Сабақтың тақырыбы: «Тілге құрмет –елге құрмет»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп , дамуына мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспауға, мәртебесін жоғары ұстау жөнінде , әр ұлттың өзіндік салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
2. Өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Отаны үшін отқа түсетін елжанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу;
3. Оқушылардың есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілік және техникалық құралдары: интерактивті тақта, ел -рәміздері, карта, бейнетаспа жасыл- желек бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының рәміздері, “Тіл туралы” заң, Конституция, мақалдар, нақыл сөздер, тест сұрақтары, сызбалар, оқулық.
Сабақтың барысы.
Психологиялық дайындық.
1.Әнұран орындау
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ел рәміздері» мәтінің мазмұнын бірнеше оқушылардан сұрау. Мәтін мазмұнына сәйкес суреттер тақтадан көрсетіліп тұрады.
«Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің»
Мемлекеттік рәміздер туралы жаттаған өлең, тақпақтарынан үзінді оқу.
2.Қызығушылығын ояту.
-Өте дұрыс
Олай болса ,
-Біздің бүгінгі сабақта танысқалы отырған тақырыбымыз « Мемлекеттік тіл» болмақ.
3. Мағынаны таныту.
а) Балалар, тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі- тіл.
Тіліміздің тарихына тоқталайықшы, онда қасіретті беттер аз емес. Халқымыз, жеріміз 200 жылға тарта Ресейдің, 70 жылдан аса кеңестік Ресей империясының бодауында болған екен. Ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесінен айырылып, ақын- жазушылар, басқа да зиялы қауым өкілдері « халық жауы» атанған кез болған. Халқымыздың саны күрт азайған еді.
Мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар.
- Бес арыс; Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.(сурет бойынша әңгіме)
- Елімізде өзгеріс болды, осы өзгерістен кейін еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тілімізге қатысты теңсіздік жойылды. Тіліміз «Мемлекеттік тіл» дәрежесін алды. Ата заңымыздың 7- бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілді. Осыған байланысты 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік тілді насихаттау қолға алынды. Мемлекеттік теле- радио бағдарламалары, басылымдар қазақ тілінде шығарылып, жүргізіле бастады. Видео -Біздің еліміз қандай мемлекет?
(көп ұлтты)
-Олар қай тілде сөйлеседі?
-Міне, өздерің айтқандай, көп ұлтты мемлекетімізде әр ұлт өкілінің тілін, дінін, дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Сонымен қатар ұлтаралық қатынас ретінде орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады. Орыс тілі – ресми тіл. Еліміздің көп ұлтты мемлекет екендігінің бір дәлелі.
«Тілдер күнінің» белгіленуі.
-Тілдер күні қашан? (22 қыркүйек)
-Ал енді мемлекеттік тіл дегеніміз не? Осыған тоқталайық.
-Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі, осы елдегі халықтың негізін құрайтын халықтың ( ұлттың) тілін айтады. Ал біздің елімізде халықтың көпшілігін құрайтын кімдер, қазақтар, ендеше мемлекеттік тіліміздің қазақ тілі болуы да тарихи заңдылық. Жерімізді бұрыннан ата-бабамыз мекен еткен. Олай болса, тілімізде ұрпақтан- ұрпаққа жеткен- асыл мұра екенін естен шығармайық.
Қазақ тілі әлемдегі сөйлеушісі- ең көп 70 тілдің бірі.
ә)Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқу.
б)Сергіту жаттығуы. Поэзия минуты.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің.
Тілімізді әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
Алаңдатты тіл тағңдыры бүгін де,
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жанымменен,
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
в) Оқушылар бүгін біз жаңа сабақты қалай меңгергенімізді 2топқа «Тапқырлар» , «Зеректер» болып бөліне отырып, «Тіл» еліне сапар шегеміз. Алдымен көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Тіл» елінің білімді оқушысы атағын жеңіп алады.
№1 Үміт бекеті. Сөйлем құрастыр:
1.Өмір, әрбір, тіл, адамға , бойы, керек.
2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
3. Полигот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.
№ 2. Шешендік бекеті . Тіл туралы мақал – мәтел.
1.Тіл тас жарады , тас жармаса бас жарады.
2.Піл көтермегенді, тіл көтереді.
3.Тіл қылыштан өткір.
4.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
5.Тілден артық қазына жоқ.
6.Өнер алды қызыл тіл.
7.Тілін білмеген түбін білмейді.
8.Ең тәтті де тіл, ең жұмсақта тіл, ең қатты да тіл.
№3. Ғалым бекеті. Шығармашылық жұмыс.
«Ең қымбат қазына» өлең, әңгіме құрастыру.
Тіл- қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығы мол мәдениетті Қазақстанның азаматы бола алмайды.
4.Ой толғаныс: «Жасыл- желек» бағдарламасы бойынша «Ағашты көркейту» ойыны
Ағаш жапырақтарына «Тілге» тілік жазу.
5.Бағалау
6. Үйге тапсырма. «Мемлекеттік тілді білу- парыз» эссе жазу. Мәтінді мазмұндау.
Сабақты М. Әлімбаевтің өлеңімен аяқтау:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін халамат.
Ана тілі –арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
Достарыңызбен бөлісу: |