Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
коммерциялық несие;
банктік несие;
тұтыну несиесі;
мемлекеттік несие;
халықаралық несие;
ипотекалық несие2
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу болып табылады.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
коммерциялық несиенің орташа құны сол кездегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің занды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады3.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз сұраушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез -келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Тұтыну несиеснің, басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен4. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиьаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игілікктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни Кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдап аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Бүгінгі танда тұтыну несиесінің біздің елімізде жеке қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінін өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтармен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты.
Мемлекеттік несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің негізгі формаларына: мемлекеттік облигациялық зайымдар, қысқа және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және басқа
да мемлекеттің бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің шығарылу мерзімі: алты ай, он екі ай және үш жыл мерзімді құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттің рөлі қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз беруші - заңды және жеке тұлғалар. Сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен ірі жобаларды қаржыландыруға несие береген жағдайда ол, қарыз беруші ретінде несиелік қатынасқа түседі және мұндай да қарыз алушыларга банктер және қаржыландырылатын заңды тұлғалар жатады.
Халықаралық несие - валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ, пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.
Мұнда қарыз берушілер мен алушылар ретінде: банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар мекемелер, халықаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар бола алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізді. Халықаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине, бүл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан да, халықаралық банктік несие бойынша төлейетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында немесе еркін алмастырылатын валюталарда беріледі.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Ипотекалық несие көбіне ипотекалық банктер арқылы беріледі. Біздің отандық банктеріміздің, тәжірибесінде ипотекалық несие беру барысы енді ғана дами бастады. Алғашқы ипотекалық несиелер ААҚ Центркредит банкімен өз қызметін біріктірген «Тұрғын-үй құрылыс банкінен» берілген болатын. Несиенің бұл формасының дами алмай отыру мәселелері де аз емес,
атап айтсақ, қозғалмайтын мүліктер нарығының (өте қымбат тұрғын-үй нарығынан басқа) болмауы, сонымен қатар, жердің өтімсіздігінен банктердің оларды кепілге алудан бас тартып отыруы, сондай-ақ арнайы ипотекалық банктер мен жаллы ипотекалық жүйенің қызмет етуінің кешігуі т.с.с5.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар төнірегіндегі объективті экономикалық зандардың талаптары көзделеді.
Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
несиенің мақсаттылығы;
несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
несиенің ақылылығы;
несиенің қамтамасыз етілуі;
несиенің сый ақылылығы6.
Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.
Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінін, негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді. Мерзімдік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің, ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық - бұл несиенің ажырамас бөлігі.
Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.
Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады, Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп кайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшік төлейтін пайызын - несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдайда, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық заңдылықтарға сай яғни банктің қызметінің экономикалық негізін жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғары мөлшерде емес, бірқалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті. «Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналар жатқызуға болады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін пайыздың базалық мелшері;
- банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
- өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы (қаншалықты сырттан тартылған қаражаттар үлесі жоғары болса, соғұрлым несие бағасы қымбат болуға тиіс);
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы арзан болады);
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (қаншалықты инфляция қарқыны жоғары болса, несие үшін төленетін ақы да жоғары болуға тиіс, себебі, мұндай жағдайда, банкте ақшаның құнсыздануынан өз ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшеріне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да өсер етеді. Бұл қатардағы басты факторлардын, біріне депозиттік пайызды жатқызуға болады. Шын мәнісінде, занды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбат түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір қағидасы, берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте
келе бұл қарыздардың мазмұны толығымен өзгерген десе болады.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиені материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы материалдық бағалылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине кезіндегі экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік қағидаларына сай негізделуімен банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген бағалылықтардың иесі мемлекет болғандықтанда, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек кағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілуі формасы ретінде: кепіл кепілдеме, тапсырма, сақтандыру мінедеттемелері қолданылуда.
Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтеріменен қаматамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ та кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы дамыған елдерде, қарыз алушынын, жағдайы жақсы болып келген жағдайларда, несие қамтамасыз етусіз беріледі.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ен, тұрақты формасы ретінде келесідей шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерінің қосылғандағы сомасын, сондай-ақ кепілді іске асыру және оны ақшаға айналдыру үшін қажетті уақытты дұрыс анықтай білу қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасаған кезде, барлық зандылық жақтарын, құқылығын міндеттілігін тексере отырып, кепілдің тұрақты және заңды қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, қазіргі жағдайға байланысты қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын және құндылығын бақылап отыру кажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да, байланысты болуы мүмкін. Кейбір активтерді анықтауда қарыз алушылар алдында нақты мәселелер тұрады. Сондықтан да, кепілге берілетін активтердің мынадай сипатта болуы шартты:
Біріншіден, кепілге несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін жеңіл бағаланатын және қайта бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін
үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе маральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тезірек жоғалтады.
Кепілдеме - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді.7
Бұл жағдайда кепілдеменің заңдылығы туралы қарыз берушіге қарыз алушының, атынан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілдемені ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілдеме берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілдеме - бұл күрделі экономикалық кұрал ретінде келесідей түрлерден тұрады:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілдеме бойынша, кепілдеме беруші бір қарыз алушының барлық қарызын бір қарыз берушіге төлей алмайтындығына кепілдік береді. Мұндай кепілдемелер қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме, бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілдеменің мұндай түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілдемелер. Жеке кепілдемелер жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілдемелері басқа бір корпорациялардан алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілдемелерде дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілдемелеріне банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Берілетін несиелерді қамтамасыз етудің келесі жолы - бұл сақтандыру. Бұл үйреншікті болғанымен де, оның қолданылуы барысында мәселелерде жеткілікті. Оған нақты мысал ретінде, несие нарығына өзінің қызметін ұсынушы сақтандыру компанияларының кейде өздері де, тұрақсыз қарыз алушының несиесін қайтарудың орнына, керісінше олардың қаржылық жағдайлары да болмай немесе жеткіліксіз болып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |