Нормативтік сілтемелер


Әдеби сынның дамуы және оның идеялық-көркемдік дәрежесі



жүктеу 229,61 Kb.
бет7/15
Дата06.06.2023
өлшемі229,61 Kb.
#42903
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Отыншы Айкүміс Нұрланқызы

2.2 Әдеби сынның дамуы және оның идеялық-көркемдік дәрежесі
Партияның сын саласындағы саясаты КПСС Орталық Комитетініц «Әдеби-көркем сын туралы» (1972) арнаулы қаулысында да айқын тұжырымдалды.
Әдеби сынның дамуы және оның идеялық-көркемдік дәрежесінің биік болуы — әдебиетті дамытудың және оны жаңа дәуір талаптарына байланысты жетілдірудің бірден-бір шарты.
Ең бастысы — сын еңбектердің идеялық-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық арасында кеңінен насихаттап отыруына кең жол ашылды. Сын кітаптары, жинақтар көптеп шыға бастады. Соңғы жылдардың өзінде М. Қаратаевтың «Революция рухымен», Р.Бердібаевтың «Ғасырлар толғауы», Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты», 3.Қабдоловтың «Жебе», X.Сүйіншәлиевтің «Саңлақтар сарабы», Т.Тоқбергеновтің «Үш тоғыс», Ә.Нағметовтың «Адам және қоғам», С.Оразалиновтің «Шындық және көркемдік шешім», т. б. көптеген сын кітаптары мен әдеби зерттеулердің жарық көруі — бұған айқын дәлел. Аға жазушылардың өз тәжірибесі және қаламдас жолдастарының шығармалары туралы және жалпы жазушылық өнер тұрғысындағы ойларының жинақталып басылуы (Ғ. Мүстафиннің «Ой әуендері», Ә. Нүрпейісовтің «Жүрегі толы жыр еді» атты кітаптары) да әдеби ой-пікірдің дамуына қосылған елеулі үлес болып табылады. Сын жайындағы қаулыдан кейін «Жазушы» баспасы «Уақыт және қаламгер» атты сын мақалалар жинағын жыл сайын жариялап келеді. Бұлардың бетінде аға сыншылардың ецбектерімен қатар, жазушылық лаборатория мәселелері де, жас сын-шылардың мақалалары да көбірек орын ала бастады. Мұның үстіне күнделікті баспасөзде сынға берілетін орынның молайғанын ескерсек, әдеби сынды дамыту ісіне соңғы жылдар ішінде елеулі көңіл бөлінгені дау тудырмайды.
Мұхамеджан Қаратаевтың ұзақ жылдық сыншылық еңбегін, әдебиеттің осы бір қиын жанрында тынымсыз бейнеттеніп келе жатқанын еске алғанда, сыншы еңбегін құрметтеудің қажеттігі қайта бір ойға түскендей болады. Алғашқы мақаласын 1933 жылы («Қызыл ат»және социалистік реализм») жариялаған Мұхамеджан содан бергі 46 жылдық творчестволық жолын түгелдей қазақ совет әдебиетінің осы дәуір ішіндегі дамуының маңызды мәселелерін қарастыруға, жеке жазушылар мен шығармалардың әдеби процестегі орнын анықтауға,сол арқылы әдебиеттің қоғамдық, партиялық міндетін жауынгерлікпен орындауына ат салысуға арнады. Осы жылдар ішіндегі сыннын әдебиеттің дербес жанры болып қалыптасуына, Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туып, есеюіне М. Қаратаев аса мол үлес косты. Әдебиеттік және мәдени мәні бар шаралардың сыншы-ғалым араласпай, тыс қалғаны кемде-кем болар. Ол талай әдеби дискуссияларға қатысты, өз ойын, пікірін айтты, әдебиеттің партиялық, халықтық принциптерін батыл қорғады. Әдебиеттің осындай қиын жүгін ұзақ көтеріскен сыншының біреуге ұнап, біреуге ұнамай, бірде қуанып, бірде ренжіп жүрген шақтары да аз болмағаны жасырын емес.
М. Қаратаев — әдебиет жаңалықтарын әрқашан зер салып қарап, оны белсенді қолдап отыратын елгезек сыншы. С. Мұратбеков, Ш. Мұртазаев, Қ. Баянбаев кітаптары жайлы ойлары мен жас ақындардың «Қанат қақты» атты жинағына жазған рецензиясында ол әдебиетіміздің жас күштеріне қамқорлықпен қарайды. Олардың сәтті ізденістеріне қуаныш білдіріп, ағат кеткен жерлеріне сын ескертпелер жасайды. Әдебиеттегі көркемдік пен талғам туралы ойларын ортаға салады. Сыншының ән текстері жайлы мақаласында да сыншылдық ойлар, ағалық ақыл аз емес [44].
Р. Бердібаевтың сыншылық өнері оның әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдық еңбегімен тығыз байланысты. Оның бүгінгі әдеби процестің актуальды проблемаларын қозғайтын еңбектері дәуір талабына құлақ ас-қыш, сезімтал, сергек сыншының заман легінің маңызды буындарын баса білетін талапшыл, іскер кабілетін танытуымен ғана емес, зерттеушіге лайық байсалды ой-пікірлерімен де бағалы. Әдебиет тарихының әрі-берісін жақсы білетін ғалым бүгінгі әдеби фактіні бөлек күйінде емес, тарихи даму процесімен байланысты көрсетуге. ұмтылады. Сөйтіп жеке жазушының, не шығарманың тағдырын, табыстарын тарихи ізденістің жүйесінде қа-растырады. Рахманқұлдың сыншылдық, ғалымдық өнерінің бірін-бірі толықтырып отыратын осындай сыпаты оның «Ғасырлар толғауы» атты еңбегін оқығанда да анық көзге түседі.
«Ғасырлар толғауы»— бүгінгі әдеби білімі молайған, таланты жетілген, көзқарасы толысқан, «заманмен аяқты тең басып» келе жатқан ғалым-сыншының бейнесін толық таныта аларлық еңбек деп білемін. Оны оқу үстінде ең алдымен байқалатыны Р. Бердібаевтың әдеби-творчестволық ізденісі, өрісінің кеңдігі, ауқымының молдығы. Оны біздің халқымыздың елдік, ұлттық қасиеттерінің қалыптасу жолы, ұлттық ой-пікірдің дамуы, мәдениеттің кемелдену жолдары қызықтырады. «Ілияс туралы бірер сөз» атты мақаласын Ғ.Мұстафин ақын және дәуір деген мәселеге құрады «Егін, шөп сияқты әдебиеттің де шығымды не шығымсыз жылдары бар,— дейді ол.— Әдебиетті жазушы жасаса, жазушыны талант жасайды. Талант бап талғайды, бабы табылмаса, толықпай жатып солады, не өзінен зорға соқтығып өледі.
Жазушылық ізденісте Ғ. Мұстафин ой мен көркем сөзге ерекше мән береді. Жазушы еңбегінің санымен емес, сапасымен өлшенетінін айта келіп ол: «сапа дегенім ой мен тіл. Ойы мешеу, тілі доғал шығарма өктесең .де оқушының көмейінен етпейді. Ойы жоғары, тілі алғыр шығарма қашан да естен кетпейді»,— деп жазады.
Бұл айтылғандар жазушы мақалалары әдебиет тану, әдебиет сыны үшін ғана емес, жалпы әдебиет сүйгіш, заман үніне құлақ тосқыш, ізденімпаз қауым үшін де пайдалы еңбектер екенін дәлелдейді. Мұнда өмірлік тәжірибесі мол қарт жазушының даналық ойлары мен өсиет-өнегелері жинақталған.
«Уақыт және қаламгердің» алғашқы кітаптары қазақ әдебиеті сынының партия талабына іспен жауап беруге ұмтылған ізденістерін танытады. Оларға кірген "қалаларда, негізінен, бүгінгі әдебиеттің даму проблемалары: әдебиеттің өмірмен байланысының артуы, Соңғы жылдар ішіндегі әдеби жанрлардың дамуы мен ондағы жаңаша ізденістер, көрнекті қаламгерлердің творчестволық портреттері де әдебиет проблемаларымен тығыз байланыста алынады. Бір нәрсенің басы айқын қай мақаланы оқысаңыз да, ондағы негізгі пікірлер әдебиеттің дамуына деген жанашыр жақсы тілектен туады.
Жинақты шығаруға казақ әдебиетшілерінің мол тобы қатысып жүр. Олардың ішінде творчестволық тәжірибесі мен әріптестері еңбектерін оқу үстінде туған пайдалы ойларын бөліскен белгілі ақын-жазушылар да, бүгінгі әдеби процестің дамуын қадағалап, ол жайлы жүйелі зерттеу жазып жүрген ғалымдар да, жеке жанр-лардың дамуына арналған шолулар мен накты бір адамның портреттік мақалаларын жазған сыншылар да кездеседі. Соңғы жылдар ішінде көрінген жас сыншылардың ой-пікірлері аға сыншылардың олқысын толтырып, тұтас әдеби сынның даусын әлсіретпеуге қызмет етіп тұр [45].
Әбділда Тәжібаев пен Сырбай Мәуленов өз ойларын бүгінгі поэзияның даму фактілерімен байланыстыра айтады. Поэзия тарландарының өлең өнерін тануы, тұшынуы, оған қоятын талаптары да поэзияның жас күштері үшін үлкен ғибрат. Әбділда қазіргі дәуірдегі қазақ лирикасының толысуы, оның әлеуметтік мәні өскенін, тақырыптық байығанын әңгімелей отырып, бүгінгі ақынның интеллектуалдық биікке көтерілген жаңа кейпін көреді. «Бүгінгі жақсы лирикалардан сан алуан құбылыс, сан алуан суреттерді, портрет, мінездерді байқаймыз. Ақын туған анасын айтсын, туған баласын айтсын, бәрімізге ортақ, бәрімізге ұғымды күйде айтады. Қоғамшыл, бауырмал, аямпаз махаббатты ақын жанына жақпаған құбылыстар үшін күйіп-пісіп те қалады. Жаңа ғана жадырап тұрған күн көзін лезде ашу, кек, жалын басады. Ондай тұста барлық улы, уытты айыптаушы мен қорғаушының сөзін ақын ғана айтады. Соның бәрін жақсылыққа сүйіп, жамандықтан жиіркенгендіктен айтады. Әсемдік, бақыттылық бұзылмасыншы, ештеңе бүлінбесінші дегендіктен айтады»,— дейді ол. Ақын-сыншы бүгінгі лирикамызда осындай нышандардың молайғанын мақтаныш етеді. Сонымен қатар ол бүгінгі ақындар назарын оқушының азаматтық, патриоттық санасын жетілдіруге аударады, классикалық поэзия үлгілерін аударуды жақсарту, поэзия сынының идеялық-теориялық дәрежесін көтеру мәселелерін қозғайды.
Тәкен Әлімқұловтың бүгінгі әдебиеттің кейіпкері жайлы, көркем тіл туралы ой-толғауларында да көңіл аударар, әрбір қаламгерге сабақ болар қызғылықты пікірлер мол.Алғашқы кітаптардың белсенді авторлары қатарында М.Қаратаев, Ш.Елеукенов, М.Хамраев, П.Косенко, Т.Тоқбергенов, Н.Ровенский, А.Нысаналин, т.б. әр ұрпақ және әр ұлт әдебиеті сыншыларының өкілдері бар. М Қаратаев «Жазушы және бесжылдық» атты мақаласында қазақ әдебиеті туындыларын тоғызыншы бесжылдықтың міндеттері тұрғысынан қарап бағалайды [46].
Қандай да болмасын, әдебиет тақыр жерге өспейді, "жаңашылдық та көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйенеді, соны жаңа дәуір талабына лайық дамытудан, тың ізденістен туады. Талант көзі дәстүрге сүйенсе ғана ашылады, содан кейін ғана жазушының өз ізденісімен кеңейеді, толысады. Бірақ бұл өзі толысқан талант кешегісін, алдыңғы өнегесін ұмы-тып кетеді деген сөз емес. Әрқашан аға ұрпақ тәжірибесіне көз жүгіртіп отырған талант одан жаңа бір тұрғыда қарастыруды күтіп тұрған ойлар табады, бұрын көтерген мәселелерді жаңаша оқиды, соны бүгінгі заман шындығы тұрғысынан қайта ашады. Ағалар тәжірибесінде творчестволық өнегемен қатар, адамдық, азаматтық мінездердің де үлгі боларлық, үйренерлік, ғибрат тұтарлық сипаттары аз емес. Жинақтағы дәстүр туралы әңгіменің осы жүйеде басталуы аса орынды болған. Әдебиетіміздің бүгінгі ақсақалы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов дәстүр мен жаңашылдық туралы сөзді өзі көрген, істес болған аға ұрпақтың өнегелі өмірі мен творчествосы жайлы әңгімеден бастапты. Ол қазақ совет әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сияқты «алыптар тобы» (Ғабит сөзі) тудырған жаңа әдеби дәстүр туралы әңгімелейді. Осы жазушылар творчествосының өмірмен байланысы, әдебиетке жанашырлығы мен әдеби туындыға талап қоя білгіштігі, жастарды әдебиетке баулудағы үлгілі істері, тіпті жолдастық қарым-қатынастары мен дастарқандас болу өнегесіне дейін бүгінгі ұрпаққа тағылым боларлық жайларына назар аударады.Сөз соңында Ғабең өзінің жазушылық тәжірибесіне тоқтап, жас қаламгерлерге өмір құбылысына үңіле білудің, керкемдік жолындағы ізденістердің сырын шертеді. Бүгінгі аға ұрпақтың өкілдері саусақпен санарлық болып қалған, негізгі салмақ жастар мойнына түскен әдебиетіміз үшін мұндай тәжірибе тағ-лымы керектігі тіптен дау тудырмайды. Осы үлгідегі сөздерді «тәжірибесабағы немесе дәстүр тағылымы» деп топтап, жинақты құрастырушы оған жазушылардың өз тәжірбиесі жайлыйларын да, творчрстволық ақыл-кеңесін де, бүгін әдебиет туралы байқауларын да кіргізген [47].
Жинақтағы мақалалардың негізгі объектісі — бүгінгі әдебиет. Тәжірибелі аға жазушылар да, аты белгілі сыншылар да негізінен жастар творчествосын сөз етеді, олардың ізденіс беталысын бағдарлайды, қапы кеткен жерлеріне ағалық қамқорлықпен ескертпе жасайды. К. Ахметованың өлеңдерін талдаған Ә. Тәжібаевтың бугінгі поэзиядағы заман пафосы, азаматтық, отан сүйгіштік идеялардың жырлануы, сюжетті жырларды молайту жайлы ойларға құрылған М.Әлімбаевтың жастар творчествосының негізгі даму бағыты мен оған қамқорлық жасаудағы «Жалын» баспасының қызметі мен міндеттері жайлы Ш.Елеукеновтің Жазушылар одағының жастармен жұмысына қатысты және жаңа кітаптар жайлы біраз тың пікірлер айтқан Ш. Мұртазаевтың мақалалары да қызықты. Соңғы жылдар әдебиетінің проза саласындағы ізденстерін, әсіресе жас прозаиктердің табысты енбегін тануда М. Серғалиевтің, М. Сқақбаевтың, Ж.Дәдебаевтың, Б. Ыбырайымовтың, Ә. Бөпежанованың, Т. Мәмесейтовтің, Т.Сыдықовтың маалаларының едеуір маңызы бар Олар бірін-бірі қайталамай, бүгінгі әдеби порцесті әр жағынан келіп талдайды. М. Сқақбаев пен Ж. Дәдебаев мақалаларында жазушының дүние танымы мен, авторлық концепциясы, қоғамға лайық қаһармандар әрекетін бейнелеу проблемалары қозғалса, М. Серғалиев прозадағы еңбек адамының образын жасау жолындағы ізденістерді шолады, Б. Ыбырайымов ауыл өміріне арналған шығармаларды талдаса, Т. Сыдықов образ жасаудағы психологиялық шеберлікке назар аударады. Ә.Бөпежанова жетпісінші жылдар прозасындағы әйелдер бейнесі хақындағы ойларын бөліседі. Соңғы жылдар әдебиеті дамуының проблемаларын осылай әр тұрғыда қарастырған мақалалар тұтас күйінде әдеби процесс пен оның жаңалықтары, жас прозаиктердің табысты беталысы туралы мол мәлімет береді және ғылымдық мәні бар түйіндер жасайды [48].
Бұл тұрғыда мен Ж. Дәдебаевтың «Дүние таным және әрекет» атты мақаласын беліп атауды жөн көремін.
Поэзия сыны жайында ой толғаған А. Егеубаев пен жас ақындардың түңғыш кітаптарын талдаған Т. Рахимов мақалалары да тартымды жазылған. Алайда поэзияға арналған мақалаларда ақынның творчестволық келбетіне тұтастықпен қарау жетіспейді, жеке бір ақындық жетістіктермен қанағаттанып, сонымен шектеліп қалушылық байқалады. Ақынды жеке өлеңмен емес, ақындық өмірбаянның байлығымен өлшеу жағын ойласу қажет.
Әдебиет өмірді зерттеуші болса, сын әдеби процесті, ондағы жаңалықты зерттейді. Бұл жолда оған қойылар талап көп. Шығарма шындығын өмір шындығымен салыстыра карау, оның идеялық көркемдік мәні, шығармадан туатын философиялық және эстетикалық үлгі, әсерді ашу — сынның міндеті.
Сәкен есімі қазақ халқының сүйікті ұлдарының қатарынан құрметті орын алады. Бүгін ол туған халқының мақтан тұтар ұлттык батырларының, аты аңызға айналған қаһармандарының бірі болып отыр. Жиырмадан жаңа асқан шағында Сәкен аты ел аузына аңыз болып ілікті. Халықты езгіге қарсы күреске үндеген отты жырларымен, революциялық жиындардағы жалынды сөздерімен, өзінің сол бір арпалыстың от-жалынында кешкен азапты да ерлікке толы өмір жолымен, одан кейінгі жас Қазақ Үкіметінің басындағы жетекшілік қызметімен оның аты ерте шықты. Ол өткен жолдың шындығының өзі аңызға пара-пар еді. Атаман Анненковтың азап вагоны мен Колчактың тұтқын лагерінен қашып құтылып, қараңғы түнекке қарсы қажымай қайта күреске шыққан адамның ерлігінің өзі аңыз боп тарады. Оны халық отқа салса күймейтін, суға салса батпаитын, қылыш кеспейтін, оқ өтпейтін, тілдессе сезден жеңілмейтін батыр, шенендердің бірі санады. Мұның бәріне Сәкеннің ғажайып ерлікке толы азаматтық өмірі, ақындық еңбегі, езінің жеке басының сүйкімділігі себеп болғаны даусыз.
Сәкен — тарихи дәуірдің ақыны. Оның өмірі де, шығармалары да әлеуметтік күрес тарихымен тығыз байланысты. Бүкіл Сәкен творчествосы осыған мысал. Әсіресе бұл «Тар жол, тайғақ кешуде», «Көкшетауда», «Қызыл атта» анық танылады.
Өзінің идеялық батылдығымен, көркемдік жаңалықтарымен Сәкен кітаптары кезінде әртүрлі пікір тудырып, айтыс.тартыстың объектісі болған. «Асау тұлпар», «Советстан», «Тар жол, тайғақ кешу», «Қызыл сұңқарлар», «Қызыл ат» туралы дискуссиялар бұған дәлел. Ақын өзі осы айтыстарға қатысып, өз шығармасының идеялық-көркемдік позициясын қорғаған. Романитикалық сарындағы махаббат жырлары — «Акқудың айырылысуы» мен «Лашын әңгімесі», өмір сүйгіштікті уағыздайтын «Ақсақ киік» пен «Сыр сандықтың» өзі — бір сала. Сәкен өмірдің әсемдігін сүйді. Оның аққуы да киігі де сол әсемдіктің бейнесі. Оларға қарсы оқ ату — өмірге, әсемдікке, жарасымды жарқын тіршілікке қарсы оқ атумен бірдей. Сұлулықты ардақтауға, гуманистік сезімталдыққа үндейтін ақын жырлары өмірге шексіз құштар, нәзік жанды, бауырмал ақынның өз образын да танытады.
Тұңғышқа артылатын тағы бір міндет — соңынаи ерген жас ұрпаққа ағалық көрсету еді. Бұл жағын да Сәкен абыроймен атқарды. Ол өзінің маңына әдеби күштерді топтады, олардың өсуіне, ізденуіне, оқуына көмектесті, жағдай жасады. Кезінде ол Орынборда шығатын «Еңбекші қазаққа» жауапты хатшы етіп Қостанайдан Бейімбет Майлинді шақырып алды. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің рабфакта оқуына көмектесіп, оларға өз пәтерінің бір бөлмесін беріп қойғанын аталған жазушылардың өздері талай айтқан. 20-жылдары әдебиетке келген Асқар Тоқмағанбетов, Жақан Сыздықов, Мәжит Дәулетбаев, Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Сағыр Қамалов, Әбділда Тәжібаев, Қажым Жұмалиев, Ғали Орманов, Елжас Бекенов, т.б. ақын-жазушылардың барлығы да Сәкеннің кең қолтығының астынан шықты. Ол ұзақ жылдар қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында сабақ бере жүріп, қазақ әдебиетшілерінің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Жоғары тізімде аталғандардың бір қатары оның алдынан шәкірттік тәлім алды. Бұл тізімді отызыншы жылдары М. Қаратаев, Б. Шалабаев, Е. Исмаилов, Қ. Бекхожин т. б. жалғастырды. С. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ж. Саин т. б. бірталай қаламгерлердің алғашқы кітаптары Сәкен көмегімен жарық көрді [49].
Ол туысқан халықтар әдебиеттері ынтымақтастығының басында тұрды. Аға ұрпақтың достық жалғастығын бастады. Сәкеннің Маяковскиймен кездескенін, Хамза Хакимзаде Ниязимен, Ғалымжан Ибрагимовпен дос болғанын замандастары айтады. Аялы Тоқамбаев Орта Азия университетінде Сәкеннен лекция тыңдағанын, оның үлгісімен өлеңдер жазып, ол басқарған үйірмеге қатысқанын мақтан тұтады. Мұндай пікірді Ж.Аймырзаев та жазған. Сәкенмен достығын мақтан тұтқан пікірлерді кезінде Л. Соболев те, Г. Серебрякова да айтқан. Ұлттық жіктелушіліктің шекарасы бұзылып. Совет жазушыларының біртұтас одағы құрылып, туысқандық байланысқа жол енді ашылған кезде арамыздан кеткен Сәкен істеп үлгермеген істер әлі де көп. Оны кейінгі ұрпақ істеп жатыр. Біз үшін Сәкеннің сондай ұлы туысқандықтың басында тұрғаны қымбат. Сәкенге біреудің сыртынан ғайбат айтып келу мүмкін еместігін, Сәкеннің оны шақырып алып, бетіне басатынын тұстастарының көбі-ақ айтқан. Өзі де, өмірі де таза, жаны сұлу, сезімі мөлдір адам пендешілік кылықтардан биік тұрды. Бүгінгі замандастарымыз бойынан кейбір ұнамсыз мінездерді көріп қалганда. Сәкен өнегесі әрқашан өлмейтініне көзің жеткендей болады.
Сәкен өмірі мен ісі, еңбегі бүгін тарихтың үлесіне тиді. Ол жөнінде талай зерттеулер жазылды. Коғамдық-революциялық жолы, өмірі, еңбектері жан-жақты талданды, әлі де ол туралы талай кітаптар жазылары даусыз. Ардагер ақын, азаматтың өмірі туралы. көркем шығармалар да көптеп тууда. Сәкеннің әдеби бейнесін жасау, оның туған, өскен ортасын, революциялық еңбегін суреттеу, сол арқылы жарқын адамдық сипатын, ерлікке толы өмірін ашу — қазақтың бүгінгі әдебиетінің басты тақырыбы болып отыр. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожин, Ә.Әбішев, Қ.Сатыбалдин, С.Талжанов т. б. қаламгерлер бұл тақырыпқа кептеген шығармалар жазды. Сәкенге арнап жазылған өлеңдер тіпті көп. Сәкен туралы «Тамаша адамдар өмірі» сериясында кітап басылды. Аз жылдың ішінде Сәкен тақырыбына осылай бет бұрып, күрделі еңбектер туғызудың өзі Сәкен есімінің қазақ халқы үшін қаншалықты қымбат екенін, оның әдеби бейнесін тұлғалаудың маңызын аша түседі [50].
Әуезов романдарынын композициясы, стилі де бірін - бірі қайталамайды. Бір ізбен созыла беретін, бірінен - бірі айырғысыз қазіргі кейбір көп томдық шығармалаға қарама-қарсы жазушы әрбір роман құрылысын негізгі қаһарманының жан дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін пайдаланады. Егер бірінші кітаптан біз жас Абайдың ел тіршілігімен араласа келе ашылуын, ол қызықтаған жастықтьщ романтикасын танысақ, екінші кітап ойында Абай кітапқа, ойшылдыққа, ақындыққа бет бұрады. Мұндай алтыбақанның орнын түнгі боран мен дау-тартыс басады. Ал, үшінші кітап Абайдың өз табынан кетуін, туыс-бауырларды жатақтар, кедейлер ішінен тауып, өз ағайындарымен, зорлықшыларымен аяусыз күреске шығуын бейнелейді. Тертінші кітапта Абай күресі қалаға ауысады. Ол қаладағы чиновниктермен, патша адамдарымен, мешітпен ашық күреске шығады. Жазушы осы арқылы Абайдың өз басының күрескерлігіне қоса, оның жолының кейінгі жастар ішінен, кедей-жатақтар ортасынан қолдау тауып, үлкен қоғамдық күшке айнала бастағанын көрсетеді. Осыған орай соңғы романдарда стиль өзгеріп Абай қолданған пікір таласына, насихат-үгіт үлгісіне ауысады. Халықтық шешендік, публицистика көбірек орын алады.
Романда жазушы өзі суреттеп отырған дәуірдің қоғамдық мәні бар бірде бір уақиғасын қағас қалдырмай, шындықты кең қамтыды. Олардың бүгіндік қана емес, ертеңгі күйіне көз салды. Оның образдарының бәрі де бір күйдегі тіршілікпен емес, жанды әрекет үстінде ашылады. Ең бастысы — Ұлы Абай өзінің бар болмысымен, тұлғасымен көрінген. Шығарма бізді оның өміріне қоса, бүкіл творчествосымен, әр шығармасының туу жолымен таныстырады [51].
«Абай жолы» эпопеясының табысы М. Әуезовтің жазушылық тәжірибесінің бүкіл дүние жүзілік мәдениет мұрасы мен орыстың классикалық әдебиеті дәстүрін толық игеріп, оны өзінің туған әдебиеті дәстүрімен жан-жақты байланыстыра алуымен тығыз байланысты. Жазушы творчествосына еткен сыртқы әдеби әсерді «ол ана жазушыдан ананы алды, мына жазушыдан мынаны алды» дейтін схемамен түсіндіру тіпті қиын.
Мұхтар көп нәрсеге бас болды, тыңнан жол салды. Көне сүрлеумен жүре беруді ол мақсат тұтқан жоқ. Дүниежүзілік әдебиеттің биік үлгілері тұрғысынан ізденді. «Абай жолы»— осының мысалы. «Абай жолынан» кейін ол жеті жылдық жоспардың әр жылы уақиғасына арнап бір романнан жазбақ боп (барлығы жеті романнан тұратын цикл) жоспарлады. Онда Абайдан кейінп ұрпақтың бүгінгі күнге дейінгі өмірін суреттеуді ниет етті. Мұның өзі де сондай бір кесек ойдың ұшқыны еді. «Өскен өркенді» ол сол романдар сериясының соңғы, кітабы болады деп санады [52].
«Өскен өркен» арқылы Мұхтар қазақ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкерлер туралы бұрынғы ұғымды түгелімен жаңартты деп бағдарлады.
Мұхтар көрсеткен бұл мінездер біздің әдебиетімізде 60-жылдар ішінде туған жаңа адамдарға тән еді. Ол осыны танып бейнеледі. «Өскен өркеннің» кейіпкерлері — бүкіл партиялық, адамгершілік сипаттарын бойына жинаған терең білімді, өмірді жақсы білетін, бүгінгі күннің қажырлы азаматтары. Олардың іс-әрекетінің өлшеуіші де қызметтік міндет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен адамдық борышы. Нил Қарпов, Алмасбек Жайлыбеков, Әсия т. б. кейіпкерлердің бәрін жазушы осы жүйеде әдемі көрсеткен.
Классикалық туындылардың мәңгі өлмейтінін, бүгінгіше естілетінін М. Әуезовтің «Еңлік — Кебек» атты пьесасынан көреміз. 1957 жылы осы пьеса кезекті жаңартудан өтіп, Қазақтың Академиялық драма театрының сахнасында қайтадан қойылды. Оның қойылуы — театр үшін де, ертеректе жазған дүниелерін таланты толысқан кезде жаңа көзбен қарап жөндеп жүрген жазушы үшін де.сүйікті спектаклінен көп жыл көз жазып қалған көрермен үшін де үлкен бір мерекедей болып өтіп еді. Редакция тапсырмасымен (мен ол кезде «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеуші ем) мен оның екі күнгі премьерасына да, оның алдындағы қабылдауына да қатысады [53].
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі — Сәбит Мұқанов үлкен жазушылығымен бірге қазақ тарихы мен әдебиеті саласында мол еңбек қалдырған ғалым және ұстаз еді. 1938—1941 жылдар арасында Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында лекция оқыған және аспиранттардың ғылыми жұмысын басқарған Сәбит алдынан шәкірттердің бірқатары өтті. Оған жазушының әдеби және ғылыми еңбектерін оқып, тәрбие алған қазақ мәдениетінің қайраткерлерін, қалың оқырман қауымды қоссақ, Сәбит шәкірттерінің қатары молая түседі.
Әдебиет тарихы мен олардың көрнекті өкілдері жайлы зерттеулерін Сәбит кейін де жалғастырды. Бұл тұрғыдағы ғалымның аса үлкен еңбегі «Жарқын жүлдыздар» (1964) атты кітабы болып табылады. Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев пен тұңғыш демократ ғалым Шоқан Уәлиханов туралы екі ғылыми очерктен тұратын бұл еңбегінде Сәбит мәдениетіміздің осы екі үлкен қайраткері туралы көпжылдық зерттеулерін жинақтады деп өз ой-топшылауын айтты. Шоқан өміріне қатысты тың деректерді жинап, пайдалана білуде «Жарқын жұлдыздар» Сәбит зерттеулерінің биік үлгісі болып саналады. Бұл еңбегі үшін кезінде авторға Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді [54].
Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар Әбішевтің шығармалары совет адамдарының отан сүйгіштік сезімдерін, еңбектегі және майдандағы ерлік істерін суреттеуге арналды. Майдан өмірінен ол «Саржан», «Төлеген Тоқтаров», «Қек деп ұшқан оқ» атты әңгіме-повестер жазды. Бұларда -советтік патриотизмнің жеңісі, жауынгерлердің ұрыстағы уақиғалары көрсетілді. Әсіресе, автор Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың ерлік бейнесінің қалыптасу жолын, оның азаматтық, ерлік сыпатын тәп-тәуір суреттеді. Тылдағы еңбек адамдарының ерлігін бейнелейтін материалдарды Әлжаппар өзіне таныс Қарағанды шахтерлерінің ортасынан іздеді. Бұл тұрғыда оның «Қарағанды қарттың сыры», «Жер астындағы майдан», «Шахтерларға саяхат», т. б. әңгіме-очерктерінің сдәуір манызы бар. Бұларда да жазушы адам тағдырына көңіл бөліп, олардың арасындағы жаңаша қарым- қатынастардың сыпаттарын көрсетті.
Осы жолмен жазушы үлкен прозаға бет түзеді. 1939—1940 жылдары «Әдебиет және искусство» журналында оның «Достар» деген романының үзінділері жарияланған еді. Бірақ тұтас күйінде роман басылмады. Жазушының бұл саладағы алғашқы елеулі еңбегі соғыстың аяқ кезін ала жарық көрген «Жас түлектер» (1945) романы [55].
Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, бұл романда Әлжаппар советтік шындық жағдайында өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің соғыстың алдындағы және соғыс кезіндегі өмірін суреттейді.
Соғыстан кейінгі дәуірде де Әлжаппар қоғамдық дамудың міндеттері алға қойған мәселелерге қызу үн қоса отырып, «Үлкен жолда» (1949) атты повесть пен «Сахара сәулеті» (1956) атты роман жариялады. Бұларда бейбіт еңбектің кекейкесті мәселелеріне назар аударылды. Совет адамдарының табиғатты игеру жолындағы қажырлы күресі, Мойынқұм, Бетпақдала сияқты жерлерде мал шаруашылығын еркендетудің жағдайлары, ауыл мәдениетін қаланың дәрежесіне көтеру шаралары, осы жолдағы партияның басшылық еңбегі — аталған шығармалардың өзекті проблемалары болып табылады. Қөркемдік ізденістерінің ала-құлалығын еске салған кейбір сындар бола тұрса да, бұл шығармалар-жазушының біздің бүгінгі өміріміздің мәселелері жайлы мол ой түйіп, үнемі толғаныс үстінде жүретінін дәлелдеді.
Әлжаппардың тарихи тақырыпқа жазған прозалық шығармаларынан оның «Терең тамырлар» (1952 «Найзағай» (1975), «Жаралы Сұңқар» (1978) роман-повестерін атауға болады. Мұның алдыңғысы Қазақстандағы революциялық күрес дәуірінің шындығына негізделеді де, шетел интервенттері мен ақгвардияшылар үстемдігі кезіндегі қазақ еңбекшілерінің партизандық қозғалысы жайларын әңгімелейді. Автор Совет өкіметін қорғау жолындағы халықтық күштің шынығуын суреттей отырып, әр салада ұласып табысқан үстем тап өкілдерінің жауыздық іс әрекеттерін кең ашып көрсетеді. - Кәріпжан, Максим, Айқын, Кәрібоз, Тастан, Шернияз, Назгүл бейнелері, солардың іс-әрекет тартысы — повесть сюже-тін дамытатын негізгі күш болып табылады [56].
«Найзағай» романы — қазақтың белгілі әнші-композиторы Мәдидің өміріне арналған. Автор беймезгіл заманда туып, өмір кешкен творчество адамының трагедиялық күйін әділетсіз заманмен қайшылықта көрсетеді. Бірақ оның осы тектес өнер адамдары өмірін суреттеген шығармалардан айырмасы бар. Автор Мәдиді ең алдымен заманның әділетсіздігіне қарсы ерлікпен бас көтерген өз дәуірінің батыры, халық қамқоры ретінде керсете-ді. Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар «Қырағылық», Шамыс гвардиясы» (М. Әуезовпен бірігіп жазған) аты пьесалар жазды. Бұлар да дәуірдің күн тәртібіне ойып отырған маңызды мәселелеріне үн қосу тілегінен ауған дүниелер. Әсіресе, панфиловшылардың Москва түбіндегі ерлігі уақиғаларын суреттейтін «Намыс гвардиясы» өз дәуірінің шындығын нақтылықпен көрсеткен, қазақстандық жауынгерлердің патриоттық сезімін, содан туған рлік істерін насихаттаған патетикалық кетеріңкі стильдегі туынды болып табылады. Онда қазақстандық жаынгерлердің астананы қорғау кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен отаншылдық сезімі көркем бейнеленесі. Авторлар шын болған уақиға мен оған қатынасқан адамдарды өзіндік ерекшеліктерімен, мінез-құлқымен, қайталанбас дара сыпаттарымен көрсетуге ұмтылады. Генерал Панфиловтың, Бақытжан Намысұлының, Сабыр анбозовтың, Телеген Тоқтаровтың, тағы басқалардың йнелерін жасауда бұл ізденіс айқын байқалады. Москваны қорғауда айрықша көзге түскен 8-гвардиялық дивизияның командирі генерал Панфилов — шынында да батылды, байсалды, үлгілі ұстаз ретінде танылған адам пьесада да генералдың осы ұнамды бейнесі шыншылдықпен жасалған. Оны генералдың қарамағындағы адамдармен қарым-қатынасынан, әңгімесінен анық көруге болады. Ол — жауынгерлерге әкесіндей қамқор, кіші-пейіл, оларды ақылмен жұмсай білетін үлкен әскери ұйымдастырушы және қолбасшы. Әр адамның бойынан жақсы мінез, қасиет тауып, соны тәрбиелеуге күш салады. Бұл, сипат, әсіресе оның Бақытжан Намысұлымен қарым-қатынасы арқылы жақсы ашылады. Батальон командирінің қателерін көрсете отырып, генерал оны ақылмен тоқтатып, ұстамдылыққа, әскери тәртіпті берік сақтауға үйретеді. Өзінің қызы — Валентинамен кездесулерде оның әкелік, сезімі күйі де шынайы бейне табады [57].
Москва түбіндегі ұрыстарда осы дивизияның қарауындағы Бауыржан Момышүлы бастаған батальон жауынгерлері айрықша ерлікпен көзге түскені тарихтан мәлім. Пьесада батальон командирінің ерлік жолы Бақытжан Намысұлының бейнесі арқылы беріледі. Әскери өнерді жетік білетін, өжет, қайсар, бір бет Бақытжан — пьесадағы сәтті образдардың бірі. Ол — қажырлы, қатал, ержүрек командир. Оның қайшылықты, қызба мінезі де бүкпесгз ашылған. Кейде ол қызбалыққа беріліп, әскери уставты бұзуға да барады: Ұрыс кезінде қорқақтық көрсеткен взвод командирін атуы — комбаттың әскери тәртіпті бұзуымен қатар, тым өрескел қаталдығын да танытады. Өзі ойланбай істеген ісі үшін кейін ол опық жеп, күйінеді де. Тек генерал Панфиловтың әкелік қамқорлығы ғана оны осы теріс жолдан сақтандырады, генералмен кездесуден кейін ол ұрыс жағдайында командирдің ұстамды, байсалды болуы, нені болса да ақылға жендірудің қажеттігін түсінеді. Панфилов тәрбиесін алған Бақытжан кейін жанқиярлық соғыстың ауыр бейнетін арқалаған ісімен де, мінезімен де, әскери жүріс-тұрысымен де енегелі, тәрбиелі офицер болып шығады [58].
Ұлы Отан соғысының қанды майданынан өткізсе де Әлжаппар олардың бойындағы осы қасиеттердің тұрақтылығын тексереді. Адамдар мінез-құлқын ол дәуір мен ортаның сынына салады. Мысалға «Белгісіз батыр» пьесасын алайық. Мұнда автор екі түрлі үлкен проблемаға назар аударады. Бірі — соғыста хабарсыз кеткен, ерлігі белгісіз қалған талай батырлар бар. Оларды ұмытуға болмайды. Елім деп еңіреген ерлердің есімі әрқашан халық жадынан шықпауға тиіс. Екіншісі — олардың артында қалған елдің өзі ала-құла. Мардан сияқты адал ғалымдар мен Дүрмек сияқты мансап құмар пәлеқорлықпен өсіп жүргендер қатар өмір сүруде. Белгісіз батырлардың атын жаманатқа шығарып. Дүрмектер сол арқылы кейінгі адал адамдарды ықтырып, қорқытып ұстамақ болады. Жазушы демократияның лениндік нормалары бұзылған кезде орын алған ұнамсыз фактілердің әлі де барын ескертіп, Дүрмек типтес адамдарды әшкерелейді.
Өз заманының жыршысы болу — Қалижан үшін тек бүгінгі кергенін ғана тізбелеу, соны өлең етуі емес. Ол дәуір жаңалығына әрқашан тарих көзімен қарайды. Адамзат өткен әрқилы жолдың қалтарыстарына үңіліп, тарихи салыстырулар жасайды. Осының бәрі ақындық үлкен толғанысқа негізделеді.
Серік Смайылұлы әдебиетке тым ерте араласты, алғашқы сын мақаласы 1948 жылы, әлі студент кезінде белгілі республикалық газетте жарияланған еді, содан бері алпыс жылға таяу, бір үзіліссіз әдебиеттің көрнекті қайраткері ретінде жемісті еңбек етіп келеді. Институттағы оқуын бітірмей жатып, соғыстан кейін қайтадан ашылған Көркем әдебиет баспасына редакторлық қызметке шақырылды. Оның үстіне Одақ жанындағы «Әдебиет және искусство» (кейіннен «Жұлдыз») журналында проза бөлімінің меңгерушілігі деген лауазым қоса жүктелді. Сөйтіп, ол әдеби процестің қалың ортасына бойлап кірді. 1951 жылы Институттың филология факультетін үздік бітірген студент қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша аспирантураға қалдырылды.
Содан кейін ол «Пионер» журналында редактор «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі және редакция алқасының мүшесі болып қызмет атқарды. 1957 жылы сыншы-әдебиетші С. Қирабаевтың шығармашылық өмірінде екі түрлі маңызды оқиға болды. Біріншісі – оның аспирантурадағы зерттеушілік жұмысы нәтижелі аяқталып, ол «Спандияр Көбеевтің шығармашылығы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Екіншісі – бүкіл қазақ халқының рухани өміріндегі бір сүйінішті оқиға – отыз жетінің қуғын-сүргінінде жазықсыз жазаланып кеткен қазақ кеңес әдебиетінің классиктері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров үшеуінің ақталып, аса бағалы шығармашылық мұраларының халыққа қайтарылуы еді.Соның ішінде Серік Смайылұлын ерекше елең еткізгені С.Сейфуллин есімі болды. Жасынан ауыл адамдарының аузында аңыз ертегідей естілген, кейін олардың бір-біріне сыбырлап, күрсіне айтатын даңқты жерлестері Сәкен аға ғой ол! Бұл кезде оның орталық партия комитетінде жауапты қызметке ауысып, қолына еркіндік тиген-ді. Дереу солардың кітаптарын таптырып алып, құныға бас қойған. Осындай аяулы азаматтардың дер шағында әділетсіздіктің қармағына ілініп, мезгілсіз қаза болғанына бір жағынан күйіне, екінші жағынан, ғажайып асыл қазынаға кеңеліп, бүкіл жан дүниесімен тебірене отырып оқыған ол дереу соларды насихаттаған мақалаларын газет бетіне бірінен соң бірін тоғыта бастады.
Сол кездің тағы бір жемісі «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркі» атты ұжымдық жинақтың академиялық басылымына арнайы тапсырмамен Ғабиден Мұстафин туралы жазылған тарауының кеңейтіліп, жеке монография түрінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі еді. Келесі жылы Спандияр Көбеевтің өмірі мен жазушылық қызметі жайында, автордың кандидаттық диссертация негізінде кеңейтіп әзірлеген монографиясы басылып шықты [59].
Осы кезде С.Қирабаев біраз жыл белсеніп беріле еңбек еткен практикалық жұмыстардан сергіп, біржола педагогтік және еркін ғылыми-шығармашылық жұмысқа ауысты. ҚазПИ – дегі ұстаздық жұмысын жалғастырып, қазақ әдебиеті кафедрасына келді. Әуелі кафедра меңгерушісі болып кейін ұзақ жылдар бойы осы институтта проректорлық қызмет атқарды. Оның ғылыми – педагогикалық лауазымды абыроймен атқара жүріп, ғылыми-зерттеу жұмысын да ілгері дамытқан аса бір жемісті жылдары осы тұс еді. Соның алғашқы нәтижесіндей, 1960 жылы «Өрлеу жолында» деген атпен мақалалар жинағы жарық көрді. Бұдан кейінгі тындырымды жұмысы – 1964 жылы Сәкен Сейфуллин шығармашылығы туралы докторлық диссертация қорғады.
Бұл Серік Смайылұлының көп жылдық ғылыми –зерттеу жұмысының ішіндегі үлкен ерлік саналатын абыройлы нәтижесі еді. Барлық жағынан алғанда да солай. Біріншіден, Серағаңның тіпті жас кезі, әлі қырыққа да толмаған, бар болғаны 37 жастағы кезі. Бұл сол кездегі өлшеммен алғанда, ғылымдардың өте аз кезінде, докторлық дәреже үшін өте жас кезең еді. Одан кейін тақырыбы да анау-мынау емес, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы туралы, оның үстіне ізденушінің бұл еңбегі сол кездегі Мәскеу мен Алматының ең көрнекті әдебиетші ғалымдары тарапынан өте жоғары бағаланған. Соның бір дәлелі ретінде еңбек екі рет орыс тілінде (1966ж. Алматыда, 1973ж. Мәскеуде) басылып шықты [60].
Осы орайда арнайы атап айтарлық тағы бір оқиға Сәкен мен Ілиястың таңдамалы өлең, дасатандары жинақталып, 1979 жылы Ленинградта «Библиотека поэта» атты тұрақты басылымның үлкен сериясы бойынша жарыққа шығуы болды. Бұл бірегей басылымды Мұхамеджан Қаратаевпен Серік Қирабаев құрастырып, кіріспе сөздері мен түсініктерін жазғанда, соның Сәкенге тиісті бөлігі түгелдей Серік Смайылұлының қолынан шыққан. Қазақтың қос дүлдүлінің шығармаларын аударуға Евгений Винокуров, Евгений Евтушенко, Михайл Луконин, Сергей Наровчатов, Всеволод Рождественский сияқты орыстың аса көрнекті ақындары – қазақ әдебиетінің жанашыр достары қатынасқан. Соларды осы жұмысқа тартуда біздің көрнекті екі қайраткеріміздің белсене араласуы өте игілікті іс болған.
Жоғарыда атап көрсеткендей, С.Қирабаевтың 60 -жылдардың бас кезінен басталған бірыңғай ғылыми – педагогикалық жұмыс кезеңі сол бір қалыпты ырғақтан жаңылмай жалғасып, 80 -жылдардың аяқ кезіне дейін созылды да, тың ізденістер мен соны проблемаларға толы болды. Ғылыми мақала, сын – библиографиялық очерк, ғылыми эссе, шағын монография сияқты оңтайлы жанрлар түрінде жазған еңбектері ғалымның бұрынғы еңбектерінде әртүрлі себептермен назардан тыс қалған көрнекті тұлғалар мен әдебиетіміздің жаңа кезеңінде туындаған тың проблемаларға арналған өрісті ой, толғаулы пікірлерге бай еңбектер болып табылады.
Солар уақыт өте келе қайта сұрыпталып, ой елегінен тағы бір өткізіле келе, бірнеше жинақтарға енгізілді. Олар «Әдебиет және дәуір талабы» (1970), «Өнер өрісі» (1971), «Революция және әдебиет» (2 томдық - 1977), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983) атты көлемді еңбектер еді. Осылардың ішінен бірқатарлары орыс тіліне аударылып, «Революцией призванный», «Высокое назначение» (1985) деген атпен және басылып шығуы автордың тану-танылу кеңістігінің кеңейе түскеніне айқын дәлел бола алады [61].
Солардың ішінен қысқа да болса көзбен шолып, жалпылай сипаттап өтпегіміз – «Революция және әдебиет» атты қос томдық.
Басылымның бірінші томында, өзіміз күткендей – ақ , жаңа әдебиетіміздің жарты ғасырдан астам даму жолына жалпы шолу жасалып, оның осы заман деңгейіндегі, яғни дүниежүзілік көркемдік әлемнің өзіндік бір кең жазира кеңістік түрінде қалыптасқан мол қазынасы сипатталады. Соның кезең-кезеңмен, жанр – жанрымен өсу, даму заңдылықтары баяндалады. «Октябрь және қазақ әдебиеті», «Әдебиетіміздің есею жылдары», «Соғыс және әдебиет», «Бейбіт өмір әдебиеті» деген тараулардың аттарының өзі – ақ ішкі мазмұндарынан анық ақпарат беріп тұр. Соған жалғас келетін «Жаңа бағытта», «Биік талаптар», «Ілгерілеу жолы - ізденіс», «Уақыт және қаламгер», «Лирика және өмір» атты тарауларды қазіргі, яғни сол кезеңнің ең соңғы бөлшегіндегі әдеби процестің аяқ алысына талдау жасалады [62].
Осы томның заңды жалғасы ретінде екінші кітапта үлкен әдебиетті қалыптастырған басты-басты тұлғалардың шығармашылық жолдары баяндалады. Олар: жыр алыбы – Жамбыл, жаңа әдебиеттің классиктері – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин жайлы мазмұнды әңгімелер. Сыншы бұл ағалар туралы бұрын да талай жазған. Ал мына тарауларда оның зерттеушілік зердесі қорланып, қаламгерлер дүниесіне жаңаша көзқараспен молыққан кездегі тың деп айтарлықтай бағалы пайымдаулары бар.
Мәселен, Жамбыл шығармалары жөнінде зерттеуші мынадай қорытынды түйеді: «Халықтың ақындық бай сөз өнерін жаңа жағдайда шеберлікпен дамытуға мүмкіндік тауып, заман шындығынан шығармашылық қуат алған ақын көзінің тірісінде – ақ «Халық поэзиясының алыбы» атанды... Оның шығармашылығы халықтық поэзия мен жазба әдебиеттің шекарасын жақындатудың, халықтың ауызша шығарылған сөз өнерінің озат дәстүрлерін жазба поэзияда жаңашылдықпен қолданудың үлгісі болды». Автор өзінің осы ойларын шетелдік ірі тұлға, Данияның аса көрнекті ақыны Мартин Андерсен Нексенің Жәкеңе оның ақындық қызметінің 75 жылдығын тойлау кезінде жіберген құттықтау телеграммасынан мынадай үзінді келтіріп дәлелдейді: «Сіз көшпелілердің өмірінен осы заманғы адамның өміріне мыңдаған жылғы мәдениеттің көпірін салдыңыз» [63].
Осы ойларды зерттеуші мынадай сөздермен қорытындылайды: «Жамбыл жырлары – шын мәніндегі халықтық туындылар. Ақын өз дәуірінде халық өміріндегі елеулі өзгерістерді, қоғамдық тіршіліктегі маңызды оқиғаларды қағыс қалдырмай, сергек үн қосып отырады.
Жамбыл шығармалары халық поэзиясындағы қалыпты өлең, жыр үлгілерімен туған. Мазмұны жағынан олар шешендік толғау тәрізді болып келеді. Сонымен қатар онда жазба әдебиеттің әсерімен туған әсем лирика да ұшырайды... Образдарының айқындығымен, тілінің байлығымен Жамбыл өлеңдері халық поэзиясының жарқын үлгілерін дамыта түседі». Ғалым – сыншы қазақтың сөз өнері мен рухани қазынасын жаңа дүниеде жаңғыртып, байыта түскен алыптар тобының көш басшысы Сәкен Сейфуллин туралы, және осы топтың кейінгі өкілдерінің әрқайсысына өзіндік тән белгілерді тап басып дәл айта алды.
«Сәкеннің революцияшыл пафосты жырлары мен нәзік сезімтал лирикасы, Ілиястың төкпе арыңды таланты оның бойындағы табиғи ақындықтың куәсіндей көрінетін. Мұхтар реализмі әуелден – ақ орыстың классикалық әдебиетінің үлгісінде басталып, шындықты терең бейнелеумен, характерлерінің күштілігімен көзге түсті. Сәбит халықтық әдебиеттің дәстүрлерін ала келіп, жаңа мазмұнмен байытты. Осылардың қатарында өзгеге ұқсамайтын дара, табиғи талантымен Бейімбет тұратын. Өмірде жұпынылықты сүйетін ол жазуда да әсірелеушілікке бармай, қарапайым шындықты қаз – қалпында суреттеуге шебер еді». Мінекей, ірі-ірі тұлғалар туралы қысқа-қысқа қайырған тұжырымдардың әр жағында сол тұлғалардың кең панорамалы суреттермен жеткізген көркемдік әлемдері жатқанын біз ойша ұғынамыз [64].
Ал олардың артында үзеңгілес замандастары Асқар Тоқмағанбетов пен Әбділда Тәжібаевтан бастап, аяғы ғалымның замандас іні – қарындастары Ғафу Қайырбеков пен Тұманбай Молдағалиевқа, Қадыр Мырзалиев пен Мұқағали Мақатаевқа, Фариза Оңғарсынова мен Марфуға Айтхожинаға дейінгі аралықтарда қалың қаламгерлер қосынының Қирабаев қаламына ілінбей қалғандары, оның тілектестік ниетінен нәр алмағаны кемде-кем болар.
Серағаңнан өзінен жасы кішілеу, тағы бір ұрпақ Әбіш, Мұхтар (Мағауин), Қабдеш, туралы олардың алғашқы қадамдарынан – ақ қалтқысыз байқап, ғалым-сыншының кезінде жақсы лебіз білдіргенін де біз көрегендік пен кеңпейілділік нышаны деп білеміз. Сол жас буын бүгінде әдебиетіміздің қабырғалы қайраткерлеріне айналғаны – біздің ортақ мәртебеміз.
Ендігі сөз төркіні өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан бастап, күні бүгінге дейінгі мезгілді қамтитын жиырма шақты жылдың әлеті. Бәріміздің есімізде күні кешегідей сайрап тұр. Аты шулы Горбачевтің қайта құру дейтін даңғаза ұранының нәтижесінде Одақ ыдырауға айналып тұрған кез. Соның ауыр зардабы біздің республиканы шарпыды да, аяғы қасіретті Желтоқсан оқиғасына апарып соққан. Бірақ оның есесіне біздің халық соңғы үш ғасыр бойы тұңғыш рет бодандық бұғауынан босап, тәуелсіздікке қол жеткізді де, егемен ел болдық.
Осы қарсаңда, 1988 жылы, академик С.Қирабаев М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына директор болып келді. Бұл Қазақстан аспанынан тәуелсіздік таңы қылаң бере бастаған кез. Сол күндерде әр ұжым басшысын өзі сайлап алсын деген бір тәртіп шықты да, институт ғалымдары өз қалауымен Серік Смайылұлын орталарына шақырып алған.
Сол кезде институт алдында аса зор маңызы бар екі оқиға тұрды. Бірі – кеңістік идеология өктемдігі күшін жойып, соның арқасында әр қазақтың жүрегінде әрі жазылмастай шемен, әрі жеткізбестей арман болып келе жатқан ардақты Алаш арыстары ақталып, солардың асыл қазынасы халыққа қайтарылып жатқан. Екіншісі – Қазақстан үкіметінің бұдан бұрынырақ қабылданған қаулысы бойынша ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесіне дайындық басталған.
Міне, осы екі істің басы қасында алғашқы күннен бастап директордың өзі тұрды. Алаш көсемдерін ақтау жөніндегі ресми құжаттар жарияланған сәттен бастап, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, сәл кейінірек Міржақып мұралары, тура мағынасында жерден қазғандай етіп, тауып алынады да, қауырт іске қосылды. Өте қысқа мерзім ішінде олардың бір-бір том таңдамалылары қауырт түрде араб, латын әріптерінен кириллицаға аударылып, баспаға әзірленді де, Тәуелсіздіктің алғашқы байғазысындай оқырман қолына табыс етілді. Баспасөз бетінде олардың мазмұн – мағыналары жайында топ-топ мақалалар жариялана бастады. Кейін әрқайсысының көптеген көптомдық академиялық басылымдарын әзірлеу қолға алынды [65].
Бұл алғашқы жұмыстың жүзеге асырылу жайы болатын. Сонымен қатарластырыла Абай мерейтойына әзірлік қолға алынды. Бұл туралы Үкімет қаулысында үш түрлі міндет айрықша айтылған. Олар: Абай шығармаларын жинастыру, жаңадан көп таралыммен бастыру, Абай мұрасын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау. Мерейтойға дайындалу мен оны өткізуге байланысты жүзеге асырылуға тиісті көп-көп шаралардың ішінде институт қызметкерлері тікелей орындауға тиісті үш міндет осындай еді.
Әрине, оңай шаруа емес. Өзгелерін былай қойғанда, осы міндеттерді тап-тұйнақтай етіп жүзеге асыру үшін материалдық мүмкіндіктердің өзі өте тапшы еді. Бірақ жаңа директор соған барынша күш салды.
Алдымен 1990 жылдың басынан бастап институтты Абайтану бөлімі ашылды, оған білікті қызметкерлер іріктеліп алынды. Сонан соң Абай шығармаларының екі томдық академиялық басылымын дайындау. Одан кейін Абай мұрасын жан-жақты түбегейлі зерттеудің жоспарын жасап, дайындық кезеңде толық жүзеге асыру [66].
Сондай-ақ Алаш арыстарының мұрасын игеру бағытында да дәл осындай көрініс болғанын айта кету керек. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек шығармаларын насихаттау жөніндегі ұлан-ғайыр жұмыстардың ұйымдастырушысы ғана емес, соларды тікелей зерттеген орындаушылар қатарында да академиктің өзі жүрді. Алғашқы әдеби кештердегі осы жылдары бірінен соң бірі үздіксіз келіп тұрған еске алу шараларының аясында өткізілген салтанатты жиындардағы алғашқы сөзді бас баяндаманы, лексикаларды, журнал мақалаларын көбінесе, алдымен С.Қирабаевтың өзі айтып жүрді.
Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының тарихи еңбектеріне баға бергенде, «қазақтың тұңғыш революцияшыл демократтары» деген тұжырымды айтқан Серік Қирабаев еді. Сондай-ақ, Шәкәрім мен Мағжанның Абай дәстүрін жалғастырып, ұлттық поэзиямызға қосқан үлесі жайында , Ақаңның ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін салған еңбегі жайында, Міржақып пен Жүсіпбектің роман жанрын дамытудағы еңбектері жайында толымды пікірлер Серағаңның аузынан шыққанын да білеміз.Мағжанды қазақтың ұлттық ақыны деп бағалаған да Серік Смайылұлы.
Осындай өз қолымен атқарған ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде С.Қирабаев осы мерзім ішінде Алаш әдебиеті мен жалпы Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің проблемалары жайында үш бірдей іргелі еңбектер ұсынды.Соның алғашқысы «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» (1995), одан кейін «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» (2001) және соған жалғаса жарық көрген «Тәуелсіздік рухымен» (2002) атты жинақтарды біз тілектестік көңілден шыққан қанағат сезімімен айта аламыз.Бұлардың көбі жаңадан жазылған ал бірқатары бұрынғы нұсқалары тәуелсіздік тұрғысынан қайтадан қаралған еңбектер қалай болғанда да, олар жұртшылықтың бүгінгі рухани қажетіне қызмет етері сөзсіз [67].
Осы қатарда автордың 1991-1992 жылдары жарық көрген екі томдық жинағын да атап өткен жөн.Бұларды негізінен, автордың институқа келмей тұрғандағы жұмыстарының жалғасы деп бағалауға болады. Бірақ солар түгелдей заманның жаңа лебімен бірсыпыра өзгеріске түсіп,оқырманның бүгінгі тілегіне сай қайта қаралған, өңделген, толықтырлған сипатта.Әсіресе,С.Сейфуллин жөніндегі монографиясы жұртшылық тарапынан білдірілген сұранысқа қарай біршама өзгертілген күйде ұсынылады.Ал екінші томы түгелдей дерлік соңғы жылдардағы әдеби процестің көрінісі болып табылады.
Әрине, Тәуелсіздік жағдайында институт ұжымының алдына қойылатын күрделі міндеттер жоғарыда сөз болған екі шарамен тәмамдалмайтын еді. Олардың ар жағында таудай талай жұмыстар тұрған. Бұл жерде солардың ішінен ең басты деген кейбіреулерін ғана атай аламыз. Мәселен, қазақ әдебиетінің тарихын егемендік тұрғысынан түбірімен қайта қарап, жаңаша жасау. Ол үшін ұлттық әдебиет тұлғаларын мен мұраларының кеңестік идеология өктемдігімен тыйым салынған және бұрмаланған нысандарын қайтадан ғылыми айналымға қосып, халықтың игілігіне айналдыру. Екінші, осындай жолсыздықтарға негіз болған ресми қаулы – қарарларды, тағы басқа құжаттарды бұздырып күшін жойдыру. Осылардың ішінен біржола жойылып кеткен әдеби ескерткіштерді іздестіріп, халық игілігіне қайтару. Үшінші, осындай алдын-ала жүргізілген дайындық негізінде қазақ әдебиетінің ерте замандардан бүгінге дейінгі тарихын жасау, ол үшін тарихтың дәуірлеу мәселесін қайта қарап, таяу жылдың ішінде ұлттық әдебиеттің толықтырылған ғылыми жоғары дәрежеде қайта қаралып жазылған көп томдық басылуын әзірлеу. Осының нәтижесінде жоғарыдағы міндеттердің барлығы да өз кезегінде орнына келді. Нәтижесінде қазақ әдебиетінің он томдық еңбегі жазылды. Бәрі де өндіріске енгізіліп қазір жеті томы жарық көрді [68].
Академик, С.Қирабаевтың жоғарғы оқу орындарындағы ұстаздық қызметі жайында айтар болсақ, оның тағы бір қыры мектеп шәкірттері мен студенттерге арнап қазақ әдебиеті пәнінен жазған оқулықтары өз алдына бір төбе. 1952 жылы З.Қабдолов, А.Нұрқатов үшеуі бірігіп орта мектептің 9-сыныбына арнап оқулық жазды. Оқу бағдарламасы өзгергенше он алты жыл бойы қайта- қайта басылып отырылды.Кейін оқу бағдарламасы бүтіндей өзгеріп, қайта жазуға тура келгенде, оны С.Қирабаев акдемик Қ.Жұмалиевпен бірлесіп әзірлейді.Біраздан кейін автор оны да түбегейлі өзгертуге тиіс болады. Бұл кезде Қажекең қайтыс болып кетеді де, Серік Смайылұлы оны жалғыз өзі өңдеп шығарады.Бірақ бұл кісі бір кездегі ұстазының рухын сыйлағандықтан оның есімін автор ретінде сақтап қалады.Кейін бұл щқулық тағы да сегіз рет қайталап басылған.
1964 жылы Серік Смайылұлы А.Нұрқатовпен бірлесіп 10-сыныптың оқулығын дайындайды.Кейін оны қайта өңдеуге тура келгенде, бұларға М.Базарбаев пен Б.Сахариев қосылады.Бұл оқулықта оқытудың жаңа бағдарламасына сәйкес ішінара өзгертулерден кейін сегіз рет қайталап басылады [69].
1989 жылы Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин үшеуі бірігіп әзірлеген 11-сынып оқулығы да мектеп бағдарламасына енгізіледі,біраз жыл қолданыста болған.
Жоғары оқу орындарының филология факультетіне арнап күрделі оқу құралын М.Қаратаев пен Т.Нұртазин үшеуі бірлесіп жазды. Ғылым мен әдебиет саласындағы зор еңбектері үшін оған ҚазақКСР-ның және ҚырғызКСР-ның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері деген Абай шығармашылығын зерттеуге байланысты Қазақстан республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атаққа ие болды. Одан бұрын «Ж.Аймауытов» атты монографиясы үшін оған республика ғылым академиясының «Ш.Уәлиханов» атындағы сыйлығы берілген. Ол көптеген ордендер мен медальдардың да иегері.
Сөз жоқ осының барлығы бір адамның басына берілген өте лайықты марапат белгілері.оның адал да білікті еңбегінің нәтижесі. С.Смайылұлы бұрынғы одақ көлеміне қазіргі алыс –жақын көршілес елдердің ғалымдарына кеңінен танымал, өте беделді ғұлама. Қазіргі ұлттық әдебиетті зерттеу, әдебиеттану ғылымының ақсақалы.
Оның шығармашылық еңбегі ұшан-теңіз десек, көлемді монографиялардың өзі қырықтан асып кетеді екен. Әдеби-сын зерттеулері өз алдына, ал мерзімді баспасөз бетінде басылған мақалаларының өзі қаншама десеңізші. С.Қирабаевтың әдеби, сыни еңбектерін арнайы талдау, зерттеу күн тәртібінде тұрған мәселе.

3 С.ҚИРАБАЕВ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ



жүктеу 229,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау