О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет29/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69

101
Орынғазы Әбутәліп

3-үлгі 
СЕНІМХАТ
26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны, 
01.12.2006  жылы  ҚР  ІІМ  берген  №1234567989  жеке  куәліктің  иегері 
Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы, 
Шымкент  қаласы,  Қазыбек  би  көшесі,  54  үй,  32  пәтердің  тұрғыны, 
28.01.2008  жылы  ҚР  ІІМ  берген  №1234567989  жеке  куәліктің  иегері 
Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін, 
менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:
–  менің атымнан қол қоюға, 
–  банктегі есептерімді пайдалануға, 
–  тиісті құжаттарды рәсімдеуге, 
–  келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.
Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.
26.02.2010 ж.                                           Ұ.Е. Ерғазин ___________
Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы- 
ның Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет 
жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы 
Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің 
қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.
Сенім  білдірушінің  жеке  басы  анықталды,  құқықтық  іс-әрекетке 
қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге 
тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус   
 
(Қолы) _______________
( Мөрдің орны)


102
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 Бланк түрі
Сенімхат
_______________________________________________________
(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)
Мен, __________________________ мекенжайында тұратын азамат(ша) 
_________________________________ (аты-жөні), жеке куәлік №________, 
жылы__________  (жеке  куәлікті  берген  орган)  берген  _______________ 
мекенжайында 
тұратын 
азамат 
_____________________________ 
(аты-жөні)  ____________________  меншік  құқығы  маған  тиесілі 
___________________  мекенжайында  орналасқан  тұрғын  үйді  және 
__________  кв.м.  (шаршы  метр)  көлемдегі  жер  телімін  сыйлауға  және 
өзінің қалауы бойынша бағаға сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің 
атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-
сатып алу келісімшартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды 
алуға, шартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және 
осы  тапсырманы  орындауға  байланысты  барлық  әрекеттерді  жүргізуге 
құқық беремін.
Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.
Осы Сенімхатты мен, _______________________________,
_______________________________________________________
 (нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №__, берілген күні)
нотариусы «___» ___________ 20 ___ ж. растадым.
Сенімхатқа 
менің 
қатысуыммен 
азамат(ша)_____________ 
__________________________ (аты-жөні) қол қойды. 
Жеке  басы  анықталды,  қабілеттілігі  тексерілді.  Сенімхаттың  мәтінін 
нотариус дауыстап оқыды.
№____________________ тіркемеге тіркелді.
Тариф бойынша: _________________ теңге алынды.
Нотариус: ___________________
  
 
 (қолы)
 
(Мөрдің орны)
 Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сенімхат қандай құжат?
2. Сенімхаттың неше түрі болады?


103
Орынғазы Әбутәліп
3. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды? 
4. Сенімхаттың жарамдылығы қалай жазылуы керек?
5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
6. Сенімхат қайда куәландырылады?
7. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?
8. Сенімхаттың құрылымы қандай?
9. Сенімхат берілетін жағдайлар қандай?
10. Сенімхат қанша дана болып дайындалады?
  Тілдік бірліктер:
• мекенжайында тұратын 
• жеке куәліктің иегері 
• мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына 
• мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне
• лицензия негізінде әрекет жасаушы 
• оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге
• жер телімін сыйлауға 
• мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге 
• тізбеге тіркелді 
құқықты іс-әрекетке қабілеттілігі анықталды 
• сату-сатып алу шарттарына қол қою  
• .....дейін өз күшінде 
• ағама сеніп тапсырамын 
• адамның жеке басын анықтау 
• банкоматтық карточкамды пайдалануға ..... 
• банктік есептер мен салымдарға билік ету 
• барлық әрекеттерді жүргізуге 
• жалға беруге сенім білдіру 
• кәсіпорын атынан мәміле жасау үшін 
• келісімшартқа сәйкес несие 
• қажетті анықтамалар мен құжаттарды алу 
• құқықтық іс-әрекет 
• маған тиесілі мүлікті алу 
• маған тиесілі ақшаларды алуға 
• мемлекеттік баж 
• менің атымнан өтініш беру
• менің орныма қол қою 
• өкілетті ету 


104
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
•  сенім білдіремін
• сенім білдіруші 
• сенімхат .... мерзімге берілді 
• сенімхат үш жыл мерзімге берілді 
• сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды 
• осы тапсырманы орындауға байланысты барлық шарттарға қол қойып, 
мәміле жасау 
• үш дана етіп жасалған
1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
нотариалдық кеңсе
мөр басу
құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік
сенімхатты куәландыру
сенім білдіретін тұлға
материалдық құндылықтар
іс жүргізу
құқық беру
өз күшін сақтау
сенім білдіруші
жеке басын анықтау
тізбеге тіркелді
мемлекеттік салық алынды
2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
распоряжаться всем моим имуществом
продать квартиру
подарить квартиру
обменивать квартиру
сдавать квартиру под залог
распоряжаться банковскими счетами и вкладами
получать почтовую корреспонденцию
вести мои дела во всех учреждениях
расписываться за меня
ç
 Тапсырмалар:
1. Ініңіз Е. Болатұлына «Мерседес» маркалы машинаңызды бір жылға 
жүргізуіне сенімхат беріңіз.
2.  Жандос  Айтбайұлына  өзіңіз  тұратын  үйді  сатуға  және  сіз  үшін 
барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау