Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
1-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.
2. Осы әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi.
3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлес саны, %;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі, %;
жұмыссыздарды, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен қамту.
4. Мыналар:
«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе базасындағы деректер;
облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері («Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» іске асырылуы туралы есеп, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының» іске асырылу барысы туралы есеп);
жалпы мемлекеттік статистика (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) интернет-ресурсынан ресми статистикалық деректер, ресми статистикалық ақпарат, жедел ақпараттар (экспресс ақпарат, бюллетендер), «Еңбек» бөлімі, «Негізгі көрсеткіштер») ақпарат көздері болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу
5. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А = ---- х 100%, мұндағы
С
А – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлес салмағы;
В – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың саны;
С – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдардың саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – ай сайынғы.
6. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А= ---- х 100%, мұндағы
С
А – Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі;
В – Нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны;
С – Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – тоқсан сайын.
7. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші:
«Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы
А – Жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыздардың үлесі;
В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыз азаматтардың саны;
С – Жұмыссыз халықтың саны (Комитеттің статистикалық деректері).
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – ай с
айын.
«Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы
А – Жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың үлесі;
В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны;
С – Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың саны (Комитеттің статистикалық деректері).
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – ай сайын.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
2-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.
2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмысқа өз бетінше орналасатын жұмыскерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
шетелдік жұмыскерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын көшіп келуші;
оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген (келгендер) және Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.
3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органына ықпалдасу жөнінде жүгінген оралмандар санынан), %;
жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (ШЖК тартуға арналған квота бойынша), %;
4. Облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Алматы қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциялары және көші-қоны басқармасы, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» базасындағы ресми деректер, көшіп-қонушылардың, оның ішінде оралмандардың еңбек делдалдығына жүгінгендердің саны туралы мәліметтер, шетелдік жұмыс күшін тарту және Қазақстан Республикасындағы шетелдік жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру жөніндегі есеп және Комитеттің ресми деректері ақпарат көздері болып табылады.
2- тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу
5. «Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандардың қатарынан)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А = ---- x 100 %, мұндағы
С
А – Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандар қатарынан);
В – Жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны;
С – Жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандардың саны;
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – ай сайын.
6. «Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А= ---- х 100%, мұндағы
С
А – Тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесі салмағы;
В – Тартылатын шетелдік білікті мамандардың саны (тартылатын шетелдік жұмыс күшінің бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша);
С – Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жалпы саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – ай сайын.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
3-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштердің мәндерін есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Еңбек жөніндегі көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.
2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (бұдан әрі – жК) – коэффициент, белгілі бір уақыт кезеңі үшін 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың санын сипаттайды;
ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
3. Есепке алу мен талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жК);
ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы.
4. Мыналар:
белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккен адамдардың жалпы саны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларының деректері;
жалдамалы жұмысшылар саны – Комитеттің деректері;
ірі және орта кәсіпорындардың саны – Комитеттің деректері;
жасалған ұжымдық шарттар саны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларының деректері ақпарат көздері болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу
5. «Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жК)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
жК = Т х 1000/Р, мұндағы
жК – 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті;
Т – Белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккендердің жалпы саны;
Р – Осы уақыт кезеңіне жалдамалы жұмыскерлердің саны.
Кезеңділігі: белгілі бір кезеңде зардап шеккендердің жалпы саны – жартыжылдықта бір рет, Қазақстан Республикасының жалдамалы қызметкерлерінің саны – жылына бір рет.
6. «Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
ұшҮС=жұшС/іріортаКСх100%, мұндағы
ұшҮС – Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы;
жұшС – Жасасқан ұжымдық шарттардың саны;
іріортаКС – Ірі және орта кәсіпорындардың саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Көрсеткіш кезеңділігі – ай сайын.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
4-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелері
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.
Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
зейнетақы төлемдерi:
еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін ақша төлемі;
жасына байланысты – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемі;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – МБЗТ) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы деңгейі бойынша объективтік баға алу үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
- табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда), %;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (бұдан әрі – ЖЗЖ) қамтылған жұмыспен қамтылған халықтың үлесі , %.
4. Мыналар:
зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» дирекциясынан алынатын жедел деректер;
жалдамалы қызметкерлердің алдыңғы жылғы орташа айлық номиналды жалақысы – жалпы мемлекеттік статистика: Комитеттің интернет-ресурсынан ресми статистикалық деректер: «Ресми жедел статистикалық ақпарат» қосымша беті, «Еңбек» бөлімі, «Қазақстан Республикасындағы еңбек жөніндегі негізгі көрсеткіштер»;
есепті кезеңде олар үшін аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны – әкімшілік есепке алу («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» дирекциясынан сұрату бойынша алынатын жедел деректер);
жұмыспен қамтылған халықтың саны – Комитеттің интернет-ресурсынынан ресми статистикалық деректер «Ресми жедел статистикалық ақпарат» деген қосымша бет, «Еңбек» жұмысмпен қамту бөлімі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу
«Жинақталған зейнетақыны есепке алмағанда, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастырудың коэффициенті» көрсеткіші жиынтық зейнетақының (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемі) алдыңғы жылғы орташа айлық номиналды жалақыға арақатынасы ретінде есептеледі.
Алмастыру коэффициенті (ЖЗ ескермегенде) = (МБЗТ + Орташа зейнетақы) / экономика бойынша алдыңғы жылға орташа айлық номиналды жалақы,
мұндағы:
Коэффициент (жЗ ескермегенде) – Жинақтаушы зейнетақыны ескермегенде, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті;
МБЗТ – Республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
Орташа зейнетақы (жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін) – Есепті кезеңге зейнетақы төлемінің орташа мөлшері;
Экономика бойынша орташа айлық номиналды жалақы – Алдыңғы жылға жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық номиналды жалақысы.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жартыжылдық.
«ЖЗЖ қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ЖЗЖ-да жұмыспен қамтылған халықтың үлесі = МЗЖ/ЖҚХ саны х 100%
мұндағы:
МЗЖ салымшылардың саны – Олар үшін есепті жылы аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны;
ЖХ саны – Жұмыспен қамтылған халықтың саны;
ЖЗЖ – Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жыл сайын.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
5-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.
Осы Әдістемеде мындай анықтамалар қолданылады:
арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
мүгедек – тiршiлiк тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
мүгедектердi әлеуметтiк оңалту – мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi.
Әлеуметтік қолдаудың тиімділігі объективті бағалау үшін мындай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
арнаулы әлеуметтiк қызметпен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында), %;
мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының (бұдан әрі – ОЖБ) іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңінде әзiрленген ОЖБ қатарынан), %.
Мыналар:
облыстар, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жедел деректері, Комитеттің ресми статистикалық деректері;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен өңірлердің әкімдері арасында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген нысаналы трансферттер нәтижелері туралы жасалатын меморандумдардың орындалуы бойынша ақпарат, өңірлердің аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген нәтижелер туралы жедел деректері;
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері енгізген деректер бойынша «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» (бұдан әрі – МОДҚ) ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер;
«Е-собес» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған МОДҚ ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер (ОЖБ әлеуметтік бөлігінің орындалуы бойынша деректерді «Е-собес» ақпараттық жүйесінде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мамандары енгізеді және «МОДҚ» ақпараттық жүесінде көрінеді) ақпарат көздері болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу
«Арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға мұқтаж адамдардың қатарында оларды көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А = ---- x 100 %, мұндағы
С+В
А – Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың үлес салмағы;
В – Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың саны;
С – Арнаулы әлеуметтiк қызметтерді алуға кезекте тұрған адамдардын саны;
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жыл сайын.
«Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңі үшін әзiрленген ОЖБ қатарынан)» көрсеткіші мындай формула бойынша жүргізіледі:
В
А = ---- x 100 %, мұндағы
С
А – Мүгедектердің ОЖБ іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі;
В – ОЖБ орындалған (оның ішінде ішінара) әлеуметтік бөліктерінің саны;
С – Өткен жылдың ұқсас есепті кезеңі үшін ОЖБ әзірленген әлеуметтік бөліктерінің саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жылында бір рет.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «_____»___________
№________бұйрығына
6-қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2016 жылғы «10» шілдедегі
№ 574 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік көмек көрсеткіштерін есептеудің әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі.
3. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективті бағалау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:
әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың (тиісті жылда туған балалардың санына қатысты) үлес салмағы, %;
АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы, %;
еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі, %;
4. Мыналар:
әкімшілік және ведомстволық деректер, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жедел деректері, Комитеттің статистикалық ресми деректері;
республикалық бюджеттен бала күтімі жөніндегі жәрдемақы алған адамдардың саны – «Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының автоматтандырылған жүйесінің деректері;
тиісті жылда туған балалардың саны – Комитеттің интернет-ресурсынан статистикалық ресми деректер, «Халық» бөлімі «Демографиялық көрсеткіштер» есебі;
ШАК алушылардың саны – «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 бұйрығына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың жедел деректері (ай сайын).
2-тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйелерін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу
5. «Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың (тиісті жылда туған балалардың санын қатысты) үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В + С
А = ------- x 100 %, мұндағы
Д
А – Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;
В – Республикалық бюджеттен бала күтімі бойынша жәрдемақы алушылардың саны;
С – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алушылар;
Д – Есепті кезеңде туған балалардың саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жыл сайын.
6. «АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А = ---- x 100 %, мұндағы
С
А – АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы;
В – АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың саны;
С – Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жыл сайын.
7. «Еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В
А = ---- x 100 %, мұндағы
С
А – Еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі;
В – Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың жалпы саны;
С – ШАК алушылардың қатарындағы еңбек етуге қабілетті азаматтардың саны.
Өлшем бірлігі – пайыз.
Кезеңділігі – жыл сайын.
Достарыңызбен бөлісу: |