7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық
атқарушы органдармен келіседі.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы:
1) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен
кәсіптердің тізбесін айқындауға, сондай-ақ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, қысқа
мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдірген адамдарды тартуға қатысады;
2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқу бағдарламаларын
келіседі;
3) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;
4) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру
карталарын әзірлейді;
6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар:
1) ТжКБ бар кадрлар даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жүзеге асыру үшін білім
беру ұйымдарының тізбесін және мамандықтардың тізбесін келіседі;
2) білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқулардың құнын белгілейді;
3) ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлерді іздеу және тізімін қалыптастыру бойынша
мобильді топтарды құру туралы шешім қабылдайды;
4) МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;
5) ТжКБ бар кадрлар даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін
бекітеді;
6) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтарды
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;
7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың
Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
8) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын
тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар
әзірлейді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейіндегі
барлық операторлардың Бағдарламаның бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстарын үйлестіреді;
2) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейінде
Бағдарламаның шараларын тиімді іске асыруды және мониторингті қамтамасыз етеді;
3) Бағдарламаның үшінші бағытының іс-шараларын және бірінші бағыт шеңберінде қысқа
мерзімді кәсіптік оқу бойынша қаржыландыруға қаражат орналастырады;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;
5) басқа да жергілікті органдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік және
үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады
;
6) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа талдау, болжам жүргізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға
жәрдемдесу бойынша жұмысын ұйымдастырады;
8) Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді;
9) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
10) ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға
Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
1) мобильді топтар ұсынған деректер негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің
тізімін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) және
өңірлік комиссиялардың қарауына шығарады;
2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру
ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін қалыптастырады және оларды аудандық (қалалық)
және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
3) ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;
4) бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға қаражатты
орналастырады;
5) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның бірінші
бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) ӨКП-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқытуды ұйымдастырады;
2) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
3) микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржылай
қаражатты бөледі;
4) ауылда және аудан орталықтарында "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуына және
қалаларда микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;
5) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның
екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымдарының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің
қаражатын ұсынады;
2) микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру
үшін қаржылай қаражатты бөледі;
3) ауылда микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
4) МҚҰ-ның операциялық шығындарына субсидиялауды жүзеге асырады;
5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі
комиссияның жұмыс органы болып табылады;
6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.