Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



жүктеу 1,73 Mb.
бет4/9
Дата07.02.2018
өлшемі1,73 Mb.
#8884
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.


Тесттер:

1. Аурухана ішілік инфекциянык курылымы қандай?



      1. Вирусты гепатит, ВИЧ-инфекция

      2. Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия

      3. Гастриттер

      4. Іріңді-септикалық инфекциялар

      5. Миокардиттер, перикардиттер

      6. Ішек инфекциялары

Жауаптардың дұрыс комбинациясын анықтаңдар:

  1. 1,3,4,5

  2. 1,2,4,6

  3. 2,4,5,6

  4. 1,2,3,4

  5. барлық жауаптары дүрыс

2.Наукастардын емдеу мекемелерінде немесе медицина кызметкерлерінін науқастарға көмек көрсету кезінде жұқтырған инфекциялық аурулар қалай аталады.

3. Аурухана ішілік инфекциянын кұрылымындағы қандай инфекциялар манызды орын алады?

  1. Вирусты гепатиттер, ВИЧ-инфекция

  2. Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия

  3. Ішек инфекцнялары

  4. Іріңді - септикалық инфекциялар

4. Аурухана ішілік инфекциялар коздырғыштарының таралуы калай болады?

    1. ұғудың ауа - тамшы жолымен

    2. Жұгудын карым - катыиас жолымен
      Сәйкестікті табыңдар:

  1. зарарсыздандырылмаған (стерильденбеген) тану материалын колданғанда;

  2. инфекция көзі болып табылатын науқастын түшкіруі;

  3. лас кол аркылы;

  4. көктамырға егу кезінде асептика және антисептика ережелерінің бұзылуы кезінде;

  5. инфекция көзі болатын наукастын жөтелуі кезінде;

  6. бір рет колданылатын шприцті кайта колданганда;

  7. операциялық және тану бөлмелерінде масканы кимегенде:

5. Аурухана бөлімшесінде АІИ пайда болған кездегі шаралардын тәртібі қандай?

  1. СЭС-ға АІИ пайда болган жөнінде хабарлау

  2. инфекция көзін оқшаулау және инфекцияның берілу жолдарын жою

  3. инфекция көзін анықтау

  4. СЭС-тін дәрігер - эпидемиологтын толык эпидемиологиялык тексеруі

б.Инфекциянын берілу жолдарын жою мақсатында АІИ кандай алдын алу әдісі колданылады және қандай берілу жолдары бар.

  1. инфекцня таралуынын ауа - тамшы жолында

  2. инфекция таралуынын карым - катынас жолында
    Сәйкестіктерді табындар:

  1. құралдарды, тану материалын зарарсыздандыру

  2. палаталарды кварцтау

  3. жедел респираторлы аурумен ауырған наукасты аныктау және окшаулау

  4. маска кию

  5. мед.кызметкердін колын өндеу

  6. сыртқы ортаның әртүрлі объектілерін өңдеу үшін дезинфекция тәсілдерін колдану

7.АІИ көзін аныктау кезінде медбике кандай форманы толтырады?

  1. 0 03 у

  2. 0 0 І у

  3. 058у

  4. 004у

8.Адамның инфекцияга сезімталдылығына әсер етпейтін факторды атаныз;

  1. адамның жасы

  2. жагымсыз тамақтар

  3. ағзаның иммунды корғанысынын жеткіліксіздігі

  4. ағзанын созылмалы аурулары

  5. асептика және антисептика ережелерін орындамау

9.Адам ағзасындағы АІИ көп шоғырланатын жерлері:

  1. тері және жүмсак тіндер, зәр шығару жолдары, ауыз, мүрын, жүткыншақ, ішек қуыстары

  2. буындар және бүлшык еттер, бас миы

  3. паренхиматозды мүшелер және сүйектер

  4. тамырлар, нервтер, сіңірлер, байламалар

  5. жүрек, күрсак және плевра қуыстары

Ситуациялык есептер

      1. Хирургтің кол ұшының сырткы жағында кішкене жара бар. Хирургтың колын жаксылап өңдегеннен кейін операцияға кіргізуғе болады ма?

      2. Операциялық бөлмеде істейтін медбикенің санитарлык кітапшасында жұмысқа жіберілмеген белгі бар. Оны операцияға жіберуге болады ма?

      3. Медбике внрусты гепатит В-мен ауыратын науқасқа егу кезінде колына ине шаншып алды. Мүндай жағдайда не істеу керек?

12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет



8 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: «Медициналық қалдықтар» анықтамасы. Медициналық қалдықтардың анықтамасы.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.

  • тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануқабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу

  • Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз?

  • Аурухана ішілік инфекцияда амбулаторлық көмек;

  • Стационарлық медициналық көмекті жүйелі бақылау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Медициналық қалдықтар анықтамасы

  • Медициналық қалдықтарға жататындар

  • Медициналық қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

"Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Осы санитарлық ереже медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау және көму тәртібін белгілейді.

Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

1) медициналық қалдықтарды көму - әрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру;

2) медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында тізілетін қалдықтар;

3) медициналық қалдықтармен жұмыс істеу - медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға байланысты жұмыстың түрлері;

4) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық іздеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

5) қондырғы - медициналық қалдықтарды ұсақтауға және зарарсыздандыруға, кәдеге жаратуға, өртеуге арналған арнайы технологиялық жабдық;

6) медициналық қалдықтарды сақтау - тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арнайы жабдықталған контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстау.

4. Медициналық қалдықтарға:

      1) стационарларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда, диспансерлерде, медициналық пункттерде, егу кабинеттерінде;

      2) жедел және шұғыл медициналық көмек ұйымдарында, қан құю станцияларында;

      3) клиникалық - диагностикалық зертханаларда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларында, патологиялық - анатомиялық зертханаларда;

      4) ғылыми-зерттеу институттарында және медициналық саладағы оқу орындарында;

      5) фармацевтік өндіріс нысандарында;

      6) сауықтыру ұйымдарында (саяжайларда, профилакторияларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда);

      7) сот-медициналық сараптау ұйымдарында;

      8) ауруларға ұзақ уақыт күтім жасайтын ұйымдарда;

      9) емдік-косметологиялық ұйымда тізілетін қалатын қалдықтар жатуы тиіс.

      5. Нысандарда медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге күнделікті бақылау жүргізетін жауапты маман (эпидемиолог, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары) тағайындалуға тиіс.

      6. Нысанның жауапты маманы жұмыс орнында қызметкерлерді медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз ережелеріне оқытып, оның орындалуын бақылауы керек.

      7. Нысанның басшысы аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің сызбасын осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес бекітеді.

      8. Нысанның жауапты адамдары осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.

      9. Медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиеген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.

      Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 класына бөлінеді:

      А класы - қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар;

      Б класы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;

      В класы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар;

      Г класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас медициналық қалдықтар;

      Д класы - радиоактивті медициналық қалдықтар.


      Медициналық қалдықтардың морфологиялық құрамының сипаты осы санитарлық ережеге 3-қосымшада келтірілген.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Медбикелік процесс түсінігі қашан және қай жерде пайда болған ?

а) 90 жылдың соңында Канадада

б) 70 жылда Великобританияда

в) 50 жылдың орталарында АҚШ та

г) 2000 жылы Россияда
2.Медбикелік ісі модельдері ерекшелінеді

а) этика және деонтологияда

б) медбике ісі философиясында

в) кәсіби сапалықта

г) қарыз бен жауапкершілік сезімінде
3.Медбикелік ісі көрсетеді

а) дәрігер нұсқауын орындау

б) инъекцияны орындау

в) медбикелік құжаттарды толтыру

г) қоршаған орта жағдайындағы мәселелерді шешу
4.Медбикелік процесс- бұл

а) медбикелік практиканың ғылыми әдісі

б) дәрілік препараттарды тарату

в) медбикелік ісін үйрету

г) ситуация жағдайларды анықтау
5.Маслоу бойынша адам қажеттілігін неше сатыға бөлінген

а) 5


б) 10

в) 14


г) 20
6. Медбикелік процесстің мақсаты бұл

а) науқасты толығымен емдеу

б) дәрігер нұсқауын қатаң орындау

в) науқасты қадағалау және күту

Сәйкестікті табу


  1. 1 кезең а) жоспарлау

  2. 2 кезең б) диагноз қою

  3. 3 кезең в) медбикелік жоспарды реализация жасау

  4. 4 кезең г) науқасты тексеру

  5. 5 кезең д) медбикелік қатысуларға баға беру

7.Медбикеллік процессті реализациялау- бұл

а) күтім жоспарын орындау

б) медбике қызметінің координациясы

в) күтімді жүргізу

г) барлығы дұрыс


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Науқасты тексеру кезінде субъективті тексеруді объективті тексеруден қалай

ажыратасыз? Айырмашылығын атаңыз.

2.Науқасқа медбикелік диагноз қою кезінде қандай мәселерді анықтау керек ?

3.Күтуді жоспарлауда медбикелік процесске қол жеткізу үшін қандай мәселелерді анықтау керек ?

4.Науқастың күтімінде мақсатқа жету үшін, науқастың мәселелерін шешу үшін көмекке кімді шақырасыз.



12. Сабақты қорытындылау: 4 мин (2%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру: 4 мин (2%)

Н – 1, 2-бөлім, 154 – 173 бет



9 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелеріндегі санитарлы – эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

қабілеттілігін дамыту.



5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Медициналық қалдықтар анықтамасы

  • Медициналық қалдықтарға жататындар

  • Медициналық қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі

  • Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі

  • Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары

  • ЕПҮ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету

  • Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.

Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімше-сінің бөлмелерін санитарлық үстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.

Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлык өңдеуді өткен педикулезі бар науңас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.

Жаңа түскен науқаска таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зөр қабылдағыш, дөрет ыдысы.

Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай, калғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.

Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жи-налады. Олар сортталып және сүрыпталып, осы максатка беріл-ген арнайы бөлмелерге өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигие-налық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі жөне кешкі дөрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмай-ды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.

Науңас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім зат­тары жөне оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияла-нады (кестені қараңыз).

Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинасты-рылады.

Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбала-нады жене палатаға, процедуральщ кабинетке, буфетке жөне тағы басқа бөлмелерге белек арналады. Қолданғаннан кейін де-зинфекцияланады (кестені кара).

Барлық ауруханаларда инфекция жүңтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене ңызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгек-пен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жүқпалы ауруы-на күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу палатаға немесе изоляторға (кан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалай-ды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық кызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.

Химиялық өдіспен залалсыздандыру дәрілер ішікде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітінділері, 0,015, 0,06 % део­хлор ерітінділері қолданылады.

Дезинфекцияның сапасын ңараумен баңылау (бөлменің са­нитарлык жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) жөне бактериологиялық жолмен (егу, жүғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейір-бикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің сақталу төртібін бакылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дүрыс өткізу жағынан бакылау СЭС (санитарльщ-әпидемиологиялық станция-сы) міндеттеріне кіреді.

Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп – аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына бөгет болатын, эпидемияға қарсы және санитарлы- профилактикалық шараларды ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп- осы мекемедегі науқастарға оптималды гигиеналық жағдайды орнату орнату үшін территориялар мен палаталардың санитарлы тазалығына емдеу мекемелерінің жылуына және вентиляцияны, жарықтығына, жиһаздың және ішкі әрлеуіне аурухананың ғимараты және жерінің жайласуын, жайғасуы бойынша қойылатын талаптарды, және де сонымен қатар аурухана ішілік инфекцияның алдын алуға бағытталған талапты да қамтиды. Емдік мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған шаралардың негізгі элементтері болып асептика, антисептика бойынша қойылатын талаптарды қатаң сақтау және дезинфекцияны жүргізу болып табылады.



  • Дезинфекция- сыртқы орта объектілердегі жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға болатын заттар мен әдістерді зерттейтін ғылым.

  • Антисептика – жарадағы, патологиялық ошақтағы немесе ағзадағы микроорганизмдерді жоюға болатын іс – шаралардың жиынтығы.

  • Асептика – жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасында ЕПҰ- дағы санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі нұсқалары әдістемелік құжаттарға мыналар жатады:

  • ҚР ДСМ 11.10.1999ж №476 бұйрық «АІИ –жұқпалы қауіпсіздік орнату»;

  • ҚР ДСМ 26.11.2002ж №1050 бұйрық « Республикада вирусты гепатитпен ауру – сырқауды төмендету бойынша жүргізілетін шаралар»;

  • СанПиН №8-01-013-03 « Медициналық құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялау. Тәсілдер, құралдар, тәртіптер»;

  • 3.06.2001ж Қазақстан Республикасының СЭС ОМО ұсынысы « Емдік – профилактикалық мекемелерде АІИ- ның алдын алу шаралары»;

  • СанПиН № 8-01-011-2001 6.03.2001ж « Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу бойынша шараларды өткізу және ұйымдастыру»;

  • СанПиН 8-01-083-2002ж « Ана мен бала өмірін сақтау ұйымына және де аурухана ұйымының маңызына және жабдығына қойылған талаптар»;

  • ВОЗ инструкциясы,1989ж №2 сериясы СПИД « Адамның имунотапшылық вирусы мен әсерлі күресуіне арналған стерилизация және дезинфекция тәсілдері бойынша нұсқау».

Аурухананың негізгі емдік- профилактикалық мекемелерін соғу үшін екі жақты немесе бір жақты кіреберіс жүйесі қолданылады. Туберкулезді және балалар ауруханаларда ашық және жабық балкондар болады, олар науқастардың таза ауада болуына арналған.

Емдеу-профилактик мекемелерін қүрылысында каридор системасы үсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен қүрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі үяшығы палата болып табылады.Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.

Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуетгік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар.Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс,себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңгайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қодданылады, себебі науксақа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жаныңда керуерт маңлы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.
Бөлімшеде құралдарды күтіп ұстау. Күту құралдарына: суартқыштар, грелкалар, мұздатқыштар, шыны эмальданған және резеңкелі Эсмарх табақшасы, дәрет ыдыстары, зәр жинақшалар, мензуркалар, дене, су және ауа температурасын анықтайтын градусниктер, резинадан жасалған дөңгелек қойғыштар, ойық жараның алдын алу үшін қолданылатын матрастар, т.б.жатады. бұл заттар арнайы түрде сақтанылады.

Науқастың күтіміне арналған зттарды стерилизациялау және дезинфекциялау. Дәрет жйәне зәр жинағыш ыдыстарды науқасқа берер алдында олар жылы болу үшін ыстық сумен шаяды. Қолданылғаннан кейін оларды хлорлы әктің 0,5 % % немесе хлораминнің 1% –і ерітіндісінде зарарсыздандырылады. Қолданылған клизма ұштары « лас» деген жазуы бар арнайы шыны ыдыста, ал таза ұштары – сабынмен жуылғаннан кейін қайнататын стерилизаторларда болу керек. Инфекциялық бөлімдерде әр науқастың стационарлардан шыққанға дейін жеке қолданылатын заттар болады.

Ауруханалық құрал – жабдықтар. Аурухана құрал-жабдықтарына, кереуеттер, сөрелер, зембілдер, шкафтар, креслолар жатады. Аурухана құрал – жабдықтарының сақталуына шаруа- медбике жауапты болады. Құрал- жабдықтардың санитарлы тазалығына тазалықшы жауап береді, ал оның жұмысын медбике бақылайды. Бөлімшедегі барлық медициналық, технологиялық, санитарлы-техникалық және басқа да жабдықтар, жиһаз және саймандар әрекеттегі техникалық шарттар мен стандартқа сәйкес болуы қажет. Бұл зарарсыздандыру және ылғалды тазалықты жүргізуге мүмкіндік береді. Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлер мен медбикелердің бөлімшелерінде ыстық және суық сумен жалғастырылған қолжуғыштар орнатылуы тиіс. Әр ір бөлімше механизациясы аз, қажетті және тиісті заттармен қамтылуы тиіс.

Бөлімшенің барлық бөлмелері, құрал – жабдықтары, медициналық және басқа да құрал саймандары таза болуы тиіс. Бөлмелердің ылғалды тазалығы тәуелділігіне екі реттен кем болмауы керек, ал керек болған жағдайда жиірек және жуғыш ерітінділерді және де ҚР ДСМ қолдануға рұқсат етілген қазіргі дезинфектанттарды қолдану керек. Шыны айналар ішкі жағынан айына 1 рет, ал сыртқа жағынан айына -4-6 ррет сүртіледі. Бөлмелерді ылғалды тазалау жұмысына өткізу үшін ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттарды қолдануға болады. Барлық тазартуға арналған жабдықтарда белгілі бір бөлімшені жинау жұмыстарының түрлері көрсетіліп, таңбалануы тиіс,тағайындау бойынша қатаң тәртіппен қолданылады және бөлек сақтанылады.

Палаталардың және басқа да функцияналды, бөлмелердің күрделі тазалығы- қабырғаларды, еденді, барлық жабдықтарды уақытылы жуу және де жиһазды, шаңды, жалюзидегі шаң-тозаңды сүрту сияқты айына бір рет кесте бойынша жүргізілетін іс – әрекеттерді айтамыз. Каридор, дәріхана және басқа да бөлмелердегі қоқысты жинау үшін сауыттар орнатылуы тиіс, ал медико - техникалық процеспен байланысты егу және сол сияқты басқа да бөлмелерге педалді шелектер болуы керек. Стерилдіктілікті , асептика және антисептиканың ерекше тәртібін сақтауды талап ететін бөлмелерді тазалап болған соң және де экспулация процесінде ультра күлгін бактерициді шаңдар мен мерзімді түрді сәулелендіру қажет. Палаталарды тәулігіне 4 рет таза ауамен желдету керек. ЕПҰ- ның бөлмелерінде жылына 1рет, қажеттілігіне байланысты жиі жеңіл косметикалық жөндеуден өткізілуі тиіс.

Тәртіп (режим). Ауруханалық тәртіп – науқастардың уақытылы және дұрыс тамақтануын, емдеуін және санитарлы-гигиеналық шараларды қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылады.



жүктеу 1,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау