Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы



жүктеу 0,49 Mb.
бет1/7
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21158
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


№ исх: 919 от: 29.12.2016

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы « »___________

№ қаулысымен

бекітілген

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы


  1. Паспорт (негізгі параметрлер)




Атауы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру


Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

Міндеттері

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.


5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру


Іске асыру мерзімдері

2017 – 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

  1. жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %);

  2. жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %);

  3. өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %);

  4. белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті)

Қаржыландыру көздері және көлемі

  1. республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
    2017 – 40 295 647 мың теңге;
    2018 – 40 664 637 мың теңге;
    2019 – 41 540 291 мың теңге;




  1. жалпы сипаттағы трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат:

2017 – 45 038 436 мың теңге;

2018 – 45 391 093 мың теңге;


2019 – 45 453 119 мың теңге




  1. Кіріспе

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.

Дүниежүзілік Банктің1 деректеріне сәйкес 2000 жылдан бастап мемлекетіміз жан басына шаққанда тұрғындардың табысының 7 пайызға жуық нақты өсуіне қол жеткізіп, әлем экономикасындағы ең тез дамушы 10 елдің тобына кірді.

Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін неғұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.

Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталары») логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.

Сонымен бірге, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғарылығына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.

Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды.

Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.

Осыған байланысты, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) «АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;

2) «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;

3) әскери техникалық мектеп – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарына ведомстволық бағынысты арнайы оқу орындары;

4) кепілгер – «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;

7) оқытудың екі деңгейлік моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін оқыту жүйесі;

8) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

9) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/«АШҚҚҚ» АҚ;

10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

11) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – білім беру қызметтерін ұсына отырып, басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

12) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган –кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

14) микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;



16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге микрокредит үшін өтініш берген уақытқа қарай кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;

17) микрокредит беру ұйымы – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

18) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары;



19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

20) қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

21) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы;



22) субсидиялау жөніндегі оператор – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы;

23) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бөлігі;

24) қысқа мерзімді кәсіптік оқу – жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі;

25) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;



26) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

27) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

28) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

29) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;



30) оқу орны – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

31) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

32) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жылжымалы оқу орталығы;

33) аудандық (қалалық) комиссия – жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;



34) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, мүдделері мен еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып біліктілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

35) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шартты негізде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;

36) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтитын жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келісім;

37) кәсіптік ақпараттандыру – қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес еңбек нарығындағы ахуал, игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі, қайта оқытудан өту, біліктілікті арттыру туралы ақпарат ұсыну;

38) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ішкі көшіп-қонушы;

39) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

40) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

41) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

42) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

43) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

44) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

45) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуін талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

46) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

47) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

48) «Еңбек нарығы» ААЖ – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қосқанда жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру әрі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында Бағдарлама операторының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.


  1. Ағымдағы ахуалды талдау

Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар санының
11 %-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің де саны 1,5 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 178 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 448 мың адамға төмендеді.

Жұмыссыздық (жалпы, жастар арасында, ұзақ мерзімді) деңгейі орта есеппен 47 %-ға қысқарып, бүгінгі таңда экономикалық белсенді тұрғындар санының 4,9 %-ын (445 мың) құрайды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖК 2020) жұмыс істеген уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2 %-дан 2014 – 2015 жылдары 5 %-ға дейін және 2016 жылғы 3-тоқсанда 4,9 %-ға дейін төмендеді. ЖЖК 2020 бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 5,5 %-дан 2014 жылы 4,2%-ға дейін және 2015 жылғы 4,3 %-ға дейін төмендеп, 2016 жылғы 3-тоқсанда ғасыр басынан бастап ең аз 3,9 %-ды құрады.

Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де ықпал ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:

1) еңбек ресурстары сапасының төмендігі

Соңғы 10 жыл ішінде (2006 жылдан бастап 2016 жылғы 3-тоқсанды қосқанда) жоғары және аяқталған жоғары білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 25 %-дан 38,0 %-ға, техникалық және кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 %-дан 36 %-ға дейін өсті.

Егер 2013 жылы жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 34 %-ды құраса, 2014 – 2015 жылдары оның көрсеткіші 37 %-ға дейін өскен. Сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі соңғы жылдары орташа деңгейде 33 % қалуда (2013 жылы -32 %, 2014 жылы – 34 %, 2015 жылы – 35 %).

Бұған Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар септігін тигізді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Ұлттық біліктілік шеңбері деген ұғымды көздейтін өзгерістер енгізілді, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.

Дегенмен қабылданған шаралар жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымының сапасын түбегейлі өзгерте алмады. Төмендегеніне (48-ден бастап 27 %-ға дейін) қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары күйінде қалып отыр.

Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары түлектерінің қозғалыс серпіні орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді.

Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен, жыл сайын жұмыс берушілер тапсырыс берген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды.

Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73 %-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға және жұмысшы кәсіптерге келетінін көрсетті.

Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет;

2) нәтижесіз жұмыспен қамту

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2013 жылы 2,2 млн. адамнан (27 %) 2014 – 2015 жылдары 2,1 млн. адамға (25 %) дейін қысқарды, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны бұл ретте, соңғы үш жылда 40 %-ға – 2013 жылы 558 мың адамнан 2014 жылы 430 адамға дейін және 2015 жылы 331 мың адамға дейін қысқарды.

Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де 25 %-ды немесе 2,2 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 360 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады, яғни не олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына тиесілі және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек, кедейлік алдындағы осалдықпен сипатталады, сол арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын арттырады.

Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қол жетімділікті шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады.

Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022 жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады.

Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв ретінде қарастыру керек;

3) өңірлік диспропорциялар және демографиялық теңгерімсіздік

Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Ағымдағы үрдістер сақталғанда 2050 жылға қарай солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі. Бұл ретте оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.

Егер 2013 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 млн. 943 мың адамды құраса, 2014 жылы – 2 млн. 945 мың адамды, ал 2015 жылы – 2 млн. 950 мың адамды құрады, яғни еш өзгермеген, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, халықтың саны 132 мың адамға өскен (2013 жылы – 6 млн. 482 мың адам, 2014 жылы – 6 млн. 505 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 614 мың адам).

Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн;

4) экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі;

2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты. Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді, тағы 15 %-ын – көлік қызметі, 13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда.

Мәселен, 2013 жылы өсімге тауар өндірісінің қосқан үлесі 28,1 %-ды құраса, 2014 жылы ол 17,2 %-ға дейін қысқарған, ал 2015 жылы экономикалық өсімнің бар-жоғы 15,9 %-ын құраған.

Сол жылдары сауданың үлесі тиісінше 2013 жылы – 30,6 %-ды, 2014 жылы – 29,2 %-ды және 2015 жылы – 10,6 %-ды құраса, көлік және қоймаға жинау секторы 2013 жылы – 12,9 %-ды, 2014 жылы – 16,7 %-ды және 2015 жылы – 33,9 %-ды құраған, ақпарат және байланыс секторы – 2013 жылы – 12 %-ды, 2014 жылы – 10,9 %-ды және 2015 жылы – 4,6 %-ды құраған.

2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан жиынтық үлесі 50 %-дан асады.

Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының аз ғана санын құрайды.

Әлемнің дамыған елдерінің табысты тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін шешуге ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігі мен ауқымын арттыратынын көрсетеді.

Сондықтан, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шаралары қызмет көрсету саласын және ауылдағы кооперацияларды кеңейтуді ескере отырып, микрокредит берудің көлемін ұлғайтуды, құралдар мен инфрақұрылымдарын, сондай-ақ оқыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларды арттыруды қамтитын болады.

Еңбек нарығына және іске асырылған іс-қимылдарға жасалған талдау мыналарды айқындайды.

1. Мықты жақтары:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қызметінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне басымдық;

2) мемлекеттік халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын іске асыруда жаңартылған нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің болуы;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын іске асыруға қомақты ресурс бөлу;

4) институционалдық базаның, әлеуметтік-еңбек саласы деректерінің және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда айтарлықтай тәжірибенің болуы;

5) халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және әлеуметтік әріптестік өкілдерімен ынтымақтастық.

2. Осал жақтары:

1) үлкен аумақта тұратын халық саны салыстырмалы түрде аз болған кезде жергілікті нарық ауқымының төмен болуы;

2) экономикалық өсім қарқынының баяулауы;

3) аумақтық және демографиялық диспропорция;

4) көлік байланысының нашар болуы;

5) кадрларды даярлау жүйесі тиімділігінің салыстырмалы түрде төмендігі.

3. Мүмкіндіктері:

1) экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру;

2) кадрлар даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек ресурстарының сапасын арттыру;

3) мемлекет пен кәсіпорындардың еңбек ресурстарының қажетті саны мен сапасына қызығушылық танытуы;

4) мемлекеттің, бизнестің, халықтың еңбек нарығындағы ахуал, трендтер мен мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратқа қызығушылық танытуы;

5) халықты жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің әлеуетін пайдалану;

6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды тез дамуы, «электрондық үкімет» және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету.

4. Қауіп-қатер.

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шараларын қаржыландыруды қысқартатын саяси шешімдер қабылдау;

2) елдегі және өңірдегі негізгі әріптес елдердегі экономикалық жағдайдың нашарлауы;

3) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.

Әлемдік саясатта еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.

Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал ететін болады.




  1. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері




    1. Бағдарламаның мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

    1. Нысаналы индикаторлар

Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:

1) Жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %)

2) Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %)

3) Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %)

4) Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды


Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2017

2018

2019

2020

2021

1

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

4,9

4,8

4,8

4,8

2

Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі

%

25

24

23

22

20

3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі

%

15

14

13

12

10

4

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі

%

3

5

7

9

10


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау