Сонымен, төске салудың жиілігі мен толықтығы- анасында сүттің
өндірілуін реттеуде маңызды шарттар болып табылады. Бала қанша
сүт ішсе, соншалықты сүт қайтадан өндіріледі. Тек сұранысқа байла-
нысты өндіріледі. Сіз түнде балаңызды емізген кезде, келесі күн үшін
сүтке тапсырыс бересіз. Сондықтан бала төсті қалаған уақытында
және қалаған мөлшерде еме алуы керек, уақыт мезгіліне тәуелсіз,
яғни түнде де және күндізде де (тәулігіне 8-10 кем емес). Балаға
шамадан тыс сүт беріп қоямын деп қорықпаңыз, бала өзіне қажетті
сүттің мөлшерін реттей алады.
Төспен қоректендіретін балада артық салмақ қосу болмайды. Ана
сүтінің жеткіліктілігі баланың ай сайынғы қосатын дене салмағына
байланысты анықталады. Төспен қоректендіретін кезде ай сайын
қосатын дене салмағы 500 граммнан кем емес немесе аптасына 125
грамм болу керек, бұл ана сүтінің жеткілікті қолданып жатқандығын
көрсетеді және басқа қосымша коррекция қажет емес.
Жиі төске салу анасында сүттің өндірілуін арттырады, жиі емізгеннің
арқасында сүттің мөлшері бірнеше күннің және кейде бірнеше
сағаттан кейін жоғарлауы мүмкін.
Төспен қоректендіру анаға ауырсыну әкелмейтініне көңіл бөлу
керек. Егер төспен қоректендіру ауырсыну тудыртатын болса, онда
анасы баланы төске дұрыс салмай жатқандығын көрсетеді. Тез арада
медициналық қызметкердің көмегіне жүгініңіз, олар сізге көмек
көрсетеді. Баланы төске дұрыс салмау, сүт безінің ұшында сызаттар-
дың пайда болуына әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде инфекцияның
кіретін қақпасына айналуы мүмкін. Сонымен қатар, ауырсыну бол-
ғаннан кейін анасы өзің аяйтын болады және балаға төсті толығымен
емуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайдың барлығы сүттің тұрып
қалуына, сүт бездерінде қабыну үрдістерінің дамуына және сүттің
өндірілуінің төмендеуіне әкеледі.
Кеудеге салу кезіндегі
сәбидің жағдайы өте маңыз-
ды, әсіресе ерте кезеңде,
себебі бұл жиі төске дұрыс
салмауға әкеледі.
Керісінше, егер бала төске
дұрыс салынған болса,
онда, әдетте, төске салу
кезінде мәселе туындамай-
ды. Сондықтан, жаңа туған
баланың анасы бірінші
кезекте баланы төске дұрыс
салудың қалпы мен ереже-
лері туралы білуі тиіс.
4. Анасы баласының басы мен йығынан ғана емес,
денесін толығымен астынғы жағынан ұстап
тұрады
2. Баланың аузы кеңінен ашылған
Достарыңызбен бөлісу: