орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияны карт-шотқа ақша аудару
арқылы төлейді.
Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру бойынша шараларды қаржыландыру
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
2017 жылы Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударатын
Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу және/немесе сатып алу халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды
ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бағдарламаға қатысушылар үшін
тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуды қаржыландыру құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоныс аударушылар үшін жатақханалар
салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асырады.
Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде "Жұмыспен қамту 2020
жол картасы"
шеңберінде, Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты
бағдарламасы
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру
үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін "Еңбек
биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.
"Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы"
автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал)
деректер қамтылған.
"Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және
есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды
қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының
қызметін автоматтандыруға арналған.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп
жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос
лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек
делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.
Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек нарығы" ААЖ
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ)
интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімін әрі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
"Еңбек нарығы" ААЖ-да ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы
қалыптастырылған мәліметтер еркін қолжетімді порталға орналастырылады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын жұмысқа орналастырудағы делдалдық
бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері
дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздерінің ыңғайына қарай еркін қолжетімді порталға
ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты орналастыра алады.
Порталға жүгіну арқылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері Қазақстан Республикасының
дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйесінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтерін көрсете алады.
Заңның 31-бабы
5) тармақшасына сәйкес еңбек делдалдығы үшін жүгінген және
2-тармағының
кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты
жұмыспен қамту орталықтары деректерді ашық қолжетімділікте орналастырмай портал арқылы ұсынады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту
және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.
Портал ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса "
Еңбек нарығы" ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және
ізденушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыс берушілердің, ізденушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мен халықты
жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы Бағдарлама мен Заңға сәйкес
функционалдық мүмкіндіктерімен "жеке кабинет" ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі: