Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет9/30
Дата14.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#13242
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

бүйір – бүйрек

дәуір – дәурен

ерін – ернеу

бауыр – баура

жиын – жина

қорық – қорқа

қойын – қойнау

мойын – мойнақ 

қырын – қырна

сарын – сарна

зорық - зорға

ойын – ойнақ

ойын – ойна

орын – орна

жұрын – жұрнақ

түйін – түйнек

сарық – сарқыт

жалық – жалқау

қайыр – қайрақ

күйіс – күйсе

айыр – айран

үрік – үркек 

жайыл - жайла

көрін – көрнеу

жерік – жеркен

жент – жентек

сыпыр – сыпыра (тері)

ұлы – ұлғай

сүйір – сүйрек

көрік – көркем

қиын – қина

сары (ғ) – сарғай

Бұл фонетикалық құбылыс түрінде сөзге есімнен етістік (ойын - ойна), етістіктен

есім   (үрік   -   үркек),   етістіктен   етістік   тудыратын,   көбіне   ашық   дауыстыдан   басталатын

аффикс   жалғануы   арқылы   жүзеге   асады.   Ал   аффикстердің   көбіне   қысаң   дауыстыдан

басталатын   түрлері   жалғанғандағы   сөздің   фонетикалық   жағдайы   мен   жазылуы   мына

тәрізді:

шақыр – шақырым

ғылым – ғылыми

бүкір – бүкірей 

иір – иірім

мейір мейірім

жұмыр – жұмырық

жауыр – жауырын

сауыр – сауырын

қайыр – қайырым

жайыл – жайылым

еріт – ерітінді

қойыл – қойылым

басыл – басылым

кекір – кекірік

көрін – көрініс

Түбір сөздегі қысаң дауысты дыбыстың түсіріліп, я болмаса түсірілмей қолданылуы

қосымшадағы   дауыстының   ашық   немесе   қысаң   болып   келуіне   тәуелді   екендігін

байқаймыз.

Бірсыпыра   сөздің  құрлыс,   бұрлыс,   ғылми,   жилыс  түрінде   жазылмай,  құрылыс,

бұрылыс, ғылыми, жиылыс делініп, ы арқылы жазылуын аффикстің қысаң дауысты болып

келу жүйесіне байланысты деп түсіндіруге болады. алайда мұндай орындарда [ы] естілген

жерде ы жазылады деген қағида бойынша жазылып келді. Бұл қағидаға, әрине, бастан-аяқ,

сүйену   қиын.   Өйткені   [ы],   [і]   кейбір   позицияда   біреуге   «естілуі»,   бәреуге   «естілмеуі»

ықтимал. Сондықтан қайырып – қайрып, айрық – айырық, айырыл – айрыл тәрізді сөздер

әркелкі жазылып жүр. Егер азды-көпті «күш» салып айтса, [ы] мен [і]-нің естілмейтін жері

жоқ деуге болады. Белгілі бір сүйемелсіз тек «естілуіне» қарай жазудың қиындығы  да

осында. Ал жоғарыда айтылғандай қысаң дауысты аффикстің түбірге жалғану жүйесіне

сүйенсек, бұл типтес  сөздер  айырық (айыр-ық), қайырыл (қайыр-ыл), мойырыл (мойы-

рыл), майырыл (майыр-ыл), ресіми (ресім-и) түрінде жазылуға тиіс. 

§13. Жоғарыда бір сөз түрлендіруші қосымшамен (тәуелдік §11) және сөз тудырушы

аффикстермен   байланысты   (§12)   сөздің   жазылу   ерекшелігіне   тоқталдық.   Қысаң

дауыстылардың жазылуына қатысты бір қиындық – олардың сөздің ішкі шеніндегі, яғни

морфемашілік әліптемесі. Бұл топтағы сөздердің жазылу ерекшелігіне тоқталмас бұрын,

олардың   «Орфографиялық   сөздіктегі»  (1978ж.)  көрсетілген  әліптемесіне  назар  аударып

көрейік (6-қосымшаны қараңыз).



6-қосымша

абырой


ақырын

арлан


атырап

ауру (зат есім)

ауыру (етістік)

әбілет


әзірейіл

бағлан


бекіре 

бұрыл


ғибрат

ғұрлы (құрлы)

ғұрлым (құрлым)

даурық


емле

емеурін


емірен

еңіре


жағылған (сөздікте жоқ)

жайылым 


жамыра

жапырақ


жарлық

жауырын


жебірейіл

жирен


жұдырық

жұмырық


жымырай

запыран


зәулім

кейуана


кекілік 

көкірек 


қабылан

қазірет


қайрылу

қайырым


қаңыра

қапырық


қобыра

қойылым 


қоңырау

құбыла 


құбылыс

құмыра


құрлым

құрылыс


лоблу

мағлұм


мағлұмат

мақлұқат


мақрұм

мәжіліс


мәкрүк

мәміле


маслихат 

медресе 


мезірет

мейлінше 

мейірім

мекіре


меңіреу

нағылет


нақұрыс

наурыз


оқыра

омырау


салбуырын 

самұрық 


сауырын

сәурік 


саңдақ

саңлақ


саңылау

саңырау


сұмырай

сүмірей


сіңлі

тақырып


тарлан

тәжірибе


тәйірі

тәурат


тегеурін

текірек 


тоқыра

тоқырауын

топырақ 

төңірек


үңірей

шақырым


шаңырақ

шатыраш


шежіре

шежіре 


шүңірей

ықылас


ықылық

ықылым


ыңыран

ысырап 


ібіліс

Көз   жүгірте   қарағанның   өзінде,   бұл   сөздердің   әліптемесі   күрделі   екендігі   бірден

байқалады.   Неге   сәурік   сөзі  і-сіз  жазылады?   Неге  салбуырын   ы  арқылы   жазылады?

Сондай-ақ   фонетикалық   бір   заңдылыққа   сая   тұра  емле,   мемлекет,   мәслихат,   сіңлі  т.б.

сөздердің мәжіліс, мәміле, саңылау сөздерінен өзгеше жазылуының себебі неде?

Осы сөздің қайсысын болса да,  ы, і-сіз  немесе  ы (і)-лы вариант түрінде де жазуға

болатын тәрізді. Бұл тақылеттес сөздердің барлығын ы (і)-мен хазу керек немесе ы, і-сіз

нұсқада жазған жөн деп бір жақты әліптемеге көшу орфография үшін, әрине, оңай. Бірақ

бұлай   ету   тілдің   шындығынан   қол   үзу   болар   еді.   Ал   белгілі   бір   тиянаққа   сүйенбей,

айтылуына қарасақ, бұл сөздерді бастан-аяқ ы, і-мен де, ы, і-сіз де айтып шығуға болады.

әдетте сөз бен буынның бір-бірінен көп жағдайда айырмасы да, ортақ жақтары да болады.



жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау