<йіү>
[йүу]
[түйүу]
түю
Ондаған газет-журнал, жүздеген кітап мыңдаған тиражбен тарап жатқан қазіргі кезде
графикадағы «үнемділіктің» тиімділігі айқын сезілсе керек. Қазіргі кез, әрине, жылына
бір-екі кітап, бірер ғана газет-журнал жарық көретін байырғы заман емес. Ондай кезде
әріп-таңба үнемділігі жөнінде сөз де болмас еді. Фонемалық принцип бойынша сөз
[бешшылдық], [жұмұшшұ],[башшы],[мұжжарғыш] т.б. түрінде, айтылуынша жазылмай,
фонеманың негізгі реңкі бойынша жазылады (бесжылдық, басшы, мұзжарғыш), сөйтіп,
сөздің мағыналы бөліктеріне нұқсан келмейді.
Мұжжарғыш, күшшүгөр, өшшү сөздеріндегі [з], [ж],[с] фонемалары іргелес
дыбыстардың әсерінен комбинаторлық өзгеріске ұшырап [ж],[ш],[ш] түрінде айтылып тұр.
Бұлар <з>, <ж>, <с> фонемаларының көрінісі, өйткені фонетикалық өзге ситуацияда олар
өзінің негізгі реңкіне көшеді: мұ[з]ға, [ж]ігер, ө[с]ші.
Фонемалардың негізгі мәні (реңкі) ғана сөздің мағыналық «жамылғышы» бола
алады. Сондықтан сөзді фонемалардың негізгі мәні арқылы танимыз. Фонемалардың
қосалқы мәнін физикалық тұрғыда түйсінгенімізбен, психикамыз функционалдық мәні
жоқ дыбыстарды автоматты түрде назардан тыс қалдырады. Психикамызда сөз өзінің
негізгі «жамылғышында» ([өшші] емес, өсші түрінде) бейнеленеді.
Сонымен, жазуда фонемалардың позициялық, комбинаторлық өзгерісінен пайда
болған қосымша мәндері ескерілмейді. Өйткені дыбыстардың поэзиялық, комбинаторлық
игерілуі, әр түрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға өте
қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың қосалқы мәнінің
(позициялық, комбинаторлық өзгерістердің) еленбеуінің негізгі себебі – олардың
функционалдық ролі болмағандықтан. Дыбыстардың позициялық игерілуінен пайда
болған өзгерістер, сонымен, жазуда елене бермейді. Бірақ бұндай принципке мынадай
құбылыс қайшы келетін тәрізді. Мысалы: а) қап – қабы, кітап – кітабы, сеп – сеуіп, теп –
теуіп, кеп – кеуіп, жап – жауып т.б. ә) ақ – ағар, көк – көгер, үк – үнер, бүк – бүгер, жақ –
жағын, тақ – тағын т.б. б) тарақ – тарағы, құрақ – құрағы, шырақ – шырағы, сырық –
сырығы, жарық – жарығы т.б. Бұндағы н/б, қ/ғ, к/г, п/у дыбыстарының өзгерісі де белгілі
бір позицияға (дауыстылардың аралығы) тәуелді тәрізді. Олай болса дыбыстардың мұндай
алмасуы жазуда неге еленіп жүр? Басшы, жұмысшы, түнгі, күнгі т.б. деп дыбыстардың
позициялық игерілуін елемей жазған соң, ақ-ар, көк-ер, сеп – сепіп, кеп – кепіп, тарақ –
тарақы, тақ – тақын деп неге жазбаймыз? Бұл сауалдың жауабын бермес бұрын,
алдымен мынадай бір ерекшелікке назар аударайық.
Мысалы, < с >-ның [ш] реңкіне көшуі үшін нақты бір фонетикалық жағдайдың
болуы, [с] мен [ш] дыбыстарының іргелес тұруы шарт: [ашша] ашса, [ташша] тасша,
[жұмұшшұ] жұмысшы т.б. Егер бұл шарттылық ([с] [ш], [ш] [с] дыбыстарының
іргелестігі) бұзылса, аталған фонемалар өзгеше реңкте жұмсалады. Бұл заңдылықтан < с >
мен < ш > немесе < ш > мен < с > фонемалары іргелес келген ешбір сөз, ешбір морфема
тысқары қалмайды. Басқаша айтқанда дыбыстардың комбинаторлық игерілуінде
талғампаздық болмайды. Дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі үшін
морфемалардың мәні жоқ. < з > фонемасының [с] реңкі туралы да осыны айтуға болады:
[бессе] безсе, [біссіз] бізсіз, [ассың] азсың т.б. < з > фонемасының [с] реңкі пайда болуы
үшін мейлі ол шартты рай тұлғасы болсын, жоқтықты білдіретін аффикс болсын, немесе
жіктік жалғауы болсын, бәрі бір. Міне, осы екі ерекшелік – дыбыстардың комбинаторлық,
позициялық игерілуіне, реңктерінің пайда болуына тән басты қасиет.
Ал жоғарда айтылған қ – ғ, к – г, п – б – у дыбыс өзгерістерінің де (ақ – ағар, тарақ –
тарағы, терек – терегі, жүрек – жүрегі, кітап – кітабы, жауап – жауабы, кеп – кеуіп,
сеп - сеуіп) белгілі бір фонетикалық ортаға байланысты екендігі байқалады. Бұл өзгерістер
интервокал позицияға тәуелді сияқты. Яғни, [ғ] <қ>-ның, [г] <к>-ның, [б] <п>-ның
комбинаторлық, позициялық реңкі тәрізді көрінеді. Бірақ олай емес. Өйткені бұл
тәуелділік – белгілі бір морфемалар жігінде ғана болатын дыбыс өзгерістері. Алайда
мұндағы өзгерістерді <қ>, <к>, <п> фонемаларының позициялық, комбинаторлық реңкі
деп тануға, басқаша айтқанда <с> - [ш] <з> - [с] құбылыстарымен бірдей деп қарауға
болмайды. Олай болған жағдайда интервокал позицияда [к] - <ғ>-ға,[к] - <г>-ға, [б] - <п>-
ға кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде өзгеріп отыруға тиіс. Бірақ <қ>, <к>,
<п> фонемалары кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде [ғ],[г],[б] дыбыстарына
өзгеріп отырмайды:
күп күпін тық тықыл, тығыл
топ, тобыр топыр бақ, бағыл бақыла, бағыл
теп тебін теперіш жақ жақын, жағын
теп тепең сақ сақа: сақа адам
қап қапы: қапы қалу тық тықыр, тығыр
көп, көбей көпір тік, тіге тіке: тіке жүр
сап, сабы сапы: еңбек сапында бүк, бүгіл бүкір, бүкірей
Осымен байланысты қазақ графикасының ерекшелігі бойынша бірінші жағдайдағы
дыбыс құбылыстары фонемалардың позициялық, комбинаторлық қосалқы мәні
болғандықтан жазуда еленбейді де, екінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары (ақ – ағар,
қап – қабы) фонемалардың негізгі мәнін сақтап жазу принципіне сәйкес орфрграфияда
ескеріліп отырады. Бұл айтылғандар фонемалар реңкінің, фонема алмасуларының жазуға
қатысты жалпы мәселелері деуге болады. Енді осы мәселелердің жеке жақтары да, жеке
сөздерге қатысты тұстары да бар.
КЕЙБІР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯСЫ
§3.қ>ғ, к>г, п>б (у) алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге асады да, сөздердің
белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы
алмасу деуге болады:құрық – құрығы, балық – балығы, себеп – себебі, жакап – жауабы,
нап – шауып, тап – тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан
өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде
емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы: айқай – айғай, тақат – тағат,
садақа – садаға т.б.
қ/ғ, к/г, п/б дыбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алмасуынан әр түрлі
варианттар пайда болады. Олардың кейбірі жарыспалы сыңарларының ішінара мағыналық
сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқандығы байқалады: бықы – бығы, шақа (қызыл
шақа), шаға (бала-шаға) т.б.Осы алмасулардың қатарына өзара этимологиялық
байланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк – бүгіл – бүкір; теп – теперіш – тебер,
төпе – төпеле – төбелес т.б. Алайда
қ/ғ, к/г, п/балмасуын кез келген жағдайда мағына
айырымдық, сөзтанымдық функцияда жұмсалып, варианттардың барлығы бірдей
семантикалық филицияға ұшырады деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып,
әркелкі жазылып жүрген сөздердің бір алуаны осы құбылыспен байланысты.
Мысалы:айқай – айғай,садақа – садаға, қым-қуыт – қым-ғуыт, кереқар – кереғар, ала-
көбе – ала-гөбе, алакеуім – алагеуім, алакүлік – алагүлік, алақаншық – алағаншық,
сайкүлік – сайгүлік, аракідік – арагідік, миғұла – миқұла, тым-тарақай – тым-тарағай,
байқұс – байғұс, тұқым-тұқиян – тұқым-тұғиян, тұқжыңда – тұғжыңда, қылқындыру –
қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің,
апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл –
жедеғабыл т.б.
Диахрониялық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы
ықтимал. Бірақ синхрониялық тұрғыдан оларды екі (үш) морфемадан құрылған деуге
болмайды. Өйткені синхрониялық тұрғыдан алагеуім сөзін «ала» және «кеуім»;
алағаншық сөзін «ала» және «қаншық»;
алагөбе сөзін «ала» және «көбе» тәрізді
морфемалардан құралған деп үзілді-кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі,