О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет37/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69

135
Орынғазы Әбутәліп
5.  Келісім типі (негізгі жұмыс, әлде қосымша істелетін жұмыс).
6.  Келісім түрі (шектеулі мерзімге ме, әлде ұзақ уақытқа ма).
7.  Келісімнің  уақыты,  мерзімі  (шектеулі  мерзімге  жасалған  келісім 
үшін).
8.  Сынақ мерзімі.
9.  Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары.
10.  Жұмысшының міндеттері мен құқықтары.
11.  Жұмысшының  еңбек  құқын  қорғауға  қосымша  кепілдік  беретін 
мағлұмат.
12.  Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.
13.  Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы 
мәлімет.
14.  Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет.
15.  Келісім  бойынша  атап  өтілетін  ерекше  жағдайлар  (келісім  кей 
кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін).
16.  Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі.
17.  Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері.
18.  Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура).
19.  Келісімге қол қойылған күн.
20.  Келісім қосымшасы (егер бар болса).
Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.
1. Құжат атауы:
Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 ин-
тервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы:
№4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ 
2. Келісімнің жасалған орны мен күні:
Елді  мекеннің  аты  мен  типі,  келісім  жасалған  күн,  ай  және  жыл 
көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекеннің атауы сол 
жаққа, дата оң жаққа жазылады. Мысалы:
Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл
3. Екі жақтың толық және шартты атауы:
Келісім  жасаушы  екі  жақтың  әрқайсысының  ресми  атауы  және 
келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев 
атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университеті  атынан  универ-
ситет ректоры профессор Е.Н. Нүсіпов, бұдан былай қарай келісімде 
«жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан техника ғылымдарының 
кандидаты А.Бердібеков бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп 
аталады.


136
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны және оны орындауға қажетті 
біліктілік дәрежесі:
Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны атқаруға қажетті білік- 
тілік дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, 
кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы:
Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы қазіргі теориялық механика 
кафедрасына доцент болып қабылданады.
5. Келісім типі:
Мұнда  жұмысшының  негізгі  жұмыс  орны  ретінде  істейтіндігі,  я  
болмаса  басқа  жердегі  негізгі  жұмыс  орнына  қосымша  істелетін  
жұмыс  орны  ретінде  кіріп,  келісім  жасап  отырғаны  анық  жазылады.  
Мысалы:
«Бұл еңбек келісімі, негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс 
келісімі» (керектісінің асты сызылады).
6. Келісім түрі:
Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жө- 
нінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы:
«Жұмысшы  уақытша  бос  тұрған  орынға  қабылданып  отырған- 
дықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады».
7. Келісім мерзімі:
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. 
Даталар санмен де, жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мы-
салы:
«Келісім  (2000  жылдың  20  мамырында)  екі  мыңыншы  жылдың  
жиырмасыншы  мамырында  күшіне  енеді».  «Келісім  (2001  жылдың  
20  мамырында)  екі  мың  бірінші  жылдың  жиырмасыншы  мамырында  
өз күшін жояды».
8. Сынақ мерзімі: 
Егер  жұмысшы  сынақ  мерзімімен  қабылданатын  болса,  онда  оның 
мерзімі көрсетіледі. 
Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы: 
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай 
сынақ мерзімімен қабылданды.
9. Жұмысшының міндеттері: 
Мұнда  жұмысшының  кәсіптік  міндеттері  және  оның  қандай  құжат 
(бұйрық,  нұсқау  т.б.)  негізінде  жүзеге  асырылатындығы  атап  көрсеті- 
леді. 


137
Орынғазы Әбутәліп
Мысалы: 
– жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
– келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті 
сақтауға;
– техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
– мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
– ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
10. Жұмыс беруші міндеттері: 
Бұл  бөлікте  жұмысшыны  қалыпты  еңбек  жағдайымен  қамтамасыз 
ету,  еңбекақы  төлеу  мерзімі;  медициналық  сақтандыру,  зейнетақымен 
қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай-
тылады. Мысалы: 
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне 
сәйкес  қалыпты  еңбек  жағдайымен  қамтамасыз  етуге  міндеттенеді. 
Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы 
Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
11.  Жұмысшының  еңбек  құқын  қорғауға  қосымша  кепілдік 
беретін мағлұмат: 
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша 
кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, 
еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге 
берілетін  жеңілдік,  медициналық,  мәдени  және  тұрмыстық  қызмет 
көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы: 
Еңбек  келісімінде  көрсетілген  мерзім  аралығында  жұмысшы 
көрсетілген  міндеттерді  толық  атқарып,  келісім  талаптарын 
орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мы-
надай жеңілдіктерге кепілдік береді:
аҚазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
әҚазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
бЖеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
12. Еңбек пен демалыс тәртібі: 
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтыла-
ды. Мысалы: 
Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық 
емес  жұмыс  күніне  көшіру  қосымша  өзара  келісім  негізінде  жүзеге 
асырылады.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы  заң  кодексіне 
сәйкес  жұмысшы  өз  міндетін  атқаруға  демалыс,  мейрам  күндері  де 
шақырылуы мүмкін.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау