Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата23.11.2018
өлшемі4,5 Mb.
#23731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6

//   «jambYl-taraz»  // №13  (1405), 14 aqpan  2018 jYl  //

ҚОғАм

Арайлым ШАБДЕноВА

Сандар сөйлейді

Қатерлі ісік ауруларының жағдайы бүгінгі таңда өзекті мәселелердің 

бірі  болып  тұр.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының 

қорытындысы бойынша жыл сайын жер шарында 10 миллионнан аса 

адам қатерлі ісік ауруына ұшыраса, оның 6 миллионнан астамы қайтыс 

болады. Обыр ауруына шалдығатындар саны әлем бойынша жыл 

санап өсіп келеді. Өкінішке орай, оның ішінде Қазақстан да бар. Өткен 

жылдың қорытындысы бойынша елімізде қатерлі ісікпен тіркеуде 

тұрғандар саны 35589 адамға жеткен. Жамбыл облысы бойынша 

бұл көрсеткіш 2017 жылы 1596 ауру бірінші рет есепке алынып,  

аурушаңдық көрсеткіші 143,0 құраса, 2016  жылы 1594 ауру есепке 

алынып, аурушаңдық көрсеткіші 142,9 құраған. Бұл көрсеткіштің 

жоғары болу себебі жоспарлы профилактикалық тексеру кезінде 

ауруларды ерте сатысында анықтау емхана деңгейінде дәрігерлердің 

онкологиялық сақтық дәрежесінің артуы.

Өлім көрсеткішіне келсек, республика бойынша өткен жылы 14820 

ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 84,7 

құраған. Жамбыл облысы бойынша өлім көрсеткіші 2017 жылы – 85,2. 

Өткен жылы өңірімізде қатерлі ісікпен ауыратын 1566  адам бірінші рет 

тіркеуге алынып, оның 58,3 пайызы сырқаттың I және  II сатысында 

екені анықталған. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақытылы 

алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Жалпы қатерлі ісіктен 

болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін аурудың алдын алу 

және ауруды ерте сатыда анықтау қажет.  Мәселен, өткен жылы сүт 

безінің қатерлі ісігін анықтау үшін қала бойынша барлық емханаларда 

9727 адам скринингтен өтсе, оның 1261-і, яғни 13 пайызынан патология 

анықталған. Ал жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша тексеруден 

өткен 9463 адамның 663-інде ауру белгілі болған. Аурудың алдын 

алуда емхана дәрігерлері бүгінде скринингтен өтуді әрбір азаматқа 

міндеттеліп отыр.



Скринингтен өттіңіз бе?

Скрининг – ауруларды және қауіпті факторларды ерте сатысында 

анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық 

тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және 

асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді. Скринингтен өту үшін әр 

адам тұрғылықты мекенжайына қарасты емханаға баруы тиіс. Өзіңіз 

тіркелген емханаға скринингтік тексеруден өткіңіз келетінін айтуыңыз 

керек. Егер сіздің жасыңыз 55-те болса, жатыр мойыншығы обыры мен 

тоқ және тік ішек қатерлі ісігіне тексеруден өте аласыз. Ол үшін дәрігерге 

дейінгі қабылдайтын кабинетте сізге 025-28/у карточкасын ашады және 

анкета толтырылады. Ары қарай қауіп факторын саралай отырып, сізді 

тексеріске жібереді. Мүгедектер мен басқа ауру адамдар үшін арнайы 

емханаларда көлік қарастырылады. Ол үшін бар болғаны мекенжайыңыз 

бойынша тіркелген емханаға хабарласуыңыз қажет. Скринингтік тексеру 

екі деңгейде қарастырылады: 17 жасқа дейінгі балалар мен 25 жастан 

бастап ересектер. Ересектер арасында жүрек-тамыр жүйесіне, қант 

диабеті, глаукома (көз ауруының түрі), С вирусты гепатитіне және жатыр 

мойыншығы обыры, сүт безінің қатерлі ісігі, тоқ және тік ішек қатерлі ісігі, 

бауыр қатерлі ісігі, асқазан қылтамағы сынды онкологиялық ауруларға 

скрининг жүргізіледі. Аурудың түріне байланысты скрининг екі жылда 

бір, кейбірі төрт жылда, бес жылда бір ұйымдастырылып жүзеге асады.

– Адамның ең қымбат қазынасы – денсаулығы, оған немқұрайлы 

қарауға болмайды. Бастысы, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн. Қатерлі 

ісікке тосқауыл қою үшін обырға әкеліп соғуы мүмкін деген ауруларды 

(предраковые заболевания) емдеу жұмысына аса көңіл аудару керек. 

Яғни емхана, дәрігерлік амбулатория жұмыстарын жандандыру маңызды.  

Мысалы, сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, тері, қалқан безі обырына әкеліп 

соғуы мүмкін деген ауруларды емдесе, ауру асқынбайды. Сондықтан 

әрбір адам емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға қаралған кезде 

әйелдер мен ерлерді қарау кабинетінен өткені жөн, осы тексеру кезінде 

қатерлі ісік ауруларын (әсіресе, көзге көрінетін) ерте сатыда анықтауға 

болады. Алдағы уақытта сүт безі қатерлі ісігіне 44191 әйел, жатыр мойны 

қатерлі ісігіне 57056 әйел, тоқ және тік ішек қатерлі ісігіне 48253 адамды 

скринингтік тексеруден өткізу жоспарланып отыр, – дейді облыстық 

онкология диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов.

ДЕНсАулыҚ



Жемқорлықтың алдын 

алу – ортақ іс

өзін-өзі тану – сауықтыру 

жұмыстарының кепілі

Сот отырыстарын 

аудио-бейнетаспаға жазу – 

заман талабы

 

„

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» 



Стратегиясында қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы 

мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы 

күресетін бір күш болуға тиіс екендігін, 

жемқорлық жай құқық бұзушылық 

емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген 

сенімді сетінететіндігін және ұлттық 

қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып 

саналатындығын атап көрсеткен еді.

 

„

өзін-өзі тану пәні – білім саласын 



руханиландыру мен ізгілендірудің бастауы. 

Сондай-ақ жыл сайын өзін-өзі тану пәніне әртүрлі 

пәндерді кіріктіру арқылы жас ұрпақты қоғамға 

бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға ретінде 

қалыптастыруға үлкен басымдық берілуде. 

 

„

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт 



жоспарындағы сот жүйесінің алдына 

қойылған негізгі міндеттердің бірі барлық 

сот процестерінде аудио және бейнежазбаға 

түсіру құрылғыларын қолдану болып 

табылады.  

ҚұҚыҚ


ТӘрБиЕ

100 НАҚТы ҚАДАм

Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап жемқорлыққа 

қарсы күресті күн тәртібінен түсірген емес. Жегі құртты 

ауыздықтауға  деген  ынтаның  мықтылығынан  болар, 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасында 

1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы 

Заңды алғашқылардың бірі болып қабылдап, қолданысқа 

енгізген  еді.  Содан  бері  еліміздегі  сыбайластыққа, 

парақорлыққа, жемқорлыққа қатысты қылмыстардың бәрі 

осы құжаттың негізінде реттеліп келді. 

Осы орайда, 2015 жылдың қараша айында көпшілікке 

ұсынылған  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

туралы»  Заңында  бұдан  бұрынғы  заңнамада  кеткен 

олқы тұстар түгел дерлік ескерілді. Бұл заңмен 2015-

2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегияның, Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталғанын 

да айта кеткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимылды реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда 

парақорлықты  жою,  жеке  және  заңды  тұлғалардың 

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге 

мемлекеттік  аппарат  пен  өзге  де  салаларда  сыбайлас 

жемқорлықтан туындайтын қатерлерден Қазақстанның 

ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отырғаны 

белгілі. 

Жалпы  Елбасы  сыбайлас  жемқорлықты  болдырмау, 

онымен барынша күресу тек қана құқық органдарының 

ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың міндеті және 

бұл бүкіл халықтық іс екендігін атап айтқан болатын. Бұл 

тұрғыда жоғарыда аталған заңның 22-бабында барлық 

мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік 

сектор субъектілері мен лауазымды адамдардың өз құзыреті 

шегінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылды 

жүргізуге  міндетті  екендігі  көрсетілсе,  23-бабында 

жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға 

қатысуы, яғни жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және 

өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгіленген тәртіппен шаралар қолданатындығы, әлеуметтік 

маңызды іс-шаралар ұйымдастыратындығы айқындалған.

Ал мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықпен 

қалай күресуі керек? Әрине, бұл жердегі мақсат жемқорлық 

көріністеріне ұрынған адамдарды құрықтап, жазалау емес, 

қазіргі таңдағы негізгі мәселе – кез келген мемлекеттік 

органдағы мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа 

қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуы 

үшін жасайтын іс-әрекеттері. Осы орайда, ең алдымен 

мемлекеттік қызметшілердің этикасына жүгінуіміз керек. 

Этика дегеніміздің өзі – әр адамның ішкі әдебі. Яғни кез 

келген мемлекеттік қызметші жемқорлыққа ұрынбас үшін 

өзінің ішкі әдебіне сүйенуі тиіс.

Екіншіден, қоғамның, халықтың, мемлекеттің алдындағы 

зор жауапкершілікті түсіну қажет.

Үшіншіден, әр адамның ар-абыройы, жеке басының 

намысы бірінші орында тұруы қажет.

Биылғы  жылғы  Елбасының  «Төртінші  өнеркәсіптік 

революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауының  тоғызыншы 

бағытында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі 

айтыла отырып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 

күрес жалғаса беретіні және осы бағытта көп жұмыстар іске 

асырылып жатқандығы көрсетілді. Бұл дегеніміз сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күресте бүкіл халықты жұмылдырудың 

нақты көрінісі болып отыр.

Ержан жоЛБАЙ,

тараз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік 

құқықтық бөлімше басшысы, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 

қалалық комиссия мүшесі             

Әсіресе, аталмыш пәнді дене тәрбиесі сабағымен байланыстырып өту 

арқылы салауатты өмір салтын ұстануда дене шынықтыру жаттығуларының, 

түрлі спорттық ойындардың маңызын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет ету 

құндылығының мәнін ашуға болады. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке 

бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны 

қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, 

білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлес қосуда педагогтардың 

еңбегі ұшан-теңіз. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене 

құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. 

Сондықтан бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – ең 

басты міндетіміз. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек 

және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың 

сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.



Әлия СЕЙДАХМЕтоВА,

№10 «наурыз» балабақшасының 

ІІ санатты дене шынықтыру нұсқаушысы

Қазақстан Республикасының соттары сот төрелігінің барынша 

ашықтығын  қамтамасыз  ету  үшін  санды  форматтағы  аудио 

және  бейнежазбаға  түсіру  құрылғыларымен  жабдықталған. 

Бес  институционалдық  реформаның  екінші  бағыты  заңның 

үстемдігін қамтамасыз етуге негізделгені баршаға белгілі. Яғни 

20-қадам бойынша барлық сот процестеріне бейне және таспаға 

жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Осы мақсатта 

Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотымен өткен жылы аудио-

бейнежазба құрылғысы арқылы 443 әкімшілік іс,  634 азаматтық 

іс, осы мерзім ішінде 81 қылмыстық іс қаралды. 



Руслан ӘБДІқҰЛоВ,

жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

ДЕРТТІң 

алДЫН алСа, ЕМ ҚоНаДЫ

 

„

Бүгінде аймақта 6663 адам 



онкодиспансерде есепте тұр екен. Көрсеткіш 

алдыңғы жылмен салыстырғанда 400 

адамға артқан. обыр ауруының үлес 

салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігімен 

ауыратындар саны 12,3 пайызды көрсетсе, 

өкпе обыры – 12,1 пайыз, тері аурулары 

бойынша ауыратындар саны – 9,9 пайыз. 

Мамандардың сөзінше, бұл дерттің 

асқынуына  тұрғындар өздері кінәлі. Себебі 

уақытылы скринингтен өтпейді.


жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау