Нормативтік сілтемелер


Кемел сын, кенен ойдың кеңістігі



жүктеу 229,61 Kb.
бет8/15
Дата06.06.2023
өлшемі229,61 Kb.
#42903
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Отыншы Айкүміс Нұрланқызы

3.1 Кемел сын, кенен ойдың кеңістігі
Бұл есімді қазақтың қаріп та­нып, ой тоқтатқан қара орман жұрт­шылығы естіп-білгелі жет­піс жылдан асып барады. Сағымға бөленген салқар Са­рыар­қаның Атасуын артқа тас­тап, ит арқасы қияндағы Ала­тауға, жа­сыл желек жамылған армандай ару қала Алматыға жол тарт­қан бозбала Серік пен бүгінде тоқ­санның тұғырына қонған, ең­бегін еліне өлшеусіз арнап, хал­­қының құрметі мен ықы­ла­сы­на бөленген көрнекті ғалым, сын­дарлы сыншы, ұлт руха­ния­ты­ның ақылман ағасы, алаш жұр­­тының абыз тұлғалы ақса­қа­лы атанған Серік Смайылұлы Қи­рабаевтың арасын жалғап жат­қан уақыт кеңістігі – арман мен мұраттың, ізденіс пен күрес­тің, табандылық пен тиянақты­лық­тың, ерлік пен елдіктің, же­ңіс пен жемістің, бір сөзбен айт­­­­қан­да, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет ету­дің кеңістігі.
Бұл – уақыт сүзгісінен сүрін­бей өткен, өтіп келе жатқан тұлға та­биғатын ұлт санасына бекіткен шын­дықтың ел танып, ел мойын­даған көрінісі.
Академик Қирабаевты жақсы білетін қалың жұрт оның өмірлік жолы мен шығармашылық өрісін осылай елестетіп, ғалымдық бі­тімі мен ұстаздық ұлағатын, қай­рат­керлік қалыбы мен азаматтық болмысын осылай бағалары анық.
Серағаңның ғалым, сыншы ретінде еліне ерте танылғандығы туралы қатары сиреген аға буыннан кезінде көп естідік. Тағдырын сын дейтін ауыр жанрға байлаған осынау бойынан кісілік пен кі­ші­ліктің лебі есіп тұратын қазына мінезді, қағілез ойлы, ғұлама бі­тімді сабырлы жанның қазақ қоғамындағы орнын аға буын да, өз қатары да, соңынан ерген іні­лері де жоғары бағалайды [64]. 
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін дана ха­лық­тың есті сөзі ел басқару мен ел мұратын түгендеуге арналғаны аян. Осы сөзді өмірге алып келген­ дара бітімді, дана билеріміздің ойын қозғап, жүрегін тербеген «қара қылды қақ жару» дейтін ұста­ным ұлт тұтастығына қалай қыз­мет еткені тарихтан белгілі. Әрі-беріден соң осы ұстанымның арқасында Алтай мен Атырау арасын жайлаған қырық рулы қа­зақ елі өзінің халықтық қа­лы­бын сақтаған, ұлттық ұйысуын бұз­баған. Заманалардың өрті мен дер­тіне бойын да, ойын да алдыр­май баяғы ғасырлардан, қадым дәуір­лердің дауылы мен жауынынан аман өтіп, бізге жеткен… Сон­дықтан елдікті – дәнекер, бір­лікті семсер тұтқан қазақ үшін ең қымбат, ең киелі, ең қасиетті бұйым да Сөз болғанын жақсы бі­леміз.
Қай заман, қай дәуір ақиқаты мен шындығына жүгінсек те, көш­­пелі өркениет үлгісі мен өне­гесі өмір сүруінің басты нысаны бол­ған Ұлы Дала жұрты үшін Сөз өне­рінің орны ерекше болған. Сөз Ұлы Даланың талайлы тағ­ды­рын анықтар қазақ қоғамы­ның басты құралы саналған. Өз бас­тауын мыңдаған жылдардан алар осы қағида көркем әде­бие­ті­міздің қарыштап өсуіне ықпал еткен.
Әдебиет бейнелі көркем тіл­дің тұма бастауы, қалпын сақтар қайнары болған. Әдебиетті ардың айнасы десек, көркем сын – сол арлы ұғым­ның безбеншісі екені даусыз.
Өрімі өзгеше өрісті сынның көр­кемдік әлемнің кемелденуіне, көркейіп, дамуына жасар ықпа­лы зор. Бұл жайтты, әсіресе әде­биет абыройының биікке көте­ріліп, ел ойы мен санасына қанат бітір­ген тарихтың арғы-бергі алқалы кезеңдерінен анық аңға­рамыз. Ұлы Мұхаңның сын жазу үрдісі мен мәдениетіне тоқтала келіп, «сын шын болсын, шын сын бол­сын» деуі де, міне, қоғам алдын­дағы көркем әдебиеттің абыройы мен беделін қалай ойласа, көркем сынның тағдыр-талайын да солай ойлап, солай толғағанын аң­­ғарамыз.Бұдан шығар қоры­тын­ды: көркем сын – әдебиет пен қоғамның, өнер мен өмірдің арақатынасын анық­тайтын қатал тез ғана емес, оқыр­ман жүрегіне жол ашар көзге көрінбес рухани қақ­паның кілті екенін де естен шығармауымыз керек.
Өнер жасау мен өнерге баға беру­дің басты мұратын осылай деп ұққан орта мен қоғамда сын­ның бағы жанып, жолы ашылмақ. Ал сынның бағы, түптеп келгенде, сөз өнерінің бағы.
Серік Қирабаев – қазақ көр­кем сынының жұлдызды жылдары мен өрісті кезеңдерінің куәгері ғана емес, соның қою ортасында жүріп, жанр жүгін иығымен, қа­жет десеңіз, жүрегіне салмақ арта көтерген шын мағынасындағы кәсіби сыншыларымыздың бірі. Өткен ғасырдың қадау-қадау ке­зеңдерін ой елегінен өткізе отырып, сыншы қаламы мен қиялы өз дәуірімен аяғын тең басып, әде­биеттің арғы-бергі кезеңдері жай­лы салмақты ой, сарабдал пі­кірін әркез айтып отырған. Сө­зі адал, пікірі терең. Сыншы өз ойын әркез берісі ұлттық әде­биеттің, әрісі әлемдік әдебиеттің кеңістігіндегі өзгерістермен, көр­кемдік ізденіс-барлаулармен ұш­тастыра отырып өреді. Мұ­нысы сынның ішкі мәдениеті мен ой өрудің терең тамырлы көр­кем кеңістігін тануға мүм­кіндік береді [65].
Серік Қирабаевтың сын­шы­лық әлеміне ден қойғанда, уақыт кеңістігі дейтін киелі ұғыммен бет­пе-бет келгендей, әр дәуір, әр ке­­зеңнің мінез-құлқын жан-жү­ре­гімен сезінген ой иесінің бол­мы­сын тани түскендей боламыз. Ба­рынша байсалды, мейлін­ше объективті айтылған осынау пі­кір-түйіндер төркінінен білім­дар ғалымның зерттеушілік мі­незі менмұндалап көрінеді. Әрі-бе­ріден соң ғалымның зерт­­­теу­ші­лік қыры ұлт топырағындағы сын­шылдық ойдың өрісі бөлек өзге­ше мектебіндей елестейді. Өз ба­сым сыншының «Ғасыр жа­са­ған поэзия», «Қазақтың тұңғыш революцияшыл-демократтары», «Жүсіпбек Аймауытов», «Мағжан – қазақтың ұлттық ақыны», «Сә­кен Сейфуллин», «Сәбит Мұ­қа­нов», «Әуезов тағылымы», «Баяғы Қасым – бір Қасым», т.т. іспетті талдау-сындарын оқығанда осы бір жазусыз қағида мен өрімі мық­­ты ақиқатқа көз де, көңіл де же­те түскеніне баса назар аудар­ғы­мыз келеді.
Жалпы, Серік Қирабаев кім ту­ралы жазса да, не туралы айтса да өзінің объектісін барынша та­нып, зерттеп саралай отырып, тал­дап жазады. Әсіремақтау мен әсерсіз боямалаудан қаламын аулақ ұстайды. Сыншы сөзі ба­йыпты талдауға, байсалды пікір­ге негізделеді. Серік Қирабаевтың ана дәуірдегі, дәлірек айтсақ, кеңестер идеологиясы айтқанына «көндіріп», дегеніне «сендіріп» отырған кезеңнің өзінде даңғаза, дақпыртқа орынсыз бой алдырмай, әдебиеттің ұлттық сипатын айғақтауға ұмтылғанын, әрі арыс­тарымыз бен алыптарымыз сал­ған ұстанымға адалдығын әр­кез байқатып отырғанын аңғарамыз. Бұл ұстаным мен бұл принцип сарабдал сыншының қоғам ал­дындағы абырой-беделін бекітіп отырған. Серағаң өзіне дейінгі аға буын сыншылар мен арыс­тұлғалы ұлт көсемдерінің қиын тағдырларын әсте жадынан шы­ғарған емес. Ол әдебиеттің тағ­ды­рын сол тұстағы қоғам өмі­рімен тығыз бірлікте қарас­тыра отырып, далалық мәдениеттің табиғатын даму үстінде, замана талаптары мен мінезіне орайлас­тыра зерттейді, пікірін де сол ба­ғытта өреді. Идеологияшыл қо­ғамның «әңгір таяғынан» әде­бие­тті қорғау мен сақтаудың жо­лын іздегендер қатарынан көрі­неді.
Соның нәтижесінде елуінші, ал­пысыншы жылдардың сал­қы­ны­на бой алдырмай, әдеби процес­ке әділ, адал баға берген са­нау­­­лылардың санатына қо­­­сы­лады.
Серік Қирабаев қазақ көркем ойы мен сыни пікірінің толысқан, арғы-бергі әлем әдебиетінің озық үлгілері мен іргелі мектептері мо­лынан игерілген, ұлттық ойлау мен ғаламдық ойлау адам ойы мен санасында жүйелі түрде то­ғысқан, сұлулық атаулыны тану мен бағалаудың үйлесімі билік құрған ұлы кезеңде қабырғасы қа­тайып, ойы бекіген, тағылымы мол, танымы терең, талғамы биік әдеби сын мектебінің ұлт то­пы­ра­ғындағы аса көрнекті өкіл­дерінің біріне айналады [66].
Өткен ғасырдың өкініші мен өксігі ел көңілінен кете қоймаған соғыстан кейінгі ауыр жылдармен әдебиет босағасын аттау сәті тұспа-тұс келетін сындарлы сыншы, үлкен ой иесінің басып өткен жолынан ғасыр елең-алаңының 20-30 жылдары бесігін тербетіп, жөргегін құрғатқан, балалық бей­күнә шағын зілзала мен аш­тық буып, бозбала күннің бозала таңын ұлы соғыстың қара қағазы боздатқан ұрпақтың өмір өтке­лектерін көреміз. Тарих пен тағ­дырдың өзі іріктеп-сұрыптап, иық­тарына уақыт атты кесірі мен кесапаты, қуанышы мен шаттығы қатар жүретін қиын да күрделі кеңіс­тіктің ауыр жүгін аямай арт­қан осынау өртең дәуір өскін­дерінің ұлтқа, халыққа бергені қалай мол болған десеңізші?!
Өзгесін тізбелеп жатпай-ақ, жиыр­масыншы ғасырдың елуін­ші жылдарының басында Ал­ма­тының жасыл желегімен қоса жел­пініп өскен сол аға буынның қа­зақ әдеби сыны мен әдебиетті зерт­теу ғылымын жаңа арнаға са­лып, жаңа белеске көтерген бір топ жұлдызды шоғырмен толық­қанын еске алсақ, аздық етпесі анық. Бүгінде көбі арамызда жоқ болғанымен, рухы ел көгін еркін кезіп, елдік тұтастығымыз бен еге­мендік іргеміздің бекуіне ең­бек­терімен, ұлт жадынан өшпес өре­лі істерімен қызмет еткен сол буынды айтқанда, ауызға алғаш ілігетіндердің бірі де, бірегейі де осы Серағаң – Серік Қирабаев есі­мі [67].
Серік Қирабаев қаламының қа­рымы мен сыншылдық пікір-байламдарының арынын айқын танытқан соғыстан кейінгі жыл­дар­да баспа бетінде жиі-жиі жа­рия­ланған алғашқы сыни ма­қа­лалар қазақ әдебиеті дейтін шұ­райы қалың кеңістікке білімі те­рең, талғамы жоғары, ізде­нім­паз, болашағы зор жастың кел­генін танытқаны ел есінде, тарих есімді қарт сарапшының жадында. Әсіресе, жас сыншының «қып-қызыл оттың ішінен келген», өмір мен өлімнің қадір-қа­сие­тін жан-жүректерімен сезін­ген, оны өз­де­рінің шы­ғар­­ма­шы­лық, өмірлік мұрат­тарына айналдырып, соғыс та­қы­рыбын айрықша көркем, қуат­ты жырлаған Қасым Аман­жо­лов, Жұмағали Сайын, Жақан Сыз­дықов, Хамит Ерғалиев, Қа­лижан Бекхожин, Сырбай Мәу­ленов тәрізді тұтас бір кезең поэзиясының мінезі мен құлқын, та­биғаты мен жаратылысын, ба­ғыты мен бағдарын анықтап, қа­зақ өлеңінің бүгіндері бір-бір алып бәйтерегіне айналған ірі­леріміз бен жүйріктерімізді сол кез­дің өзінде-ақ дәл танып, тап ба­сып айтып, өлең табиғатына бұл­тартпас баға бергені бізді сүй­сінтеді.
Қирабаев-сыншы шығармаға ба­ға беріп, сөз өнерінің тағды­ры­на арашашы болар тұста ұстарасы – өткір, ойы – адал, сөзі бұлта­лақ­ты білмейді. Онысы біреуге ұнап, біреуге ұнамай жатуы әбден мүм­кін… Сайып келгенде, сыншы сөзі мен сыншы тезінен ұта­тын бір ғана жаратылыс иесі бар. Ол – жаны таза, рухы асқақ, болмысы мықты көркемдік кеңістік! Қазақтың өрісі кең, өресі биік көр­кем әдебиеті! Сыншы қия­лы­на қанат бітіріп, сыншы ойына дем берген өлең мен жырдың, көр­кем проза мен драмалық туын­дылардың Қирабаев қа­ла­мынан шет қалғаны кемде-кем. Жаңа дәуір көшін бастаған ұлы Абайдан бергі кезеңдердегі Жамбыл, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден шығармаларына әр ке­зеңде әрқилы сыншылық сүрлеу­мен, зерттеушілік зердемен ат ба­сын бұрып отырған өткір қа­лам иесінің сыншылдық ойын, қай­талап айтамыз, оның зерттеу­ші­лік таным-талдауынан бөле-жа­ра қарауға болмайды. Бұл екі ұғым бір тұлға бойында біте қай­насып, берік тұтасқан.
Сыншы өмірі тынымы жоқ, ма­засы кем қоғам мен әдеби өмі­рі­мізді қатар елестетеді.
Бажайлай отырып, байыпты баға берер талғампаз жұртшылық кө­зімен зерделесек, қазақ топы­ра­ғындағы сыни пікірдің әрбір жанашыры Қирабаев кезеңіндегі сын­шылдық әлем осыған дейінгі Мұ­хаметжан Қаратаев, Қажым Жұмалиев, Бейсембай Кенжебаев, Темірғали Нұртазин, Есма­ғам­бет Ысмайыловтар мен кейін­гі «жылымық» дәуірі деген атпен та­рихқа кірген іргелі кезеңнің өкіл­дері Зейнолла Серікқалиев, Ас­қар Сүлейменов, Әбіш Кекіл­баев, Рымғали Нұрғалиев, Мұх­тар Мағауин, Төлеген Тоқ­бер­генов, Сағат Әшімбаев, Жарасқан Әбдірашев, Сайлаубек Жұма­бе­ков, Бақыт Сарбалаев, Бақытжан Май­танов, Жаңғара Дәдебаев, Құл­бек Ергөбеков, т.т. арасын жал­ғап тұрған сыншылық пікір­дің үлкен мектебі – аға буынның жа­ғасын «тоздырмаған», іні буын­ның қатарын «аздырмаған» ал­тын көпір болғанын мойындары анық [69].
Сыншының әдебиет алдында­ғы Құзырлы міндеті мен адал бо­рышының бағасын уақыт қана бе­ре алады. «Жаптым жала, жақ­тым күйеге» негізделген жандайшап, жалбаң, сұрқия сынның өмі­рі қысқа болатынын уақыт дей­тін дана қарттың қалай дә­лел­деп келе жатқаны көп ежік­теуді керек етпейді. Мәреден шы­ға тарлан шабысымен көзге іліккен Серік Қирабаев әр дәуір, әр кезеңде әдеби өмірімізге мей­лін­ше еркін араласып, көркем про­цеске қатысты өз пікірі мен топ­шылауларын таратып айтып, же­келенген тұлғалар мен шығар­малар хақында өз көзқарасын ай­қын танытып отырған.



жүктеу 229,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау