Нуо казахстанско российский медицинский



жүктеу 296,23 Kb.
Дата13.11.2017
өлшемі296,23 Kb.
#131

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ





НУО КАЗАХСТАНСКО

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ





Медициналық биофизика және

информатика курсы

Курс медицинской биофизики

и информатики

_____________________________________________________________________________________________



Силлабус


Медициналық биофизика - пәні

MB 1112

Мамандығы

5В110300 «Фармация»

Курс

Бірінші

Семестр

ІI

Барлығы

2 кредит (90)

Дәріс

10 сағат

Практикалық сабақ

20 сағат

СОБЖӨЖ

30 сағат

Аудиториялық

60 сағат

СӨЖ

30 сағат

Бақылау түрі

Емтихан

Алматы – 2015 ж.

Силлабус (оқу бағдарламасы) медициналық биофизика және информатика курсында физика пәні бойынша ғылыми-педагогикалық эксперимент жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған; ҚРМУ студенттеріне арналған.


  1. Жалпы мәліметтер:




ЖОО-ның атауы:

Кафедра:

Пәні:

Мамандық:

Оқу сағаттарының көлемі:

Оқыту курсы мен семестрі:

– Қазақстан-Рессей Медициналық Университеті

– Медициналық биофизика және информатика

– «медициналық биофизика» , пәннің коды MB 1112 - 5В110300 «Фармация»

– 90 с


– 1 курс, 2 семестр


Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі мен қызметі, ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы, жетістіктері және басқалары.





Ф. А. Ә. А.

Дәрежесі

Атағы

қызметі

Ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы, қызметі

1

Оразақынов К.Б.




-

ағаоқытушы




2

Каратлеуова Л.В

-

-

оқытушы




3

Нурбекова А.Ж.

магистр

-

оқытушы



Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және информатика кафедрасының мекен жайы мынандай:

Алматы қ..Торекулов Көшесі 71


Пәннің саясаты:

  • Сабаққа кешікпеу;

  • Себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде , мысалға, ауру жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;

  • жіберілген сабақтарды оқытушының белгілеген мерзімінде өтеп отыру;

  • практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;

  • СӨЖ тапсырмалары жеткілікті дәрежеде орындалуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы қажет;

  • Барлық аралық бақылауларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

- студенттер сабақтар мен дәрістерге тек ақ халатпен жіберіледі
2. Бағдарлама

Кіріспе

Медициналық жоғары оқу орындары фармацевтика факультетінің студенттері үшін «Физики» пәнін оқытудың мақсатында ары қарай тереңінен оқытатын профильдік және базалық пәндерді оқып үйрену, химиялық реакциялар және процестер негізінде жатқан физикалық және физика химиялық заңдылықтар, ағзаның өміршеңдігі жайлы ақпарат алу және тіркеу, спектрлік сипаттамаларды анықтау әдістері, дәрілік заттарды алудағы физикалық негіздер жайлы тереңінен айқындап көрсету үшін теориялық базаны қамтамасыз ету болып табылады.


Пәнді оқытудың мақсаты:

«Физика» курсы студенттердің белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Жоғарғы оқу орындарында физиканы оқыту қазіргі кездегі ғылым мен практиканың, медицина мен фармацияның жетістіктеріне байланысты жоғарғы медициналық мектептер алдына заңа талаптар қояды.



Химия-фармация факультеттерінің студенттеріне арналған физика курсының негізгі мақсаты медицина мен фармациядағы теориялық және практикалық тапсырмаларды шешуде қолданылатын негізгі физикалық заңдылықтармен студенттерді таныстыру.

Оқытудың міндеттері:

      • Физика пәнін оқыту студенттерді медицинада қолданылатын физикалық құбылыстармен таныстырады. Зертханалық жұмыстар білім алушыларды медицинада қолданылатын физикалық әдістермен таныстыруға негізделген (мысалы: тізбектегі импедансты анықтау, заттардың концентрациясын анықтау т.б.).

  • Тиімді шешімдерді және осы шешімдерді жүзеге асырудың жақсы тәсілдерін іздеу кезіндегі үрдістер мен құбылыстарды моделдеуге және саралауға қажетті негізгі математикалық әдістерді оқып үйрету;

  • Эксперимент нәтижелерін өңдеу мен саралау әдістеріне оқыту;

  • Медико-биологиялық үрдістерді математикалық моделдеумен таныстыру

  • кәсіптік іс-әрекетте, сол сияқты аралас пәндерді оқытуда пайда болатын тапсырмаларға байланысты нақты есептерді шешу кезінде алынған математикалық білімдерді пайдалану.


Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білуге тиіс :

  • дәрілік препараттарға әсер ететін физикалық факторлардың сипаттамасын;

  • фармацияда қолданылатын құралдардың шығысындағы ақпараттардың физикалық сипаттамасын;

  • ағзада өтетін үрдістердің жалпы физикалық сипаттамаларын;

  • кейбір биологиялқ ұлпалар мен сұйықтардың физикалық қасиеттерін.

Игеруге тиіс:

  • өлшеулер нәтижелерін өңдеу мен саралауды;

  • физикалық құралдармен жұмыс істеуді;

  • негізгі физикалық өлшеулерді жүргізуді;

  • есептеу құралдарын қолдана отырып өлшеулер нәтижелеріне математикалық өңдеулер жүгізуді;

  • физика-химиялық зерттеу әдістері үшін фармацияда қолданылатын құралдармен жұмыс істеуді;

  • фармацияда қолданылатын физика-химиялық зерттеу әдістерінің тиімді нұсқаларын таңдауды;

  • дәрілік заттардың сапасын бақылау үшін фармацияда қолданылатын физикалық зерттеу әдістерін меңгеру.

Дағдыларды қалыптастыру:

  • иондалған сәулелердің параметрлерін өлшеу;

  • физика-химиялық әдістер негізінде әртүрлі заттардың құрылысын идентификациялау немесе орнату кезінде пайдалы жолдарды таңдау;

  • әдебиетпен өздігінен жұмыс істей алу, іденістер жүргізу, кестелік және графикалық материалдармен жұмыс істеу, Интернет желісінде жұмыс істеу.


Пререквизиттер – “Физика” пәнін тиімді оқыту үшін студенттің физика, математика, биология пәндерінен қажетті білімі болуы керек.
Постреквизиттер – “Физика” пәнінен білім алу физколлоидты химияны, аналитикалық химияны, биологиялық химияны, фармацевтік химияны, дәрілік заттар технологиясын оқып үйрену үшін қажет.

Пәннің қысқаша мазмұны


Физиканың негізгі заңдары. Физикалық құбылыстар. Термодинамика және химиялық үрдістерді моделдеу. Молекулалық биофизика. Жасуша биофизикасы
2. Дәрістердің тақырыптық жоспары.




Тақырыптар

Сағат саны

1.

Қанның қан тамырларымен қозғалысының гемодинамикалық негізі

1

2.

Қанның реологиялық қасиеттері. Аймақтық және интегралдық реография

1

3.

Биологиялық мембраналар: құрылысы, қасиеттері және оларды зерттеу әдістері.

1

4.

Биологиялық мембраналар арқылы заттардың тасымалы. Белсенді емес тасымал

1

5.

Заттардың арналармен иондық тасымалы. Биологиялық мембра-налар арқылы белсенді тасымал

1

6.

Ұлпалардың электр қозғыштығы туралы ұғым. Тыныштық потенциалы

1

7.

Әрекет потенциалы. Жүйке импульстерінің қозған талшықтар бойымен таралуы

1

8.

Биопотенциалдарды тіркейтін құралдардың жұмыс істеу принципі

1

9.

Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы.

Клиникадағы негізгі емдеу тәсілдері



1

10.

Фотобиологиялық үдерістер. Радиоактивтілік. Рентген сәулесі

1




Барлығы

10 сағат


Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары.




Тақырыптар

Сағат саны

1.

Кіріспе. Биофизианың заманауи бағыттары. Тәжірибе нәтижелеріне талдау жүргізудің негіздері.


2

2.

Вискозиметрдің көмегімен биологиялық сұйықтың тұтқырлығын анықтау.

2

3.

Дыбыстың негізгі сипаттамалары. Клиникадағы дыбыстық зерттеулер әдістері. Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдықтарын анықтау

2

4.

Жасуша мембранасының құрылымы мен қызметі. Мебраналар арқылы заттардың тасымадануы

2

5.

Биоэлектрлік потенциалдар. Тыныштық және әсер потенциалдары. Қозған талшықтар бойымен импульстің таралуы




6.

Датчиктер мен электродтардың классификациясы. Термистор мен терможұпты градуирлеу

2

7.

ЭКГ-нің физикалық негіздері. ЭКГ-ні тіркеу және талдау жолдары.

2

8.

Медицинада қолданылатын электрофизикалық емдеу әдістері. УЖЖ-терапия. Галванизация және электрофорез

2

9.

Биожүйелердегі жарықтың поляризациясы. Ерітіндінің құрамындағы қанттың концентрациясын анықтау

2

10.

Медицинада қолданылатын оптикалық құралдардың жұмыс істеу принциптері. Микроскоп. Көздің оптикалық жүйесі

2



Барлығы


20 сағат


СОБЖӨЖ -ның тақырыптық жоспары.




Тақырыптар

Сағат саны

1.

Гемодинамиканың физикалық негіздері. Артериялық және веналық тамырлардағы қан қозғалысының заңдылықтары.

2

2.

Қанның реологиялық қасиеттері. Реография. Аймақтық және интегральдық реография.

2

3.

Акустика. Клиникадағы дыбыстық зерттеулер. Инфрадыбыс және ультрадыбыс, олардың медицинада қолданылуы

2

4.

Жасушалық мембрананың биофизикасы. Мембрананың физикалық қасиеттері мен параметрлері. Мембрана моделдері мен жасанды мембраналар.

2

5.

Биопотенциалдар, тыныштық және әрекет потенциалдары. Нерв импульстерінің қозған талшықтар бойымен таралуы

2

6.

Электроэнцефалография. Жүйке талшықтарының құрылымы. Импульстердің таралуы. Телеграф теңдеуі

2

7.

Электрокардиографияның физикалық негіздері. Кардиограмманы тіркеудің соңғы тәсілдері мен элементтері.

2

8.

Аралық бақылау №1

2

9.

Биологиялық (электрлік емес) сигналдардың электрлік сигналдарға түрленуінің принциптері. Датчиктер мен электродтардың классификациясы, олардың негізгі сипаттамалары.

2

10.

Бұлшық ет жиырылуының биофизикасы. Бұлшық ет құрылысы. Бұлшық ет талшықтарының құрылымы. Жылжымалы жіптер моделі.

2

11.

Сыртқы тыныс алу функциясы. Спирометрия, спирография мен пневмографиялық зерттеу әдістері, олардың өзіндік ерекшеліктері

2

12.

Люминесценттік және лазерлік сәуле шығарулар. Биологиялық объектлерді спектрлік талдау бойынша зерттеу әдістері.

2

13.

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары. Лапароскопияның заманауи медицинада қолданылуы

2

14.

Рентгендік сәуле шығару. Рентген түтігінің құрылымы. Тежеуші және сипаттаушы сәле шығарулар. Сәуле шығарудың затпен өзара әсерлесулері.

2

15.

Аралық бақылау № 2

2




Барлығы

14 сағат


СӨЖ -ның тақырыптық жоспары.





Тақырыптар

Өткізу формасы

Сағат саны



Қан айналымжүйесінің негізгі модельдері.

Реферат дайындау

5



Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары

Презентация дайындау

5



Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері. Медициналық зерттеулерде ЯМР және ЭПР қолдану.

Сауалнамалық тапсырма


5



Фотоэффект үшін Столетов заңдары. Эйнштейн формуласы.

Реферат қорғау

5



Ағзаның жылу беруі. Термография мен термометрия туралы түсінік.

Реферат қорғау

5



Иондаушы сәулелер, олардың биологиялық жүйелермен өзара әсерлесуі.

Презентация дайындау

5



Барлығы:




30 сағат


Негізгі және қосымша әдебиет

Орыс тілінде:



Негізгі:

  1. Ливенцев Н.М. Курс физики ( т. I и II) изд. 6-е, М., ”Высшая школа”, 1978 ж.

  2. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика.- М., Высшая школа, 2003ж.

  3. Самойлов В.О. Медицинская биофизика. С-Пб.: СпецЛит, 2004ж.

  4. Антонов В.Ф., Черныш А.М., В.И. Пасечник и др. Биофизика. М., Владос, 2006ж.

  5. Н.Кадыров, Н.Қойшибаев. Механика.Молекулалық физика. А: Қазақ университеті. 2001ж.

  6. Н.Қойшибаев. Механика. I том, Молекулалық физика.II том А: «Зият Пресс», 2005ж.

  7. Н.Қойшибаев. Электр және магнетизм. III том, Оптика, Атом. IV том А: «Зият Пресс», 2006ж.

Қосымша:

  1. Ремизов А.Н., Потапенко А.Я. Курс физики. М. "Высшая школа". 2002 г.

  2. М.Е.Блохина, И.А.Эссаулова, Г.В.Мансурова. Руководство для лабораторных работ по медицинской и биологической физике. М. Дрофа.2002. – 285 стр.

  3. Абдулаев Ж. «Физика курсы, Алматы: Білім, 1994ж.

  4. Сарсембинов Ш.Ш., Ахметов Е.А., Ронжин В.В., Кошкимбаева А.Ш. «Жалпы физикалық практикум. Оптика. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. Аматы: Megapolіs Corpotatіon 1999ж.

  5. Ахметов Е.А. Жұманов К.Б. Өмірбекова З.К. Электр және магнетизм практикумы. А: Қазақ университеті. 1997ж.


Оқыту әдістері: дәрістерді, практикалық сабақтарды, СОБЖӨЖ, СӨЖ өткізу формалары


  • Дәрістер: слайдтарды, кестелерді, жаңа технологияларды (ноутбук пен lcd–проектор), «кері байланыстарды» қолдана отырып өткізілетін шолу дәрістері,

  • Практикалық сабақтар: семинарлар, физикалық құралдарды әртүрлі қондырғыларды қолдана отырып оқу топтарында жұмыс жүргізу, жағдайларды талдау және пікір алмасу, тақырып бойынша зертханалық жұмысты орындау, жасалынған зертханалық жұмыстарды талдау, олардың нәтижелерінің хаттамасын безендіру, қортындыларын жасау.

  • Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары:

ситуациялық және кәдімгі есептерді шешу, тақырып бойынша консультации, дискуссиялар, электрондық презентация, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау, берілген тақырып бойынша түскен хабарламаларды талдау.

  • Студенттердің өзіндік жұмыстары: оқу-әдістемелік құралдарымен, анықтамалықтармен студенттердің кітапханада жұмыс жасауы, глоссарий құрастыру, сауалнамалық тапсырмаларды шешу, презентация дайындау, тақырып бойынша баяндамаларды, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.



Білімді бағалау белгілері мен ережелері.

  • Ағымды бақылау практикалық сабақтар уақытында бақыланады.

Мақсат – теориялық материалды меңгеруді жүйелі түрде тексеру, теориялық білімді практикада қолдана алу.

  • Практикалық сабақ:

  • Ауызша сұрау (студент берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген сұрақтарға дайындықпен келуі тиіс).

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).

  • Ситуациялық есептерді шығару (студент әрбір сабақта типтік есептерді шығаруда нақты дағдыны алу үшін жеке берілген тапсырманы орындауы тиіс).

  • Практикалық жұмыстың орындалуы практикалық сабақта тексеріледі.




  • СӨЖ:

  • Қорғау:

  • реферат;

  • эссе;

  • тақырып бойынша презентацияны демонстрациялау.




  • Өзіндік жұмыстың орындалуын тексеру.

  • Практикалық жұмыс қорытындысын ДК тексеру.

СӨЖ арналған әдістемелік нұсқауда әрбір СӨЖ-дың тапсырмалары берілген.

  • Бақылау жұмысы:

Компьютерде сауалнама түрінде өткізілетін коллоквиум және ауызша сұрау.

  • Қорытынды бақылау:

Бақылау және ағымды бақылауды ескере отырып емтихан (практикалық дағдыларын тексеру немесе сауалнама түрінде) алу.

Консультация уақыты: Консультация емтиханға екі күн қалғанда сағ. 10.00-де өткізіледі.

Бақылау жұмысының уақыты: 9, 18 апта

Қорытынды бақылау уақыты: семестр соңында оқу бөлімі бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

І. Оқудан алған жетістіктерін бақылау жүйесі:

Ағымдағы бақылау:

  • Тәжірибелік (машықтық) сабақтар және СӨЖО:

- ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудың сұрақтары бойынша сабаққа дайындалған болуы керек);

- тестілеу - варианттар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі;

- жағдайлық есептердің шешуін тексеру - ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі.


  • СӨЖ:

рефераттарды қорғау, жағдайлық есептерді, тесттерді құрастыруын және шешуін бағалау, тестілеу нәтижелері бойынша өзіне-өзі бақылау жүргізу.

Аралық (рубеждік) білімдерін бақылау: тестілеу және ауызша сұрау түрінде кредит бойынша коллоквиум.

Соңғы (қорытынды) бақылау: ағымдағы және аралық білімдерін бақылаудың нәтижелерін есепке алып ауызша емтихан.
ІІ. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлерінде студент білімін бағалау ережелері

1. Ағымдық бақылау кезінде білімін бағалау (t1, t2) тәжірибелік сабақтарда, дәрістерде, СӨЖ-ді орындағанда іске асырылады

t 1= (ТC о.ш. + СӨЖОо.ш.+СӨЖ о.ш.) / 3

t 2 =(ТС о.ш. + СӨЖОо.ш. + СӨЖ о.ш.) / 3, бұл жерде:
t 1 – 1-ші рубеждік бақылауға дейін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 1 кезең)

ТС о.ш. –дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа балы

СӨЖ о.ш. – СӨЖ-дің орташа балы

СӨЖО о.ш. - СӨЖО-дің орташа балы



t 2 – 1-ші рубеждік бақылаудан 2-ші рубеждік бақылауға дейін жүргізілетін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 2 кезең)

2. Ағымдық бақылаудың 1-ші және 2-ші кезеңдеріндегі білімінің рейтінгі:
R1 = (t 1+ r1) / 2; R2 = (t 2 + r2) / 2,
бұл жерде:

R1 – 1-ші кезеңнің рейтингі, R2 – 2-ші кезеңнің рейтингі.

r 1 – 1-ші рубеждік бақылауда алынған баға, r 2 – 2-ші рубеждік бақылауда алынған баға

t 1-, t 2-нің анықтамасы жоғарыда келтірілген



3. 3-ші кезеңде емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі (R жіб.) келесі формула бойынша есептеледі :

R жіб. = (R1 + R2) /2

Емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі 50 балдан ( 50%) аз болмау керек.



4. 4 кезеңде ауызша және тестілеу түрінде үлестірілген емтихан( Е) жүргізіледі.

Тестілеу мен ауызша жауапқа ең көбі 50%-дан беріледі.



Е = (Тестілеу бағасы • 0,5) + (ауызша жауаптың бағасы • 0,5)


  1. Қорытынды баға - I - 5 кезеңде келесі формула бойынша анықталады:


I = ( R жіб. • 0,6) + (Е •0,4)
Қорытынды бағаның (I) максималды баллы 100-ге тен. R жіб.-нің максималды шамасы қорытынды бағаның 0,6 (немесе 60 балл) құрайды, ал емтихан бағасының максималды шамасы – 0,4 ( немесе 40 балл) құрайды.
ІІІ. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлеріндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары.

Білім бақылауның барлық түрінде білім бағалауы 100 балдық-100 %-дық жүйе бойынша жүргізіледі (2-кесте). Бұл кезде, машықтану сабақтардың, СӨЖО және СӨЖ сабақтарының орындауы мен бағалауы осы жүйеге негізделген нақтыланған критерийлері бойынша (1-кесте), ал бақылаудың қорытынды деңгейінде - 2-кестеде келтірілген критерийлері бойынша іске асырылады .



1-кесте

Машықтану сабақтардың, СӨЖО және СӨЖ сабақтарын орындау және бағалаудың нақтыланған критерийлері٭





Орындау критерий-лері

Бағалау критерийлері

Үздік

90-100бал

Жақсы

75-89 бал

Қанағат

50-74 бал

Қанағатсыз

0-49 бал

1

Сабаққа қатысуы

міндетті түрде

міндетті түрде

міндетті түрде

міндетті түрде

2

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарға дайындық деңгейі

Бағдарлама материалы толық мең-герілген, ешбір қате-лік жоқ,, өзіндік ой-лау қабіле-тін көрсеткен

Бағдарлама материалының меңгерілуі 75 %-дан төмен емес, жауап беру барысында үлкен қателік жоқ

Бағдарламалық материалды меңгеріуі 50 % -дан кем емес. Принципиальды емес кемші-ліктер немесе, студент оқыту-шының көме-гімен түзеткен, принципиаль-ды қателіктер жіберген

Бағдарламалық материалдың жартысынан артығын игермеген, жауап берген кезде принци-пиалді қате жіберген.

3

Тақырыпты талқылауға қатысу

Белсенді

Белсенді

Сирек қатысады

Қатыспайды

4

Дұрыс орындалған зерттеулердің, СӨЖ–гі сұрақтарға, тесттерге жауаптардың және т.б. саны

90-100%

75-89%

50-74%

0-49%

5

Тапсырманы өз бетімен орындалуы

Тапсырма-ларды өз бетімен орындау -90-100 %

Тапсырмаларды өз бетімен орындау - 75-89 %

Тапсырмаларды өз бетімен орындау - 50-74 %

Тапсырмаларды өз бетімен орындау - 50 % төмен

6

Тапсырманы орындау барысындағы қателіктер мен кемшіліктер сипаты

Студенттің өзі түзеткен, принципи-альды емес кемшіліктер

Студенттің өзі түзеткен, прин-ципиальды емес кемшіліктер немесе принципиальды қателер

Студент оқыту-шының көмегімен түзеткен прин-ципиальды емес кемшілік-тер немесе принципиаль-ды қателіктер

Өрескел қателіктер

7

Тақырып сұрақтары бойынша өз бетімен дайындалуы және СӨЖ немесе СӨЖо дайындау ке-зінде қолда-нылған әдебиеттер

Оқулықтар, оқу нұсқау-лар, моно-графиялар, интернеттен алынған материалдар

Оқытушы ұсынған пән бойынша оқу-лықтар, интер-неттен алынған материалдар, мерзімді басылымдар.

Оқытушы ұсынған ұсынған пән бойынша

Оқытушы ұсынған пән бойынша оқулықтар

8

Қорытынды мен ұсыныстар құрастыру

Қорытындыны барлық мәліметтерді толық тал-дау негізнде өз бетімен жасаған, анық дәлелденген.

Қорытындыны оқытушының көмегімен бар-лық мәлімет-терді толық талдау негізнде жасаған. Жеке сұрақтары дә-лелдеуді қажет етеді.

Материалды жүйеге келті-руге қиналған, оқытушының көмегін қажет етеді.

Оқытушы көмегінсіз материалды жүйеге келтіре алмады.

9

СӨЖ орындау барысы мен нәтижелерін жазбаша дайындау

Талапқа сай

Талапқа сай

Прницпиальды емес жеке кемшіліктер

Толық емес, қателіктері бар.

10

Дәрістерде, машықтану сабақтарда, СӨЖО-де болмау

0 бал










11

СӨЖ-дің болмауы

0 бал










12

Дәріс конспектінің болуы және бақылау сұрақтарға жауап беру

Дәріс конспектінің болуы және бақылау сұрақтарға толық жауап беруі

Дәріс конспектінің болуы және бақылау сұрақтарға толық емес жауап беру

Дәріс конспектінің болуы және бақылау сұрақтарға жауап берілмеуі

Дәріс конспектінің және бақылау сұрақтарға жауап берудің жоқ болуы

٭


  • Бағалау кезінде бірінші дәрежедегі критерийлерге 2,4,5,6,8 критерийлер жатады

  • СӨЖ-ді бағалау үшін 2,4-9,11 критерийлерді қолдану қажет

  • СӨЖ орындау бағалаудың детальданған критерийлерін кафедра өз бетімен дайындайды.

  • Дәрістерді бағалау үшін 1,10,12 критерийлерді қолдану керек

2-кесте

Білім бақылаудың әр түрлі деңгейінде білім бағалаудың

шкаласы мен критерийлері


Білім бағалау шкаласы


Білім бағалау критерийлері

Әріптік жүйе бойынша

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны %

Дәстүрлік жүйе бойынша

А

4,0

95-100

Үздік

Бағдарламалық материалды бетінше қосымша ғылыми әдебиеттер пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз бетімен жүйелеуге, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуға қабілетті.


А-

3,67

90-94

В+

В

В-





3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

Бағдарламалық материалдарды ұғуы 75% кем емес, жауап беруі кезінде ірі қателер жібермеген, СӨЖ және СӨЖо бойынша тапсырмалар принципиалды ескертулерсіз өз уақытында орындалған және тапсырылған, коллоквиумдер дұрыс

орындалған және тапсырылған, оқытушунуң көрсетуі бойынша қосымша әдебиеттер қолданған, принципиалді емес дәлсіздіктер немесе студенттің өзі түзеткен принципиалді қателер жіберген, оқытушының көмегімен бағдарламалық материалдарды жүйеге келтіруге қабілетті.








С+

2,33

70-74

Қанағатта-нарлық

Бағдарламалық материалдарды игеруі 50% кем емес сын жұмыстарын және үй тапсырмаларын орындау кезінде дәлсіздік және принципиалді емес қателер жіберген, зерттеу жұмысында белсенділік танытпаған, тек оқытушы көрсеткен әдебиеттерімен шектелген, материалды жүйеге келтіруде қатты қиналған.


С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағатта-*нарлықсыз


Бағдарламалық материалдың жартысынан (50%-дан төмен) артығын игермеген, жауап берген кезде принципиалді қате жіберген, тапсырманы орындамаған, бағдарлама бойынша негізгі әдебиеттерді талқыламаған.



қорытынды бағаның қойылуы


Бағаның әріппен белгіленуі

Цифрлық эквивалентті балл

Проценттік мазмұны %

Кәдуелгі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Үздік


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Орта


С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


14 – беттің беті




жүктеу 296,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау