Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата23.11.2018
өлшемі4,5 Mb.
#23731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

//   «jambYl-taraz»  // №13  (1405), 14 aqpan  2018 jYl  //

7

АЙНА



БАЙҚАу

 

„

облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар 



ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «The Youth Live» атты жастар 

арасында фотокросс өтті.

құралай ІзЕтБАЕВА

«The Youth Live» сөзі қазақ тілінде жастар өмірі деген 

мағына  береді  екен.  Жалынды  да  жігерлі  жас  өмірдің 

көзқарасы  да  өзгелерден  ерен  екені  анық.  Осы  орайда, 

кеңістіктегі кез келген зат пен тіршілік атауының түр-сипаты 

мен  көлемін  әсірелеп,  бояуын  қанықтырып,  көркемдігін 

арттыру  да  өрімтал  жастың  еншісінде  түрлене  түсетіні 

тағы белгілі. Фотографиялық жетiстiктерге жету жолында 

байқауға қаладағы ЖОО мен колледж студенттері, сондай-ақ 

оқушылар да ниет білдірді. Суретке түсіру сайысына 14-29 

жас шамасындағы үміткерлерден «Жалын», «Балмұздақ», 

«Шаңырақ», «Жастар мәслихаты», «Дерзкие и красивые», 

«Фотоlife»,  «Биназ»,  «Argentium»  және  тағы  да  басқа 

командалар қатысты.

Фотокростың әділ шешімін беруге ұзақ жылдық еңбектерін 

фотография өнеріне арнаған Алтынбек Қартабай, Ағаділ 

Рысмахан, Юрий Киммен қатар, ұйымдастырушы орталықтың 

орынбасары  Айбек  Таутен  де  қазылық  етті.  Байқауға 

Ш.Уәлиханов  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми 

кітапханасы мен облыстық «Jambul» телерадиокорпорациясы 

серіктестік етті.

Шара барысында сайысқа қатысушылар «Біздің бүгініміз», 

«Цифрлық Қазақстан», «Гаджеттің құлы», «Қазақстанның ұлы 

ақындары», «Сүйікті адам», «Астананың 20 жылдығына 20 

тілек», «Командалық сельфи», «Ауыл жастар көзімен» сынды 

түрлі тақырыптарда Ш.Уәлиханов және Д.Қонаев атындағы 

балалар мен жасөспірімдер кітапханаларында, сонымен қатар 

«Руханият» үйінде тапсырмасын өтеуге тиіс болды. Түсірілген 

фотосурет флешкаға көшіріліп, аталмыш үш мекемедегі тиісті 

қызметкерлерге тапсырылып отырды. Әділ қазылар байқау 

барысында түсірілген фотобейнелерге 5 балдық өлшеммен 

үздіктерді анықтады. Сөйтіп, қазылардың анықтауымен үздік 

деп танылған үміткерлерге «Jambul» телеарнасының сайты 

арқылы аймақ тұрғындары дауыс берген соң, жеңімпаздар 

белгілі болады. 

Құжаттаманың үлгілік қағидалары 

түсіндірілді

«Керісінше ән айту түк 

қиын емес»

дейді біздің кейіпкер

 

„

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен Жамбыл облысы әкімдігінің 



мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының 

мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №30 мектеп-

гимназия кешенінде семинар-сабақ ұйымдастырды.

 

„

Бала кезінен сөздерді теріс оқып 



машықтанған Бестерекбай Бекберов 

сөздерін керісінше оқып, ән салғанды 

ұнатады. Пайғамбар жасынан асқан 

азаматтың мәтіні майысқан әндерін 

тыңдаудың өзі де бір қызық.

сЕмиНАр


ЕрЕКшЕ АДАм

«Білім  беру  ұйымдарында  құжаттама 

жасаудың  үлгілік  қағидалары  мен  істер 

н о м е н к л а т у р а с ы н ы ң   р ә с і м д е л у і » 

тақырыбында өткен семинар-сабақты қала 

әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбәрак 

Жинақбаева ашып, жүргізді. 

– «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы 

1998 жылғы 22 желтоқсандағы қабылданған 

№326-1  Заңында  көп  нәрсе  айқындалып 

жазылған.  Осы  заңның  13,  27-бабында 

Ұлттық архив қорына жатқызылған құжаттар 

мемлекеттік мүлік деп көрсетілген. Мекемеде 

құралған құжат себепсіз жоғалып кетіп жатса, 

№326-1 Заңның 27-бабында көрсетілгендей, 

мекеменің басшылары жауапқа тартылады. 

1990  жылдары  мекемелерде  құжаттардың 

құралай СЕЙСЕнБЕКқызы

Сөйлемдерді теріс оқып, әннің сөздерін де соңынан алдына 

қарай орындау Бестерекбай Мақатайұлы үшін түк қиындық 

тудырмайды. Балалық шағынан осы әдетке машықтанған 

ол мектеп жасында достарымен осылай сөйлесетін болған. 

Алайда достары есейген соң, бұл әдетін қойып кетеді де, 

Бестерекбай ақсақал болса, ауылдағы жиын-тойда «керісінше 

ән салып берші» деп қызығушылық танытқан кісілердің 

сөзін қимай, кері ән айтуды қайта әдетке айналдырып алған. 

Балалықтың белесінен қалған ойын сөз әлі күнге дейін 

көпшілікті таң қалдыруда.

– Оқушы кезімізде мектептен тыс уақытта колхозда еңбек 

еттік.  Сол  уақытта  балалықпен  қызық  көріп,  керісінше 

сөйлесіп  үйрендік.  Кейде  әлдекім  сырымызды  түсініп 

қоймасын деген ниетпен де керісінше сөйлейтінбіз. Кейін 

келе мен ән айтып көрдім. Сөйтіп, менің бұл өнерім алақандай 

ауылға тез тарап кетті де, замандастарымның, ауылдастардың 

тойында осылай ән салып берсем, өзімнің де көңілім көтеріліп 

қалатын болды, – дейді Бестерекбай Мақатайұлы.

Біз  де  ән  салып  беруін  өтіндік.  Бестерекбай  аға  еш 

ойланбастан, Шәмші Қалдаяқовтың «Құдаша», «Қайықта» 

сынды әндерін нақышына келтіріп орындап берді. Иә, бірақ 

керісінше...

Ішлек немреб, немреб ішлек, ашадұқ,

Ріб зөс матйа еңіліңөк асанұ.

Іштек немрә пед асырұ ам пед ерәз қож,

Ен ед аслоб пілек іштек ашаңо, – деп шырқай жөнелгенде 

ерекше мәтінге көңіл сергіп, мәз мейрам болдық.

– Бірде Майе Датуашвили есімді Ресей азаматшасының 

сөздерді керісінше айтатын қасиеті жайлы «ОРТ» каналынан 

көрдім. Содан кейін өзіме деген сенімім үдей түсіп, қасымдағы 

адамдар да маған ерекше назар аудара бастады. Бүгінде 

облыстық телеарнаға түсіп, жұртшылықтың ықыласына 

бөленіп жүрмін. Енді Гиннестің рекордтар кітабына енсем 

деген ойым бар, – дейді ақсақал арманын айтып.

көп жоғалуының салдарынан қазіргі таңда 

көптеген азаматтар мен азаматшалар зардабын 

шегіп  жатыр.  Олардың  еңбек  өтілдерінің, 

жалақы туралы мәліметтердің жоқ болуы –                                                                                         

осының  кепілі.  Осындай  мәселелердің 

туындауына жол бермеу үшін әр мекеменің 

басшысы  өзі  басқарып  отырған  мекемеде 

құжаттарды дер кезінде рәсімдеп, архивке 

өткізіп немесе жойылатын құжаттарды дер 

кезінде жойып отыруы қажет, – деді Тараз 

қаласының мемлекеттік архивінің директоры 

Бақыткүл Әбдікәрімова. Сонымен қатар әр 

құжаттың сақтау мерзімі бекітілгені, жұмыс 

барысында қалай пайдалану керектігі туралы 

да кеңінен айтып өтті. 

Одан кейін сөз алған Ұлттық архив қорын 

толықтыру,  мекемелердің  құжаттамалық 

қызметінің жұмысын қалыптастыру, үйлестіру 

бөлімінің басшысы Эльмира Еркебұланова 

«Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару 

тәртібі» тақырыбына тоқталса, осы бөлімнің 

архив қызметкері Айгүл Сүлейменова «Істер 

номенклатурасын  құру  және  рәсімделуі 

туралы»  баяндамасында  номенклатураны 

әзірлеу  барысында  қалыптасатын  істердің 

атаулары  толық,  дұрыс  жазылуына  және 

тармақтарының  дұрыс  қойылуы,  сонымен 

қатар  мекемеде  архив  туралы,  жоспар 

және  сараптау  комиссиясының  ережесі, 

жоспары туралы кеңінен түсіндірді. Ал Тараз 

қаласы  әкімдігі  білім  бөлімінің  әдіскері 

Қалдыкүл Әмірбекова «Шығыс құжаттардың 

рәсімделуі», «Мемлекеттік және мемлекеттік 

емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және 

құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары» 

турасына  және  шығыс  құжаттардың 

рәсімделуіне тоқталып өтті.



Мадина ӨМІРБАЙ,

тарМУ студенті

Керісінше ән салсам...    Суретті түсірген Ю.Ким



оБъЕКТИвТЕ – 

ЖаСТаР 

өМІРІ

Жүрек сөзі – суретте.    Суретті түсірген Ю.Ким




жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау