ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

17

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14  қаңтар 2016 жыл

әЛеУМет


жымас қайраткер атанғанына таң­

дана  алмайсың.  Оның,  әсіресе, 

соңғы  ширек  ғасыр  бойына  атқа­

рып  келген  жоғары  лауазымды 

қызметтері  дүниенің  төрт  бұры­

шын  түгел  кезіп,  басқа  халықтар­

дың  да  тағдыр­талайын  бір­бірі­

мен  салыстыра  қарауға  мүмкіндік 

бергендігін  айтпай  кетуге  бол­

майды.  Бұл  ретті  оның  өзі  былай 

деп жазғаны бар.

«Ес  біліп,  етек  жапқалы  туған 

жерімнің сырын түсінемін деп жү­

ріп,  күллі  дүниенің  сырына,  оның 

тарихын  білемін  деп  жүріп,  күл­

лі  адамзаттың  тарихына  құштар 

болдым.  Дүниенің  қай  бұрышына 

барсам да, туған жерімнің бір пұш­

пағы  алдымнан  шыға  келгендей 

болады...».

Шынында да, Әбекең бармаған 

ел,  баспаған  жер  қалмаған  тәріз­

ді. Ара­тұра Оралға да соғып тұра­

тын еді. Осы орайда менің ойыма 

біздің қаламызға алғаш келген кезі 

орала береді.

Бұл  1964  жылғы  қаңтар  айы 

болатын.  Сол  күндері  алай­дү­

лей  боран  болып,  қаладан  шығу 

мүмкіндігі  болмады.  Сосын  ақын 

Жанғали  Нәбиуллин  (оның  қай­

тыс  болғанына  да  3­4  ай  болып 

қалды)  екеуміз  оған  қаланың  та­

рихи  орындарын  аралаттық.  Ол, 

әсіресе,  ескі  ғимараттардың  са­

лыну  тарихын  сұрастырыңқырап, 

мұражай  экспонаттарын  ерекше 

ықыласпен тамашалады. Не көрсе 

де, нені қызықтаса да, соны өзінің 

Маңғыстауы  мен  Таушығының  әл­

дебірдеңелерімен  салыстыра  қа­

рап,  өзінше  ой  түйіп  жүретіндігін 

біз сол жолы­ақ аңғарғандай едік.

Әбекеңмен содан кейін де талай 

жүздесіп  жүрдік  қой.  Бірақ  осы 

сапарындағыдай  еркін  пікірлесу­

дің  реті  келген  жоқ.  Бір  реті  кел­

генде  одан  болашақ  жоспарлары 

туралы  да  сұрағаным  бар.  «Мен 

таза  шығармашылыққа  10  жыл 

жұмыс  істеп,  «қақпай­соқпаймен» 

қаржы  жинап  алған  соң  отыра­

мын», ­ деген еді сонда ол. Сосын 

мен  оның  «қақпай­соқпайының» 

сырын сұрадым. Сөйтсем, ол уни­

верситет  бітіргеннен  кейінгі  бір 

жарым  жыл  ішінде  Мопассанның 

«Өмір»  және  «Пьер  мен  Жан»  ро­

мандарын  аударып,  Л.  Толстой­

дың  «Соғыс  және  бейбітшілігін» 

қазақшалауға  үлес  қосқан  екен. 

«...Осы  үшеуінен  алған  қалама­

қым  –  мынау»  ,  ­  деп  ол  студент­

тік  кезіндегі  жинақ  кассасының 

кітапшасын  ашып  көрсетті.  Бі­

рақ  ол  шығармашылықпен  ға­

на  айналысып  10  жыл  емес,  30 

жылдан  кейін  де  отыра  алмады. 

Оны  отырғызбаған  өз  жағдайы 

емес,  ел  болашағы  мен  жоғары­

да  айтылғандай,  әдебиет  әлемі­

не  қанаттаса  келген  қаламдаста­

рының  қамы  болатын.  Себебі  ол 

тұста  жаңадан  көрінген  ақын­жа­

зушылардың  кітаптарын  жылдық 

жоспарға  енгізу  үшін  де  талай 

адамның алдына барып, талай та­

балдырықты  тоздыруға  тура  ке­

летін.

ш

ынымды  айтсам,  мен 

алғашқыда  бұл  жолы 

Әбіш  құрдасымның 

тек  Оралда  болған  күндері  ту­

ралы  ғана  жазуды  жоспарлаған 

едім.  Бірақ  қолыма  қалам  ұстап, 

жазу  үстеліне  отырғаннан  кейін 

бір ойды бір ой қуалап, Әбіш әле­

міне  бір  кіріп  кеткеннен  кейін 

оның  түпсіз  терең  «шыңырауы­ 

нан»  малтып  шыға  алмай  отырға­

нымды да жасыра алмаймын.

«Жаман  шынымды  айтамын 

деп  отырып,  сырын  айтады»  де­ 

гендей,  мен  тағы  бір  шындықты 

айтар болсам, бұрынырақта әлде­

біреулердің  «Ой,  сіз  Әбіш,  Ораз­

бек,  Мұхтар,  Сайын  сынды  атақ­

ты­жазушылармен  бірге  оқыған 

екенсіз  ғой.  Асанәлі,  Райымбек, 

Сәбит  сияқты  айтулы  әртістер­ 

мен  де  сыйлас  болыпсыз»  деген 

көтерме  сөздеріне  көп  мән  бере 

қоймаушы  едім.  Енді  76  жастан  

асқан  шағыңда  осындай  лебіз­

дердің  өзі  көңілге  үлкен  медеу 

болатын  сыңайлы.  Бір  жылдары 

осындай  тау  тұлғалы  адаммен 

қатар  жүргеннің    өзі  үлкен  абы­

рой екен ғой. Тек  сол абыройдан 

айырмағай деп армандаушы едім. 

Қайтерсің?!

Ал  Әбіш  Кекілбаевтың  осы  60 

жыл  аумағында  жазған  шығарма­

лары  мен  алған  абыройлы  атақ­

тарын  санамалап  шығудың  өзі 

біраз  уақыт  алар  еді.  Соның  тек 

ең  бастыларын  ғана  атар  болсақ, 

1986  жылы  «Үркер»  және  «Елең­

алаң» романдары үшін Абай атын­

дағы  мемлекеттік  сыйлықтың  ие­ 

гері атанып, 1999 жылы Отан орде­

німен  марапатталды.  1992  жылы 

Қазақстанның  халық  жазушысы 

атанып,  2002  жылы  Халықаралық 

түркі дүниесіне қызметі үшін сый­

лығы  мен  2003  жылы  тәуелсіз 

Тарлан  сыйлығының  иегері  бол­

ды. Ал 2009 жылы омырауына Қа­

зақстанның  Еңбек  Ері  атағының 

алтын жұлдызын тақты.

1999  жылы  Ә.  Кекілбаевтың  60 

жылдығына  орай  «Өлке»  баспа­

сынан  таңдамалы  шығармалары­

ның  12  томдығы  жарық  көрсе, 

2009  жылы  70  жасқа  толуына 

байланысты бұрын еш кітапқа ен­

гізілмеген  публицистикалық,  фи­

лософиялық  талғамдары,  тарихи­

танымдық  баяндары,  зерттеулері, 

эсселері  мен  естеліктері  «Нұрлы 

әлем»  баспасынан  «Сыр  десте» 

деген  атпен  бес  томдық  болып 

шығарылды.  Демек,  болашақта 

оның  шығармаларының  толық 

жинағы шығарылар болса, ол кемі 

30 томдық болары сөзсіз.

Бүкіл  түркі  әлемін  тамсанды­

рып,  артына  осынша  мол  мұра 

қалдырған  ұлы  тұлғаның  мүрдесі 

жер  қайысқан  қара  құрым  халық­

тың қатысуымен қара жердің қой­

нына  табысталғанын  көзім  көрге­

німен, көңіл сенбейді.

Базарғали ҚУАтОв,

әдебиетші, 

Қазақстанның құрметті 

журналисі

сҰРаҚ:

­  «ауыл  шаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» аҚ­ның облыстық 

филиалы  арқылы 

ауыл­аймақта кәсіпкерлікпен айналысуға қандай бағдарламалар бойынша несие беріледі?

берік алДашҰлы, 

ақжайық ауданы, базартөбе ауылы

ЖаУаП:

Нұрбол ЖҰМаҒалИев, «ауыл шаруашылығын қаржылай қолд

ау қоры» аҚ­ның 

бҚо филиалы директорының орынбасары:

­ Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын несиелеу, кәсіпкерлікт

і дамыту бағытында «Жұмыс­

пен  қамтудың  жол  картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылдан 

бері  жұмыстанып  ке­

леміз. Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде 465 млн. 706 мың теңге несие 

6%­бен 233 адамға 

берілді.  Биыл  да  осы  бағыттағы  жұмыстар  жалғасады.  Өңірге қанша көлем

де  несиелік  қаржы­

қаражат бөлінетіні алдағы уақытта белгілі болмақ. Сонымен қатар 2011­2013 

жылдар аралығында 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша нәтижелі жұмыс істедік. Қазір ол бағдарлама 

тоқтатылды. Қор 

ауыл тұрғындарына негізінен өз ісін ашуға, кәсіпкерлікті ұлғайтуға жеңілдетілг

ен несие ұсынады, 

тек  сауда­саттыққа,  тұрғын  үй  сатып  алуға,  несие  өтеуге  берілмейді. 

Бұдан  басқа  «Мурабаха» 

бағдарламасы бойынша ауылдықтар ауыл шаруашылығы техникасын, құра

л­жабдықтарын сатып 

алуына болады. 

«Егінжай»  бағдарламасы  бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бір шаруа құрылымына 

6  млн. 


теңгеге  дейін  несие  бөлеміз.  «Кәсіпкер»  бағдарламасымен 

ауылдағы  кәсіпкерлікті  дамытуға 

8  АЕК  көлемінде,  ал  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы 

бойынша  моноқалаларды 

дамытуға 6%­бен 10 млн. теңгеге дейін несие ұсынамыз. Өткен жылы Ақсай қа

ласынан 31 адам осы 

бағдарламаның игілігін көрді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы ­ 2020» 

 бағдарламасы бойынша 

да  қайтарылған несиелік қаржы есебінен кәсіпкерлікті дамытуға несие 

береміз. 2015 жылы осы 

бағдарлама аясында 193 млн. теңге несие берілді.  «Ырыс» сүтті мал аламын, 

сүт­тауарлы фермасын 

ашамын деген жандарға қолұшын береді. Былтыр 2 адам 56 млн. теңге алды. 

Одан басқа «Тамшы­

лата  суару»  бағдарламасы  бойынша  да  несие  алып,  шаруашылықты 

дамытуға  болады.  Өткен 

жылы 3 ауыл тұрғынына 21 млн. теңге осы бағытта берілді. 2014 жылы бастау 

алған «Сүт қабылдау 

пункті»  бағдарламасы  бойынша  осындай  пункт  ашамын  дегендерге  несие 

беру  жұмыстары 

биыл да жалғасады. Сондықтан біздің қор арқылы несие алып, кәсіпкерлікке 

ден қоямын немесе 

ауыл­аймақтағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті дамытамын дейтін тұрғындарға 

кеңес, қолдау­ 

көмегімізді беруге әзірміз. Біздің мекенжайымыз: орал қ., М. ықсанов көшесі, 

38, байланыс те-

лефоны: 24­15­68.

сҰРаҚ: 

–  бұдан  4­5  жыл  бұрын  мия  тамырының 

сығындысын  даярлайтын  зауыт  салынғаны 

жөнінде  жергілікті  баҚ  жарыса  жазға

н  болатын.  бүгінде  дәрі­дәрмектің  қы

мбаттауына  бай-

ланысты мұндай зауыттың маңызды 

болатыны өзінен өзі түсінікті ғой. осыған 

орай біздің 

білгіміз келетіні – сол кәсіпорынның 

бүгінгі жәй­жапсары. бұл зауыт қазірг

і уақытта жұмыс 

істеп тұр ма, егер ол жұмыс істеп тұрған 

болса, оның  отандық дәрі­дәрмек өндірісінің 

да-

муына қаншалықты ықпалы болуы мүмкін?  

Әлия, Рая, 

Орал қаласының тұрғындары 

ЖаУаП:

      оқырмандарымыз  өте  маңызды 

мәселені  көтеріп  отыр. 

сондықтан  олардың  сауалдарын  мия 

тамырын  өңдейтін  об­ 

лыстағы  бірден­бір  кәсіпорын  ­  «Licorice 

Kazakhstan»  Жшс  бас 

директоры  Жанболат  Нұрғуатовқа  қойып, 

төмендегідей  жауап 

алдық.    

 ­ «Licorice Kazakhstan» ЖШС Зеленов ау

данының Көшім ауылында 

орналасқан.  Мия  сығындысын  даярлайтын 

бұл  зауыттың  құрылысы 

2010 жылы аяқталып, кәсіпорын өнім өндіру

ді іс жүзінде 2011 жылы 

бастады. Бұл зауыт бұрынғы Кеңес дәуірінд

егі «Союз­Лакрица», одан 

кейін  еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдары 

«Қазақ­Лакрица»  болып 

өзгерген   зауыттың ізіндегі кәсіпорын 

болғандықтан, өнімін шикізат 

түрінде  шетелге  экспортқа  шығаруға  әу

елден  бейімделген.  Кәсіпорын  жұмысқа 

кіріскен  күннен 

бастап, күні бүгінге дейін барлығы 360 

тонна мия сығындысын берісі Ресей мен 

Украинаға, әрісі 

АҚШ­қа, Францияға, Қытайға, Оңтүстік Коре

яға экспортқа шығарып үлгерді. Аталған 

елдер бізден 

сатып алған мия сығындысынан түрлі дә

рі­дәрмектер мен косметика, фунгицид 

жасайды. Сондай­

ақ  темекі  мен  кондитерлік  тағамдарға  қ

осымша  компонент  ретінде  пайдаланад

ы.  Мысалы,  өзіміз 

тағам ретінде жиі қолданатын халуаға олар 

мия сығындысын міндетті түрде қосады. 

Шикізат қоры 

өз  қолымызда  болғандықтан,  мұндай  өнім

дерді  өзімізге  де  дайындауға  болады.  Бірақ 

бұған  әлі 

мүмкіндік  болмай  жатыр.  Өйткені  біз  осы 

өндіріс  орнын  банктен  несиеге  қаража

т  алып  аштық, 

қазіргі  таңда  экспортқа  шығарылған  өнімнен 

түскен  қаржыны  банкке  төлеп,  несием

ізді  жауып 

жүрген жайымыз бар. Бұйырса, қарыздан

 құтылған соң кәсібімізді одан әрі дамыт

ып, туған еліміздің 

байлығы ­ мия сығындысын ел игілігі үш

ін пайдалануды жоспарлап жүрміз. Бұл ­

 енді алдағы күннің 

еншісінде. Ал дәл қазіргі уақытта қырық 

шақты адамды тұрақты жұмыспен қамтам

асыз етіп отырған 

кәсіпорын қаражат жеткіліксіздігіне байл

анысты уақытша тоқтап тұр. Жұмыс бары

сындағы түйткілді 

мәселелер оң шешілсе, көктемге таман жұмысымызды о

дан әрі жалғастырамыз деп ойлаймын.

тұлға

оқырман сауалы

Оралда 13 жеке меншік 

балабақша бар

ойын  сәті



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау