// «jambYl-taraz» // №13 (1405), 14 aqpan 2018 jYl //
3
ҚАлА-ҚАрБАлАс
ЕсЕП
Қала әкімі Рүстем Дәулеттің халық алдындағы есепті жиыны №11 округ тұрғындары
алдында өтіп, аталған аумақтағы шешілуі тиіс бірқатар мәселелерге қанықты.
КөгІлДІР оТЫННЫң ауЫлЫ ЖаҚЫН
Жастар бастамасына да қолдау бар
Күн тәртібіндегі мәселелер шешімін тапты
Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулеттің өткен
жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындары
алдында атқарылған жұмыстардың есебінен Елбасы
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты бағдарламалық мақаласына сәйкес барлық бағыттар
мен тапсырмалардың орындалғанын және орындалып
жатқанын жете түсіндім.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясында күн тәртібіндегі
мәселелер толық қаралды.
сЕссия
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, индустрияландыру, сауда, шағын және орта бизнесті
дамыту сияқты басқа да әртүрлі сала бойынша былтырғы жылы қала өмірінде өзгерістер
болғаны белгілі. Сонымен қатар келешектің кейіпкері жастар десек, Елбасының
баланың еңбектеген жасынан бастап білім алуы, маман иесі болуы, отбасын құрып,
жас отбасылардың қатарына еніп, кезекті үй алуы және т.б. арнайы бағдарламалары
аясында да атқарылып жатқан істер аз емес екені даусыз. Дәлірек айтсақ, «Нұрлы жол»
мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы «Салтанат» мөлтек ауданында №30 орта
мектептің апатты ғимаратын бұзып, орнына 1000 оқушыға арналған мектеп құрылысы
аяқталып, пайдалануға берілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, спортпен
шұғылдану мақсатында 511 спорт нысаны жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ қала әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы ретінде қаладағы мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асыра отырып, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізумен қатар,
әртүрлі бағыттағы кеңестер ұсыну, Елбасы Жолдауларын насихаттау бағытындағы
қоғам өміріне үлесімізді қосып келеміз. Баянды болашақты бүгіннен бастап, ел ертеңі
үшін қаланың гүлденуі мен дамуы жолында игілікті істеріміз бен жалынды жігеріміз
жандана берері белгілі жайт.
Айбек КАДРАЛИЕВ,
тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«жастар ресурстық орталығы» КММ
ұйымдастыру секторының меңгерушісі
Арайлым ШАБДЕноВА
Сессияға қала әкімі Рүстем Дәулет, қала прокурорының
орынбасары Қайыржан Қуатбеков, қалалық қоғамдық
кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов және қала
әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі Тараз қалалық аумақтық,
қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау
комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау туралы
болды. Сондай-ақ Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының
жергілікті полиция қызметі басшысын лауазымынан
босатуға келісу туралы сессияда шешім қабылданды. Басқа
жұмысқа ауысуына байланысты Тараз қаласы Ішкі істер
басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы
Қаныбек Түлешов лауазымынан босатылды. Ал «Тараз
қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер,
пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша
реттеу туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылдың
26 ақпанындағы №51-4 шешіміне толықтырулар енгізу
туралы қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана
Сламбекова хабарлама жасады.
– Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізу
барысында туындаған барлық қосымша шығындар жергілікті
атқарушы органдар мен ұйымдастырушылар арасындағы
келісімшарт негізінде өтелуге тиіс. Яғни ұйымдастырушылар
барлық қосымша шығындарды жергілікті атқарушы орган
мен ұйымдастырушылар арасында жасалған келісімшарт
негізінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар Тараз қаласының
алаңдарында және көшелерінде өткізілген кезде төленетін
қосымша өтемақының есептік мәліметтеріне сәйкес өтейді.
Аталған қосымша төлемақының есептік мәліметтерінде
арнайы қызметтердің (өрт сөндіру, қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, жедел медициналық жәрдем және т.б.
қызметтер) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізу барысындағы
кезекшіліктері мен көрсеткен қызметтері үшін 1 сағаттық
кезеңге төленетін өтемақының көлемі белгіленген.
Құжаттың негізгі мақсаты жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу
барысында ұйымдастырушылардың тарапынан туындаған
барлық қосымша шығындардың өтелуін реттеу болып
табылады, – деді Ұлана Сламбекқызы.
Сондай-ақ сессияда Тараз қалалық мәслихатының 2013
жылғы 8 қазандағы №19-12 «Тараз қаласы әкімдігінің
жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және кезекті
жиырма тоғызыншы сессияның төрағасын сайлау бойынша
ұсыныстар ортаға салынды. Кезекті жиырма тоғызыншы
сессияның төрағасы болып №25 сайлау округінен депутат
Нариман Мәуленов сайланды.
Тұрғындардың талабы орынды. Суреттерді түсірген Ю.Ким
Тұрғын Әбубәкір Көлбаев шаһар басшысына
«Құмшағал» алқабында электр қуаты тым
төмен екендігін айтып, шешіп беруді сұрады.
Сондай-ақ ол аталған аумақта қоқыс тастайтын
жер қалмағанын жеткізді. Оның электр қуаты
туралы сұрағы күн тәртібіндегі мәселе екенін
тілге тиек еткен шаһар басшысы жақын арада
жаңалау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал
қоқыс тастау мәселесі бойынша №11 округтің бас
инспекторы Мұрат Аққұлиев қоқыс тастайтын
арнайы орын қарастырылғанын айтып, бұл
туралы ешқандай мәселе жоқ екенін жеткізді.
Зайнулла Хусайынов «Казарма» алқабынан
темір жол өткелін салып беруді сұрады. Бүгінде
ол аумақтың тұрғындары 7 шақырым жердегі
«Шөлдала» алқабына бару үшін темір жолды
айналып, 21 шақырым артық жүруге мәжбүр
екен. Бұл мәселе бойынша жауап берген қала
әкімі бүгін-ертең шешіле қоймайтын шаруа екенін
алға тартып, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық
компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асатынын айтты.
Дегенмен тұрғынға осы мәселе бойынша арнайы
комиссия отырысын құрып, ұлттық компанияға
ұсыныс жасауға болатынын да жеткізді. Тағы
бір тұрғын Орынбасар Тоқбергенов қала әкімінің
былтырғы жылы атқарған жұмыстарына көңілі
толатындығын білдірді.
– №19 мектептің бұрынғы ғимаратын балабақша
ретінде қайта жасақтау туралы ұсынысым бар. Ол
ғимарат бұрын балабақша болған еді. Сондай-ақ
осы аумаққа банкомат аппаратын орналастырып
берсеңіздер. Тағы айта кететін өтінішім,
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласы аясында біздің
аумаққа спорт залын салып беретін азаматтар
бар еді. Осы мақсатта қала әкімдігі тарапынан
жер қарастырып, көмек көрсетсеңіздер, – дейді
тұрғын Орынбасар Тоқбергенов. Тұрғынның
алғашқы мәселесі бойынша қалалық білім
бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева №19
мектептің бұрынғы ғимаратына мемлекеттік
сараптама жасалып жатқанын жеткізіп, бала
саны толатын болса, балабақша ретінде жасауға
болатынын айтты. Ал жауапты мамандар
банкомат аппаратын орналастыру ісі алдағы
уақытта қарастырылатынын жеткізді. Қала әкімі
Рүстем Рысбайұлы спорт залын салуға жер телімі
берілетінін кесіп айтты.
Жиынды қорытындылаған сол аумақтан
сайланған облыстық мәслихаттың депутаты
Мейрамбек Төлепберген шаһар басшысының
халық алдындағы есепті жиыны қанағаттанарлық
деңгейде өткенін тілге тиек етіп, көтерілген
мәселелердің алдағы уақытта шешілетініне сенім
білдірді.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
№56 орта мектептің мәжіліс залында өткен
басқосуда Рүстем Рысбайұлы тұрғындарға 2017
жылы атқарылған жұмыстарды бүге-шігесіне
дейін айтып, ағымдағы жылы атқарылуы тиіс
жұмыстармен таныстырды. Жалпы аталған округте
өткен жылы қала басшылығы тарапынан бірқатар
ілкімді істер жүзеге асқан. Атап айтқанда, көптен
бері шешілмей келе жатқан «Казарма» алқабында
300 оқушыға арналған мектептің орны анықталып,
бүгінде оның жобалық-сметалық құжаттары
әзірленуде. Сондай-ақ «Шөлдала» алқабында
900 орындық мектептің құрылысы қарқын алып,
үстіміздегі жылы оның да құрылысы аяқталмақ. Ал
«Құмшағал» алқабында сервистік су құбырының
жұмысы аяқталып, тұрғындарды ауыз сумен
қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар Құмшағалда
спорт алаңы салынып, біраз көшелеріне асфальт
төселген. Бастысы, өткен жылы бюджеттен 600
млн теңге бөлініп, ол аумақтарға газ құбыры
тартылды. Биыл ол құбырларды аумақтардың
ішіне тарту жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерді
көгілдір отынмен қамту ісі басталмақ. Қазіргі
таңда қалалық әкімдікте осындай жұмыстардың
құжаттары әзірленіп жатыр екен. Демек, ол аумаққа
көгілдір отынның ауылы жақын қалды деген сөз.
Бір айта кетерлігі, кезінде Жамбыл ауданынан
қаланың құрамына кірген бұл аумақта саяжайлар
көптеп орналасқан. Есесіне, ол жерлерде шешілуі
тиіс мәселелер де жетерлік. Атап айтқанда, бүгінде
ондағы тұрғындар электр қуатына ақшаны заңды
тұлға ретінде төлейді. Бұл дегеніміз жеке тұлғадан
біршама артық төлейді деген сөз. Сондай-ақ
саяжай тұрғындары статустарын тұрғын үй
ретінде өзгертуге асығып-ақ жүр. Бұдан бөлек,
саяжайлардағы ауыз су мәселесі де түбегейлі
шешілмеген екен. Тұрғындардың көтерген
осындай мәселелеріне қала әкімі нақты жауап берді.
Мәселен, аталған аумақты орталықтандырылған су
жүйесіне қосуға мүмкіндік жоқ көрінеді. Себебі
ол маң қала деңгейінен біршама биік орналасқан.
Сондықтан сала мамандары ол маңға жаңадан
бөлек су жүйесін салу қажеттігін жеткізді.