Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата23.11.2018
өлшемі4,5 Mb.
#23731
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-

салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен 

қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті 

көрсетеді.



Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан

www.z-taraz.kz

Qalalyq qog’amdyq-sai’asi’ gazet

e-mail: zhambul_taraz@mail.ru

Кеңес әскерлерінің 

Ауғанстаннан шығарылғанына 

29 жыл. Он жыл бойына 

талай ананы перзентінен 

айырған, мыңдаған жерлес 

бауырларымыз қаза тапқан 

қасіретті де қайғылы Ауған 

соғысы тариx беттерінен 

өшпек емес. Жыл өткен 

сайын жауынгерлеріміздің 

ерен ерлігі ел есінде мәңгі 

жаттала береді. Өйткені бұл 

соғыста 18-19 жасар өрімдей 

жас жігіттер құрбан болды.  

Олар соғыстың мән-жайын 

ұғар-ұқпастан кете барды. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

Ауған соғысы туралы: 

«Ауған соғысында қыруар 

қаржы шығындадық, 

мыңдаған өмір қиылды, 

бәрібір Кеңес әскеріне бұл 

елді тастап шығуға тура 

келді. Халық үшін бұдан 

асқан қасірет бар ма? Бұл 

ұтылыс жоғарғы әскери 

команданың белгілі бір бөлігін 

мықтап ойлантты» – деген 

ойлы сөзі бар. Талайдың 

тағдырын тәлкекке салған 

соғыстағы жауынгерлердің 

ерлігі, қажыр-қайраты бір-

біріне деген достық және 

бауырмалдық көмегі, от пен 

оқтың ортасындағы жанкешті 

тағдыры бүгінгі жастарымызға 

үлгі-өнеге болады.

 

„



Бос лауазымдар жәрмеңкесінде 120-ға жуық жұмыссыз тараздық жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. 

Оның қатарында тұрақты жұмыс орындарына жөнелтілгендері де бар.  



СІЗ ЖҰМЫС ІЗДЕП 

ЖҮРСІЗ БЕ?

 

2-бет



  №13 (1405)  14 aqpan 2018 jyl,  sa’rsenbi

ЗООБАҚ Ашу – 

ХАлыҚҚА ҚАЖЕТ, Өмір ТАлАБы

 

5-бет

ДЕрТТің АлДыН АлсА,

Ем ҚОНАДы

 

6-бет

ОБъЕКТивТЕ –

ЖАсТАр Өмірі

 

7-бет




2

//   «jambYl-taraz»  // №13  (1405), 14 aqpan  2018 jYl  //

ҚАлА-ҚАрБАлАс

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аумағы  15  гектар  болатын  саябақтың 

жаңғырту  жобасын  бүгінде  жергілікті 

«Арыстан-Сервис» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі жасау үстінде. Жоба бойынша 

мұнда Ұлы Отан және Ауған соғысы мен тыл 

ардагерлеріне арналған музей бой көтермек. 

Сондай-ақ  Екінші  дүниежүзілік  соғысқа 

қатысқан  68  мыңға  жуық  жамбылдықтың 

аты қашалған «Жауынгерлік даңқ аллеясы» 

мемориалды композициясы пайда болады. 

Сонымен қатар саябақ аумағына Жеңіс күніне 

арналған шаралардың бастысы саналатын 

«Мәңгілік полктың» жүруіне ыңғайлы етіп 

жасауға басымдық беріледі. Осындай жаңғырту 

жұмыстары қаланың әр жерінде орналасқан 

«Мәңгілік алау» мен Б.Момышұлы ескерткішін 

саябақ аумағына көшіріп әкелуден басталмақ. 

Аталған  серіктестіктің  бас  директоры 

Нұрлан Кулишевтің айтуынша, саябаққа қала 

тұрғындары  мен  қонақтарының  қарбалас 

тірліктен бір сәт сергіп, бой жазуына бар 

жағдайды жасаудан бөлек, оны эстетикалық, 

патриоттық тәрбиенің ордасы етуді облыс, қала 

басшылығы басты назарға қойып отыр екен. 

– Жалпы Бауыржан Момышұлы атындағы 

«Жеңіс» саябағы көптен бері өзгертілмеді. 

Осы  мәселені  күн  тәртібіне  шығарған 

облыс  және  қала  басшылығы  жобалау 

жұмыстарын бізге тапсырып отыр. Алдағы 

уақытта ол жерде үлкен аллея салынатын 

болады. Сондай-ақ ҰОС арналған монумент, 

ескерткіш,  мемориалдар  бой  көтермек. 

Саябақ  жанындағы  каналдың  жағасы  да 

тыс  қалып  отырған  жоқ.  Оның  жағасы 

тазартылып, тұрғындардың жүріп, тұруына 

қолайлы жағдай жасалынбақ. Ол да саябақтың 

сәнін  арттыра  түсетіні  сөзсіз.  Дегенмен 

бұлардың барлығы жоба. Алдағы уақытта 

осы  жобалар  қала  құрылысы  кеңесіне 

ұсынылып,  бекітілетін  болады,  –  дейді 

Нұрлан Ауданбекұлы. 

Бұдан  өзге,  саябақ  аумағына  Ұлы  Отан 

соғысының  даңқты  жауынгері,  жазушы 

Б ау ы р ж а н   Мо м ы ш ұ л ы н ы ң   ұ р п а қ 

тәрбиесіне қатысты айтқан нақыл сөздері 

жазылған  тақтайшалары  да  орнатылады. 

Жобалаушылардың  назарынан  қауіпсіздік 

шаралары  да  тыс  қалмаған.  Мәселен, 

қауіпсіздікті  сақтау  мақсатында  саябақ 

аумағына толықтай бейнебақылау жүйесімен 

қамтамасыз етіп, қосымша полиция пунктерін 

салу қарастырылып отыр екен.

Бүгінде осындай ілкімді істердің алғашқы 

қадамдары  жасалып,  ол  жұмыстар 

басталып  та  кетті.  Өткен  жексенбі  күні 

қала әкімі Рүстем Дәулет аталған саябақта 

Қазақстанның коммунистік халық партиясы 

облыстық  комитетінің  коммунистерімен 

кездесті.  Басқосуда  саябақтың  болашақ 

бейнесі туралы айтылып, ол жер тек демалыс 

орны  ғана  емес,  мұражайы  бар  мәдени-

тарихи  орталыққа  айналдыру  мәселелері 

айтылды. Шарада қала әкімі Рүстем Дәулет 

облыс орталығының интеллектуалды даму 

қажеттілігі туындап отырғанын тілге тиек 

етіп, ол жұмыстар саябақтарды көркейтуден 

бастау  алатынын  айтты.  Соның  бірі  – 

аталған  Бауыржан  Момышұлы  атындағы 

«Жеңіс»  саябағы.  Кезінде  Коммунистер 

көшбасшысы  облыс  орталығының  ұзақ 

мерзімді  дамуын  ескерместен,  Лениннің 

ескерткішін  осы  саябаққа  орнатқан 

екен.  Шаһар  басшысы  Рүстем  Дәулеттің 

басшылығымен  аталған  ескерткішті  алу 

мәселесі  аясында  қалалық  әкімдік  кеңесі 

қоғамдық келісу рәсімдерін ұйымдастыруда. 

Сондай-ақ  қоғамдық  пікірлердің  барлығы 

дерлік  назарға  алынып  отырған  көрінеді. 

Рүстем Рысбайұлы ескерткіш тұратын жаңа 

орын қарастырып жатқанын жеткізді. Осында 

қала басшысының жоспарларын тыңдаған 

Қазақстанның коммунистік халық партиясы 

облыстық комитетінің мүшелері өздерінің 

пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. 

–  Лениннің  ескерткішін  жаңа  орынға 

ауыстыру туралы мәселені оңтайлы шешу 

керек.  Бүгінгі  таңда  Ильичке  арналған 

жүздеген  ескерткіштер  Ұлыбритания, 

Америка  Құрама  Штаттары,  Еуропа  және 

Азия  сияқты  капиталистік  орталықтарды 

қоса  алғанда  ондаған  елдерде  сақталған. 

Менің ойымша, ескерткішті ауыстыру туралы 

мәселе ең алдымен сезімталдығымен, әлемдік 

тарихқа терең құрметпен қаралуы керек, –                                                                                      

деді  Қазақстанның  коммунистік  халық 

партиясы  облыстық  комитетінің  бірінші 

хатшысы Жарылқасын Нұралиев. 

АБАТ

Сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе?

Жасотандықтар 

Жолдауды 

қолдайды

 

„

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 



агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласы әкімі аппараты және 

Тараз қаласы Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қалалық мәдениет үйінде бос 

лауазымдар жәрмеңкесін өткізді. 

 

„

Жастардың қоғамдық істерге 



белсене кірісіп, ел ағаларымен 

етене араласып, олардан 

сабақ алып жүргендігі көңіл 

қуантады. Игі істерді одан әрі 

жалғастырып, осы бағытпен 

алға ұмтылу, өздеріне жаңа 

міндеттер жүктейді. Елбасы 

жастар саясатына аса мән беріп

биылғы Жолдауында да осы 

мәселені шет қалдырмады.

ЖӘрмЕңКЕ


ЖОлДАу

Арайлым БАқытжАнқызы

Жәрмеңкеге  Тараз  қалалық  жергілікті  атқарушы 

органдардан  13,  орталық  органдардың  аумақтық 

департаменттерінен 30-ға жуық бос лауазымдар және 80 

шақты басқа ұйымдардың бос лауазымдары ұсынылды. 

Жұмыс іздеп, кеңес алуға келушілердің де қатары қалың 

болды. Шараға қала әкімінің орынбасары Кенжебек 

Олжабай және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының 

орынбасары Нұрлан Еркебаев қатысты.  Жиынды Нұрлан 

Тәңірбердіұлы ашып, шараның мақсат-міндеттеріне 

тоқталды. Барлығы 150-ден астам тұрғын қатысқан 

жәрмеңкеде ең көп жұмыс орнын Халықты жұмыспен 

қамту орталығы ұсынды.

– Бүгінгі жәрмеңкеге 80 бос жұмыс орнын ұсынып 

отырмыз. Жәрмеңкеге мектеп мұғалімдері, оның ішінде, 

химия, биология, математика, ағылшын пәндерінің 

ұстаздары, балабақшаларға тәрбиеші және перинаталдық 

орталыққа дәрігер мамандары қажет. Жалпы орталық 

бүгінде Елбасының Нәтижелі жұмыспен қамту және 

жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 

ІІІ бағыт бойынша жұмыс атқарудамыз. Ол дегеніміз –                           

кәсіптік оқыту, қайта даярлау, «Даму» қоры арқылы 

микрокредит, жастар практикасы. Бүгінгі ұсынылып 

отырған лауазымдарды біздің орталықтың сайты арқылы 

немесе мекемеге келіп, мамандардан біле аласыздар, – 

деді Халықты жұмыспен қамту орталығының тұрақты 

жұмыс орындары бөлімінің басшысы Мади Мадижанов. 

Арайлым ШАБДЕноВА

Күні  кеше  партия  облыстық  филиалы 

жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының 

ұйытқы  болуымен  облыс  жастарына 

Жолдаудағы  негізгі  мүмкіндіктер  мен 

бағыттарды  түсіндіру  аясында  Тараз 

инновациялық-гуманитарлық университетінде 

кездесу өтті. Жиында «Жас Отан» ЖҚ қалалық 

филиалының төрағасы Бақкелді Тұрсынбек 

Жолдаудағы  негізгі  бағыттарға  тоқталды. 

Бүгінде 145 бөлімшесі бар «Жас Отан» Жастар 

қанатында облыс бойынша 14512 мүше болса, 

оның 2732-сі тараздық жастар.

–  Бүгінгі  акцияның  негізгі  мақсаты  – 

Елбасы  Жолдауын  насихаттау.  Жолдауда 

айтылған негізгі бағыттар мен мүмкіндіктер, 

еліміздің  даму  бағытындағы  маңызды 

мәселелерге  жастардың  назарын  аудару. 

Саяси  құжат  халыққа  жол  тартқалы  бері 

біздің  тарапымыздан  100-ден  астам  түрлі 

форматта іс-шара ұйымдастырылды. Барлық 

іс-шара барысында жастар легі белсенді, – деді 

облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы Уалихан Болатбек.

Сондай-ақ акция аясында студенттер онлайн 

тест  тапсырды.  20  минутқа  негізделген 

тестілеуде Жолдауға қатысты бірнеше сұрақтар 

қамтылыпты. 

– Елбасының халыққа арнаған Жолдауын 

жылда  тыңдап,  оқып,  онда  айтылған 

басымдықтарды толықтай қолдаймын. Бүгінгі 

акция аясында ұйымдастырылған тестілеуден 

жоғары  баға  алдым.  Сұрақтар  аса  қиын 

болмады.  Жастар  арасында  бас  құжатты 

насихаттауда  осындай  тың  жол  таңдаған 

ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, – деді 

ТИГУ «Дене шынықтыру» мамандығының                

ІІ курс студенті Шахназар Жүсіпов.

Акция одан әрі М.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік 

педагогикалық университетінде және бірқатар 

арнаулы оқу орындарында жалғасын тапты. 



«ЖЕңІС» 

СаяБағЫ ЖаңаРТЫлаДЫ

 

„

Жақын арада 



Бауыржан 

Момышұлы 

атындағы «Жеңіс» 

саябағына 

қайта жаңғырту 

жұмыстары 

жүргізіліп, адам 

танымастай 

өзгеретін болады. 

Жәрмеңке барысында департамент өкілдерімен тестілеуден өту және мемлекеттік 

қызметке кіру тәртіптері түсіндірілді. Сондай-ақ бос лауазымдарға қойылатын талап 

пен қажетті ақпараттар туралы келушілер кеңінен мағлұмат ала алды. Сондай жанның 

бірі – Лаура Амантайқызы. Ол Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін және 

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 

бойынша тәмамдаған. Жәрмеңкеге декреттік демалыстан шығып, жұмыс іздей келіпті. 

Жұмыспен қамту орталығына өтініш жазған ол кітапхана ісі бойынша бос лауазымға 

жолдама алды. Анасымен келген Лаура ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

Жолдама алды.    Суретті түсірген Ю.Ким




жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау