"Атамекен" ҰКП және ӨКП:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктер
мен мамандықтардың тізбесін, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін
сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың
тізбесін айқындауға қатысады;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының
тізілімін бекітеді;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу
бағдарламаларын келіседі;
4) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып
табылады;
5) мобильді
оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің
мамандану карталарын әзірлейді;
7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа
орналастыруға жәрдемдеседі;
8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу
туралы қорытынды береді;
9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға
қатысушыларды бір жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді;
10) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы
жастардың тізімдерін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды үйлестіруді жүзеге
асырады;
3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультациялар береді және
қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-ға/ЕДБ-ға/
МҚҰ-ға
жібереді;
4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің
тізімін қалыптастыруға қатысады;
5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар
етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;
6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
7) ауданның және елді мекендердің мамандану
картасын дайындауға қатысады;
8) Бағдарламаның әртүрлі бағыттары бойынша қатысатын адамдарға мониторинг
жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және
консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі,
үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді,
үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, Бағдарламаға қатысуға
үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
2) тізім қалыптастырады және Бағдарламаға қатысушыларды білім беру
ұйымдарына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді;
3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар
беруге көзделген қаржы
қаражатын бөледі және ұсынады;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді;
5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен
өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді
және есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде "Еңбек ресурстарын дамыту
орталығы" АҚ-ға оқып жүргендер
жөнінде ақпарат береді;
7) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуын және шарттары
орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуын мониторингтеуді
жүзеге асырады;
8) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналасу
және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингтеуді жүзеге
асырады;
9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және
айқындайды;
10) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске
асыру мәселесімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен
қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестірумен айналысатын
өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.
Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті
органдардың осы Бағдарламада көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
және бекіту жөніндегі құзыреттері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту