Зейнетақы калькуляторымен жұмыс істеу қағидалары



Pdf просмотр
Дата01.01.2018
өлшемі52 Kb.
#6747


Зейнетақы калькуляторымен жұмыс істеу қағидалары  

Бұл  зейнетақы  калькуляторы  тек  болжам  жасайды.  Ол  болашақ  зейнетақыны 

жоспарлауға  арналған.  Таяу  жылдарда  зейнетке  шығатын  адамдардың  нақты 

зейнетақысын есептеу үшін қосымша ақпарат қажет болады.  

Зейнетақы  калькуляторы  жинақтаушы,  ортақ,  базалық  және  ерікті  зейнетақыны 

есептейді.  Есептеу  үшін  инвестициялық  табыстың  және    жалақының  өсуі  секілді  белгілі 

бір параметрлері негізге алынады. Есептеу нәтижелері бугінгі күннің бағамымен берілген. 

1.  Деректерді енгізу:  

Туған күні. кк.аа.жжжж. үлгісінде енгізіледі. 

Жынысы. Тізімнен таңдап алынады: ер немесе әйел. 

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы сомасы. Жеке зейнетақы шотының үзінді 

көшірмесінен теңгемен көрсетілген сома алынып, тиісті жолға енгізіледі. 



Сіздің жалақыңыздың мөлшері. Салық салынғанға және 10% зейнетақы жарнасы 

шегерілгенге дейінгі теңгемен алынатын ай сайынғы табыс сомасы.  



Ерікті жарналар мөлшерлемесі. Егер салымшы ерікті зейнетақы жарналарын үздіксіз 

аударса және одан бас тартқысы келмесе, онда ай сайынғы табысының шамамен 

алғандағы үлесін пайызбен көрсету керек. Мәселен, 5%.     

 

Үш  экономикалық  сценарийдің  әрқайсысының  нәтижесі  мынадай  өлшемдер 



негізге алынып есептеп шығарылады: 

1. Әйелдердің зейнетке шығу жасы заңдағы өзгерістер есепке алына отырып, туған күніне 

байланысты есептеледі, ал ерлер үшін - 63 жас; 

2. Зейнет жасына толатын күні (туған күні + зейнет жасы); 

3. Ортақ зейнетақы мөлшерін бағалау, теңге; 

4. Базалық зейнетақы мөлшерін бағалау, теңге; 

5. БЖЗҚ-дан зейнетақыны бағалау. Бағалау төмендегі зейнетақы төлемдерін есептеу 

әдістерінің бірін таңдау арқылы жасалады: 

1) кесте бойынша – зейнетақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 

қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес төленеді; 

2) аннуитет бойынша – зейнетақы өмір бойы төленеді, есептеуге болатын нұсқалардың 

бірі; 


6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақыны бағалау; 

7. Нәтижесінде ай сайынғы зейнетақы табысы = тармақ (3)+тармақ(4)+тармақ 

(5)+тармақ(6), теңге; 

8. Зейнетке шығу кезіндегі болжамды жалақы

9. Табысты ауыстыру коэфициенті (соңғы жалақыға жиынтық зейнетақы үлесі). 

 



2.  Есептеу әдістемесі

Есептеу  үшін  салымшы  енгізген  деректер  және  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген 

мынадай деректер пайдаланылады: 

a.  Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) теңгемен, 01.01.2018 жылдан бастап  2405 

теңге (республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітіледі); 

b.  Ең  төмен  күнкөріс  деңгейі  (ЕТК)  теңгемен,  01.01.2018  жылдан  бастап  28284 

теңге (Республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітіледі);  

c.  Ең 


төменгі  пенсия  (ЕТП)  теңгемен,  01.01.2018  жылдан  бастап  33745 

теңге (Республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітіледі);   

d.  Комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі: 

Инвестициялық табыстан 

5,25% 

Активтер мөлшерінен 



0,0225% 

e.  №1 кесте – өтілге байланысты базалық зейнетақыны есептеу коэфициенті («Қазақстан 

Республикасының  зейнетақы  жүйесін  одан  әрі  жаңғыртудың  2030  жылға  дейінгі 

тұжырымдамасын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 

18 маусымдағы № 841 Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап енгізіледі):  

Өтіл, жыл 

Пайыз 

<=10 

54% 


11 

56% 


12 

58% 


13 

60% 


14 

62% 


15 

64% 


16 

66% 


17 

68% 


18 

70% 


19 

72% 


20 

74% 


21 

76% 


22 

78% 


23 

80% 


24 

82% 


25 

84% 


26 

86% 


27 

88% 


28 

90% 


29 

92% 


30 

94% 


31 

96% 


32 

98% 


33 

100% 



f.  №2  кесте  –  әйелдердің  2018  жылдан  бастап  2027  жылға  дейінгі  зейнетке  шығатын 

жасы: 


Әйелдер 

зейнетке 

шығатын жас 

Жыл 


58,0 

2018 дейін 

58,5 

2018 


59,0 

2019 


59,5 

2020 


60,0 

2021 


60,5 

2022 


61,0 

2023 


61,5 

2024 


62,0 

2025 


62,5 

2026 


63,0 

2027 бастап 

 

g.  Зейнетақы  жинақтарының  ағымдағы  құнының  коэфициенті  (Қазақстан  Республикасы 



Үкіметінің  2013  жылғы  2  қазандағы  №1042  қаулысымен  бекітілген),  №3  кесте 

(төменге қар.); 

Актуралық болжамдарға негізделген деректер: 

h.  58 – 63 жас аралығындағы әйелдер және 63 жастағы ерлер үшін өмір бойғы зейнетақы 

төлемдерін есептеу әдісін таңдау кезінде қолданылатын аннуитеттік факторлар; 

i.  Инвестициялық кірістілік мөлшерлемесі, % (сценарийге қарай); 

j.  Жалақы өсімінің мөлшерлемесі, % (жасқа және сценарийге байланысты). 

 

1.  Есептеу алгоритмі 



1-сценарий   

1.  Ағымдағы  күн  бойынша  есептеудің  алғашқы  күні  анықталады.  Бұл  келесі  айдың 

бірінші күні;  

2.  Зейнетке  шығу  жасы  айқындалады.  Ерлер  үшін  –  63  жас,  әйелдер  үшін  №2  кестеге 

сәйкес (Шығыс деректер). Зейнетке шығатын күн айқындалады: туған күні + зейнетке 

шығу жасы; 

3.  Құнсызданудың,  инвестициялық  табыстың,  айлық  жалақы  өсімінің  жылдық 

мөлшерлемесі қайта есептеледі. 

4.  Әр айдың бірінші күніне міндетті зейнетақы жарналарының теңгерімі  жылына 12 рет 

жасалатын  аударымдар  туралы  болжамдармен  бірге    есептеледі.  Есептеудің  алғашқы 

күнінен бастап зейнетке шығатын айдың бірінші күніне дейін;   

5.  БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу: 

1)  өмір  бойғы  төлемдерді  білдіретін  аннуитет  бойынша  зейнетақы  төлемдерін 

есептеу: 

БЖЗҚ зейнетақы төлемі = Зейнетке шығатын күнгі теңгерім/аннуитеттік фактор/12 ай, 

мұнда: 



Аннуитеттік  фактор  болжамды  тиісті  өмір  сүру  ұзақтығына  және  сценарийге 

сәйкесетін зейнетке шығатын жасы мен жынысына сәйкес есептеледі  

            2) кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу: 

Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының алушының 

тиісті  жасындағы  зейнетақы  жинақтарының  ағымдағы  құнының  коэфициентіне 

көбейтіндісі ретінде, төмендегі кестеге сәйкес есептеледі:  

№3 кесте 

Жасы 


Зейнетақы 

жинақтарының 

ағымдағы 

құнының 


коэфициенті

 

18 



0,07917 

19 


0,07922 

20 


0,07926 

21 


0,07931 

22 


0,07937 

23 


0,07942 

24 


0,07949 

25 


0,07956 

26 


0,07963 

27 


0,07972 

28 


0,07981 

29 


0,07990 

30 


0,08001 

31 


0,08013 

32 


0,08025 

33 


0,08039 

34 


0,08054 

35 


0,08070 

36 


0,08088 

37 


0,08107 

38 


0,08128 

39 


0,08151 

40 


0,08176 

41 


0,08204 

42 


0,08234 

43 


0,08267 

44 


0,08303 

45 


0,08342 

46 


0,08385 

47 


0,08432 

48 


0,08484 

49 


0,08541 

50 


0,08604 


51 

0,08674 


52 

0,08750 


53 

0,08835 


54 

0,08928 


55 

0,09032 


56 

0,09148 


57 

0,09277 


58 

0,09421 


59 

0,09582 


60 

0,09764 


61 

0,09969 


62 

0,10202 


63 

0,10467 


64 

0,10771 


65 

0,11121 


66 

0,11528 


67 

0,12005 


68 

0,12570 


69 

0,13246 


70 

0,14067 


71 

0,15081 


72 

0,16362 


73 

0,18024 


74 

0,20257 


75 

0,23404 


76 

0,28152 


77 

0,36099 


78 

0,52048 


79 

1,00000 


 

Кейінгі жылдық төлемдер  бұрынғы төлемдері  шегерілген және инвестициялық табыс 

ескерілген  зейнетақы  жинақтары  сомасының  ағымдағы  жасына  сәйкесетін 

коэфициентке көбейтіндісі ретінде анықталады.  

Ай сайынғы төлем = жылдық төлем/12; 

6.  Ортақ зейнетақыны есептеу: 

Калькуляторда  ортақ  зейнетақыны  есептеу  үшін  соңғы  табыстағы  ортақ  зейнетақы 

үлесі есептеледі.    

Соңғы табыстың 60 % ортақ зейнетақының толық көлемі болып саналады. Ерлер үшін 

25  жыл,  әйелдер  үшін  20  жыл  ортақ  зейнетақының  толық  көлемін  алу  үшін  қажетті 

өтіл болып саналады.    

Өтілі аз болған жағдайда, ортақ зейнетақы үлесі оның толық көлемінің бір бөлігі, яғни 

ерлер үшін 25-ке, ал әйелдер үшін 20-ға бөлінген ортақ өтіл (1998 жылға дейінгі өтіл)  

ретінде  есептеледі.  Қажетті  өтілі  жеткілікті  немесе  артық  болған  жағдайда  соңғы 

табыстан  ортақ  зейнетақы  үлесі  толық  көлемге  (60%)  тең  болады  және  ортақ 



зейнетақының  толық  көлемін  алу  үшін  қажетті  өтілге  қосылған  әрбір  жыл  үшін  

зейнетақы 1%-ға көбейеді.  

Ортақ  зейнетақы  соңғы  табыстан  ортақ  зейнетақы  үлесінің  соңғы  жалақыға 

көбейтіндісі  ретінде  бағаланады.  Ортақ  зейнетақының  ең  көп  мөлшері  46  еселенген 

АЕК мөлшерінің 75%-нан аспайды.  

АЕК зейнетке шығатын жылы бағаланады; 

7.  Базалық зейнетақыны есептеу («Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан 

әрі  жаңғыртудың  2030  жылға  дейінгі  тұжырымдамасын»  бекіту  туралы  ҚР 

Президентінің    18.06.2014  жылғы  №841  Жарлығына  сәйкес    2018  жылдан  бастап 

өзгерістер енгізіледі).  

Зейнет  жасына  шығатын  кездегі  жалпы  өтіл  бағаланады:  ортақ  жүйедегі  өтіл  + 

жинақтаушы жүйедегі жалпы өтіл

№1 кестеде базалық зейнетақыны есептеу үшін жалпы өтілге сәйкес зейнетке шығатын 

жылғы ЕТК-ден үлесі бағаланады; 

Базалық зейнетақы өтілге сәйкес  ЕТК үлесіне тең болады;  

ЕТК мөлшері зейнетке шығатын жылғы бағаланады; 

2018 жылға дейін базалық зейнетақы ЕТК-ның 54%-на тең; 

8.  Жиынтық  зейнетақы  табысы  БЖЗҚ  зейнетақысынан,  ортақ  зейнетақыдан,  базалық 

зейнетақыдан және ерікті зейнетақыдан (мұндай бар болса) құралады; 

9.  Ауыстыру коэфициенті = түпкілікті зейнетақы/соңғы жалақы;  

10. 2  және  3-сценарийлер  үшін  дәл  осындай,  бірақ  параметрлерімен  сценарийге  сәйкес 

келетін  алгоритм қолданылады.   



 


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау