Об утверждении методик расчета показателей социально-трудовой сферы, включенных в документы Системы государственного планирования



жүктеу 191,5 Kb.
Дата12.02.2020
өлшемі191,5 Kb.
#28786



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

1-қосымша




Мемлеткеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу Әдістемесі


  1. Жалпы ережесі

1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу Әдістемесі мемлекеттік статистика мен мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіру мақсатында әзірденген.

2. Әдіснамада келесі анықтамалар қолданылады:

кәсіптік оқыту - техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын дайындау бойынша оқыту мерзімін қысқарту үшін кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі;

жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi.

3. Есеп пен талдау жүргізу үшін келесі көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %;

Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %;

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген азаматтардың үлесі,%;

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған әйелдердің үлесі,%;

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі, %;

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі, %;

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны, %.

4. Ақпарат көздері:

«Еңбек нарығы» автоматтандырылғын ақпараттық жүйесінен ақпарат;

«Еңбек нарығы» автоматтандырылғын ақпараттық жүйесінің негізінде облыстар, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері («Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» іске асырылуы жөнінде есеп);

жалпы мемлекеттік статистика (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитетінің интернет-ресурсынан ресми статистикалық ақпарат, Ресми статистикалық ақпарат, Жедел ақпараттар (экспресс ақпарат, бюллетендер), Еңбек бөлімі, негізгі көрсеткіштер).
2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген халықты жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштердің есебі

5. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,



С

А -  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі;

В - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы жұмысқа орналасқандардың саны;

С - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.


6. «Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,



С

А - Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі;

В - Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы жұмысқа орналасқандардың саны;

С - Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.




  1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген азаматтардың үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,

С

А - Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген азаматтардың үлесі;



В - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандардың саны;

С - Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысуға өтініш бергендердің саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.




  1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған әйелдердің үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі::

В

А= ---- х 100%,

С

А - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған әйелдердің үлесі;



В - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде әлеуметтік келісімшартқа қол қойған әйелдердің саны;

С - Әлеуметтік келісішартқа қол қойғандардың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.




  1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,



С
А - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға келісімшартқа қол қойған 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі;

В - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде әлеуметтік келісімшартқа қол қойған жастардың саны;

С - Әлеуметтік келісішартқа қол қойғандардың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.


  1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,

С

А - Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі;



В - Нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны;

С - Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - тоқсан сайын.




  1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

В

А= ---- х 100%,

С

А - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны;



В - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны;

С - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқандардың саны;

Өлшем бірлігі - пайыз;

Кезеңділігі - ай сайынғы.




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

2-қосымша




Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енген шетел жұмысшы күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды кәсіптік оқуға жіберу және жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерінің мәндерін

есептеу Әдістемесі


  1. Жалпы ережесі




  1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енген шетел жұмысшы күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды кәсіптік оқуға жіберу және жұмысқа орналастыру және ішкі көші-қон бағыттарын реттеу жөніндегі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу Әдістемесі мемлекеттік статистика мен мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіру мақсатында әзірленген.

  1. Бұл Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:

жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

шетелдік жұмыс күші – жұмысқа өз бетінше орналасатын, сондай-ақ корпоративтік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;

шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;

оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

халықтың көші-қоны – аймақтардың (елдер, облыс, аудан, округ, елді мекен және т.б.) шегаралары арқылы адамдардың (қоныстанушы) ығысуы;

ішкі көшіп-қону – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы. Ішкі көші-қон өңірлік және өңіраралыққа бөлінеді;

тұратын жері – бұл тұлғаның тұрақты немесе көп жағдайда тұратын орны: тұрғын үй, пәтер, мамандандырылған үйлер (қонақ үй, жалғыз басты және қарттар арналған арнайы үй, мүгедектер, ардагерлерге арналған интернат үй, жатақхана);

тұрғын – Қазақстан Республикасының аумағында тұратын тұрғындар құрамы.


  1. Есеп пен талдау жүргізу үшін келесі көрсеткіштердің мәнін есептеу жүргізіледі:

жұмысқа орналасқан оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органына ықпалдасу жөнінде арызданған оралмандар санынан), %;

Кәсіптік оқуға жолданған оралмандардың үлес салмағы (арызданып жұмысқа орналаспағандардың ішінен);

Шетел жұмысшы күшін тарту квотасы, %;

Шетел жұмыс күшін тартушы заңды тұлғалардың құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетел жұмыс күшін тартуға квота бойынша), %;

Халықтың жалпы санына ішкі көші-қонның үлес салмағы %;

Ақпараттың дерек көздері болып облыс әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана және Алматы қалаларының «Ақпараттық-талдау орталығы» базасындағы ресми деректер, көшіп-қонушылардың, сондай-ақ оралмандардың еңбек делдалдығына жүгінгендердің саны туралы мәліметтер, шетел жұмыс күшін тарту және Қазақстан Республикасындағы шетел қызметкерлерін жұмысқа орналастыру жөніндегі есебі және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеттің ресми деректері болып табылады.


2. Шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ жұмысқа орналасу және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне құжаттарына енген оралмандардың кәсіби оқудан өтуі бойынша көрсеткіштер есебі

5. «Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан)» көрсеткішінің есебі:

           В

       А = ---- x 100 %, бұл

            С
А – жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан);

В – жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны;

С – жұмыссыз тіркелген оралмандар саны.

Өлшеу бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: ай сайын.

6. «Кәсіптік оқуға жіберілген оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан)» көрсеткішінің есебі:


В

А= ---- х 100%, бұл

С
А – кәсіптік оқуға жіберілген оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан);

В – кәсіптік оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін жоғарылатуға жіберілген оралмандардың саны;

С – жұмыссыз тіркелген оралмандар саны.

Өлшеу бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: ай сайын.

7. «Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота» көрсеткіші 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны орнату қағидаларымен қалыптасады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен бөлінеді.

8. Заңды тұлғалармен тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) көрсеткішінің есебі:

В

А= ---- х 100%, бұл



С

А – тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі;

В – тартылатын шетелдік білікті мамандардың саны (тартылатын етелдік жұмыс күшін бірінші, екінші және үшінші санаттар бойынша);

С – тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жалпы саны.

Өлшеу бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: ай сайын.

9. «Халықтың жалпы санындағы ішкі көшіп-қонушылардың үлесі» көрсеткішінің саны:
В

А= ---- х 100%, бұл

С
А – ішкі көшіп-қонушылардың үлесі;

В – елдегі ішкі көшіп-қонушылардың жалпы саны;

С – халықтың жалпы саны.

Өлшеу бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: тоқсан сайын.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

3-қосымша



Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген

еңбек жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеу

әдістемесі
1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесі мемлекеттік статистика мен мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіру мақсатында әзірленген.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті – коэффициент (Кж), белгілі бір уақыт кезеңі үшін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың санын сипаттайды;

ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;

зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне немесе кәсіби сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына, еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.

3. Есепке алу мен талдау жүргізу үшін келесі көрсеткіштердің мағыналарын есептеу жүргізіледі:

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті);

Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің (жалдамалы қызметкерлердің жалпы санында,ы) үлес салмағы, %;

Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің (жалдамалы әйелдердің жалпы санындағы) үлес салмағы, %;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандартарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы, %;

Еңбек заңнамасы бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы санына жойылған бұзушылықтардың үлес салмағы, %;

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы.

4. Ақпарат көздері болып табылады:

«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ-дағы деректер және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми статистикалық ақпараты;

белгілі бір уақыт кезеңі үшін зардап шеккен адамдардың жалпы саны – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Еңбек инспекция басқармаларының «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ базасындағы деректері;

Қазақстан Республикасындағы жалдамалы қызметкерлерінің саны - бюллетень, «Аудандар бөлінісінде қызметкерлердің саны және жалақысы» 13-сериясы, «Еңбек жөніндегі есеп» Т-1 есебіндегі ірі және орта кәсіпорындардың жалдамалы қызметкерлерінің саны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің облыстық департаменттерінің деректері (деректер жылына бір рет қалыптастырылады);

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері («Еңбек» бөлімі, «Бюллетеннің» бөлімшесі, «Еңбек пен халықты жұмыспен қамту статистикасы» 18-ші сериясы, «Қазақстан Республикасының жекелеген экономикалық түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны» бюллетені);

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандартарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың саны - облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Еңбек инспекция басқармаларының деректері;

ірі және орта кәсіпорындардың саны - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері;

облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Еңбек инспекция басқармалары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері.
2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген

еңбек жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеу
5. «Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті)» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

Кч= Т · 1000/Р, мұнда

Т – белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккендердің жалпы саны;

Р – осы уақыт кезеңіне жалдамалы қызметкерлердің саны.

Кезеңділігі: белгілі бір кезеңде зардап шеккендердің жалпы саны – жартыжылдықта бір рет, Қазақстан Республикасының жалдамалы қызметкерлерінің саны – жылына бір рет.

6. «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің (жалдамалы қызметкерлердің жалпы санындағы) үлес салмағы» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

ҮС=зияндыС/жалпыС*100%, мұнда

ҮС – зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің (жалдамалы қызметкерлердің жалпы санындағы) саны;

зияндыСзиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны;

жалпыС – жалдамалы қызметкерлердің жалпы саны.

Өлшеу бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: жылына бір рет.

7. «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің (жалдамалы әйелдердің жалпы санындағы) үлес салмағы» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

ҮС=зиянС/жалпыС*100 %, мұнда

ҮС – зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің (жалдамалы әйелдердің жалпы санындағы) үлес салмағы;

зияндыСзиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің саны;

жалпыС – жалдамалы қызметкерлердің ішіндегі әйелдердің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: жылдық.

8. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандартарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

ҮС=стандС/іріортаКС*100%, мұнда

ҮС – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы;

стандСеңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы;

іріортаКС – ірі және орта кәсіпорындардың саны.

Өлшем бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: жылдың қорытындысы бойынша.

9. «Еңбек заңнамасы бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы санына жойылған бұзушылықтардың үлес салмағы» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

ҮС=жбС/бС*100%, мұнда

ҮС – еңбек заңнамасы бойынша жойылған бұзушылықтардың үлес салмағы;

жбС - еңбек заңнамасы бойынша жойылған бұзушылықтардың саны;

бС – еңбек заңнамасы бойынша анықталған бұзушылықтар саны.

Өлшем бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: жартыжылдықта бір рет

10. «Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы» көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:


ұшҮС=жұшС/іріортаКС*100%, мұнда

ұшҮС – ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы;

жұшС жасасқан ұжымдық шарттардың саны;

іріортаКС- ірі және орта кәсіпорындардың саны.

Өлшем бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: ай сайын.

Көрсеткіштер бойынша түсіндіру: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 282-бабының 9-тармағына сәйкес тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде жұмыс беруші мониторинг үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17-бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін (есептік тіркеуді) жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының Жезқазған қаласында 2008 жылы өткен Форумда берген тапсырмасын орындау мақсатында Министрліктің аумақтық департаменттері жасасқан ұжымдық шарттар бойынша мониторинг жүргізуді жалғастыруда.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

4-қосымша



Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген

азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жөніндегі

көрсеткіштердің мәнін есептеу

әдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеудің әдістемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен мемлекеттік статистиканы синхрондау мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;

Орташа айлық номиналдық жалақы – бір қызметкерге орта есеппен есептелген, ақшалай бірлікте берілген жалақы.

Бір қызметкердің орташа айлық номиналдық жалақысы жалақы қорының есебіне жазылған соманы қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі ай санына бөлу арқылы айқындалады.

3. Көрсеткіштердің мәндерін есептеу мынадай көрсеткіштерді есепке алу және талдау үшін жүргізіледі:

бюджет саласы қызметкерлерінің (азаматтық қызметшілердің) орташа жалақы мөлшерінің экономикадағы орташа айлық жалақы мөлшеріне арақатынасы;

азаматтық қызметшілердің орташа жалақы мөлшерінің динамикасы (алдыңғы жылмен салыстырғанда).

4. Ақпарат көздері болып табылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министірлігі Статистика комитетінің ресми ақпараты; Қазақстан Республикасының орташа жалақысы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министірлігі Статистика комитетінің мәліметі («Жариалымдар» бөлімі, «Бюллетендер» бөлігі, 12 сериясы «Жұмыспен қамтылған халық және еңбекақы», «негізгі еңбек бойынша көрсеткіштер»- жылдық), азаматтық қызметкерлердің орташа жалақы көрсеткіштері - Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министірлігі Статистика комитетінің көрсеткіштері қалыптаспайды.

2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген азаматтық

қызметшілерге еңбекақы төлеу жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есеп


  1. «Бюджет саласы қызметкерлерінің (азаматтық қызметшілердің) орташа жалақы мөлшерінің экономикадағы орташа айлық жалақы мөлшеріне арақатынасы» көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

           В

       А = ---- x 100 %, где

            С

А – бюджет саласы қызметкерлерінің (азаматтық қызметшілердің) орташа жалақы мөлшерінің экономикадағы орташа айлық жалақы мөлшеріне арақатынасы;

В – азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақысының көрсеткіші;

В = (a+b)/2, мұнда a – «Білім» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші, b – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші;

С – жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші.

Өлшем бірлік – процент.

Көрсеткіш кезеңділігі: жылына бір рет.


  1. «Азаматтық қызметшілердің орташа жалақы мөлшерінің динамикасы (алдыңғы жылмен салыстырғанда)» көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

В

       А = ---- x 100 %, где

            С

А – азаматтық қызметшілердің орташа жалақы мөлшерінің динамикасы (алдыңғы жылмен салыстырғанда)

В – есепті жылға азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақы мөлшерінің көрсеткіші;

В = (a+b)/2, мұнда есепті жылға a – «Білім» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші, b – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші;

С – есепті жылдың алдындағы жылға азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақы мөлшерінің көрсеткіші.

С = (a+b)/2, мұнда есепті жылдың алдындағы жылға a – «Білім» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші, b - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» саласы бойынша орташа айлық жалақының көрсеткіші.

Өлшем бірлігі – процент;

Көрсеткіш кезеңділігі: жылына бір рет.

Ескерту: * ҚР ҰЭМ Статистика комитеті экономика қызметінің түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бойынша деректерді, яғни жалпы экономика бойынша деректерді қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақысының мөлшерін есептеу әдістемесі еліміз бойынша көрсетілген салаларда шамамен 90 % азаматтық қызметші жұмыс істейтіндігімен байланыстырылған.




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

5-қосымша



Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеу

Әдістемесі



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен мемлекеттік статистиканы синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

зейнетақы төлемдері:

уәкілетті ұйымнан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан – олар үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсыпттіқ зейнетақы жарналар және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға ақша төлемдері;



  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы деңгейі бойынша объективті баға алу үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

табысты зейнетақы төлемдерімен алмастырудың жиынтық коэффициенті, оның ішінде:

- жинақталған зейнетақыны есепке алмағанда, %;

- жинақталған зейнетақыны есепке алғанда, %.

жұмыспен қамтылған халықтың үлесі:

- жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған, %;

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған, %.

4. Мыналар:

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың оперативті деректер (ЗТМО);

жұмыспен қамтылған халықтың саны - жалдамалы қызметкерлердің алдыңғы жылғы орташа айлық жалақысы, жұмыспен қамтылған халықтың саны - жалпы мемлекеттік статистика: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсынан ресми статистикалық деректер: «Ресми оперативті статистикалық ақпарат» қосымша беті, «Еңбек» бөлімі, «Қазақстан Республикасындағы еңбек жөніндегі негізгі көрсеткіштер»;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (есептік көрсеткіш) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық статистикасы;

есепті кезеңде олар үшін аударымдар жүргізілген, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны – әкімшілік есеп сұрату бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК ақпараттық жүйесінің деректері;

жұмыспен қамтылған халықтың саны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсыны «Ресми оперативті статистикалық ақпарат» деген қосымша беттен ресми статистикалық деректер, «Еңбек» бөлімі, «2001-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштер»;

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 386-ө-м бұйрығымен бекітілген 6-со нысаны бойынша есеп ақпарат көздері болып табылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің есебі


  1. «Жинақталған зейнетақыны есепке алмағанда табысты зейнетақы төлемдерімен алмастырудың жиынтық коэффициенті» көрсеткіші жиынтық зейнетақының (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемі) алдыңғы жылғы орташа жалақыға арақатынасы ретінде есептеледі.

Жиынт. Коэф.(ЖЗ ескермегенде) = (МБЗТ + уәкілетті ұйымнан төленетін орташа зейнетақы) / экономика бойынша алдыңғы жылға орт. жалақы,

мұнда:


МБЗТ – Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын бекітілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі,

Орт. зейнетақы (уәкілетті ұйымнан берілетін) – есепті уәкілетті ұйымнан кезеңге төленетін зейнетақы төлемінің орташа мөлшері,

Экономика бойынша орт. жалақы – алдыңғы жылға жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы.

Өлшем бірлігі – процент.

Кезеңділігі – жартыжылдық.


  1. «Жинақталған зейнетақыны ескергенде табысты зейнетақы төлемдерімен алмастырудың жиынтық коэффициенті» көрсеткіші жиынтық зейнетақының (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемі (есептік көрсеткіш) алдыңғы жылғы орташа жалақыға арақатынасы ретінде есептеледі.

Жиынт. Коэф.(ЖЗ ескергенде) = (МБЗТ + уәкілетті ұйымнан төленетін орташа зейнетақы + ЖЗ-дан орт. Зейнетақы төлемі)/ экономика бойынша алдыңғы жылға орт. жалақы,

мұнда:

МБЗТ – Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын бекітілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі.

Орт. зейнетақы (уәкілетті ұйымнан берілетін) – есепті кезеңге зейнетақы төлемінің орташа мөлшері,

ЖЗ-дан орташа зейнетақы төлемі - жинақтаушы зейнетақы жүйесінен (есептік көрсеткіш) зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері.

Экономика бойынша орт. жалақы – алдыңғы жылға жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы.

Өлшем бірлігі – процент.

Кезеңділігі – жартыжылдық.



  1. «ЖЗ қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша жүргізіледі:

ЖЗ-да Жинақталған зейнетақы ЖХ үлесі = МӘСЖ/ЖХ саны х 100%

мұнда:


МЗЖ салымш. саны – олар үшін есепті жылды аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналарын салымшыларының саны

ЖХ саны - жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Өлшем бірлігі – процент.

Кезеңділігі – жыл сайын.



  1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша жүргізіледі:

МӘСЖ-дегі ЖХ үлесі = МӘСЖ қатысушыларының саны/ЖХ саны халықтың х 100%

мұнда:


ЖХ саны – жұмыспен қамтылған халықтың саны,

МӘСҚ-ға қатысушылардың саны – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны.

Өлшем бірлігі – процент.

Кезеңділігі – жыл сайын.




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

6-қосымша




Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттамасына қосылған әлеуметтік қолдау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

  1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерінің мәндерін есептеу әдістемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесін және мемлекеттік статистикамен синхрондау мақсатында әзірленген.

  2. Осы Әдістемеде мындай анықтамалар қолданылады:

арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

мүгедек – тiршiлiк -тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

мүгедектердi әлеуметтiк оңалту – мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi.


  1. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігі объективті бағалау үшін мындай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

арнаулы әлеуметтiк қызметпен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында), %;

ішінара оңалтылған мүгедектердің үлесі (қайта куәландырылған мүгедектердің санынан), %;

жеке сектор субъектiлері (оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған адамдардың үлесi, %;

мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезең үшін әзiрленген ОЖБ қатарынан), %.



  1. Ақпарат көздері:

аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің оперативті деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми статистикалық деректері;

нысана трансферттер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен өңірлер әкімдері арасында жасалатын меморандумдардың орындалуы ақпарат, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген нысанала трансферттер нәтижелері туралы, өнірлердің аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген нәтижелер туралы жедел деректері;

еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесінін енгізген деректер бойынша мәліметтер;

«Е-собес» акпараттық жүйесімен «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесінен мәліметтер (ОЖБ әлеуметтік бөлігінің орындалуы бойынша деректерді «Е-собес» ақпараттық жүйесінде Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері енгізеді және «МОДҚ» ақпараттық жүесінде көрінеді.


2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштеріді есептеу


  1. «Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында)» көрсеткіші интеграцияланған мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- x 100 %, мұнда

С+В

А – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың үлес салмағы;



В – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың саны;

С – арнаулы әлеуметтiк қызметтерді алуға кезекте тұрған адамдардын саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: жыл сайын.



  1. «Ішінара оңалтылған мүгедектердің үлесі (қайта куәландырылған мүгедектердің санынан)» көрсеткіші мындай формула бойынша жүргізіледі:

В+С+Д


А = ---------- x 100 %, мұнда

Е+F


А – ішінара оңалту;

В – қайта куәландыру кезінде ІІ топ мүгедектігі белгіленген І топ мүгедектерінің саны;

С – қайта куәландыру кезінде ІІІ топ мүгедектігі белгіленген І топ мүгедектерінің саны;

Д – қайта куәландыру кезінде ІІІ топ мүгедектігі белгіленген ІІ топ мүгедектерінің саны;

Е –қайта куәландырылған І топ мүгедектерінің саны;

F- қайта куәландырылған ІІ топ мүгедектерінің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: жылында бір рет.



  1. «Жеке сектор субъектiлері (оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған адамдардың үлесi» көрсеткіші мындай формула бойынша есептеледі:

В

А = ---- x 100 %, мұнда



С

А – жеке сектор субъектiлері (оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған адамдардың саны;

В – үкіметтік емес ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған адамдардың үлесi;

С – арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған барлық адамдардың саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: жыл сайын.



  1. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезені үшін әзiрленген ОЖБ қатарынан) көрсеткіші мындай формула бойынша жүргізіледі:

В

А = ---- x 100 %, мұнда

С

А – ОЖБ іске асырылған әлеуметтік бөліктерінің үлесі;



В – ОЖБ орындалған әлеуметтік бөліктерінің саны;

С – өткен жылдың ұқсас есепті кезеңі үшін ОЖБ әзірленген әлеуметтік бөліктерінің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі: жылында бір рет.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму

Министрінің

2015 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

7-қосымша



Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген

әлеуметтік қолдау жүйесінің көрсеткіштерінің мәнін есептеу

әдістемесі


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген әлеуметтік көмек көрсеткіштерінің мәнін есептеудің әдістемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен мемлекеттік статистиканы синхрондау мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

ең төмен күнкөріс деңгейі – бұл ең төмен тұтыну себетінің құнына тең келетін, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы – отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін жәрдемақы.

3. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективті бағалауды алу үшін келесі көрсеткіштердің мәнін есептеу жүргізіледі.

әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы, %;

әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санымен салыстырғанда), %;

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы (МБЖ) алушылардың өткен жылғы санымен салыстырғандағы үлес салмағы, %;

ЕТКД табысы төмен халықтың жалпы санынан атаулы әлеуметтік көмек (АӘЖ) алушылардың үлесі, %;

АӘЖ алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың ара салмағы, %;

атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шартты ақшалай төлемдерімен қамтылғандар үлесі, %;

атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейінің ЕТКД көлеміне % үлес салмағы,%;

4. Ақпарат көзі:

әкімшілік және ведомстволық деректер,аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жедел деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық ресми деректері;

республикалық бюджеттен бала күтімі жөніндегі жәрдемақы алушылардың саны, бала күтіміне бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылар саны ЗТМО деректер қорының деректері;

тиісті жылда туылған балалар саны - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсынан статистикалық ресми деректер, «Халық» бөлімі «Демографиялық көрсеткіштер» есебі;

балалар саны - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсынан статистикалық ресми деректер, «Ресми статистикалық ақпарат» бөлімі, «»

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны – «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 345-ө бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректер;

табысы ЕТКД төмен отбасылардың жалпы саны – ҚР СА интернет-ресурсындағы ресми статистикалық деректер, «Жарияланымдар», «Бюллетендер» бөлімі, «11-серия. Халықтың өмір сүру деңгейі», «Қазақстан Республикасы халқының табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері», жылдық;

жергілікті бюджет есебінен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны, АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамдылар саны, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, шартты ақшалай көмек алушылар саны - «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 345-ө бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректер.\



2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген

әлеуметтік қолдау жүйелерін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштердің мәнін есептеу тетігі
5. «Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В +С


       А = ------- x 100 %, мұнда

            Д

А - әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;

В - республикалық бюджеттен бала күтімі бойынша жәрдемақы алған адамдардың саны;

С – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алушылар;

Д – тиісті жылы туылған балалардың саны

Өлшем бірлігі – пайыз;

көрсеткіш кезеңділігі: жыл сайын.

6. «Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатынасы)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

А = ----- x 100 %, мұнда



С

А – әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған, табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;

В – есептік кезеңдегі жергілікті бюджеттен 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылардың жалпы саны;

С – есептік кезеңдегі балалардың жалпы саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

көрсеткіш кезеңділігі: жыл сайын.

7. « 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылардың өткен жылға қатынасы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В

       А = ---- x 100 %, мұнда



            С

А – 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын (МБЖ) алушылардың өткен жылға қатынасы;

В – ағымдағы жылдағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысын алушылардың жалпы саны;

С – өткен жылдағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысын алушылардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз;

көрсеткіш кезеңділігі: жыл сайын.

8. «ЕТКД төмен тұратын жалпы халық санындағы АӘК алушылардың үлесi» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

          В

       А = ------ x 100 %, мұнда

           С

А – ЕТКД табысы төмен халықтың жалпы санынан АӘК алушылардың үлесi;

В – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны;

С – табысы ЕТКД төмен халықтың жалпы саны;

Өлшем бірлігі – пайыз;

көрсеткіштердің кезеңділігі және бөлінісі: жыл сайын.

9. «АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

           В

       А = ---- x 100 %, мұнда

            С

А – АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы;

В – АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың саны;

С – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз;

Көрсеткіш кезеңділігі: жыл сайын.

10. «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегінің ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатынасы» көрсеткіші «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылады, «Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі №537 Қаулысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін сатылай өсіру қағидатынан шығатын ең төмен күнкөріс деңгейі негізінде және 40 % мөлшерде қойылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсету шекті деңгейі кедейлік шегі мөлшерінде анықталады.

11. «Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрамынан шартты ақшалай жәрдемақымен қамтылғандар үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



В

А= -----------х 100%, мұнда



С

А – атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрамынан шартты ақшалай жәрдемақымен қамтылғандар үлесі;

В – атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрамынан шартты ақшалай жәрдемақы алушылар саны;

С- атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз;

Көрсеткіш мерзімділігі: жыл сайын.



В

А= -----------х 100%, мұнда



С



жүктеу 191,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау