Несие және несие жүйесі 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6


Несие және несие жүйесі 1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері



жүктеу 1,23 Mb.
бет2/14
Дата01.02.2018
өлшемі1,23 Mb.
#8335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Несие және несие жүйесі

1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері


Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы- бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға боладьі.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануга берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кен, ұғымды сипатайды. Ссуда -бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануга қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азамагтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің ққрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:


  • қайта бөлу;

  • айналыс шығындарын үнемдеу;

  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;

  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету1.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал

ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылыгы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мүндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп кана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Қазақстандық қаржылық нарықта әрдайым ең әртүрлі жаңа банктік өнімдер мен қызметтер пайда болуда.

Банктік инновациялардың пайда болуы, негізінен үш себеппен шартталған:



  1. кәсіпкерлік ойдың үзіліссіз қозғалысымен және де бәсекелестерден озуға талпынумен;

  2. банктің қаржылық ойының күшеюі мен қаржылық тұрақтылықтың ұлғаюына ынта (стимул) болып табылатын банктік аяда кезеңді түрде пайда болып отырған дағдарыспен;

  3. шетелдегі банктік жаңа енгізулер туралы ақпарат беретін шетелдік қаржылық нарықтың қызмет етуімен шартталады /8/.

Мысал ретінде Қазақстандық нарықтағы банктік инновацияларды қарастыруға болады:

  • валюта-пайыздық своп

  • көлдік купоны бар своп

  • своптарды қоймалау

  • контароренттің овердрафтпен сәйкестілігі бойынша операциялар.

Валюталық своп валюталық сатып алынуын және біруақыттылы форвардты сатуды (депорт) немесе керісінше, валюталық сатылуын және де біруақытылы форвордты сатып алынуын (репорт) білдіреді. Пайыздық своп – бұл қарыздық құралдар бойынша пайыздық стовкалармен айырбас. Бұл екі своптардың сәйкестілігі жаңа қаржылық операцияға әкеледі.

Валюта-пайыздық своп. Валюта –пайыздық своп валюталық және пайыздың – айырбас ретінде көрініс табады. Своптың бұл түрі бірнеше қатысушылар арасында бекітілуі мүмкін.

Нөлдік купоны бар своптің мәні-купонсыз облигацияның элементі біруақыттылы пайыздық своп пен қайтарылым жылдық төлем жолымен ауытқымалы пайыздық ставка бойынша табысқа тіркелген табыс айырбасын жүзеге асыра алатындықта.

Своптарды қоймалау-бұл банк своп туралы келісім-шарттың екінші жағын таппағанға дейінгі мерзімде банкпен своп туралы келісім-шрттың жасалуы мен оның сақтандырылуы (әдетте, финогерстермен)

Контокоренттің овердрафтпен сәйкестілігі бойынша операциялардың мазмұны ақшалы төлемдер кезінде, көбінесе, валюталық есептесулер кезінде олардың қосарлы қолданылуында болады. Ақша құраладры (соның ішінде, валюта) келісілген контрактілер бойынша төлем мерзімінен бұрын игерудің шотына түссе, онда олар контокоренттік шотқа есептеледі. Егер де төлем мерзімі ақшалардың түсу мерзімінен бұрын келсе, онда инвестор банк овердрофтін қолданады. Банкке овердрофт пен оның пайыздары бойынша несиенің қайтарылуы игерудің шотына ақшалардың келіп түсуі кезінде жүзеге асырылады /16/.

Банкаралық бәсекелестіктің кұшеюі әсерінен коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің кеңеюі қарқыны пайда болуда. Олардың ішінде форфейтингтік, лизингтік операцияларды бөлуге болады.

Форфейтинг-бұл несие берушіде айналысу негізде айналым құжатында көрініс табатын қарызды сатып алу. Бұл қарыздың сатып алушысы (форфейтер) өз мойнына қарыз алушыдан қанағаттандыру ала алмай қалу мүмкіндігі кезінде несие берушіге регрессивті талап айналысынан бас тарту-форфейтинг туралы міндеттемені алатындығын білдіреді.

Оның дамуының маңызды алғышарттары ретінде халықаралық интергацияның күшейтілуі, банктердің бәсеке қабілеттілігінің өсуі, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулердің алынып тастаулары, сонымен бірге, экспортерлерге тән тәуекелділіктің өсуі қызмет етеді.

Форфейтинг механизмі келісім-шарттардың екі түрінде қолданылады:


  • қаржылық келісім-шарттарда-ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез арада өткізу мақсатында;

  • экспорттық келісім-шарттарда-шетелдік сатып алушыға несие ұсынған экспортерға нақты ақшаның түсуіне әрекеттесу үшін.

Форфейтингтік аспаптар ретінде қолданылатын негізгі айналымдық құжаттар болып вексельдер табылады. Бірақ та форфейтинг объектісі ретінде бағалы қағаздардың басқа түрлері де бола алады. Бұл қағаздардың “таза” (тек абстрактті міндеттемені мазмұндайтын ) болуы маңызды.

Форфейтинг экспорты мемлекеттік несиелендіру қатысты түрде әлсіз дамыған елдерде аса кең даму алды. Алғашқыда форфейтингтеу коммерциялық банктермен жүзеге асырылды, бірақ та “а-форфе” операцияларының көлемдерінің ұлғаю шамасы бойынша, сондай-ақ арнайы мамандандырылған институттар құрыла бастады.

Форфейтингтеу мерзімі 150 күннен 5 жылға дейін, ао кейбір жағдайларда 7 жылға дейін.

Лизингтік операциялар кәсіпорын –жалға алушыларға машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүлікті және де негізгі капиталдың басқа да бөліктерін ұзақ мерзімді кезеңге жал шарттарына ұсынуға бекітіледі.

Лизинг инвестициялау формасы ретінде негізгі құралдарды жылдам жаңарту үшін дүние жүзінде қолданылады. Ол құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бастапқы капиталды және де, әдетте, қосымша кепілді талап етпейді, өйткені лизингтің алынатын құралы біруақытылы кепіл құралы да болып табылады. Осылайша, кәсіпкерлік ынталандырылады және мемлекет экономикасына қосымшы инвестициялар тартылады.

Лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: оперативті лизинг (толық емес өтімділігі бар лизинг) және қаржылық лизинг (толық өнімділігі бар лизинг). Коммерциялық банктер жүзега саыратын лизингтік операциялардың негізгі түрі болып қаржылық лизинг саналады, яғни толық өтімділігі бар лизинг. Қаржылық лизинг жалға берушінің құрал-жабдықтарының толық амартизациясына жеткілікті және оған тіркелген пайда беруге қабілетті нақты бекітілген төлемнің жал мерзімі ішінде төлемді алдын-ала қарастырады.

Коммерциялық банктермен лизингтік операцияларды жүргізу тәжірибесі келісім-шарттың барлық қатысушылары үшін оның оңтайлы жақтарын анықтады. Кәсіпорын-жалға беруші үшін лизинг негізгі қорларды несиелендірулің жаңа формасы болып табылады. Лизингті жүзеге асыратын банк өз операцияларының шеңберін кеңейтеді және де клиенттердің төлемқабілетсіздігі тәуекелділігін төмендетеді. Банк жалға берілетін мүлікке салық салынбайтын және де құрал-жабдықтарды алу үшін қаражат көзі бола алатын амортизациялық төлемдер есептеуге құқылы. Өнімдері лизинг бойынша алынатын жабдықтаушы үшін оның төлемімен байланысты мәселелер шешіледі, бұл өз кезігінде, оның тұрақты қаржылық жағдайын, өтімділігі мен несие қабілеттелегін қамтамасыз етеді.

Республика экономикасының қалыптасуы кезеңінде лизинг дамуын баяулататын кездер көрнекті болып отыр. Сәйкесінше, Қазақстанда өндірілетін негізгі құралдардың жаңартылуы баяулайды, бұл мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен жалпы экономиканың дамуына кері әсер етеді. Лизинг 50 түрден аса түрлерге иелік етеді,бірақ та республика заңдылығы қазіргі кезде тек оның бір түріне-қаржылық лизингке қолдау көрсетеді. Лизингтің басқа түрлері осыған байланысты нақты дамуын ала алмауда. Сонымен қатар “екінші лизинг” ретіндегі лизинг түрін енгізу қажет және де қаржылық лизингті анықтау түзетулерін де енгізу қажет. Бұл техниканы сатып алуда икемді мүмкіндіктерді ашады.

Нарыққа өту шарттарында экономикалық механизмдерді жеті,лдіру ақша айналыс жүйесінің қызметіне, жеке тұлғаларға есептік және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға аса жоғары талаптар қоюда. Төлемдік айналым өсімімен онымен шартталған айналыс ұсталымдарының өсімі, айналыс ұсталымдарын біруақытылы төмендету мен еңбек шығындарын азайту кезінде төлемдердегі тез өспелі қажеттіліктер мен ақша құралдарының айналымдылығын тездетуді қамтамасыз ететін, ақша айналысының принципиалды түрдегі жаңа механизмін құру қажеттілігін көрсетуде.

Берілген мәселе іс жүзіндегі ақша формаларын массалық қолдану кезінде шешіле алмайды, өйткені өздерінің физикалық табиғаты күшіне олар жылжымалылық шегіне иелік етеді, қаржылық есептемелердің жоғары еңбек сиымдылығын шарттайды, есептесу буынының үзіліссіздігін қамтамасыз етпейді және де өз қозғалысына бақылау жасауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы-бұл индустриалды дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі негізінде аталмыш “қағассыз” технологияларда пайддалану.

Біздің елде тұрғылықты халықпен нақты ақшасыз епсептесудің кешенді автоматтандырылған жүйесінің құрылу консепциясы жасалып шығарылған еді. Тауарлар мен қызметтр үшін нақты ақшасыз есеп айырысу сұрақтарынан басқа, Концепцияда кешенді түрде тұрғылықты халыққа банктік қызмет көрсету мәселелері қарастырылған.

Концепция әртүрлі банктік жүйелердің техникалық біртұтастық мүмкіндігі қарастырылады, бұл ақша айналысының біртұтас жалпы мемлекеттік жүйесін құрудың міндетті шарты және де қандай да болмасын банктің жоғары рентабельділігінің (өтімділігінің) кепілі болып табылады. Автоматтандыру процессі бірнеше деңгейге тарайды. Бір жағынан, құрылған банк ішілік және банкаралық жүйелер, сонымен қатар көтерме (оптом) банктік кәсіпкерлік ауданына қызмет ететін электронды техникалық құралдар енгізілуде. Басқа жағынан алғанда, клиенттерге бөлшектік автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі енгізілуде.

Индивидуалды клиенттердің электронды ақша есепайырысу жүйелерінің қызмет ету механизмі пластикалық карточкаларды қолдануға негізделген және де өзіне банкоматтар көмегімен жүзеге асырылатын операцияларды, саудалық ұйымдарда тұрғылықты халықтың есеп айырысуының электронды жүйелерін, жеке тұлғаларға үйде немесе жұмыс орнында банктік қызмет көрсету жүйелерін кіргізеді.

Соңғы 5-6 жылда біздің өмірімізге бағыттамалы жылдамдықпен өзінің сұлбаттасу, кәсіпкерлік қағидаларымен және де өзінің принципиалды түрде электронды есеп айырысулардың жаңа аспаптарымен Интернет кірді. Ең жақсы жетістіктердің бірі болып банктік технологияларды Интернеттің қазіргі заман талабына сай мүмкіндіктерімен үйлестіру саналады.

Интернет-банкинг-бұл банкпен көрсетілетін жаңа қызмет емес, ол клиенттерге қызмет көрсетудің формасының тек өзгерісі ғана. Торда (сети) банкпен жүзеге асырылатын операциялар-ол өзінің стандартты бөлімшелерінде көрсететін дәл сондай операциялар еай Ол клиентпен өзарақатыныстардың тек интерактивті формасымен ғана ерекшеленеді.

Бірақ та бұндай қызмет көрсету аса алға жылжыған т. б.

“Интернет банкинг” жүйесі әзірше тек жеке тұлғаларға ғана есептелген. Жүйенің маңызды бөлігі болып оның клиенттерінің мәліметтерінің орталықтандырылған базасы саналады.

Берілген “Интернет банкинг” жүйесі клиентерге ыңғайлы уақытта нақты уақыт режимінде интернет торы (сеть) арқылы банктік шотты басқару үшін арналған.

“Интернет банкинг”жүйесінде тіркелу кезінде валюталардың 5 түрінде операцияларды жүргізу мүмкіндігімен мультивалюталы интернет шот ашылады:


  • Қазақстандық теңге;

  • АҚШ доллары (USD);

  • ресей рубльі (RUR);

  • евро (EUR);

  • ағылшын фунт стерлингтері (GBP) /13/.

“Интернет банкинг”жүйесінің жұмыс істеу шекарасында шоттардың барлық түрлеріне бірден қол жеткізу мүмкіндігі бар: есептік депозиттік, карточкалық несиелік, инвестициялы- брокерлік шоттар перспективасында, өз кезегінде, өзінің барлық қаржылық портфелін талдау, басқару және мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты қауіпсіз беру үшін “Интернет банкинг” жүйесінде электронды сандық қол (ЭСҚ) қою механизмі қолданылады. Бұл келесідей болады: клиентпен банкке бағыталатын төлемдік құжат RSA олгаритімі бойынша шифрланады және де клиенттің құпиялы кілтін қолдануы арқылы ЭСҚ бойынша қол қойылады. Бұл кезде белгілерді терудің материалды көрінісін табатын құжаттың аталмыш бақылау сапасы тіркеледі.

Физикалық түрде дәл осы нақты құжат астына сіздің электронды қолыңыздың қойылуы болып табылады. Сондықтан да, егер де электронды құжат мазмұнында бір үтірдің өзінің орны ауысып кетсе, бақылау сомасы да өзгереді. Сәйкесінше, банктік сервер электронды құжатты алу кезінде сондай-ақ құжаттың бақылау сомасын анықтайды және де өзі иелік ететін ашық кілттің көмегімен қойылған қол таңбасының шифрін ашып, өзі алған соммамен оны салыстырады. Бұл сандар сәйкес келген жағдайда құжатқа жіберушімен қол қойылған болып саналады және де клиенттің тапсырыстарының жүзеге асырылуы орындалады. Керісінше болған жағдайда, тапсырыстарды жүзеге асырудан бас тартылады, ал қате терілген кілтке жүедегі жол жабылады және келесідегі, яғни болашақтағы жұмыстан шығарылып қалады. Уникалды жабық кілтті сақтау үшін кілттік иемденуші ретінде клиенттің өз таңдауы бойынша дискета немесе смарт-карта қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, осындай класстағы жүйелердің қорғанысы өте мықты және оны ашып алу іс жүзінде мүмкін емес екенін сенімділікпен айтуға болады. Қауіпсіздіктің ішкі қатеріне байланысты айтсақ, онда персоналдық тиянақты таңдалуымен және де банктің құзырлы қызметкерлеріне жүйеге кірудің әр түрлі деңгейлерін ұсынумен реттеледі.

Соңғы кезде ірі банктердің бәсекелестігі аса ұшқыр сезілетін қаржылық нарық сегменттерінің ішінде, аталмыш эквайринг пайда болды. Бұл түсінік өзіне банктермен саудалық және қызмет көрсету нүктелеріне, соның ішінде дүкендерге, қонақ үйлерге, мейрамханаларға, туристтік фирмаларға, автокөліктерді жалға беру бөлімшелеріне және т.б-ға қызмет көрсетуіді кіргізеді.

Эквайринг мәні қандай да бір банктің оларға пластикалық карточкаларды қабылдауға мүмкіндік беретін саудалық және сервистік кәсіпорын-дарға қызмет көрсетеді.

Эквайринті жүзеге асыратын банк төлемдік құжаттардың (чектердің) инкассациясын өз мойнына алады және де дүкеннің, мейрамхананың, қонақ үйдің шотына ақшалы түсімдерді аударады, яғни тауарлары немесе қызметтері үшін клиенттері пластикалық карточкалар арқылы төлем жүргізген кәсіпорындардың шотына аударады. Тек шетелдік қана емес, сонымен бірге Қазақстандық тәжірбие пластикалық карточкалардың әртүрлі атақты жүйелерін енгізу саудалық немесе сервистік санын ұлғайтуға және сәйкесінше, тауар айналымын ұлғайтуға көмектеседі, өйткені соңғы уақытта есеп айырысу кезінде дәл осы пластикалық карточкаларды қолдануды қалайтын адамдардың саны өсуде.

Жаңа банктік өнімдерге: пластикалық карточкаларды, жатқызуға болады. Банктік карта- жалпылама термин, және де ол төлемдік карталардың барлық түрлерін білдіреді. Төлемдік картаның басты ерекшелігі – техникалық жетілдіру деңгейіне қарамастан ол оған ақша айналысы аясында нақты ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін ақпараттың белгілі-бір тізімі мен көлемін сақтауда болады. Электронды ақшалы есеп айырысу жүйесінің қалыптасуы кезеңінде құрылған ISО (International Standarts Organisation) ұйымы төлемдік карталардың сыртқы түрінің белгілі-бір стандарттарын, магниттік сызықтардың форматын, шоттарды номерлеу тәртіптерін және т.б. жасап шығарды. Қазіргі заман талабына сай батыс экономистерінің ойлары бойынша пластикалық карточкалары электронды банктік жүйелердің басты элементі ретінде шығады. Төлемдік карточка арнайы магниттік сызығы бар пластикалық тіктөртбұрыш ретінде көрініс табады. Оның ақпаратты сақтау құрылғысында тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін есеп айырысуға немесе карталық шоттағы сомадан нақты ақшаны алу үшін қажетті ақпарат сақталады.

Тағайындалуы бойынша карталар екі топқа бөлінеді:


  1. Кредитті

  2. Дебетті

Кредитті карта, эмитент мойнына оның контрагенттерінің шотына клиенттің құралдарын аудару міндеттемесін ғана емес, сонымен қатар онымен бекітілген несиелендіру лилиттінің шегінде оның иемденушісінің тауарларға, жұмастарға және көрсетілген қызметтерге бірден төлем жасау тәуекелділігін де алатын кездегі, осындай есептесу құралы ретінде көрініс табады. Осылайша, Кредитті карточка оның иемденушісіне қандайда бір сатып алуды орындаған кезде банктен несиені (несиелік жалды) алу жолы арқылы оағн төлем жасау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Несиелендіру лимиті банк-эмитентпен картаның әрбір иегеріне оның қарыздық шотында анықталады. Бұл шот клиенттің банктегі қарапайым (ағымдағы, жинақтық және т.б.) шотынан мүлдем тәуелсіз. Батыс экономистерінің көз-қарастары бойынша кередитті карточкалардың белгілі-бір жетіспеушіліктері, яғни кемістіктері бар, олар: жалпы тауар айналымының 2,5-3 проценті мөлшерінде банкке ай сайынға төлемдер, банктің компьютерлі жүйесімен қолдану үшін бастапқы салымының төленуі, картаның төлемқабілеттілігін тексеру мен ол бойынша несиелендіру лимитінің болуын тексеру үшін қосымша уақытының қажеттігі, сатушының сатып алушының нақты ақшада есеп айырысуындағы қызығушылығы. Соған қарамастан, Кредитті карталардың барлық артықшылықтары көрнекті болып отыр, және де клиенттер төлем карталарының дәл осы түрін алуда мүдделі болып отыр /19/.

Дебетті карталар карточкалы иемденушінің ағымдағы шотынан құралдарды ондағы сома шегінде оны несиелендіруші шотына тікелей аудару жолымен тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бірден төлем жасау үшін арналған. Бұл жағдайда, құралдар жетіспеген жағдайда банкпен оны айырысу жүзеге асырылмайды, өйткені, шотты ашу кезінде енгізілетін лимит, төмендетіле алмайды, ол клиентті несиелендіру бойынша міндеттемелерді банк өзіне алған жоқ.

Осылайша, дебетті карточкалар бойынша есеп айырысулар оның иемденушісінің шотынан ақша құралдарын тікелей аудару жолымен, ол банктен несие алу есебінен емес жүзеге асырылады. Техникалық мүмкіндіктер көзқарасынан пластикалық карточкаларды магнитті және микропроцессорді немесе чиптік лерге сараптауға болады.

Магнитті банктік карточка-бұл иемденушінің банктік шотының көрінісі: оның магнитті индикаторы иемденушінің аты-жөні мен оның банктегі шотының номері туралы ақпаратты ғана мазмұндайды.Сондықтанда бұл картаны қолдану есебі куінде әр кезде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) төлем жүргізу үшін шоттарға қажетті ақша сомасының бар екендігі тұралы ақпаратты алу үшін орталық компьютермен хабарласып отыру қажет.

Бұдан басқа, магнитті картаны қолдану кезінде персонификация процесін өту қажет- картаны оны ұсынушы иелік ететіндігі туралы фактіні дәлелдеу. Жүйелі кассалық терминалмен байланыс төлемге жатқызылатын белгілі бір ақша сомасын аударуға бұйрық беру үшін қажет.

Магнитті карточкалардың мағыналы түрдегі жетіспеушіліктері болып табылатындар:



  1. ақпаратты оперативті жаңарту мүмкіндігінің болмауы;

  2. дүкенде есеп айырысу кезінде клиент шотынан ақшаны аудару процедурасы күрделі және ұзақ;

  3. магнитті жол өзінің қалыпты тізбегінен жиі шығады.

Магнитті карталармен жұмыс істеуде екі режимдердің қолданылуы мүмкін:

- он-лайн режимі. Құрылғы, карталарды авторизациялау орталығына берілетін ақпаратты магнитті жолдан оқиды. Арнайы құрылғы импринтер көмегімен гектерде карточкадан шығарылған қол қойылады, содан кейін чектер саудагер кәсіпорын-ның пайдасына клиент шотынан сатылып алынған тауарлар үшін төлем соммасын аудару үшін банкке саудагер ұйыммен жинақталып, жіберіледі.

- офф-лайн режимі сатып алынған тауарлар туралы ақпарат сауда терминалдарында сақталу үшін қалатындығымен ерекшелінеді, ол чектерді басып шығару үшін қолмен айналдырылатын арнайы құрылғылар қолданылады.

Чиптік карточка шоттағы ақшаларды манипуляция жасау үшін аса көп мүмкіндіктерді ұсынады. Өйткені, бұндай карточка ақпаратты сақтау жүйесінде оның иемденушісінің банктік шоты туралы барлық ақпарат сақталатын чипке иелік етеді: шоттағы ақша саны туралы, соманың максималды мөлшері туралы, күн ішінде орындалған операциялар туралы ақпаратты. Басқа сөзбен айтқанда, чиптік карточка- бұл біруақытылы амиен (кошелек) есеп айырысу құралы және банктік шот. Чиптік карточкасы идентификация және персонификация процедурасын қажет етпейді, яғни off-line режимінде жұмыс істеуге қабілетті, бұл карта иегерінің шоты ашылған банк немесе компаниядаәрбір қажет болған жағдайда айналысты талап етпейді. Осылайша чиптік карта- магниттіге қарағанда тәртібі жағынан аса жетілген төлемдік құрал болады. Өзінің техникалық сипаттамалары, сонымен қатар оны білмейінше шотқа жол ашу мүмкін болмайтын иегерде жеке кодтың болуы арқасында, чиптік карта тек оның жалған жасалған түрлерінен қорғалған ғана емес, сондай-ақ шотпен әрекет жамүмкіндіктерінің аса кең жинағын болжамдайды. Чиптік карталарды қолдану кезінде пайда болатын ыңғайсыздықтарға (неудобства), біріншіден, чиптік карталарғақызмет көрсетудің біртұтас унификатцияланған жүйесінің болмауын жатқызуға болады, бұған байланысты әр түрлі банктердің чиптік карталарын “оқу”үшін индивидиялды терминал болуы қажет, екіншіден – микропроцессорлерді өндірудіңжоғарғы өзіндік құнын жатқызуға болады. Сонымен бірге банктік карталар жеке (“еңбек ақылық”) және корпоротивті болып бөлінеді. Корпоротивті карточка заңды тұлғалар мен ашылады және де заңды тұлғаланың шоттан басқару үшін арналған. Бір фирманың ішінде ашылатын карточкалардың соңына қоятын шектеулер жоқ.





жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау