«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басқарма басшысы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі туралы хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
2018 жылғы 16 наурыз
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басқарма басшысы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-О-1. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 182 387 теңгеден 246 514 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Басқарманың қызметін ұйымдастыру және басқару. Өзінің өкілеттігінің шегінде: денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Облыстың денсаулық сақтау ісінің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі функцияларын жүзеге асыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орындауды бақылау. Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жоғары және орта медицина оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базалар беру. Денсаулық сақтау саласында мамандар даярлау мен біліктіліктерін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру. Азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмек көрсетуді, төтенше жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады: амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес; стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитарлық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізуге қызметтер сатып алу қызметтерін сатып алуды ұйымдастырады. Статистикалық әдістемеліктің талаптарын сақтап, тиісті әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қорғауды, құпиялылық режимінің сақталуын ұйымдастырады. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуді бақылау. Гигиеналық оқуды, салауатты өмір салтын және құнарлы тамақтануды насихаттау және қалыптастыруды ұйымдастыру. Халыққа әлеуметтік маңызы елеулі аурулардың және қоршағандарға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді. Халықаралық және үкіметаралық қоғамдық бірлестіктермен азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес денсаулық сақтау саласында басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бейіндері бойынша.
Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу керек.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес.
Кандидат «Денсаулық сақтау қызметшілері лауазымдарына біліктілік мінездемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 436 бұйрығы талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Қажетті құжат тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы ұсынған жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама соңғы рет жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 3 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе LZhukenova@sko.kz. электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |