4
// «jambYl-taraz» // №13 (1405), 14 aqpan 2018 jYl //
сЕмиНАр
Дамыған елдер қатарына енуді мақсат тұтқан мемлекетімізде мәдениет саласы тұралап
қалмауы тиіс. ал бұл тұста сапалы мамандар мен талантты өнерпаздардың еңбегі айрықша.
ІлгЕРІлЕугЕ БЕТБҰРЫС
толғанай АтАБАЙ
Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында
айтылған рухани саладағы мақсат-міндеттерді
негізге ала отырып облыс әкімдігінің мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының Халық
шығармашылығы орталығы мен «Format-E»
мәдени даму оқу-әдістемелік орталығы
мәдениет қызметкерлеріне арнап «Art format»
облыстық семинарын ұйымдастырды. Үш күнге
жоспарланған тәжірибе алмасу алаңында ҚР
Мәдениет қайраткері Несіпханым Камалова,
Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі
Бақтыкерім Тоғаев, «Формат-Е» мәдени даму
оқу-әдістемелік орталығының ғылыми кеңесшісі
Гүлжамал Қойшығұлова, ҚР Білім беру ісінің үздігі
Берікбай Мейірбеков пен ОҚО тарихи-өлкетану
музейінің ақпараттандыру және жарнамалық
қызмет секторының меңгерушісі Гүлмира Лазар
аймақтың сала мамандарына дәріс беріп, пікір
алмасады. Апта басында Жамбыл атындағы
«Руханият» үйінде облыс әкімдігінің мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының басшысы
Дүйсенәлі Бықыбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз
жиынын өткізіп, семинардан күтілер жұмыс
нәтижесін саралады.
– Былтырғы жылы «Формат-Е» мәдени даму
оқу-әдістемелік орталығымен меморандумға
қол қойып, жұмыс атқару барысында клуб және
кітапхана қызметкерлеріне саланы дамытудағы
негізгі мәселелерге тоқталған болатынбыз.
Биылғы жылы осы шараның ауқымын кеңейтіп,
барлық мәдениет саласының қызметкерлерімен
өткізуді жөн санадық. Үлкен бағдарламамен жас
ұрпақ санасын жаңғыртуға бағытталған шаралар
жоспарда бар. Рухани жаңғыру – бір күндік мәселе
емес. Мәдениеттің мәйегі бастау алатын аудан,
ауылдардағы мәдени ошақтарды жандандыру,
салаға серпін береді.
ондағы кадр мәселесі, бүгінгі күн талабына сай
салада атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде мамандар
сала майталмандарынан жауап алатын болады.
Жаһандану заманында сыртқы күштердің әсері өте
көп. Бүгінгі ұрпақ бабалар салған жолмен жүрсе,
сананың жаңғыратыны сөзсіз. Ұлт болып қалыптасу
жолында біз мәдениетімізді де кенжелетіп алдық.
Мәселен, 2000 жылдары еліміз бойынша 40
қана мәдениет ошағы болды. Ал қазір өзгеше.
Мәдениет саласына бет бұру кезеңі қалыптасқан
тұста өңіріміздің өзінде 547 мәдени ошақ жұмыс
істеп жатыр. Алайда оның барлығында мәселе
жоқ емес. Дегенмен өлке мәдениетін өркендету
жолындағы жоспарлар арқылы уақыт талабымен
ретін табуға болады, – деген басқарма басшысы
семинар арқылы сала мамандарында үлкен пікір
қалыптасып, жаңаша ой түзетініне сенім білдірді.
Ортақ жұмысқа жұмылу арқылы халықтың рухани
сауаттылығын арттыруды көздейтін семинарда
салаға қатысты сауалдар түйіні тарқатылатын
болады. Сондай-ақ бүгінгі қоғамда орын алып
жатқан өзге де өзекті мәселелер жайында
ҚР Мәдениет қайраткері Несіпханым Камалова:
– Елбасының мақаласы күрделі мәселелерді
шешу төңірегіне топтасуға шақырды. Тап қазір біз
бейтараптық жағдайда жүрміз. Мәселен, «әлдиінен»
ажыраған әжелердің қарасы, сериалға шүйліккен
отбасы мүшелері. Рухани баюға бастайтын осындай
олқылықтар бізді өркениеттің адасуына әкелуде.
Немесе шетелдің біліміне қызығып, баласын елінің
мәдениетінен алшақта өсірген ата-аналардың
бейсаналылығы, нарықтық жағдайды ойлап,
қарақан басына қарекет жасағандар үшін «біз» деп
тірлік тындыратын кез жетті. Туған жерді, ауылды
ұмытпайтын тұлға тәрбиелеу – қазіргі күннің тілегі.
Кітап оқудан қалыс қалып, «жатырқ», «отырқ»-қа
көшкендердің салдарынан әдеби сауатсыздыққа
келдік, – деп тіл мен дін мәселесіндегі кемшіліктерді
қадап айтты. Ел даңқын атырапқа аян етер саланың
ақсаң тұстары осылардан басталатыны даусыз.
Сол себепті де мұндай парасаты мен өресі биік
шаралардың орнағаны ләзім.
– Орталық 18 бағыт бойынша ықшамды
бағдарлама арқылы аудан-ауылды жерлердегі
мәдениет қызметкерлеріне әдістемелік көмек
көрсетіп, сол бағытта жұмыс істейді. Қазіргі
күні білім беру мен маман даярлаудың арасында
алшақтық бар. Өйткені өнердің әртүрлі саласын
меңгерген көптеген жас мамандар өзінің оқыған
мамандығына сәйкес жұмыс таба алмай жатады.
Осы мақсатта теория мен тәжірибені ұштастырып
келе жатқан білікті мамандардың басын қосып,
өңірлерге әдістемелік көмек көрсетуді көздеп
отырмыз. Екінші жылы қолға алынған жұмыс
барысында мәдениет пен өнерді жоғары деңгейге
көтеруіміз керек, – дейді орталық директоры Ерлан
Сатыбалды.
Айта кетейік, тыңдаушыларға семинар-тренинг
нәтижесі бойынша «Рухани жаңғыру: мәдениет
саласындағы жаңаша мақсат, міндеттер»
бағдарламасы аясында шеберлік сыныптарынан
өткендігін растайтын сертификат беріледі.
Кәсіпкерлердің адалдығы арына сын
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы еліміздің алдағы
жылдардағы басым бағыттарын айқындап қана қоймай, нақты міндет-межелер жүктеп отыр.
ЖОлДАу
Жолдаудағы он міндеттің ішінде мемлекеттік органдармен бірге
Үкіметке бизнес-климатты жақсарту және оны көлеңкеден шығарудың
жаңа тәсілдерін ойластыру тапсырылды. Бұл мемлекет тарапынан
кәсіпкерліктің көкжиегінің артуына көмектесіп, халықтың өз бетінше
табыс табуына жол ашу екені айтпай-ақ белгілі.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық экономика министрлігі
және салалық министрліктер бизнес қауымдастықтармен біріге отырып,
өткен жылы жобасы әзірленіп, бекітілген жаңа Салық және Кеден
кодекстері мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы негізгі
құжат ретінде биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Жаңа Салық кодексінде идеологияны өзгертіп қана қоймай,
ынталандыру шараларын дамыту мен әкімшілендіру қарастырылған.
Идеология құлықты, заңды тыңдайтын салық төлеушілердің мүддесін
қорғауға бағытталып, адалдық принциптері енгізіледі.
Жаңа кодекстерде салықтық төлемдерді өз еркімен төлеу
уәждемесіне тіреу болатын жеңілдетілген салықтық әкімшілендірулер
қарастырылған. Екі кодекстегі жаңашылдықтар ел экономикасының
барлық саласын қамтып отыр. Тауарын шетел асыратын өндірушілер
үшін өзгерістер бар. Биылғы жылдан бастап қолданысқа енген жаңа
Салық кодексі айтарлықтай жаңа баптармен толысты. Бұрын 687 баптан
тұратын құжаттың жаңасы бүгінде 773 бапқа ұлғайып, жеңілдіктер
және жаңашылдықтармен толыққан. Жаңа құжатта әр бап түсінікті
тілмен жазылған.
Жаңа кодекстің басым бөлігі биыл күшіне енсе, кейбірі алдағы
жылдары енгізіледі. Жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнестің
дамуына ықпал етіп, еліміздің стратегиялық мақсаттарының жүзеге
асуына жетеледі. Жаңа кодекске енгізілген өзгерістер бизнестің
қарыштап дамуына қамқорлық танытады. Бұл ретте, әсіресе, құлықты
салық төлеушілерді «арлы да адалына ақ жол ашады» жаңа заңнама.
Олардың мүддесін қорғауда мемлекет аянып қалмайды. Бастысы,
міндетті салықтар мен төлемдерді уақытылы төлеп, «көлеңкелілікке»
кетпесе, ешкімнен ешқандай әкімшілік кедергілер болмайды.
Айта кетерлік тағы бір жеңілдік түрі, яғни салықтың айқындалмаған
немесе дәлелденбеген тұстары әрдайым салық төлеушінің пайдасына
шешілетін болады. Бірақ қосымша салық және кедендік төлемдердің
негізділігіне де талап күшейтіліп, субъектілерді салықты өздігінен
төлеуге барынша ынталандыру қарастырылған. Әкімшілендіру
әрекеттерін қысқарту көзделген. Бүкіләлемдік сауда ұйымының
талаптарына қайшы келетін жеңілдіктер алынып тасталды.
Заман талабы дейміз бе, жоқ табыс табудың жаңа жолдары дейміз
бе, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы сауда жасап жатқандар
электрондық алаңға көшсе, онда табыс салығын төлемейтін болады.
Жеңілдік алу үшін мәмілелерді электрондық нысанда рәсімдеу және
тауарлар үшін төлеу ақысын қолма-қол ақшасыз, төлеммен жүргізу
қажет. Тауарлардың электрондық саудасынан түсетін кірістер жылдық
жиынтық табыстың кем дегенде 90 пайызын құрауы тиіс. Бұл өз
кезегінде көлеңкелі экономиканы жүгендеп, халықтың табысын
заңдастыру мақсатында ойластырылған тетік. Бірақ қазіргі уақытта
облыс аумағында интернет-сауда жасаушылары әзірге тіркелмесе де,
қала кірісшілері түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Әсіресе, ауыл шаруашылық саласындағы ағайындарға үлкен
жеңілдіктер қарастырылған. Кодексте агросектордың мүддесі қорғалып,
шаруа (фермерлік) қожалықтары әлеуметтік салықтан босатылды.
Бұған қоса, бизнеске түсетін қаржылық ауыртпалықты жеңілдету
мақсатында әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 11 пайыздан 9,5
пайызға дейін төмендетілді. 2019 жылдан бастап құзырлы орган
салық төлеушілермен байланыс орнатуда қауіптерді басқару жүйесін
негізге алып, салық төлеушілерді бөлу және нәтижелерді салықтық
әкімшілендірудің әртүрлі сатыларында пайдалануға болатындығы
да жаңа кодекстің жаңа талаптары болып отыр.
Бала-шағасының нәпақасын есігінің алдындағы шағын дүкеннен
тауып отырған шағын және орта кәсіпкерліктегілерге де жеңілдіктер
қарастырылған жаңа заңнамада.
Бірінші кезекте Халық тұтынатын әлеуметтік тауарларды сатып,
табысын айырып отырған, соның ішінде алкогольді өнімдерді
сатушыларға бір жылға берілетін лицензиялық төлем жаңа кодекстің
талаптары бойынша жыл ішінде 4-ке бөліп төлеуге мүмкіндік
беріп отыр. Яғни әр үшінші айдың 25 күнінен (25 наурыздан, 25
маусымнан, 25 қыркүйектен, 25 желтоқсаннан) кешіктірмей, 60 125
теңгеден төлеуге болады. Бұл туралы жаңа кодекстің 558-бабында
нақтырақ жазылған.
Жан-жақты талдау, жауапты мекемелердің есебі мен мәліметтері,
құжаттары негізінде салық төлеушілер қауіп дәрежесіне қарай
төменгі, орташа және жоғары дәрежелі болып үшке бөлінеді. Сол
дәрежесіне қарай қадамдар жасалады. Мысалы, қаупі жоғары
санатқа жататындарға қадағалау қатаңдау болады. Яғни заңнамада
қарастырылған барлық бақылау тетіктері қолданылмақ. Салықтық
міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда бірден құзырлы
орган әрекетке көшеді. Орташаға кіретіндерге ескерту жасалып,
түсіндіру хаты жолданып отырады. Кездесу, семинар, дөңгелек үстел
сияқты жиындар өткізіледі. Жалпы айтқанда, әдеттегі әкімшілендіру
әдістері қолданылады. Ал қаупі төмен, құлықты кәсіпорындарға
салықтық тексерістер жүргізілмейді. Есеп беру, берешекті өтеу
мерзімдерін өзгерту түрінде жеңілдіктер жасалады. Яғни жаңа
кодекстегі горизонтальды мониторингке қатысу мүмкіндігі де
беріледі. Мұндай тізімге енгендерде қандай да бір уақытша
қиындықтар туындаса, оның кәсіпкерлік қызметін шектемеуге
заңнама жол ашып отыр.
Ал қазіргі таңда берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу тәсілдері
барлық салық төлеушілерге бірдей қолданылатын болады.
Осылайша, мемлекет ірі салық төлеушілермен жұмыс істеуде сенім
мен ашықтыққа негізделген мониторингке сенім артады. Арнайы
келісім жасайды, арадағы қатынас осы құжатпен реттеледі.
Негізінде бақылаудың бұл түрі алғаш рет қолға алынып отыр.
Мұндай бақылау 2005 жылы Нидерландыда енгізіліпті. Одан кейін
отыз мемлекет бұл бақылауды тиімді деп тауып, қабылдаған екен.
Жалпы жаңа кодекстің негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің
мүддесін қорғап, экономикамыздың түрлі секторларын ынталандыру.
Ерлібек зИКЕЕВ,
тараз қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы