Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілгері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан
соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де
дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: құптан – құтпан, бопса – боспа, күбжеңде –
күжбеңде, шыбжалақта – шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға, [б] дыбысының
[ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгері. Дыбыстардың осындай транспозициялану бағытына
сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін варианты құптан, бопса, күбжеңде,
шыбжалақта деуге болады.
§17. Геминацияланған дауыссыздармен келетін түбір сөздердің саны тілімізде
біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер жатады: мүдде, күллі, махаббат, әккі,
ләззат, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы,
жаббар (жаппар), әттең, ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды,
әккі, тәкаппар т.б. Гемината дауыссыздардың тіліміздегі бір алуан сөздердің құрамынан
орын тебуі сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына байланысты.
Мысалы: оппа (оппа қар) – опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) – жанат (жанат
ішік), жаппа (баспана мағынасында) – жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) – қиса
(етістік) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашұаұтауға» байланысты
молла, әмме, кәззап, алла тәрізді сөздер
молда, әмбе, кезеп, алда түрінде игерілгенлігі
байқалады. Сондай-ақ [ашшы] ащы – ашты, ыссы – ыстық параллельдерінің әуелде
жасыра жұмсалуы да осы ерекшелікке байланысты деуге болады.
Бірсыпыра сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың созылыңқы
айтылуында болатын экспрессиялық мүмкіндікті пайдалануға қатысты. Мысалы,
махаббат, ләззат, мәссаған (модаль сөз), жаннат (жер жаннаты), құдды, әуппай (одағай)
т.б. сөздер дауыссыздардың эмфатикалық созылыңқылығына байланысты экспрессияға ие
болып тұратындаған аңғарамыз. Бұларды «жалған» геминаталар деп атауға да болады.
Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ әрпімен таңбаланатын орындары
бар. Бірақ бұлардың саны тек ащы, тұщы, кеще, ищ-ай (одағай) тәрізді үш-төрт сөзбен
шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу тәжірибесінде әр түрлі
беріліп жүр: жаппар – жаббар, тәкаппар – тәкаббар, ләббай – ләппай, тұттығу –
тұтығу, тұттықпа – тұттықпа, құттықтау – құтықтау; молла – молда; алла – алда
т.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978ж.)
ләббай – ләппай, жаппар –
жаббарварианттарының жаббар, ләббай нұсқасы берілген. Бірақ дәл осы тәрізді тәкаппар
нұсқасы негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз
емес. Бір жағынан, ұяң вариант түріндегі ләппай, жаббар сөздері, олардың қатаң түрінде
қарағанда, тұрақты қолданылатын орны, әрі жиірек жұмсалатын жері көне, кітаби
контекст деуге болады. Екінші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие
сөздер. Ал тәкаппар – реңкі жағынан бейтарап актив лексикаға жатады. Тәкаппар –
тәкаббар варианттарының реңктерін бейтараптық, экспрессияға, көнелік т.б. тұрғыдан
қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла – молда, біссіміллә
– біссмілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта:
молда – бейтарап реңкте,
молла – кітаби, көне реңкте, керісінше,
алла, біссімілла, кітаби реңкте, ал
біссімілда, алда
– сөйлеу тіліне тән реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминацияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты
сөздердің жазылуы да әр түрлі. Мысалы: құттықтау (орфографиялық сөздікте) –
құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген),
тұтығу (орфографиялық сөздікте) –
тұттығу (орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы
құттықтау – құтықтау
вариантын кейде саралап қолдану фактісін кездестіруге болады: құттықтау
«приветствие» (приветственная речь – құттықтау сөзі), құтықтау «поздравление». Ал
тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа варианттарының геминациямен айтылатын
нұсқасын (экспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге
байланысты) сөз қолданыстан бірте-бірте ығыса бастаған деуге болады. Сондықтан
орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң т нұсқасында берілген.
Геминация құбылысына байлнысты екі түрлі вариантта жазылып жүрген сөздердің
бірі – жедді – жеді (жеддінің айы, жеддінің жұлдызында; жедінің айы, жедінің
жұлдызында), мүкаммал – мүкамал. Сөйлеу тілінде
жеді, мүкамал түрі ұшырағанмен,
жедді, мүкаммал нұсқасының тұрақты орын тепкен жері – кітаби, көне контекст.
Орфографиялық сөздікте бұл варианттың геминацияланған түрінің (жедді, мүкаммал)
берілуі сондықтан.
Сонымен, кебір сөздердің құрамында геминацияланған дауыссыздардың болуы
мынандай құбылысқа саяды деуге болады: а) геминацияланған дауыссыздар бір сөзден
екінші бір сөзді ажыратып тұрады. Олардағы дауыссызды геминациясыз жалаң түрде
айтуға болмайды. Ондай жағдайда сөздің тұрқы бұзылады, мысалы: әккі, күллі,
мүттайым т.б.сөздердегі дауыссыздарды геминациясыз айту мүмкін емес; ә) кей
жағдайда сөз құрамындағы дауыссызды геминацияланған түрде де (мүдде, ләззат, т.б.),
жалаң түрде де (мүде, ләзат т.б.) айтуа болады. Бірақ сөздің геминациялы вариантының
экспрессиялық реңкі басым болады; б) гемината дыбыстар сөзге көнелік реңк үстейді
(жедді, жаббар, ләббай т.б.). Экспрессиялық, көнелік реңктері актуализацияланған
мұндай варианттар нормалаушы сөздіктер арқылы кодификацияланып отырады. Алайда
зәрредей, біссімілда,
алда (алла деген мағынада),
жеді (ескіше айдың аты),
жаппар,
ләппай тәрізді варианттардың нормалаушы сөздікке алынбауы олардағы экспрессиялық
(зәрредей), көнелік-кітаби (молла), сөйлеу тілі (жеді, алда, әмме, жаппар, ләппай т.б.)
тәрізді реңктерінің актуализацияланбауына байланысты децге болады. Ал жөппелдемеде,
іззет тәрізді геминацияланған варианттарды экспрессия тұрғысынан қажетсіну
жөпелдемеде,ізет нұсқауларына қарағанда басым деуге болмайды. Сондықтан
орфографиялық сөздікте оларды ізет, жөпелдемеде түрінде беру тиімді.
§18. Қазақ орфографиясындағы кейбір қиындық сөз аясында кездесетін синкопа,
эпитеза, апокопа тәрізді дыбыс құбылыстарымен байланысты. Әсіресе аяқ шені кейбір
дауыссыздар тіркесіне біткен ауыс-түйіс сөздердің фонетикалық игерілуі көп вариантты
болып келеді. Мысалы, бақт, тақт, дост, дәст т.б. парсы, араб сөздері қазақ тілінің
фонетикалық заңдылығына орай үш түрлі жолмен игерілгендігін байқауға болады.
1. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың аралығына қысаң дауыстыны селбестіріп
айту: уақт – уақыт, бақт – бақыт, тәрк – тәрік, тақт – тақыт.
2. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың соңғысын түсіріп айту: уақт – уақ, бақт –
бақ, дост – дос, тақт – тақ, дәст – дәс (дәс орамал).
3. Сөз аяғында іргелес келген дауыссыздың соңына қысаң дауыстыны қосып айту: уақт –
уақты, бақ – бақты, дост – досты, дәст – дәсті.
Үшінші тәсілмен игерілген тақты, бақты, досты, дәсті деген атау тұлғалы сөздер
көбіне байырғы мұралар тілінде жиі кездеседі.
Орыс тілінен енген қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық терминдердің және
кейбір атаулардың қосымшалармен түрленуінде осы үш түрлі тәсілдің «Қазақ
орфографиясының ережесі» бойынша (1957 жыл) екінші (синкопа) мен үшіншісі (эпитеза)
жиі қолданылады.
синкопа эпитеза
машинист – машиниске, машинистер абстракт - абстрактіге
ориенталист – ориенталиске, ориенталистер такт - тактіге
асбест – асбеске, асбестер киоск – киоскіге
съезд – съезге, съездер фонд – фондыға
поезд – поезға, поездар стенд – стендіге
шрифт – шрифтіге
митинг – митингіге