Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы



жүктеу 0,5 Mb.
бет6/7
Дата15.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#29528
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.

Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында «Еңбек нарығы» ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімін әрі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.

«Еңбек нарығы» ААЖ-да ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер еркін қолжетімді порталға орналастырылады.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздерінің ыңғайына қарай еркін қолжетімді порталға ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты орналастыра алады.

Порталға жүгіну арқылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтерін көрсете алады.

Заңның 31-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес еңбек делдалдығы үшін жүгінген және кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталықтары деректерді ашық қолжетімділікте орналастырмай портал арқылы ұсынады.

Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

Портал ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса «Еңбек нарығы» ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және ізденушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.

Жұмыс берушілердің, ізденушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы Бағдарлама мен Заңға сәйкес функционалдық мүмкіндіктерімен «жеке кабинет» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Жұмыс берушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) ізденушілердің дерекқорына қолжетімділік;

2) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді жіберу;

3) мәлімделген бос лауазымдарға сәйкес ізденушілерді іріктеу жөніндегі қызметтерді алу;

4) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ету;

5) жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты ұсыну;

6) болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтерді жіберу;

7) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдерді қалыптастыру.

Жұмыс берушілер мүмкіндіктерінің 2, 4, 5, 6-тармақтарын іске асыру Заңның 28-бабы 1-тармағының 6), 8) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауға сәйкес келеді.

Ізденушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) базасына онлайн қолжетімділік;

2) резюме орналастыру;

3) бос жұмыс орындарына (бос лауазымдарға) жұмысқа орналастыру үшін жолдама бойынша қызметтерді алу;

4) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқуға өтінімдер беру.

Ізденуші мүмкіндіктерінің 3-тармағын іске асыру олардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының Заңның 13-бабы 2-тармағын орындауына сәйкес келеді.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) ізденушілер мен бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) дерекқорына онлайн қолжетімділік;

2) заңнамаға сәйкес еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтері;

4) еңбек делдалдығы және жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны туралы ақпаратты ұсыну арқылы «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу;

5) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдер қалыптастыру.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мүмкіндіктерінің 2, 4-тармақтарын іске асыру Заңның 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауға сәйкес келеді.
Жұмыс берушілердің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

1) жұмыс берушілер бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы ақпаратты «жеке кабинетте» орналастырады, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-да және еркін қолжетімді порталға орналастырылады;

2) тиісті ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ізденушілер үшін белгілеген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыс іздеп жүргендер мен «Еңбек нарығы» ААЖ дерекқорындағы жұмыссыздар қатарынан ізденушілерді іріктеуді қамтамасыз етеді;

3) ізденушілер үшін шарттар кәсіптік даярлығының, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесінің, денсаулық жағдайының, жұмыс уақыты режимінің, жұмыс орнына көліктік қолжетімділікке сәйкес келуін қамтиды;

4) ізденуші мәлімделген бос жұмыс орнына (бос орынға) орналасуға келісім берген және ізденушілерге қойылатын шарттарға сәйкес келген кезде халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушінің порталдағы «жеке кабинетте» көрінетін іріктелген ізденушілердің деректерін (резюмесін) жұмыс берушіге жібереді;

5) жұмыс беруші іріктелген ізденушілердің деректерін (резюмесін) жіберген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдағаны немесе жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны туралы халықты жұмыспен қамту орталығын «жеке кабинет» арқылы хабардар етеді.

Жұмыс берушіден үш жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдағаны туралы хабарлама болмаса, ұсынылған ізденушіні жұмысқа орналастырудан бас тартылды деп есептеледі;

6) жұмыс беруші ізденушіні жұмысқа қабылдағанын растаған жағдайда, тиісті бос жұмыс орны (бос лауазым) порталдан және «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жойылады;

7) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты нысанға (қосымша) сәйкес орналастырады.

Осындай адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары олардың келісімімен ізденуші ретінде деректерін порталға орналастыруды қамтамасыз етеді;

8) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» болжамды жұмыс орындары туралы мәліметті орналастырады.

Бұл мәліметтер Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқытуға, мамандықтарға және білім беру ұйымдарына қажеттілікті айқындау кезінде пайдаланылады.

Жұмыс беруші болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынбаса, құрылатын жұмыс орындары жоқ деп есептеледі;

9) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» кәсіптік оқуға өтінімдерді орналастырады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Ізденушілердің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

1) ізденушілер ақпаратты порталдағы «жеке кабинетте» өз бетінше дербес не мұндай ақпаратты порталға халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы орналастырады;

2) тиісті ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркелген ізденушілер үшін бос жұмыс орындарын (бос лауазымдарды) іріктеуді қамтамасыз етеді;

3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) ізденушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келген кезде халықты жұмыспен қамту орталықтары олардың деректерін (резюмесін) жұмыс берушіге жібереді, ол туралы ізденушіге порталдағы «жеке кабинет» арқылы немесе тікелей (порталда «жеке кабинет» болмаған кезде) хабарлайды;

4) жұмыс беруші ізденушіні жұмысқа қабылдағанын растаған жағдайда, ізденушінің дерегі порталдан және «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жойылады;

5) ізденушілер «жеке кабинетте» кәсіптік оқуға өтінімді орналастыра алады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін порталға орналастырылған ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалана алады;

2) ізденушілер туралы деректерді тексеру жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің деректерін порталдағы «жеке кабинет» көмегімін «Еңбек нарығы» ААЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады;

3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығына және жұмысқа орналастыру үшін жүгінген адамдар туралы ақпаратты «Еңбек нарығы» ААЖ-ға беруді порталдағы «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырады;

4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері «жеке кабинетте» кәсіптік оқытуға өтінімдерді орналастырады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.



«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы шеңберінде жұмысқа орналастыруға мониторинг жүргізу және есепке алу тетігі

1) жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды «Еңбек нарығы» ААЖ-дан шығару зейнетақы аударымдары болған немесе жұмыс берушілер жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер ұсынған кезде немесе Заңның 16-бабында көрсетілген себептердің негізінде жүргізіледі.

Ізденушілер өз бетінше порталға орналастырған өздері туралы деректер (резюме) деректерді ұсыну кезінде өз бетінше белгілеген мерзімде, бірақ деректерді ұсынған сәттен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде порталдан автоматты түрде жойылады. Ізденушілер өз бетінше өз деректерін порталға қайта орналастырады;

2) зейнетақы аударымдары туралы деректерді салыстырып тексеру аптасына бір рет жүргізіледі;

3) ізденушілерді жұмысқа орналастыру белгіленген нысанда ведомстволық статистикалық есептілікте көрінеді.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру және сүйемелдеу кезіндегі өзара іс-қимыл тетігі

1) Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ мен порталды қоса алғанда, «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын республикалық деңгейде сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек нарығын дамыту орталығы» АҚ қамтамасыз етеді;

2) «Еңбек нарығы» ААЖ-ны өңірлік деңгейде қалыптастыруды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы (ағымдағы жылғы) деректерді Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына шығаруды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету

Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған қаражат қалдығы және жалпы сипаттағы трансферттерді үнемдеу бойынша көрсетілген қаражатты мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:

1) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);

3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу;

4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Іске асыру тетігі

1) Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді және іске асыруды:

1-1) пайдаланылмаған қаражат қалдығы және жалпы сипаттағы трансферттер бойынша үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;

1-2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

1-3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;

1-4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;

1-5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;

1-6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;

1-7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;

1-8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;

1-9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.

Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.

Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерінсіз және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;

2) жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға өздігінен жұмсай алады;

3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:

3-1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

3-2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;

3-3) қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің себептері;

3-4) жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;

4) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:

4-1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

4-2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4-3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;

5) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.


Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК (Ведомствоаралық комиссия), Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

республикалық деңгейде:

1) ВАК;

2) Бағдарлама операторлары;

облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:

1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;

2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде:

1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;

2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

2) Бағдарламаны іске асыруға мониторингті қамтамасыз етеді;

3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;

6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;

7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы:

1) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін айқындауға, сондай-ақ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдірген адамдарды тартуға қатысады;

2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

3) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;

4) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;

5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру карталарын әзірлейді;

6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар:

1) ТжКБ бар кадрлар даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесін және мамандықтардың тізбесін келіседі;

2) білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқулардың құнын белгілейді;

3) ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлерді іздеу және тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтарды құру туралы шешім қабылдайды;

4) МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;

5) ТжКБ бар кадрлар даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

6) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтарды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;

8) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейіндегі барлық операторлардың Бағдарламаның бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстарын үйлестіреді;

2) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейінде Бағдарламаның шараларын тиімді іске асыруды және мониторингті қамтамасыз етеді;

3) Бағдарламаның үшінші бағытының іс-шараларын және бірінші бағыт шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша қаржыландыруға қаражат орналастырады;

4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;

5) басқа да жергілікті органдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады;


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау