Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау


Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау



жүктеу 2,56 Mb.
бет2/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,56 Mb.
#12869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1. 2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау
Ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жасағанда нәтиженің деңгейі мен өсуі өндірістің жағдайларына ғана емес, көптеген басқа да факторларға, соның ішінде топырақтың табиғи құнарлығына, климаттық жағдайларға, басқаруды ұйымдастыруға , кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың біліктілік дңгейіне де бағынышты. Нәтиженің көбеюі қолда бар ресурстарды интенсивті пайдаланудан да көрінуі мүмкін. Сондықтан өндіріс тиімділігінің барлық факторларын оларды бағалаған кезде былай жүйелеу орынды: ресурстар, өндіріс шығындары, негізгі факторлар және өндірісті интенсивтендірудің бағыттары бойынша.

Ресурстық тұжырымдама ұдайы өндіріс үдерісінде қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық нысанын пайдаланудың тиімділігін бағалауға және өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғамдық еңбекті үнемдеу қандлай ресурстардың есебінен болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Өндіріс ресурстары – қажетті тауарларды өндіру үдерісінде пайдалануға болатын табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы. Өндірістік ресурстардың 4 түрі бар:


  1. табиғи - өндірісте пайдалану үшін тарауы мүмкін табиғи күштер мен заттар.

  2. материалдық – Адам жасап шығарған барлық өндіріс құралдары.

  3. еңбек – еңбекке жарамды жастағы халық, ресурстық тұрғыдан оны 3 көрсеткіш бойынша бағалайды: әлеуметтік, демографиялық, кәсіби-біліктілік және мәдени біліктілік.

  4. қаражат – кәсіпорынның қызметін одан әрі жалғастыру және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстары.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім түрлерінің пайдалылығының көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:

  1. экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін олардың өзара қарым-қатынасында анықтау;

  2. бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;

  3. жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, аудан, облыс, республиканың ауыл шаруашлығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және бағалаған кезде тиімділіктің рентабельділік көрсеткштерін қолдану.

Пайдалылық неміс сөзінен алынған, «тиімді табыс» деген ұғымды білдіреді. Кәсіпорынның пайдаллығын бағалау көрсеткіштері келесі түрде анықталады:
Кәсіпорын Таза (немесе жалпы) табыс мөлшері * 100 %

мүлкінің = Кәсіпорынның мүлкінің (актив) орт. шамасы

пайдалылығы

Меншік құралдарының Таза табыс * 100 %

пайдалылығы = Меншік құралдардың орташа құны

Баланстық табыстың Жалпы табыс * 100 %

мөлшері = Сатудың таза көлемі

Пайда Таза табыс * 100 %



мөлшері = Сатудың таза көлемі
Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш табыс маржасы деп аталады. Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза табыстың үлес салмағы.

Шаруашылық есеп пайдалылығы – бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнының немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына, сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалатын шығынның көлеміне байланысты. Алайда мемелекеттік сату бағасы арқылы ауылшаруашылығында жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтық мұқтажы үщін өз қарамағына алады.

Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауылшаруашылық өнімін сақтау мен сату сатыларында жұмсалатын қосымша шығынмен салыстырып өлшесе, онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділік болып табылады.

Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Өлшем (критерий) – бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы белгіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапаны, басты қасиетті көрсеткішті білдіреді.

Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы – ол ішкі, түпкілікті белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық түрлі пікір айтылады.

Көрсеткіштердің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипатталады. Ауылшаруашылық өндірісінің пайдалылығын есептеу үшін экономикалық тиімділік барлық көрсеткіштерін есептеу қажет.

Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияға пайда немесе акцияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады. Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементар табыс пен шығын анықтамалары.

Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас келесідей түрде көрініс табады.

Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – имплициттік шығын

Нақты шығындыр – аралық бұйым мен өндіріс факторларының жабдықтаушының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті шығын.

Имплициттік (айқын емес) шығындарға ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығыны, фирманың иесіне тиісті (немесе заңды тұлға ретінде фирманың меншігіндегілер).



Таза табыстың (Р) мөлшері келесі формуласы бойынша анықталады:
немесе ( 12 )

жүктеу 2,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау