Об утверждении методик расчета показателей социально-трудовой сферы, включенных в документы Системы государственного планирования



жүктеу 220 Kb.
Дата06.01.2020
өлшемі220 Kb.
#25972


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

1-қосымша


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

1-қосымша




Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

2) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

3) жұмыссыздық – жұмыс күшінің бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

4) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

5) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

6) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар.

3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

жұмыссыздық деңгейі, %;

әйелдердің жұмыссыздық деңгейі, %;

халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) тартылған адамдардың үлесі, %;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар үлесі, %;

жұмыссыздарды, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту, %;

мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы жұмыссыз мүгедектер санынан мемлекет субсидиялайтын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі, %;

бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі, %.

4. Мыналар:

«Еңбек» бағдарламасының қатысушылары құрамына тартылған адамдардың саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ЕРДО» АҚ) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, «Еңбек» бағдарламасының іс-шараларымен қамту туралы деректері;

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүгінген адамдардың жалпы саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, «Еңбек» бағдарламасының іс-шараларымен қамту туралы мәліметтері;

өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі;

жұмыссыздық деңгейі – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі;

әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыз азаматтардың саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, Қазақстан Республикасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары;

жұмыссыз халық саны – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері;

мемлекет субсидиялайтын арнайы жұмыс орындарына орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдар саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың жалпы саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері;

«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жұмысқа орналасқан жұмыс іздеуші адамдардың саны – «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында жұмыс іздеушілер ретінде тіркелген адамдардың жалпы саны – «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері ақпарат көзі болып табылады.


2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)

5. «Жұмыссыздық деңгейі» көрсеткіші Комитеттің ресми статистикалық деректері негізінде қалыптасады: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі, «Еңбек нарығының негізгі индикаторлары».

6. «Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі» көрсеткіші Комитеттің ресми статистикалық деректері негізінде қалыптасады: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі, «Еңбек нарығының негізгі индикаторлары».

7. «Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі;

В – «Еңбек» бағдарламасы қатысушыларының құрамына қосылған адамдардың саны;

С – «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген адамдардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай.

8. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі;

В – өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны;

С – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.

9. «Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыздардың үлесі;

В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыз азаматтардың саны1;

С – жұмыссыз халық саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай.

10. «Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



   С

А – жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың үлесі;

В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны;

С – өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.

11. «Мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы жұмыссыз мүгедектер санынан мемлекет субсидиялайтын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



   С

А – мемлекет субсидиялайтын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі;

В – мемлекет субсидиялайтын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны;

С – мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатынан жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне қарай.

12. «Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген іздеушілердің үлесі;

В – «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жұмысқа орналасқан жұмыс іздеуші адамдардың саны;

С – «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында жұмыс іздеуші ретінде тіркелген адамдардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай.




­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________________


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

2-қосымша



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту,

сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі

көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын заңды немесе жеке тұлға, филиал, шетелдік заңды тұлғаның өкілдігі;

2) шетелдік жұмыс күші (бұдан әрі – ШЖК) – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер адамдар;

3) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

4) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген (келгендер) және Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

- жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандар қатарындағы), %;

- жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (ШЖК тартуға арналған квота бойынша), %.

4. Мыналар:

жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының «ЕРДО» АҚ-тың «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, еңбек делдалдылығына жүгінген мигранттардың, оның ішінде оралмандардың саны туралы мәліметтер;

жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандардың саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының «ЕРДО» АҚ-тың «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, еңбек делдалдылығына жүгінген мигранттардың, оның ішінде оралмандардың саны туралы мәліметтер;

тартылатын шетелдік білікті мамандардың саны (тартылатын ШЖК бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ-тың «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, Қазақстан Республикасына ШЖК кіргізу жөніндегі мәліметтер;

тартылатын ШЖК жалпы саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ-тың «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері, Қазақстан Республикасына ШЖК кіргізу жөніндегі мәліметтер.



2- тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген ШЖК тарту,

сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)
5. «Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандардың қатарынан)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
В

А = ---- х100%, мұндағы

   С
А – жұмысқа орналасқан оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандар қатарынан);

В – жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны;

С – жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай.

6. «Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлес салмағы;

В – тартылатын білікті шетелдік мамандардың саны (тартылатын шетелдік жұмыс күшінің бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша);

С – тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне қарай.

_____________________________________________________


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

3-қосымша

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

3-қосымша


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген Еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:



  1. кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына талаптарды айқындайтын стандарт;

  2. техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтарының классификаторы (бұдан әрі – ТжКБ классификаторы) – бұл техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттарын әзірлеуде қолдануға арналған классификатор;

  3. жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (бұдан әрі – жК) – коэффициент белгілі бір уақыт кезеңі үшін 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың санын сипаттайды;

  4. ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

3. Есепке алу мен талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

кәсіптік стандарттардың (бұдан әрі – КС) негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен (техникалық, кәсіптік және жоғары білім) қамтылған кәсіптердің/мамандықтардың үлесі, %.

өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыскерге шаққанда жК);

ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы (ірі және орта кәсіпорындар арасында), %.

4. Мыналар:

КС негізінде әзірленген ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім классификаторларындағы кәсіптер мен мамандықтар саны – ТжКБ кәсіптері мен мамандықтары классификаторының деректері (Техникалық реттеу комитетінің бұйрығымен бекітілген);

мамандықтар классификаторларында көрсетілген мамандықтардың жалпы саны – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары классификаторының деректері (Техникалық реттеу комитетінің бұйрығымен бекітілген);

белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккен адамдардың жалпы саны – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда

№ 14625 болып тіркелген «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту және «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік жарақаттанушылықтың жағдайы туралы деректер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға сәйкес еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректер;

жалдамалы жұмыскерлер саны – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек», «Қазақстан Республикасындағы жекеменшік нысаны және экономикалық түрлері бойынша жұмыскерлердің саны және еңбек ақысы» және «Кәсіпорындардың қаржысы», «Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі» бөлімі;

ірі және орта кәсіпорындардың саны – Комитеттің деректері: «Кәсіпорындардың статистикасы», Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, филиалдардың және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының санының негізгі көрсеткіштері бөлімі;

жасалған ұжымдық шарттар саны – «Әкімшілік деректерді жинауға араналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 567 бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректер.



2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)


  1. «КС негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен (техникалық, кәсіптік және жоғары білім) қамтылған кәсіптердің/мамандықтардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы

   С

А – КС негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен (техникалық, кәсіптік және жоғары білім) қамтылған кәсіптердің/мамандықтардың үлесі;



В – КС негізінде әзірленген ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім классификаторларындағы кәсіптер мен мамандықтар саны;

С – мамандықтар классификаторларында көрсетілген мамандықтардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жыл сайын.



  1. «Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыскерге шаққанда жК)» көрсеткіші – бұл зардап шеккендердің жалпы санының жалдамалы жұмыскерлер санына қатынасы және мынадай формула бойынша есептеледі:

Т х 1000

жК = ------------, мұндағы

Р

жК – 1000 жұмыскерге шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті;



Т – белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккендердің жалпы саны;

Р – осы уақыт кезеңіне жалдамалы жұмыскерлердің саны.

Кезеңділігі – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) қарай.


  1. «Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%, мұндағы

С

А – ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы;



В жасалған ұжымдық шарттардың саны;

С – ірі және орта кәсіпорындардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) қарай.

_______________________________________________________


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

4-қосымша

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

4-қосымша





Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

зейнетақы төлемдерi:

  1. еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін ақшалай төлем;

  2. жасына байланысты – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақшалай төлем;

  3. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – МБЗТ) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы деңгейі бойынша объективтік баға алу үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда), %;

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (бұдан әрі – ЖЗЖ) қамтылған жұмыспен қамтылған халық (ЖЗЖ –ға қатыспайтындарды қоспағанда) үлесі , %.

4. Мыналар:

зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – «Орталықтандырылған деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректер;

бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек», «Қазақстан Республикасындағы еңбек жөніндегі негізгі көрсеткіштер» бөлімі;

есепті кезеңде олар үшін аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны – «Төлемдерді ұйымдастыру және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері;

жұмыспен қамтылған халықтың саны – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат (сала бойынша)» қосымшасы, «Еңбек», «Жұмыспен қамту» бөлімінде ақпарат көзі болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру)


  1. «Табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда)» көрсеткіші жиынтық зейнетақы орташа мөлшерінің (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері) алдыңғы жылғы орташа айлық номиналды жалақыға арақатынасы ретінде есептеледі.

В

А = ---- х 100, мұндағы

С

А – жинақтаушы зейнетақыны ескермегенде, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті;



В – зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (есепті кезеңге МБЗТ, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерінің жиынтығы);

С – экономика бойынша орташа айлық номиналды жалақы, яғни бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жартыжылдық, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай.



  1. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды қоспағанда)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      В

А = ---- x 100%, мұндағы:

С

   


А – жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі (ЖЗЖ қатыспайтындарды ескермегенде);

В – олар үшін есепті жылы аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны;

С – жұмыспен қамтылған халықтың саны (ЖЗЖ қатыспайтындарды қоспағанда).

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-ақпанына қарай.

_____________________________________________________




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

5-қосымша

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

5-қосымша



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мындай анықтамалар қолданылады:

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

  2. мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

  3. мүгедектердi әлеуметтiк оңалту – мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi.

  1. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективті бағалау үшін мындай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

арнаулы әлеуметтiк қызметтер алуға мұқтаж адамдар қатарынан оларды көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы, %;

мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының (бұдан әрі – ОЖБ) іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңінде әзiрленген ОЖБ қатарынан), %;

арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуші пилоттық өңірлердің үлесі;

жеке сектор субъектілері (оның ішінде ҮЕҰ) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі.



  1. Мыналар:

арнаулы әлеуметтік көмек көрсетумен қамтылған адамдардың саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері;

арнаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж адамдардың жалпы саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту жөніндегі мәліметтер;

өткен жылдың тиісті есепті кезеңінде әзірленген ОЖБ-ның әлеуметтік бөліктерінің саны – «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МОДҚ) деректері;

ОЖБ-ның орындалған әлеуметтік бөліктерінің саны (оның ішінде ішінара) – облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері;

арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуші пилоттық өңірлердің саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері арасында қол қойылған Меморандумдардың негізіндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) деректері;

арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді жоспарлаған өңірлердің саны – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сұрау салуы негізіндегі ЖАО деректері;

ҮЕҰ-да арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған адамдардың саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту жөніндегі мәліметтер;

арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған барлық адамдардың саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту жөніндегі мәліметтер ақпарат көзі болып табылады.


2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)


  1. «Арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға мұқтаж адамдардың қатарында оларды көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ------- х100%, мұндағы

 С+В

А – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы;



В – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың саны;

С – арнаулы әлеуметтiк қызметтер алуға мұқтаж адамдардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай.



  1. «Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңі үшін әзiрленген ОЖБ қатарынан)» көрсеткіші мындай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы

 С

А – ОЖБ-ның іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі;



В – ОЖБ-ның орындалған (оның ішінде ішінара) әлеуметтік бөліктерінің саны;

С – өткен жылдың ұқсас есепті кезеңі үшін ОЖБ-ның әзірленген әлеуметтік бөліктерінің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жылына бір рет.



  1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуші пилоттық өңірлердің үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы



    С

А – арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын пилоттық өңірлердің үлесі;

В – арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізген өңірлердің саны;

С – арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді жоспарлаған өңірлердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі ақпан айына қарай.



  1. «Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша анықталады:

В

А = ---- х100%, мұндағы



   С

А – жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі;

В – жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың саны;

С – арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған барлық адамдардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай.


________________________________________________________


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2018 жылғы «28» тамыз

№ 373 бұйрығына

6-қосымша


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы 28 тамыздағы

№ 284 бұйрығына

6-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру)

әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек көрсеткіштерін есептеудің (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

  1. ең төменгі күнкөрiс деңгейi – ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

  2. ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң шамасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең төменгі қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептейді;

  3. атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем, егер көрсетілген кезеңге жергілікті атқарушы орган есептеген ең төменгі күнкөріс дейгейінің мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс дейгейінің мөлшерінен төмен болса, онда кедейлік шегі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен анықталады;

  4. шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына күнкөрісі төмен адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі.

  1. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективтік бағалау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, %;

жұмыспен қамтуға жәрдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы, %.

4. Мыналар:

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – Комитеттің деректері: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Халықтың өмір сүру деңгейі», «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі» бөілімі;

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ-тың «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының дректері, мемлекеттік АӘК (ШАК) тағайындау және төлеу туралы есебі;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың саны – «облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған «ЕРДО» АҚ-тың «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының дректері, мемлекеттік АӘК (ОДП) тағайындау және төлеу туралы есеп ақпарат көзі болып табылады.


2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)
5. «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі» көрсеткіші – Комитеттің ресми статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Халықтың өмір сүру деңгейі», «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі» бөлімі.

  1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- х100%, мұндағы

      С

А – АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлесі;



В – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың, оның ішінде жүгіну кезінде жұмысы бар адамдардың саны;

С – АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі: жыл сайын.


_______________________________________________

1 Республикалық Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары бекіткен кешенді жоспарлар негізінде қалыптасады


жүктеу 220 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау