Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3



жүктеу 1,73 Mb.
бет8/9
Дата07.02.2018
өлшемі1,73 Mb.
#8884
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ситуациялык есептер.

1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?

2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?


12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.


13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н-1, 4 - бөлім, 284 – 308 бет



14 – сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Науқастың қауіпсіздігі.

2. Сағат саны: 4 (180 мин 100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды мейірбике жұмыс істеу барысында науқастың қауіпсіздігін сақтау шараларымен таныстыру.

  • тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда жалпы науқас қауіпсіздігін сақтау қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

  • Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз

  • Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі

  • Залалсыздандыру туралы түсінік

  • Залалсыздандыруды өткізу шарттары


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жоспар:

  • Функционалды төсекті пайдалану

  • Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты беру

  • Төсек орынды дайындау

  • Теріні күту

  • Науқасты жуындыру

Өте ауыр халдегі науқастар толық түрде іс – шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Ұялу себебімен кіші мейірбикелерге ойындағысын айта алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері болған соң, ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу керек.

Ауыр халдегі науқастарды жуындырғанда, басқа да жәрдемдер көрсеткенде өте қысылады. Науқас қатты қысылмау үшін мейірбике міндетті:


  • Науқасқа мұндай жағдайда ұялмау қажеттілігін абайлап түсіндіру қажет;

  • Пердемен жауып қоюды қамтамасыз етуі керек;

  • Басқа науқастардың палатадан шығуын талап ету керек;

  • Дәреталатын заттарды тапсырғаннан кейін ауруды жеке қалдыру керек.

Емделушіге төсек дайындау. Емделуші көп уақытын төсекте өткізеді. Төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын былғамайтынпленка төсеу қажет. Матрас ақжаймамен жиырылмайтындай жабылуы қажет.

Жағдайы нашар науқасқа матрастың үстіне екі қабатты ақжайма, жастықтың тысын да екі қабаттап салады. Ауа райына, күн мезгіліне байланысты қалың көрпе тысымен баріледі.

Науқастар төсек жабқыштарына қатты тігістер кедергі жасамау керек. Отыруға ыңғайлы қалып болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейінжиып отырғызу керек. Бас жағын көтеру үшін бірнеше жастық қойып биіктетуге болады. Аяқ жақты да биіктету үшін жастық, валик, тізенің астын жоғарылату арқылы түзетуге болады.

Терінің күтімі. Қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және микробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойықтарға әкеп соғады.

Науқастарға ванна немесе душта 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады. Төсек жағдайындағы науқастарға мейірбике ыдысқа су құйып, жуыныға көмектеседі.



Ауыр науқас адамдардың киімдерін ауыстыру.

Шешіндіруді орындау тәртібі:

  1. Науқастың бас жақ денесін көтеріңіз

  2. Абайлап кір көйлегін желкесіне дейін түріңіз

  3. Науқастың екі қолын көтеріп, оратылған кір жейдені басынан шешіп алыңыз

  4. Жеңін шешіңіз. Науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан соң жарақатталған қолынан шешіңіз.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді:

  1. Екі жеңін кигізіңіз, қолда жарақат болса – алдымен ауру қолға, содан кейін сау қолға кигізу керек

  2. Жейдені басынан кигізіп, денесіне түсіріңіз


Кіші дәрет ыдыстарын қолдану. Қуықты босату үшін арнаулы ыдыстар қолданады. Ер адамдар мен әйелдерге қолданылатын ыдыстар әр түрлі болып келеді. Науқастың ыдысы ішіндегі дәреті бостылып, жылы сумен шайылады. Дәреттің иісін кетіру үшін арнаулы ерітінділермен, хлормен т.б.шаяды. Дәретін ұстай алмайтын адамдарға денесіне резеңке ыдыстар байлап қояды.

Науқасты жуындыру. Ауыр науқасты дәретке отырған сайын, жуындырып отыру керек.

Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын ашып, бүгіп қоямыз.

  2. Науқастың астына клеенка төсеп, ыдысты қою.

  3. Оң қолына мақта немесе салфетка алып, сол қолына марганцовка мен фурацилин ерітінділері бар 30-35г жылы суы бар құман аласыз. Құманмен бірге Эсмарх резеңке түтікшесін және қысқыш алуға болады..

  4. Жыныс мүшесіне осы суды құясыз, мақтамен жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз.

Жуындыру реті:

    • Жуындыру үшін 8-16мақта тампондары керек.

    • Алдымен кіші жыныс мүшелерін жуу керек.

    • Содан соң анустың маңайын, мақтамен ауыстырып жуады.

    • Құрғату керісінше жүреді, мақтаны ауыстырып отыру қажет.

  1. Клеенкамен ыдысты алып тастаңыз.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер:

  1. Ауыр науқасты адамдардың киімін ауыстыру:

  1. Күнде

  2. Кірлеген сайын

  3. 2-3 күнде 1 рет

  4. 7-10 күнде 1 рет

  1. Ауыр науқасты адамның денелерін күнде сүрту керек. Ол үшін:

  1. 10% перманганатты калий ерітіндісімен

  2. 1/500 фурациллин ерітіндісімен

  3. Жартылай су қосылған 70 % этил спиртімен

  4. 10% мүсәтір спирті ерітіндісімен

  1. Науқасқа дәрет сындыратын ыдысты әперудің дұрыс ретін анықта:

  1. Ыдыстың астына клеенка төсеу

  2. Ыдысты алу

  3. Ыдысты жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдыру

  4. Ыдысты залалсыздандыру

  5. Ыдысты науқастын астына қою

  6. Науқастың жамбасын көтеру

  1. Науқастың төсек орнын қай кезде ауыстырады?

  1. 14 кунде 1рет

  2. 7-10 кунде 1 рет

  3. Күнде

  4. 2-3 күнде 1 рет

  1. Ауыр науқастардың денесін күнделікті өңдеу үшін:

  1. 10% камфор спиртінің ерітіндісімен

  2. 10% мүсәтір спиртінің ерітіндісімен

  3. 10% калий перманганаты ерітіндісімен

  4. 96% этил спиртімен

  1. Жүйелі жуынуын белгілеңіз:

  1. Анус аймағы

  2. Кіші жыныс еріндері

  3. Шап қатпарлары

  4. Үлкен жыныс еріндері


12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.


13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н-1, 4 - бөлім, 284 – 308 бет




15 – сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Халі ауыр науқасты қаупсіз тасымалдау ерекшеліктері.

2. Сағат саны: 6 (270 мин 100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды мейірбике жұмыс істеу барысында науқастың қауіпсіздігін сақтау шараларымен таныстыру.

  • тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда жалпы науқас қауіпсіздігін сақтау қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 15 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 42 мин (15%)

  • Функционалды төсекті пайдалану

  • Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты беру

  • Төсек орынды дайындау

  • Теріні күту

  • Науқасты жуындыру


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 81 мин (30%)

Жоспар:

  • Тасымалдау түрлері

  • Каталкада науқасты тасымалдау ережелері.

  • Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.

  • Науқастарды жатқызып, отырғызып тасымалдау

Тасымалдау 2-ге бөлінеді:

1.транспортабельді - жатқызып, отырғызып, жартылай отырғызып тасымалдау.

2.транспортабельді емес - оларды тез арада реанимациялық бөлімғе ауыстырады.
Тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді.

Орташа жағдайдағы науқастар палатаға өздері жаяу немесе мед.қызметкерлерімен бірге барады. Ауыр халдегі науқасты носилкада жаткызып тасымалдайды. Сондай-ақ кресло каталканы қолдану керек.

Қабылдау бөлімінен алыс корпустарға науқастарды жеткізу үшін казіргі уакытта көптеген ауруханалар арнайы транспортгармен камтамасыз етілген.

Каталкада наукасты тасымалдау ережелері.

Әрбір каталка таза төсек-орын жапқыштармен және одеялмен төселген болуы керек. Төсек-орын жапқыштарын әр науқастан кейін ауыстырып түрады. Одеялоны кағып, жұкпалы аурулардан кейін дезинфекцияға жібереді. Лифт болмаған жагдайда ауыр халдегі наукастарды носилкада 2 немесе 4 адам апарады. Басы алға карап түрады. Носилканын төменгі аяктарын көтереді. Наукасты түсіргенде аяғын алдына қаратып, носилканың төменгі аяқтарын көтереді.

Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.

Шок жағдайындағы ауыр халдегі науқасты санитарлык өңдеусіз бөлімшеге жібереді. Онда интенсивтік қадағалау палатасы бар. Қимылдауға болмайтын науқастарды носилкадан тесекке ақырын ауыстыру ережелерін сақтайды: носилканы кереуеттің басына аяк жағымен қояды. Егер палата алаңы кішкентай болса, носилканы кереуетке параллель қойып, ал медицина кызметкері носилка мен кереует ортасында наукаска бет жағымен қарап түрады.

Миына қан кұйылған науқасты носилкаға арқасымен жаткызып тасымалдайды. Есінен айрылған науқасты тасымалдағанда кұсык массаларынын тыныс алу жолдарына түспеуін кадағалау керек. Осыған карай наукастың басын бір бүйіріне бүрады. Жүрек -кан тамыр ауруымен ауыратын наукастарды ауыр ентігу кезінде носилкада жартылай отырып тасымалдайды, өйткені суыққа өте сезімтал, оларды жылы орап, аяк-қолдарыыа грелка кою керек. Жедел миокард инфарктыңда да носилкада тасымалдайды. Жедел қан тамыр жетіспеушілігі кезінде басы аяғынан төмен болуы керек.

Каталка болмаған жағдайдагы тасымалдау.

1 адам тасымалдау кезінде науқас санитардың мойнынан ұстанды;

2 адам тасымалдау кезінде біреуі наукастың аяғын және жамбасын, екіншісі арқасын және басын үстайды;

3 адам тасымалдау кезінде біреуі аяғын, келесі - белін, аркасынын жартысын, үшіншісі арқасын және басын үстайды.
Науқастың жағдайына байланысты тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді ( зембілмен, қолмен, лифтімен, жаяу).


  1. Науқасты ауыстыру 3 адамға қолайлы. Каталканың жоғарғы жағын төсектің аяқ жағына келтіріп қою керек.

  2. Үш адам аурудың бір жағында тұрсын: біріншісі қолын науқастың басы мен денесінің астына , екіншісі белінің, үшіншісі – белден төмен, тізенің жанынан ұстаңыз.

  3. Бір мезгілде ауруды көтеріп, аурумен бірге каталкаға қарай 90ºС –қа бұрылыңыз.

  4. Көрпенің бір жағына каталкадағы науқасты жатқызыңыз, екінші жағымен жабыңыз. Басының астына жастық салыңыз.

  5. Науқасты бөлмеге бас жағынан кіргізіңіз.

  6. Бөлмеде: каталканың жоғарғы жағынтөсектің аяқ жағына әкеліңіз.

Үшеулеп науқасты көтеріп, 90ºС –қа бұрылып, төсекке жатқызыңыз. Емделушіні, әрине тасымалдаған қолайлы.

Каталканы төсектің жанына әкелудің басқа тәсілдері бар: көлденеңнен, жақыннан, кезекпен.

Ең қолайлы тәсіл: көлденеңнен және жақыннан болып есептеледі.
Науқасты жанымен жатып, отырғызып аяғын жерге түсіру.

Көрсеткіштері: мәжбүрлі, пассивті, ойьтқтың алдын алу:



Орындау:

  1. Сенімін білдіру

  2. Науқас жағынан көмек керегін айту. Науқастың активті болуын ескеру.
    Науқасқа қарама- қарсы түру, сол қолын медбикенің иығына асу, оң қолын тізе үстіне кою. Дене биомеханикасын дұрыс сақтау үшін аяғын
    тізеге дейін бүгу

  3. Науқасты көтеру, аяғын төмен түсіріп және төсекке қарай горизонталды
    бағытта 90о С- бұрышта бұрылу. Медбикемен науқастың дұрыс дене
    биомеханикасын сақтау

  4. Науқасты отырғызу, науқасқа қарап сол қол иықта, ал оң қолы денеде бөлу керек. Науқасты қауіпсіз екенін ескеру керек, себебі басы айналуы мүмкін

  5. Науқас ыңғайлы отырғанын айту

  6. Науқастың арқа жағына жастықша қою
    Аяқталуы

  1. Науқастың аяғына тапочка кигізіп және аяғының астына тақтайша қою

  2. Қолды жуып кептіру

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 93 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 27 мин (10%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Ауруханаға жататын наукасқа кабылдау бөлімінде толтырылатын күжаттар:

А) науқасты кабылдау журналы

Б) науқастын медициналык картасы

В) ауруханадан шыгарылған статистикалық карта

Г) температура қағазы

Д) бырлық аталғандар

2. Көп профильді аурухананың кабылдау бөлімі күрылысына кіреді:


  1. функциональді диагностика кабинеті

  2. ас дайындау блогы

  3. санузел

  4. егу кабинеті

  5. физиотерапевтикалык кабинет

  6. наукастын жеке загғарын сактау кабинетгері

3. Аурухананың қабылдау бөлімінде өткізу шараларының тәртібі:

  1. квалифкациялык медиииналык көмек көрсету

  2. түскен наукастарға санитарлык - гигиеналык өңдеуді жургізу

  3. наукасты қабылдау және тіркеу

  4. емдеу бөлімшелеріне наукастарды тасымалдау

  5. карау, наукасты алгашқы тексеру жөне диагностика

4. Адам денесін тазалау әдістері мен тәсілдерінін жиынтығы аталады ... .

Сәйкестігін тап:



а) толык санитарлык өндеу

б) жартылай санитарлык өндеу



  1. наукасты сүрту

  2. гигиеналык душ

  3. наукасты жуындыру

  4. гигиеналық ванна

5. Қабылдау бөлімшесі атқаратын қызмет:

1. наукасты қабылдау

2. емдеу

3. профилактика

емдік дене шынықтыру

физиотерапия



6. Бөлімшелерге тасымалдау түрлерін атаңыз:

А) жаяу


Б) велосипедте

В) носилка

Г) вертолетте

Д) креслода

Дұрыс жауапты таңдаңыз:

1) а,б,г;

2)в,г,д;

3) а,в,д;

4) барлығы дұрыс.

7. Қабылдау бөлімінде әр қызметкердің орындайтын жұмысына сәйкестікті тап:


  1. медбике

  2. дәрігер

А) наукастарға санитарлык өңдеу өткізеді

Б) квалификациялык медициналык көмек көрсетеді

В) ауру тарихынын алғашкы бетін толтыру

Г) «наукастарды кабылдау журналына» тіркеу

Д) наукастарға бірінші тексеру өткізу

Е) тасымалдау түрін тағайындайды



8. Қабылдау бөлімінін медбикесі «наукастарды кабылдауды тіркеу журналын» толтыру тәртібі:

  1. кайдан және кім наукасты әкелді

  2. наукастын аты-жөні, туган жылы, мекен-жайы

  3. наукас кайда жіберілді (кандай бөлімшеге)

  4. кабылдау бөлімінін диагнозы

  5. жіберілген мекеме диагнозы

9. Қабылдау бөлімінін медбикесі педикулез табылғандағы әрекетінің реттілігі:

  1. шашты 6% сірке кышқылы ерітіндісімен шаю

  2. бастын шашын қарау

  3. СЭС-ка педикулез табылғанын хабарлау

  4. педикулезге қарсы дәрілермен шашын өндеу

  5. жылы сумен шашын жуу

  6. бит тарақпен тарау

10. Қабылдау бөлімінде едициналык болмайтын кұжат:

  1. «наукастарды кабылдау журналы»

  2. «ауруханадан бас тарту журналы»

  3. «дәрілік заттарды тіркеу А және Б тізімі»

  4. «алфавитті журнал»

  5. «амбулаторлы наукастарды тіркеу журналы».


Ситуациялык есептер:

1. Қабылдау бөліміне наукас түсті, жедел көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартгы. Науқаска қандан кұжаттар толтырылады?

2.Медбике қабылдау бөлімінде науқасты карағанда педикулез табылды. Медбикенің тактикасы қандай?

12. Сабақты қорытындылау. 6 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 6 мин (2%)

Н - 1, 3- бөлім , 173 – 183 бет



16 – сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Халі ауыр науқасты каталкамен, отырғыш каталкамен, зімбілмен тасымалдау.

2. Сағат саны: 4 (180 мин 100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды мейірбике жұмыс істеу барысында науқастың қауіпсіздігін сақтау шараларымен таныстыру.

  • тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда жалпы науқас қауіпсіздігін сақтау қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

жүктеу 1,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау