание и поведение, что находит отражение в языке, прежде всего, в семантике и грамматических формах. С другой – человек воспринимает мир преимущественно через формы родного языка, который детерминирует человеческие структуры мышления и поведения.
Термин «языковая картина мира» – не более чем метафора, ибо в реальности специфические особенности национального языка, в которых зафиксирован уникальный общественно-исторический опыт определенной национальной общности людей, создают для носителей этого языка не какую-то иную неповторимую картину мира, отличную от объективно существующей, а лишь специфическую «окраску» этого мира, обусловленную национальной значимостью предметов, явлений, процессов, избирательным отношением к ним, которое порождается спецификой деятельности, образа жизни и национальной культуры данного народа.
Интерес к языковой картине мира обнаруживается еще в работах В. Гумбольдта, который писал, что «различные языки являются для нации органами их оригинального мышления и восприятия» /1/. Одним из основоположников сегодняшнего учения о языковой картине мира является также немецкий ученый И. Гердер. В России разработка этой проблемы началась с тезаурусным изучением лексики (работы Ю.Н. Караулова). К концу XX в. появилось много исследований, посвященных данной проблеме – работы С.А. Васильева, Г.В. Колшанского, Н.И. Стукаленко, Е.С. Яковлевой, М. Блэка, Д. Хаймса, коллективная монография «Человеческий фактор в языке. Язык и картина мира» (1988) и др. Сейчас эта проблема разрабатывается также в фундаментальных трудах Н.Д. Арутюновой, Ю.Д. Апресяна, А. Вежбицкой, Ю.С. Степанова. В.Н. Телия, В.Г. Гака и др. Для нас наиболее существенно в этих работах теоретическое положение о том, что картина мира является базисной частью мировидения человека. Язык – факт культуры, составная часть культуры. Культура народа вербализуется в языке, именно язык аккумулирует ключевые концепты культуры, транслируя их в знаковом воплощении – словах. Создаваемая языком модель мира есть субъективный образ объективного мира, она несет в себе черты человеческого способа миропостижения, т.е. антропоцентризма, который пронизывает весь язык. Тогда концепты – это как бы сгустки национально-культурных смыслов, «ячейки культуры», по словам Ю.С. Степанова. Изучение их помогает выявить особенности мировосприятия народа, представить концептуальную и национальную картины мира. «Языковая картина мира» – это «взятое во всей совокупности, все концептуальное содержание данного языка» /8/. Понятие языковой картины мира, как считает Ю.Д. Апресян, «представляет отраженные в естественном языке способы восприятия и концептуализации мира, когда основные концепты языка складываются в единую систему взглядов, своего рода коллективную философию, которая называется в качестве обязательной всем носителям языка» /2/.
Сейчас существует несколько направлений в изучении языковой картины мира. По мнению Е.С. Яковлевой, это 1) типологические исследования: славянская языковая картина мира, балканская модель мира и т.д.; 2) изучение языковой картины мира в аспекте реконструкции духовной культуры народа; 3) исследование отдельных сторон языка: отражение языковой картины мира в русской лексике, словообразовании, в зеркале метафор и т.д. Другими словами, способ концептуализации мира, свойственный языку, отчасти универсален, отчасти национально специфичен. Поэтому возможна такая последовательность в изучении языковой картины мира: 1) изучаются характерные для данного языка концепты (душа, тоска, судьба, воля, совесть, авось и др., характерные для русских); 2) исследуются специфические коннотации для универсальных концептов; 3) исследуется цельный «наивный» взгляд на мир, ибо каждый язык отражает определенный способ восприятия мира, его концептуализации. Выражаемые в нем значения складываются в единую систему мировидения, исходя из которой можно выделить наивную физику пространства и времени, наивную физиологию, наивную этику. Человек обогащает свою концептуальную систему не только благодаря личному опыту, но и благодаря языку, в котором закрепляется общественно-исторический опыт – как общечеловеческий, так и национальный. Последний и определяет специфические особенности языка на всех его уровнях. Это приводит к появлению специфики разных языков, что, в свою очередь, ведет к возникновению специфических языковых картин мира у представителей разных народов. Но существуют также и индивидуальные картины мира, которые несколько отличаются у разных людей. Картина мира отражается в содержательной стороне языка этноса. Ее анализ помогает понять, чем отличаются национальные культуры, как они дополняют друг друга на уровне мировой культуры. Э. Сепиром и Б. Уорфом была выдвинута гипотеза, что люди видят мир сквозь призму своего родного языка. Они предположили также, что языки различаются своими «языковыми картинами мира». Из этих рассуждений следовало, что люди, говорящие на разных языках, имеют разные типы мышления, и все это не просто связано с языком, а обусловлено им.
Таким образом, языковая картина мира тесно связана с концептуальной системой, а также с языком. Формирующаяся картина мира, отображенная в сознании человека, – это вторичное существование мира, закрепленное и реализованное в особой материальной форме, языке. Один и тот же язык, один и тот же общественно-исторический опыт формирует у членов определенного общества сходные языковые картины мира, что позволяет говорить о некоей обобщенной национальной картине мира. Разные языки придают картинам мира лишь некоторую специфику, некоторый национальный колорит, что объясняется различиями в культуре и традициях народов.
Общелингвистическая проблема разрабатывается в казахстанском языкознании. Так, именно обсуждению вопроса о соотношении «картины мира», «языковой картины мира» и «национально-языковой картины мира» посвящена целая глава «Номинация. Картина мира. Смысл» в монографии Э.Д. Сулейменовой /9/ «Понятие смысла в современной лингвистике». Автор работы обосновывает, что формирование общеязыковой картины мира у человека происходит на базе знания одного языка, в котором действует механизм производства и понимания языковых выражений.
Сама языковая картина мира – это общекультурное достояние нации, она четко структурирована, многоуровнева. Именно языковая картина мира обусловливает коммуникативное поведение, понимание внешнего мира и внутреннего мира человека.
ЛИТЕРАТУРА
1. Гумбольдт В. фон Язык и философия культуры. Избранные труды по языкознанию. – М.: Прогресс, 1993. – 398 с.
2. Апресян Ю.Д. Дейксис в лексике и грамматике и наивная модель мира. – М.: Школа «Языки русской культуры», 1995. – С. 629-650.
3. Арутюнова Н.Д. Аномалии и язык. (К проблеме языковой «картины мира»). – Вопросы языкознания. – № 3. – М., 1997. – С. 3-19.
4. Брутян Г.А. Языковая картина мира и ее роль в познании. – Методологические проблемы анализа языка. – Ер., 1976.
5. Леонтьев А.Н. Психолингвистические единицы и порождение речевого высказывания. – М., 1979.
6. Караулов Ю.Н. Текстовые преобразования в ассоциативных экспериментах// Язык: Система и функционирование. – М., 1988.
7. Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. – М., 1990.
8. Степанов Ю.С. О трехмерном пространстве языка: Семиотические проблемы лингвистики, философии, искусства. – М.: Наука, 1985.
9. Сулейменова Э.Д. Актуальные проблемы казахстанской лингвистики 1991-2001: Материалы к докладу на Международной конференции МАПРЯЛ. – Алматы: Арыс, 2001.
РЕЗЮМЕ
В статье разрабатываются вопросы, связанные с изучением языковой картины мира, которая является общекультурным достоянием наций и народов.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ұлттар мен халықтардың жалпымәдени құндылығы болып саналатын әлемнің тілдік бейнесін зерттеумен байланысты мәселелер қарастырылады.
СЛЕНГТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Нурпейсова Г.Т. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. әдеби тіл лексикасына: кітаби сөз, сөйлеу тілі, бейтарап сөздер жатады.
Бұл аталған барлық лексика кейде көркем әдебиетте, кейде ауызекі тілде де қолданылады. Ал бейәдеби тілге: кәсіптік сөздер, вулгаризмдер, жаргондар жатады. Осылардың қатарына сленгтерді де жатқызамыз.
Кәсіптік сөздер – белгілі бір мамандық, кәсіп иелерінің тіліне тән сөздер.
Вульгаризмдер – әдеби тіл қабылдамайтын дөрекі, қарапайым сөздер мен сөйлемдер.
Жаргондар – белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.
Сленг – күнделікті өмірде белігілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды, мәнерлі сөздер. сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері.
Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика, қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым-қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Олар сленгті әр түрлі себептер үшін қолдануы мүмкін:
әсер қалдыру үшін
өзіне сенімділік сезімін беру
жаңа, өзгеше болу
басқа біреу түсінбеу үшін
әзіл ретінде
белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін
тілді қорды байыту үшін
«Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі стюарт Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 10000-20000 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды. Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 10000 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар – кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер /2, 100/.
Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг бойынша әйгілі ағылшын маманы эрик партридж ағылшын тіліндегі «боқмұрын» мағынасындағы сөздің бірнеше қолданылу қатарын келтіреді: blood (1550-1660); macaroni (1760); buck (1720-1840); dandy (1820-1870); swell (1811); toff (1851), бұл қатарға одан бергі spiv және қазіргі заманғы teddy-boy-ды қосуға болады /1, 100/. Жақша ішіндегі сандар сөздің ең бірінші рет тіркелген кезі мен қолданыстан шыққан уақытын көрсететінін айта кету керек. Осыдан сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз.
Компьютерлік технологияның отаны америка екені бәрімізге белгілі. Алайда қай аймақта, оларды қалай құрастырды деген сұрақ туындайды?
АҚШ-тың батыс жағалауында орналасқан, шамамен оңтүстік Сан-Францискодан 30 шақырымдай жерде Пало-альта, Маунтин-вью, Лос-альтос және Стэнфорд сияқты шағын қалалар бар. Ал оңтүстік-шығысында Саннивейл, Купертино, Сан-хосей, Санта-клара тәрізді үлкен қалалар бар. Осы қалалардың түйіскен жерін американдықтар «silicon valley» деп атайды. Дәл осы жерде зерттеу орталықтарының негізгі бөлігі шоғырланған. Соңғы онжылдықтағы барлық жаңа технологиялардың көбісі осы жерде жасалған.
Бұл орын әлемдегі ең үлкен чип өндіруші болып табылады. Мұнда көптеген компаниялар мен фирмалар бірлесе отырып түрлі жобаларды іске асырады. Мұнда мыңнан астам ғалымдар жұмыс жасайды. Сонымен бірге мұндағы стенфорд университеті туралы да айтуға болады. Университет бюджетінің бір бөлігін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жұмсайды. Кез-келген жаңа технологиялық өнім silicon valley зерттеу орталығында дайын күйінде, өз атауын (название) алып шығады. Яғни жаңа нәрселерді ойлап табу барысында жаңа терминдер пайда болады. Қоғам бұл терминдерді қолдануға мәжбүр. Термин өзінің алғашқы формасынан алшақтап, сөйлеу тілінде түзіледі. Нәтижесінде компьютерлік сленг пайда болады.
Компьютерлік сленгте жаңа сөздердің тым жылдам пайда болуы компьютерлік технологияның қарқынды дамуымен байланысты. Егер журнал беттеріне үңіле қалсақ жаңа технологиялардың шығып жатқанын көреміз. Мұндай технологиялық революция жағдайында әрбір жаңа технология мағына, атау алуы тиіс. Өнімдердің барлығы америкада жасалғандықтан атау ағылшын тілінде беріледі. Сондықтан адамдар оригинал терминдерді қолдануға мәжбүр. Қазақ тілінде бұл салада нақты терминдердің болмауы компьютерлік сленгтің пайда болу тенденциясына алып келді.
Көптеген кәсіби сөздерді күнделікті қолдануда ыңғайсыз, дөрекі сөздер өте көп болғандықтан сөздерді қысқарту, жеңілдету белең алды. Мысалы, жиі қолданылатын «motherboard» термині орыс тілінде «материнская плата» ретінде, ал сленгте «мамка», «матрешка» сөздерімен беріледі. Немесе тағы бір мысал, «cd-rom drive» орыс тіліне «лазерлік дискіге жинақтаушы» ретінде аударылса, сленгтегі баламасы «сидюк», «сидюшник» болып табылады. Келесі бір беталысты қысқартылып берілген сөйлемдерден көруге болады. Мысалы: компы бывают двух видов – бимы и маки (персональные компютеры бывают двух видов – ibm-совместимые и macintosh).
Соңғы уақытта жасөспірімдердің компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл тағы да компьютерлік сленгтің пайда болуының көзі. мысалы, ойындағы «ең басты жау» ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болды. Сонымен бірге doom ойынын ойнаушыны «думер», ал «quake» ойынын ойнаушыны «квакать» деу қалыптасқан.
Тағы бір атап өтетін жайт, компьютерді қолданушылардың көпшілігінің ағылшын тілін білмеуі. ағылшын сөзін дұрыс оқымау барысында сленгтер пайда болып отырады. Мысалы, no carrier хабарламасын дұрыс оқымау барысында сленгте «но карьер» сөзі пайда болған.
Компьютерлік сленгтің пайда болу жолдары мен жасалу тәсілдері әр түрлі. Төрт түрлі жолмен жасалады:
калька (device – девайс, message – мессаг)
жартылай калька (applicanion – аппликуха, disk drive – дискетник)
аударма (windows – форточки, virus – живность, streamer – мофон)
4) фонетикалық мимикрия (laser printer – лазарь, break point – брякпоинт)
Компьютерлік сленгтің басқа сленгтерден айырмашылығы:
Белгілі бір кәсіп иелерінің (программистердің немесе жай ғана адамдардың) тіліндегі сөздер. Сондықтан олар ағылшын кәсіби терминдерінің синонимі ретінде эмоционалды реңкпен қолданылады.
Сленгтік атаулар тек сол кәсіп иелеріне қатысты болғандықтан басқа адамдарға түсініксіз. Мәселен трех пальцевый салют (үш саусақты салют) ұғымы барлық адамдарға түсінікті емес, сtr+alt +del клавиштерін басу арқылы компьютерді өшіру. Компьютершілер осындай арнайы тілдің арқасында өздерін қоғамның жұмбақ мүшесі ретінде сезіледі.
Бұлардың қатарында вулгаризм сөздер де көптеп кездеседі: групповуха под винды (windows for workcroup), анус (протокол janus), блястер (sound biaster).
Алайда бұл үш ерекшелік компьютерлік сленгтің бейәдеби лексикалық топтардың ешқайсына жатпайтынын және жеке құбылыс ретінде қарауды керек етеді. Яғни компьютерлік сленг терминін анықтауды қажет етеді. Компьютерлік сленг – күнделікті өмірде компьютермен тікелей байланыста болатын, кәсіби лексиканы сөйлеу тілімен, кейде дөрекі реңкте ауыстырып қолданатын адамдар тіліндегі сөздер. Сондықтан мынадай мәселелерге баса назар аудару керек: 1) терминдердің пайда болуы мен қазақ тіліне аударылуы; 2) компьютерлік сленг терминдерінің пайда болу жолдары.
Сонымен сленг тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, әсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем әдебиет, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда және сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады.
Ағылшын лингвистикасында әр түрлі түсініктерді «сленг» терминіне біріктіруге тырысу байқалады. Ағылшын лингвистерінің өздері бұл терминнің жеткіліксіздігін мойындайды. «Сленг» терминінің өзінің мағынасын кеңейткені соншалық, бұл сөз әр түрлі түсініктерді білдіруде қолданылады. Бұл сленг пен сленг емес сөздердің арасын айыруда көп қиындықтар туғызады», – дейді әйгілі американдық лингвист Ч. Фриз. Г.А. Судзиловский /3, 11/. Сленгті қолданылу ортасына байланысты жалпыға мәлім және жалпыға мәлім емес, аз қолданылатын деп екі топқа бөледі.
Жалпы сленг – бұл әр түрлі кәсіби немесе әлеуметтік топтардан жалпы қолданысқа түскен сленгизмдердің жиынтығы болып табылады. Бұндай сленгизмдердің жалпы қолданылуы немесе түсінікті болуы олардың әдеби лексика дәрежесіне өтуін білдірмейді. Жалпы сленгтің белгілі бір бөлігі өзіне тән қасиеттерін жоғалтып, әдеби тілге кіруі мүмкін.
Зерттеушінің пайымдауынша, жалпыға мәлім емес, аз қолданылатын сленг белгілі бір кәсіби немесе әлеуметтік топтардың біршама шектелген аумақта қолданылуымен байланысты қарастырады. Сондықтан сленгтің бұл тобын «жаргондар» (jargon, cant), «кәсіби сленг» (professional slang), «арго» (argot) және т.б. терминдерімен белгілейді.
И.В. Арнольд /4, 267/ та сленгті екі топқа бөледі: 1. Жалпы сленг, яғни әдеби ағылшын тілінің сыртында жататын, эмоционалды бояуға ие, жалпыға түсінікті әрі кең таралған және стилистикалық жағынан әдеби сөздердің синонимдері болып табылатын ауызекі көркем сөздер мен тұрақты тіркестер. Мысалы: bed-sitter (bed-sitting room), bob (shilling), booze (a drink, to drink liquor), to dry straight (to straighten up), hide (human skin), knock-out drops, dope (narcotic drops), a sparkler, a glamour girl (a social success), to work the steam off (to rid oneself of excessive energy). 2. Арнайы сленг, яғни белгілі бір арнайы немесе кәсіби лексикаға кіретін сөздер мен сөз тіркестері: теңізші, жауынгер, спортшы, актер, заңгер, студент сленгі және т.б. Әлеуметтік топтар сленгі. Мысалы: кокни, яғни Лондонның қарапайым тұрғындарының диалектісі, зиялылар жаргоны, ағылшын аристократтарының балаларына арналған оқу орындарында қолданылатын сөздер мен сөйлемшелер, ұрылар жаргоны және т.б.
Сленг, жаргон және аргоны бір-бірінен ажырата білуіміз керек. Сленгтің жаргон, аргодан негізгі айырмашығы қолданушы топтың жас ерекшелігі мен кәсіби біліктілігінен көрініс табады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Шестикрылов П. Аmerican slang. – Москва, 2006.
2. В.Н. Крупнов. В творческой лаборатории переводчика. Издательство: «Международные отношения». – Москва, 1976.
3. Г.А. Судзиловский. Сленг – что это такое? – Москва: Воениздат, 1973.
4. И.В. Арнольд. Лексикология современного английского языка. Издательство: Литературы на иностранных языках. – Москва, 1959.
.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада сленгтің пайда болу тарихы мен жасалу тәсілдері жайында айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются история и методы образования сленга.
ТІЛДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДАҒЫ РОЛІ
Оразбаева А.С. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егемен ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ, елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауларында тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттілігін қойып отыр. Әсіресе жастардың алдында бірнеше тілді білу міндеті тұр /1/.
Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында «мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру, әлемдік және отандық мәдениет, тарих, салт-дәстүр, рухани байлығын, жетістіктерін сіңіру» білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі деп көрсетіледі. «Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру концепциясында» және жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттары, оқу бағдарламалары жоспарларында тілді меңгеру арқылы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу, танымын, ой-өрісін кеңейту мақсаттарын көздейді /2/.
Ш. Айтматов: «Бірнеше тілді білу әр түрлі тілдердің, яғни әр түрлі ойлау формаларының, әр түрлі дүниетанымның басын қосады, ал бұл сананың жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді» /3/ – деп баға береді.
Жеке тұлға тәрбиелеуде тілдесім тұрғысынан келу еркін ойлайтын, батыл шешім қабылдайтын, өз білімін практикада қолданатын, өз іс-әрекетіне жауап беретін жан-жақты тұлға қалыптастыруды, сондай-ақ интеллектуалдық деңгейінің өсе түсуін, рухани дүниесінің баюын, шығармашылық қабілетінің дамуын, ішкі мүмкіндіктерінің ашылуын мақсат етіп қойып отыр. Яғни, жеке тұлға қалыптастыруда, тәрбиелеуде шешендік өнердің алатын орны ерекше.
Қазақ халқы тумысынан тілге етене жақындығын, суырып салма шешендікті жоғары бағалағанын, балаларына үлгі еткенін айта кету керек. Нақыл сөздер, әндер, мақал-мәтелдер халық арасына ауызша тараған. Жаттап алу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Кез-келген адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан, онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тіл-адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде, сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде қолдана білу – үлкен өнер. Әрбір мәдениетті адам сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін артыруға талпынуы тиіс.
Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Яғни, тілдің эстетикалық әсер етуіне басты назар аударылуы қажет. Демек, әркімнің жүріс-тұрысында, жалпы болмысында мәдениетті болуының қажеттігі сияқты сөйлеу, жазу үстінде де адамның әр сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді тиісті мағынасында ғана емес, соған қоса тартымды, әсерлі қолдана білуі кең мағынадағы рухани мәдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуы тиіс.
Тілді меңгеру психологиясының басқа да әдіснамалық жағдайы түрлі ғалымдардың теорияларында айтылған. Мәселен, Л.В. Щерба: «Тіл – коммуникативті функцияны атқаруға бағдарланады» – десе, В. Гумбольд, М. Алексеев: «Кез-келген тіл нақты көзқарасты бейнелейді» – деген нақты пікірлерін айтады. Ал, В.Ю. Розенцвий, Л.М. Умон тілді қоғамдық құбылыс болғанымен әр адамда жекелей түрде болатынын қарастырған.
Тіл –қоғамдық қажетті және тарихи қалыптасқан, белгілі қоғам адамдарына тән, әлеуметтік-психикалық құбылыс. Ана тілі – ұлттық өзіндік сананы көрсету тәсілі, тұлғаның азаматтық кешенденуінің маңызды критериі. Бұл ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, стереотиптерді ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жеткізу құралы.
Жан-жақты, жоғары білімді адам халықтар мәдениеті диалогы, ұлтаралық қарым-қатынас, тілдесім жағдайындағы өмірге дайындалады. Бұл жағдайларға бейімделу үшін, ол мәдениаралық қатысым қағидаларын үйренуге, тілдесім дағдысын, дәстүрін білуге талпынады. Адам басқа тілді үйренгенде жаңа ұлттық мәдениетке араласып, тілде сақталған орасан зор рухани байлыққа ие болады. «Тілде бүкіл елдің мінезі, жігері көрінеді, бүкіл Отанның табиғаты, сондай-ақ халықтың рухани өмірінің тарихы көрінеді» – /4/ деп жазады К.Д. Ушинский.
Тіл халықтың әлеуметтік-тарихи жағдайын, мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді, өркендеуіне әсер етеді. XVІІІ ғасырдың көптеген философтары, мәселен, Ж.Ламетри, К.Гельвеций, П.Гольбах және басқалары «тіл - қоғам мен мәдениеттің қалыптасуының шарты» - деп білді. Тіл мен мәдениеттің байланысы адам проблемасымен бірлікте қаралды.
Ж.Ж. Наурызбай лингвистикалық санасы дамыған адамды жан-жақты мәдениетті адам деген анықтама береді. «Тілдерді білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуына, дүниені кеңінен көруге септігін тигізеді. Лингвистикалық жан-жақты адам өзгерістерге жылдам икемделеді, оның психикасы икемді» \5\. деп баға береді.
Олай болса, тілдің дамуы негізінде тұлға бойында шешендік өнер қалыптасады.
Шешендік сөз ел алдында айтылатын болғандықтан, оны айтудағы үн, әуез бен ырғақтың да маңызы жоғары. Маңызды, мәнді құбылыс туралы терең ойды көпшілікке белгілі жағымды әуезбен, жайлы ырғақпен жеткізгенде ғана оны айтудағы тілдің айқындылығы, әсерлілігі мен бейнелілігі сақтала алады. Шешеннің сөз анықтығы мен айқындығы қандай қымбат болса, шешеннің сөйлеу стилі де айрықша маңызды. Әр шешеннің тек өзіне ғана тән ойлау және сөйлеу ерекшелігі барында сөз жоқ.
Шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді, өмірге деген көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.
Ломоносов М. «Шешендік - кез-келген нақтылы бір нәрсе, материя туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен қатар өзгелерді өз пікіріне ойыстыру деген сөз. Сол тіл өнерімен жасалған нәрсе сөз немесе шешендік деп аталады»- \6\ деп анықтама берген болатын.
Шешендік сөз дегеніміз- көне дәуірден қазіргі жылдарға сұрыпталып жеткен ұлағатты ділмарлықтың түйіні: ақылды ойлы көркем тіл арқылы өз ойына өзгені иландыру, сендіру, мойындаттыру. Әрбір сөйлеушінің алдында екі түрлі мақсат болады. Біріншіден тыңдаушының сезімін ояту болса екіншіден ой санасына қозғау салу болып табылады.
Қазіргі жоғары оқу орнының негізгі мақсаты студенттің білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде қоғамның белсенді азаматын, жоғары мәдениетті кәсіби маман тұлғасын қалыптастыру.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, гуманитарлық білім беруді күшейту, білім сапасын көтеру және студенттердің оқу-тәрбие үрдісіне қарым-қатынас сипатының өзгеруі кәсіби білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер қажеттілігін туғызуда.
Яғни, әрбір ел басқаратын, қоғам болашағы үшін елге қызмет жасайтын әрбір жас өзінің ана тілін ерекше құрметтеп, тіл тазалығын сақтап, кәсіби тұрғыда мәдениетті сөйлей білуі қазіргі заман талабы, әрбір адамзат міндеті екенін ескеруіміз қажет.
Сонымен қатар жаңа білім беруде басқа шетел тілдерін, жаңа технологияларды меңгеру қарқынды даму үстінде. Олай болса, шетел тілдерін оқыту барысында студенттерді шешендік өнерге баулу, шетелдік шешендер мен ғұлама ғалымдардың ғылыми еңбектерін салыстыру, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді аударма түрінде мағынасын түсіндіру арқылы шешендік өнерді студент жастар бойына дарытсақ, кәсіби білім сапасының көтерілуіне, пән аралық сабақтастықтың дамуына, ойға алғанымыз орындалып, мүдделі тілдіктің бәріне де қолымыз жетері хақ.
Кез-келген маман қалыптасқан жағдайдан басқа шарттар да жұмыс істей білуі қажет, енденше оның нақты кәсіби дағдылары қалыптасқан болуы керек. Осының негізі жоғары оқу орнында оқылатын пән мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қалануы керек.
Сондай-ақ, шет тілі сабағында тіл материалдарын есте сақтаудың тиімділігін күшейтуге болады. Студенттерге оқытудың барлық сатысында СӨЖ тапсырмаларына үлкен көңіл аударылады.
Соның нәтижесінде студенттердің санасында тиімді тілдік тәжірбие жинақталады, ал мұндай тілдік тәжірбиенің болуы ауызша сөздің, атап айтқанда, сөйлесу дұрыстығының алғы шарттарының бірі болып табылады. Көп іздену арқылы студентердің шетел тілдерінде оқуға да сөйлеуге де дағдыланады.Сонымен қатар оқыған материалдардың мазмұны сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған жаттығуларға негіз бола алады: сұрақ-жауап, әңгімелесу, дебат және т.б. шетел тілі сабағында студенттердің шеберлігі берілген материалдарды талдағанда қолайлы педагогикалық технологияларды қолдану арқылы қалыптасады.
Сондай-ақ, шетел тілдерін үйренген кезде тілдік аспектілерді меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге дағдылану. Осы тұрғыда одақ кезінде шетел тілін оқытудың ғылыми негізі жан-жақты қарастырылған. Шетел тілін үйрету барысында психологиялық аспектілерге көңіл бөлмеу мүмкін емес, ол-адам сана-сезіміндегі шындықтың психикалық заңдылықтарының адамның рухани жан сезімдерінің ойлау іс-әрекетінің көрнісі.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістер мен педагогикалық технологиялар қолдануда студенттердің жеке даралық, психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе студенттердің логикалық ойлауы, өзіндік пікірінің маңызы зор. Демек, студент оқу материалдарын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Сөз әрекеті тілдік материалдардың бәрін оқу-тәрбие ісін жүргізу барысында іскерлік пен дағдыға мықтап айналдырылғанда ғана іске асады. Л.С.Рубинштейн дағдыны саналы түрде орындалатын іс–әрекеттің жаттығулар арқылы автоматтандырылған компоненті деп қарайды \7\.
Психологтар дағдыларға қоса оқушы өз ойын дәл жеткізуге септігін тигізетін іс–қимыл, дауыс ырғағы т.б. да қолдану қажет деп есептейді. Ойын сөзбен жүйелі түрде жеткізе алуы үшін адамда алдымен ой туады, ал ой мен сөйлеу–бір–бірімен өте тығыз процесс. Неғұрлым жан-жақты терең ойланған сайын адамның айтпақ болған ойы соғұрлым нақты, айқын болып шығады.
Сөйлеудің негізі ой болып табылатынын айта келе И.А.Зимняя шетел тілін үйренушіні әуелі қызықтыру, талпындыру арқылы ойландыруға жағдай жасау керек екендігін айтады. Ол үшін түрлі көркемдегіш сөздер, қажетті сөз тіркестері, шешендік сөздер, суреттер, ситуациялар, қосымша материалдар қолданылады.
А.А.Леонтьев бұл жүйеде мынандай кезеңдер бар екенін көрсетеді:
а) талпыныс; ә) айтылатын ойдың жоспары, бағдарламасы; б)ойдың іске асырылуы; в) ойдың іске асырылуын сол ойдың өзімен салыстыру\8\.
И.А.Зимняя қазақ тілінде сөйлеу әрекетінің ерекшелігін ескере отырып, оны үш кезеңге бөледі:
1) талпындыру;
2) қалыптастыру;
3) іске асыру;
Сөйлеуге талпындыру кезеңі талпыныс, мақсат, қажеттілік, өзара бірігуі арқылы іске асады. Талпыныс, мақсат, қажеттілік біріге келе сөздің тууына әсер етеді.И.А.Зимняяның тұжырымдауынша қажеттілік пен талпыныс адамды белгілі бір іс–әрекетке итермелейді \9\.
Тіл адам психикасында қажет бола қалған сәтте пайдалана алатындай дағды түрінде болады. Біз А.А.Леонтьевтің «қарым–қатынас жасау үшін қалыптасқан сөз дағдылары жеткіліксіз, ол үшін сөйлеу іскерлігі де қажет» /8/ деген пікірді құптаймыз. Іскерлік шығармашылық іс–әрекетке жетелейді, өйткені ол ойлаумен, сезіммен, қиялмен байланысты.
Дегенмен, ел басқаратын, қоғам болашағы үшін елге қызмет жасайтын әрбір жас өзінің ана тілін ерекше құрметтеп, тіл тазалығын сақтап, кәсіби тұрғыда мәдениетті сөйлей білуі қазіргі заманның талабы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Байшонов М. Үш тұғырлы тіл-уақыт талабы. Егеменді қазақстан // 2009 қазан.
2. Қазақстан Республикасы «Білім беру заңы» Алматы, 1998.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. (Мұғалімдерге арналған оқу құралы). – Алматы, 1988.
4. Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.
5. Наурызбай Ж.Этнокультурное образование школьников:взгляд родителей. Журнал «Мысль», 1997 г, № 2, с 81-85 с.
6. Ломоносов М.В. B значение его деятельности для развития просвещения: тезисы докладов Всесоюзной научно-практической конф. /Текст/. -Архангельск, 1986. – 326 с.
7. Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. - М., 1960
8. Леонтьев А.А. Психология общения. 2-ое изд., испр.и доп. М., 1997.
9. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Алматы, 2005. - 436
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада шешен сөйлеу өнерінің сөйлеу мәдениетіндегі өзіндік ерекше рөлі, шешендік сөздердің қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тілге тікелей қатынасы туралы айтылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль особенности ораторского искусства в культуре речи, высказывания о красноречии в традиционной культуре, а также прямое отношение ораторского искусства к государственному языку в современном обществе.
ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АРАБ-ПАРСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖАЙЫНДА
Отарбекова Ж.К. – ф.ғ.к, доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Тілдің даму процесінде кейбір сөздердің бір тілден екінші тілге кіруі заңды. Бір тілге басқа тілден сөздердің ауысуы сол тілді байытудың бір жолы болып табылады. Араб-иран тілдерінен қазақ тіліне ауысқан лексика я сол тілдердің тікелей қарым-қатынасының әсерінен, немесе Орта Азия халықтарының тілдері, оның ішінде тәжік, өзбек тілдері арқылы ауысқан. Ол сөздер: шаруашылық қарым-қатынастар, сауда-саттық арқылы, мәдени және ғылыми қарым-қатынастар, ақындардың шығармалары арқылы қазақ даласына ислам дінінің келіп кіруімен және ислам діні өкілдерінің шығармалары, діни кітаптар арқылы ауысқан.
Қазақ тіліне араб-парсы сөздері көбіне орта ғасырларда Орта Азия ғылымының, мәдениетінің біраз өрлеуіне байланысты енген. Бірақ, орта ғасырдан бұрын араб-парсы сөздері түрік тілдеріне ауыспады деуге болмайды. XI ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген М.Қашқари сөздігіндегі «Көне түркі тілдерінде араб-иран тілдерінен ауысқан сөздер мүлде жоқтың қасы» деген пікірді мақұлдай беруге болмайды, өйткені бұл сөздіктен де бұрынғы көне жазбаларда, мысалы көне ұйғыр жазбаларында араб-парсы сөздері кездесе береді. Кейбір көне сөздерді кейде бұл тілдердің қайсысына жатқызу керектігі қиынға соғады, өйткені олар араб-парсы тілдерінде де, түркі тілдерінде де қолданылады. Мысалы, дәрі-дәрмек.
Дәрі және емдеуге қажетті шипалы заттарды осылай да атаймыз. «соңғы кезге дейін... сенімді дәрі-дәрмек болмай келді» (Е. Оразақов).
«Дәрі» мағынасы жеке қолданылса да түсінікті. Қазақ тіліне парсылардан ауысқан. Қос сөздің екінші сыңары да парсы тілінен келген. Парсы тілінде алғашқы тұлғасы – «дарман» болып келеді. Біздің тілімізге сіңіскеннен кейін дыбыстық құрамына сәл өзгеріс кіріп, «дәрмек» қалпына жеткен. Сөйтіп, дәрі-дәрмек қос сөзінің екеуі де парсы тілінен ауысқан және мағынасы жағынан бір тектес.
Өмір-бақи, мәңгі-бақи. Оның беделі өмір-бақи жадыңнан өшпеске керек еді («Жұлдыз»). Жүністің мәңгі-бақи көздегені Шұғыладай болу ғой (Х.Е.). Бақи сөзі араб тілінен ерте кезден енген. Өйткені ол көне жазбаларда кездеседі, бақи өмірлік деген мағынада жұмсалады. Қазақ тілінен басқа да түркі тілдерінде қолданылады. Түркі тілдерінде бақи өмірлік мағынасынан басқа қалдық, қалған мағыналарында ұшырайды. Қазақ тілінде және басқа түркі тілдерінде қолданылатын баяғы сөзі осыдан туған болу керек. Мұнда «қ», «к» дыбыстары «я»-мен алмасқан. Мәңгі сөзі араб тілінде «маһлум» болып айтылады, ақырын, баяу мағынасында жұмсалады. Қазіргі түрік тілінде «маһлүк» болып айтылып, жаратылған, жасалған мағыналарында қолданылады. Көне жазбаларда мәңгі болып келеді. Ең көне жазбалардың бірі болып саналатын Күлтегінге қойылған ескерткіште бұл сөз «мәңгі» болып жұмсалған. Бұл сөз араб тілінен енген бе, әлде түркі тілінің төл сөзі ме оны айту қиын.
Ерлі-зайыпты. Қазіргі тілімізде ер сөзі көбіне еркек, күйеу, жігіт, ел жақсысы, батыр мағыналарында қолданылады. Бұл сөз басқа түркі тілдерінің бәрінде де жұмсалады /1, 57-58/. Көне түркі жазбаларында еркек дегеннен басқа, ер сөзі күйеу мағынасында да айтылған. Зайып сөзі қатын, әйел сөздеріне синоним. Л.А. Покровская араб тілінің зағиф, дәрменсіз, ауыспалы мағынада әлсіз жыныс, әйел, қатын мағыналарында жұмсалатын сөзі дейді /1, 60/. Қазақ тілінде зайып сөзі жеке қолданыла береді.
Жетім-жесір, жесір-жебір. Әрі кедей, әрі жалғыз жетім-жесір боп қалды (М.Ә.). Жалпақшы Ақ тайлақпен қоса шауып,
Найманды жесір-жебір қылған талап (А.). Жетім сөзінің түбірі жет болуы керек. Жесір сөзі қазақ тілінде көбіне байсыз, күйеуі өлген әйел, қалыңдық мағыналарында жұмсалады: Осы көп мал мен бай ауылдың иесі болған, мына дырдулы көштің басшысы болған жалғыз жесір әйел – Қаракөз (М.Ә.).
Жесір сөзі түркі тілдерінің барлығында қолданылмайды, қарақалпақ, қырғыз т.б. тілдерде ғана кездеседі. Бұл сөздің орнына түркі тілдерінде тұл сөзі жұмсалады. Көне жазбаларда «тулы» /2, 493/.
Қазақ тілінде тұл сөзі жесір әйел деген мағынадан басқа малдың, дүниенің т.б. заттардың жетім, иесіз қалуы мағынасында айтылады. Содан бері Қаракөз қаралы тор бұлбұлындай тұл төсектің иесі (М.Ә.).
Жебір (жабрун) араб тілінде зарлау, күш көрсету мағыналарында келеді. Қазақ тіліндегі жемқор, обыр мағыналарындағы жебір сөзі талдап отырған жәбір сөзімен түбірлес емес, соңғысы жәбір (зиян, жапа, қорлық) сөздерімен туыстас болуы керек. Жер сөзі қазіргі тілімізде ауыспалы мағынада қолданылатын (ана жері, мына жері дегендегі) жер сөзінен туған.
Әуре-сарсаң, көл-көсір, шат-шадыман, хабар-ошар. Әуре-сарсаң осы болушы ма еді, бұл қалай болды, Ербол? – деді (М.Ә.). Ұзамай өзеннің мұзы бұзылып, сеңі жүрді; ойпаң жерлерді тегісімен тасқын су басты; иірім-иірім алқаптарды, қамысты қойнауларды ернектете толтырып көл-көсір жайылған ызғарлы бозғыл су сел қылып жіберді (Х.Е.). «Қайырлы болсын, шад-шадыман екенсіздер, қайырлы болсын!» – деді. (М.Ә.). Хабар-ошар көп болатын себебі де сол (М.Ә.).
Әуре-сарсаң. Азабы мол, әбігерге түсу мағынасында тілімізде осы қос сөз арқылы да беріледі (Түс. сөздік). Мысалы: Бүгінгі күн тұтасымен осындай әуре-сарсаңмен өтті (М.Ә.).
Алғашқы «әуре» қазақ тілінде жекеше айтыла береді әрі мағынасы да белгілі. Біздің түсінік беріп, төркінін іздегелі отырғанымыз – «сарсаң» сөзі. өйткені ол қазақ тілінде қос сөз құрамында ғана кездеседі де, мағынасын біле бермейміз. Түркі тілдерімен туыс саналатын манжур тілінде «сэрсэн, сарсан» сөз тіркесі кездеседі. Мағынасы – қалшылдап, дірілдеп, селкілдеп дегенді мегзейді. Мұның өзі әбігерге түскен кісінің бойында болатын құбылыстар. Осыған қарағанда, сарсаң сөзінің әбігермен қосарлануы заңды құбылыс тәрізді. Енді осы пікірге жүгінсек, әуре-сарсаң қос сөзі әуреге түсіп, селкілдеп деген ұғымға сәйкес келеді.
Сонымен қатар «саррун» араб тілінде қастық, қиянат, шығын мағыналарында айтылады. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде де кездеседі. Башқұр тілінде – «сәрсәләнсу» (диалект) ақымақ болу, өзбек тілінде сарсон – сасып қалу, есінен тану, абыржу, ал тәжік тілінде сарсон – қамын ойлау, абыржу, дымы құру, әуреге салу. Түркі тілдеріне бұл сөз парсы, тәжік тілдері арқылы енгенге ұқсайды.
Көл-көсір. Бұл қос сөзінің өте көп, ағыл-тегіл, молшылық, аста төк мағынасында қолданылатынын байқаймыз. Мұндағы «көсір» сөзі тілімізде жеке қолданылмайды. Түп-төркіні түркі тілдеріне жатпайды. Қарастыра келгенде оның «кусер» болып келетін араб сөзі екені, молшылық мағынасын беретіні анықталды /3, 49/. Араб тілінен «касир» сөзі көп мағынасында кейбір түркі тілдеріне енген. Түрік тілінде «кесир» көптеген, толып жатқан мағыналарында айтылады. Қазақ тілінде көл сөзі ауыспалы мағынасында ұшы-қиырсыз мол дүние, көп мағыналарын береді. Бұл жағынан көл мен көсір синонимдес, кәсір сөзі қазақ тіліне кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап кірген.
Шат-шадыман. Көңілі көтеріңкі, масайраған, мәз-мейрам қалыпты білдіретін қос сөз. Қазақ тілінде және басқа да түркі халықтарының кейбірінде қос сөздің әр сыңары жеке-дара қолданыла береді. Шат осы күнгі түркі тілдерінің біразында қуаныш мағынасында қолданылады. Бұл да парсы тілінен енген. Көне ескерткіштерде шадман, шаттық, қуаныш мағынасында жұмсалған /1, 424/. Түрік тілінде осы мағынада араб тілінен енген шатыр сөзі де қолданылады.
Хабар-ошар. Хаварун, хавара араб тілінде жауап, әңгіме, сөйлесу /4/. Бұл сөз түрік тілінде һабер (хабар, жаңалық) болып жұмсалады. Ошар көпше түрі. Қазақ тілінде ошарлану – жиналу, топталу, ұйлығу мағынасында айтылады.
Этимологиялық зерттеулер, яғни тіліміздегі сөздердің төркінін табу арқылы қазақ халқының әр алуан дәуірде басқа халықтармен жасаған қарым-қатынасын немесе өзінің ертеректегі жай-күйін танимыз. Өйткені тіл лексикасының тарихынан сол халықтың өткендегі тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүрінің, мәдени-рухани өмірінің, өзге ел-жұртпен аралас-құралас болғандығының ізі, сәулесі көрініп тұрады.
Жоғарыдағы қос сөздердің көмескі сыңарларына қатысты талдаулар қазіргі тіл тұрғысынан мағынасы түсініксіз сөздердің қай-қайсысының да бастапқыда толық мағыналы сөздер болғандығына туыстас түркі тілдерінің, көне түркі жазба ескерткіштерінің материалдарына сүйене отырып көз жеткізуге болатынын көрсетіп отыр. Дәрі-дәрмек, өмір-бақи, мәңгі-бақи, ерлі-зайыпты, жетім-жесір, жесір-жебір, жер-жебірі, әуре-сарсаң, көл-көсір, шат-шадыман, хат-хабар т.б. сөздердің мағынасын анықтау барысында қазақ тілінде мағынасыз сөз жоқ, қос сөздердің қай-қайсысы болсын толық мағыналы сөздер болған деген қорытынды жасауға болады. Бұл құбылыс сонымен қатар қос сөздердің жасалу, қалыптасу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қосарлама қос сөздердің қай-қайсысы болсын мәндес, мағыналас немесе қайшы мәндес сөздерден жасалғанына көз жеткіземіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – А., 1966.
Махмуд Қашқари.Түркі тілдері сөздігі. – 1960-1967.
Нұрмағамбетов Ә. Қос сөздердің құпиясы. – А., 1991.
Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – А., 1989.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ тілінде кездесетін, бір сыңары күңгірттенген қос сөздердің этимологиясы қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается этимология некоторых парных слов казахского языка, которые в настоящее время не являются полнозначными словами.
Достарыңызбен бөлісу: |