Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау


Өндірістегі ысыраптың алдын алу-тиімділік кепілі



жүктеу 2,56 Mb.
бет21/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,56 Mb.
#12869
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

3.1 Өндірістегі ысыраптың алдын алу-тиімділік кепілі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірісті ұлғайтудың және пайдалылықты арттырудың негізгі резерві ысырапқа жол бермеу болып табылады. Экономистердің жасаған есебі көрсеткендей егін жинайтын техниканың жетілмегендігі салдарынан күріш жинаудың барлық операциялары бойынша күріштің тікелей жоғалуы 6-7 %-ға жетеді, ал ауа райының қолайсыз жағдайында -10-15 % . Дәнді дақылдарды тасымалдау, тазалау және кептіру, сақтау, өңдеу кезінде дәннің көп жоғалуына жол беріледі. Ауыл шаруашылығы өнімінің аса үлкен жоғалуын бізде көлік құралдарының жетіспеушілігімен түсіндіреді. Бұл кемшілік бар, бірақ ол басмты себеп емес. Оның мәнісі мынада: қоймалар негізінен қалаларда және темір жол бойында орналасқан (астық элеваторлар). Сондықтан өнімді алысқа тасу керек, оны өнім жинаудың қысқа мерзімінде зор шығынсыз орындау қиынға соғады. Демек, қоймаларды шаруашылықтарға мүмкіндігінше жақынырақ, ал ең жақсысы тікелей солардың ждерінде орналастыру керек.

Астық өндіруді ұлғайтудағы тиімді бағыты-оны өсірудің интенсивті технологиясын енгізу - өндірісте кеңінен қолданады, қолда бар материалды-техникалық ресурстарды жоғары тиімділікте пайдалануға мүмкіндік береді, күріш ауыспалы егістігінің жүйесінде жоғары және тұрақты түсім алуға кепілдік жасайды. Ауыспалы егістікті енгізу күріш өсіретін жерлердің өнімділігін арттырады, арам шөппен, зиянкестермен және аурулармен табысты күресуге жағдай жасайды, топырақты әзірлеуден бастап егніді жинап алғанға дейінгі жұмыстарды мезгілінде атқару үшін алғышарттар жасайды.

Астық өндіру мен жинаудың ерекшеліктерінің осындай технологиялық топтарын ескере отырып, күріш шығындарының негізгі 3 тобын бөлуге болады: стихиялық апат, табиғи кему, шаруашылық операцияларын жүргізген кездегі өндірістік жоғалту.

Шаруашылықтағы астық дәнінің өру-жинау, тасымалдау, өңдеу кезіндегі шығындар көрсеткіштері кестеде келтірілген.

Тәжірибеде, әсіресе озат тәжірибеде ауыл шаруашылығы өнімінің ысыраптарын азайту жөніндегі жұмысты тиімді жүргізу үшін оны туындататын себептерді білу қажет. Өндіру және жинау сатылардағы астықтың ысырабын келесі топтарға біріктіруге болады:


  1. дақыл өсіру кезеңінде аурулар, зиянкестер және арамшөптермен зақымдануынан;

  2. жиналған астықты жинау мен тасымалдау үдерісінде;

  3. қабылдау, өңдеу және қайта өңдеу кезінде

Ауыл шаруашылығы жүйесінде әзірленген норматив бойынша дәнді дақылдарды жинаудың оңтайлы мерзімі 10-12 күн болуға тиіс. Іс жүзінде астық жинау әртүрлі себептермен 30 күнге дейін созылады, ал кейбір қолайсыз жылдары 40-50 күнге дейін, соның салдарынан дәннің үлкен көлемі орылмай және жолда жатып, түсіп қалады.

Егістік көлемінің үлкен бөлігінде жиналған астық тез арада кептіруді қажет етеді. Дұрыс жолға қойылған астық тазалайтын жүйе кезінде қоқымның әр пайызын азайтқанда жарамды дәннің 0,3-0,4 % қалдыққа кетеді. Алайда көптеген астық қабылдайтын кәсіпорындарда жарамды дәннің 0,6-1,0% шығынға кетеді. Астық дәнінің елеулі көлемі құндылығы аз қалдыққа айналып, тек мал азығы мақсатында пайдалануда. Бұл да оны өндірудегі рентабельділікті төмендетіп отыр.



Өндірістік циклдың әр түрлі сатысында ысырапты азайту және дәннің сапасын жақсарту мақсатында тауарлық жөндеу, сақтау және дәнді өңдеу жөніндегі материалды-техникалық базаны нығайту қажет.

Астықты жинағаннан кейінгі өңдеумен байланысты оның ысырап болатын жолының бірі астықты тиеу-түсіру жұмыстары кезіндегі ауамен бірге ұшіп кетуі және шаң сияқты жеңіл бөлшектердің тозаңданып шашылуы.

Астық дәнін сақтаудың технологиясы бұзылуы себепті астық жармасында 5 % -ға дейін сарғайған дән болуы ықтимал, оны дүние жүзінде сапасыз деп таниды.

Астықтың ысырабы, оның сапасының нашарлауы егін жинаудағы техникалық құралдардың, астықты сақтау мен өңдеудің МТБ-нің жетілмегендігімен және жетіспеуімен тығыз байланысты. Мамандардың бағдарламасы бойынша ауылшаруаышлығы астық жинайтын техникалармен жабдықтау үшін дәнді дақылдарды жинау үдерісіндегі оны кем алумен дәннің ысырабының тек 1 жылғы құнынан 2,5 есе аз қаражат керек екен.

Мәселен, технологиялық институттардың зерттеулері анықтағандай, астықты сақтау тұрақтылығы оның ылғалдылығы 16-17 % болғанда төменгі t0-да күрт нашарлап кетеді екен.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің деректері бойынша ауылшаруашылығы кәсіпорындары астық сақтайтын үлгілік қоймалармен оған деген қажетінің 20-30 % ғана қамтамасыз етілген. Оның үстіне көптеген астық сақтайтын ұйымдарда дәнді егін жинап алған соң өңдеудің технологиясы жасалған, сондықтан олар тазарту-кептіру желілерімен байланыстырылмаған. Ауылшаруашылығы кәсіпорындағы астық сақтайтын қоймалар негізінен астықты сақтауға бейімделмпеген ғимараттардан жасалған. Міне, астық ысырабын сақтау резервтері дегеніміз қайда жатыр.

Республиканың ауылшаруашылығы кәсіпорындары осы уақытқа дейін астық сатуда «комбайн-қырман-элеватор» сызбасы бойынша дәнді қырманда егін жинағаннан кейінгі өңдеу жүргізумен жүзеге асыруда. Сонымен бірге, жинап алған астықты комбайннан қырманға дейін, қырманнан элеваторға дейін тасымалдаған кезде, көп уақыт ашық алаңда үйінділерде сақталатынын еске алсақ, шаруашылықтың астық сақтайтын қоймалармен, астық кептіргіштермен, астық тазалайтын машиналармен жеткіліксіз қамтамасыз етілгендіктерінен үлкен ысырапқа жол беріліп келетінін түсіну қиын емес.

Ауылшаруашылық кәсіпорындар қырмандарында аса көп жұмысшы қолын ұстауға, оларға сол кездегі басқа маңызды жұмыстардан айыруға, сондай-ақ түсіретін, жинайтын және басқа техниканы ұстауға, оларды сатып алуға, жөндеуге, пайдалануға қыруар шығын жұмсауға мәжбүр етеді. Нәтижесінде, жыл сайынғы астықтың жалпы шығыны оның түсімінің 30% көлемінде бағаланады. Сонымен дәннің сапасы базалық кондицияға қырмандағы өңдеуде жетпейді, бұл қабылдайтын кәсіпорындарда оны қайтадан кептіруді және тазалауды жүргізуге, сөйтіп қосымша қаражат шығаруға әкеліп соғады. Осыған байланысты астық дайындауды ұйымдыастыруды жетілдіру және оның ысырабы мен дән дайындау сақтауға еңбек шығынын қысқартуды ұсынамыз. Ол үшін астық қабылдайтын кәсіпорынды жекешелендіру жағдайында астық дайындауға біртіндеп оңайлатылған, бірақ тиімдірек «Комбайн-элеватор» сызбасына көшіруді жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Бұл жағдайда астықты, оны жинағаннан кейінгі өңдеу қызметі дайындаушы элеваторға беріледі, ал онда бұл қызметті атқаруға керекті жағдайлар бар.



Оны ұйымдастыру кезінде астықты комбайннан тасымалдау пункті болып табылатын қырмандарға тасымалдау, онда астықты түсіру жинаудан кейінгі өңдеу, ашық алаңдарда сақтау, дәннің біразының бұзылуы, дәнді 2-ші реет автомашиналарға тиеу және элеваторға жеткізу сияқты ортадағы қосымша жұмыстардан құтыламыз.

Астық ысырабының аса маңызды себебі ауылшаруашылық техникасын төмен деңгейде пайдалану болып табылады. Ауылшарушылық кәсіпорындарында қолда бар техника мен жабдықтардың шапшаң моральдық ескіруі жүріп жатыр, олардың физикалық тозуы мен орны толмайтын істен шығуының көлемі өсуде. Бұл шарушылықтарда өндіріс пайдалылығынің төменгі деңгейі істен шыққан техниканы, механизмдерді және жабдықтарды мезгілінде ауыстыруға, сөйтіп өнімнің ысырабын және оны өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік бермейді.

Ауыл шаруашылық тиімділігіне әсер ететін факторлар көп және олар әртүрлі. Біреулері ауыл аруашылық кәсіпорындарының нақты ұжымдарының қызметіне байланысты, екіншілері өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына, өндірістік ресурстарды пайдалануына, ҒТП нәтижелерінің өндіріске енгізілуіне тәуелді болады.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс сомасы болып табылады. Ол ауыл шаруашылық өнімін сатудан түскен түсім мөлшері мен өнімді өндіру және оны өткізумен байланысты шығындарға байланысты. Кәсіпорын табысына өнімнің бағасы мен тауарлы өнімнің көлемі әсерін тигізеді. Өз алдына нақты ауыл шарушылық өнімінің сатылу бағасы сұраныс пен ұсынысқа, көбінесе өнімді өткізу жолдары мен каналдарына тәуелді болып келеді. Өнімді өткізуден түсетін түсім көлемінің артуына әсер ететін аса маңызды фактор - бұл өнім сапасының артуы. Нарыққа шығарылған өнімнің сапасына оның саны байланысты, себебі стандартқа сай келмейтін және сапасыз өнім өте төмен бағамен өткізіледі және жалпы сатылған өнім көлемінен алынып тасталады. Әсіресе астық сапасына, қант қызылшасы, көкөніс, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімінің сапсына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, астық құрамындағы белоктың төмендігі, қант қызылшасындағы қанттылықтың, томатта құрғақ заттарының төмендігі өнімді өткізу бағасының төмендеуіне және жалпы шаруашылықтағы жоғалуларға әкеп соқтырады.

Таза табыс шамасына әсер ететін факторлар өзара тығыз байланысты және біреуінің өзгерісі екіншісінің өзгерісіне әсер етеді.

Ауыл шаруашылығының өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары болып жалпы өнімнің жалпы өнімнің ұлғаюы, өндіріс шығындарының төмендеуі және өткізу каналдарының жетілдірілуі табылады.

Өндірістің соңғы нәтижелеріне өндірістік және өнімді өткізудің материалды – ақшалай шығындар мөлшері едәуір ықпал етеді. Өндірістік шығындардыңазаюы көбінесе кәсіпорындағы жер, еңбек және материалды ресурстарды тиімді пайдаланумен түсіндіріледі.

Ауыл шаруашылық өнімнің өндірістік шығындар құрылымында тұқым, ұрық, егетін материал, еңбек ақының үлес салмағы жоғары, ал мал шаруашылығында жем- щөп пен негізгі қорлардың амотизациясының үлесі көп. Осыған байланысты негізгі ауыл шаруашылық мәдениетін өңдеу және жинауда кешенді механикаландыруды енгізу жанды еңбек шығындарының азаюына, материалдық - ақшалай шығындардың көлеміндегі еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік береді.



Өндіріс көлемін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту және шығындарды азайту жол – көлік шаруашылығының дамуы, өндіріске өнімді қораптаудың жаңа формаларымен әдістерін енгізу, өндірістің барлық қорларын үнемді жұмсау есебінен жетуге болады.

Қаржылық нәтижелер – есепті кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық– шаруашылық есеп нәтижесі. Қаржылық нәтижелерді өлшеу элементтері – табыстар мен шығыстар.

Табыс – есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс субъекттің негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижесі. Негізгі қызметтен түсетін табыс - өнім өткізуден, ТМҚ, жалға беру, инвестиция қызметтерінен тағы басқалардан түсетін түсім; Негізгі емес қызметтен түсетін табыс келесі баптарды құрайды: материалды емес активтер өткізуден, негізгі қорлар, акция және пайыз түріндегі табыс т. б.

Табыс экономикалық көрсеткіш ретінде келесі қызметтерді атқарады:

- кәсіпорынның қызметінің нәтижесінде алынған экономикалық эффектті (тиімділікті) сипаттайды;

- кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементі;

- әртүрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастыру көзі болып табылады;

Өнімді өткізуден түсетін түсім өткізілген өнім бірліктеріне орташа бағаның көбейтіндісімен анықталады;

Жалпы табыс - өнімді өткізуден түскен түсімнен кәсіпорындағы өткізілген өнімнің өзіндік құнын алып тастағандағы сома;

Кәсіпкердің басты қасиетінің бірі – пайдалылық серпінін алдын ала көре алу, оған әсер ететін факторларды бақылауға алу, шығындар мен жоғалуларды болдырмау, табысты жоғарылату қабілеттілігі.

Фирманың пайдалылығына келесі негізгі факторлар әсер етеді:



  1. бизнес ауқымы – минималды мүмкін және оптималды (шекті шығындарды ескере отырып);

  2. техника, технология және өндірісті ұйымдастыруды жаңарту негізінде өзіндік құнды төмендету;

  3. тауар және сервис сапасын арттырумен бағаның жоғарылауы;

  4. өндіріс құрылымының өзгерісі, рентабельді емес бөлімдерді жабу, ресурстардың аса перспективті, экспорттық сфераға ауыстырылуы;

  5. артық мүліктерді жүзеге асыру, қайтымды лизинг;

  6. өткізуден болатын жоғалулар мен залалдарды азайту және сәйкес табыстарды арттыру;

  7. қорлардың айналымдығын жеделдету;

Сапаның жоғарылауынан болатын таза табыс келесі формалармен анықталады:

Пк = (У1 – У0) – (З1 – 30) х К1 ( 41 )

мұндағы У1, У0 - өнім бірлігінің бағасы

З1, З0 – сапаны арттыруға дейінгі және кейінгі өнім өндіру

мен өткізу шығындары;

К1 – жақсартылған өнімді шығару көлемі;

Бұл жақсарту қосымша шығындарды талап етеді (зерттеу және құрастыру, дизаин, сервис, еңбекақы)

Өндіріс құрылымын рационалдаудан болатын таза табыс келесі формуламен есептеледі:


Пс (С – Ц - Р) х К + К х Ц х Э ( 42 )
мұндағы С, Ц - өндірісі тоқталған тауарлардың өзіндік құны және

бағасы;


К – оларды шығару көлемі;

Р – қайта ұйымдастыру бойынша келтірілген шығындар;

Э – басқа бизнеске босатылған қорлардың (К,Ц) салымдардың

тиімділік коэффициенті;



жүктеу 2,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау