Несие және несие жүйесі 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6


« Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері



жүктеу 1,23 Mb.
бет11/14
Дата01.02.2018
өлшемі1,23 Mb.
#8335
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері


Ипотекалық несие – жеке және заңды тұлғаларға, сатып алынатын тұрғын үйдің өзін, құрал-жабдықтарды, жерді кепілге қоя отырып, осыларды сатып алуға берілетін ұзақ мерзімді несие. Басқаша айтқанда - ипотекалық нарық капиталы деп аталынатын, кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз етілген, қарыз капиталы қайта орналастырылынатын қаржы нарығының бір бөлігі, Ипотекалық капитал нарығында бағалы қағаз ретінде несие берушінің несие бойынша алынатын төлемдер кепілдендіретін кепілдер, сондай-ақ қарыз алушының өз міндеттемелерін орындай алмаған уақытта, кепіл объектісін өткізу арқылы, салынған қаражаттарды қайтару мүмкіндігі қарастырылады.

Барлық қаржы нарықтары секілді, ипотекалық капитал нарығы да алғашқы және екінші болып, ал қозғалмайтын мүліктің типіне байланысты - тұрғын үйдің ипотекалық несиесі, табысты қозғалмайтын мүлік, өндірістік қозғалмайтын мүлік және т.с.с. бөлінеді.

Ипотекалық капиталдың алғашқы нарықтағы несие берушілері арасында коммерциялық банктер, сақтандыру және траст компаниялар, жеке несие берушілер болады. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша несие алушылардың табыстар деңгеін 11 кестеден көруге болады.

Кесте 11


Қазақстан Республикасы халқының табыстар деңгейі

Облыс

Табыстар өсу мөлшері, %

Ақмола

21,1%

Ақтөбе

16,2%

Алматы

16,0%

Атырау

16,9%

Шығыс Қазақстан облысы

14,3%

Жамбыл

15,8%

Батыс Қазақстан облысы

10,0%

Карағанды

15,1%

Қостанай

15,3%

Қызылорда

18,1%

Манғыстау

10,7%

Павлодар

25,4%

Солтүстік Қазақстан облысы

19,9%

Оңтүсік Қазақстан облысы

16,4%

Астана қаласы

21,2%

Алматы қаласы

12,1%

Қазақстан Республкасы

17,0%

Ипотекалық капитал нарығында банктер маңызды рөл ойнайды. Бұл банктер несиені қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып береді. Дамыған капиталисттік елдерде ипотекалық банктер банк жүйесінде маңызды орын алады. Кейбір банктер мемлекетке қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып ссудалар береді.

Тұран Әлем Банкінің ипоткалық несиелерінің ставкалары 12-кестеде көрсетілген.

Мысалы, А.Б. Нұртаев деген азамат 50000 АҚШ тұратын ипотекалық несиені 240 айға (20 жылға) алды, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11,8 пайыз. Ол кісінің таза табысы 2000 АҚШ доллар, және кепілге жылжымайтын мүлікті қояды. А.Б. Нұртаевтің төлем қабілетін былай бағалаймыз:

НҚАТ –негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері;

СМАТ –сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері;

ННҚ –нақты несиелік қабілеті.

НҚАТ = 50000/240=1388 доллар

СМАТ = 50000*11,8% /12 =5900/12= 492 доллар

НҚАТ = 1388+492 = 1880 доллар

ННҚ = 1880/2000 = 0,94 (94%)

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады.

Мысалға, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Оның нарықтық құны 60000 доллар тұрады. Банк тарапынан бағалаушы мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70 пайызынан аспауға тиіс.

Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:



  1. Пәтердің тозу коэффициенті. Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті) = 60000* 0,03= 1800 доллар

  2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендету тәуекелі. Пәтердің нарықтық құны * 15% (төмендетіу коэффициенті) = 60000*0,15= 5000 доллар

  3. Пәтердің бағалау құны. Пәтердің нарықтық құны -пәтердің тозу коэффициенті –пәтердің бағасының төмендету тәуекелі

= 60000 -1800 -9000= 49200 доллар

  1. Пәтердің кепіл құны. Пәтердің бағалау құны * 60% = 49200*0,60= 29520 доллар.

Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

Ал соңғы жылдарда еліміздегі банктердің алдыңғы шебінде келе жатқан банк «Тұран Әлем Банкін» ел экономикасы мен әлеуметтік қызметтер аясындағы істерді жан-жақты меңгеріп отырған банктердің бірі ретінде қарастырады. Атап айтқанда, аталмыш банк тарапынан берілетін несие, қаржының басым бөлігі экономиканың маңызды секторларына жұмсалуда десек 2005 жылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін 243 миллион АҚШ доллары көлемінде несие берілген. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 70 миллион АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Сонымен бірге, банктің рынокта беделін арттырып отырған саланың бірі соңғы жылдарда ипотекалық несие жүйесі болып отыр. «Тұран Әлем Банкінің» ипотекалық бағдарламасы негізінде көптеген қазақстандықтар өзінің тұрғын үй мәселесін шешіп, баспанаға қол жеткізді деп айтуға болады.


Кесте 12

2006 жылғы жағдай бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ-да ипотекалық несиелеудің тәртібімен шарттары



Белгіленген шарттар пакеті

Бастапқы

салым,


%

Мер-зімі

жыл


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау