Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау


Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыру



жүктеу 2,56 Mb.
бет22/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,56 Mb.
#12869
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

3.2 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыру
Астық өндіру – ауыл шаруашылығының ең көбірек механикаландырылыған саласына жатады. Топырақты өңдеу, тұқым себу және егінді жинау қазіргі заманғы техникалық құралдармен атқарылады. Егістікті күтіп-баптау, жер суару жүйесіндегі жұмыстарды атқару, егін жиналғаннан кейінгі дәнді өңдеу (тазалау, кептіру және т.б.), тұқым материалдарын дайындау мен сақтауға келсек, бұлардағы қол еңбегінің үлесі жалпы шығынның 40-50% жетеді. Бұл жұмыстарды орындау үшін арнайы техника қажет. Күріш бағытындағы шаруашылығы негізгі энергетикалық құралдар – К700А, Т-150К, Т-4А, ДТ-75М және МТЗ-80 сияқты қуатты тракторлар.

Негізгі қорларды пайдалануды талдау процессінде негізгі қорлар құрылымы мен олардың өзгерісіне баға беру қажет.



18 кесте – Өндірістік кооперативтегі негізгі қорларының құрамы мен құрылымын талдау

.НҚ түрі

2003 ж.

2004 ж.

Өзгерістер (+; -)

∑, мың тг

Үлес салмағы, %

∑, мың тг

Үлес салмағы, %

∑, мың тг

Үлес салмағы, %

Өндірістік қызмет бойынша негізгі қорлар

59610

88,7

57119

88,5

- 2491

- 4,2

- өндірістік ғимараттар

11002

18,4

9502

16,6

- 1500

- 13,6

- құрылғылар

9923

16,6

9858

17,3

- 65

- 0,66

- машиналар мен құрылғылар

20490

34,3

20295

35,5

- 195

- 0,95

18 кестенің жалғасы

- беріліс құрылғылар













- көлік құралдары

6301

10,6

6261

11

-40

- 0,63

- өндірістік және шаруашылық жабдықтар

636

1,1

631

1,1

- 5

- 0,8

- жұмысшы және өнім беретін мал

11158

16,6

10365

18,1

- 793

- 7,1

2-ші ретті (өндірістік емес) қызмет түрлер бойынша НҚ

7605

11,3

7425

11,5

- 180

- 2,4

Негізгі қорлардың барлығы

67215




64544




- 2671

- 3,97


Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
18 кестеге сәйкес, өндірістік кооперативтік негізгі қорлар құрамы бойынша негізгі қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 59610 м.тг., ал 2004 ж. бойынша 57119 м.тг., яғни сомасы 2491 м.тг-ге кеміген, негізгі емес қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 7605 м.тг. болса, 2004 ж. 7425 м.тг., яғни 180 м.тг. сомасында кеміген. Барлық негізгі қорлар 2003 ж. 67215 м.тг., ал 2004 ж. 64544 м.тг., яғни 2671 м.тг., немесе 3,97%-ға кеміген. Негізгі қор құрылымы бойынша, негізгі қызмет түрі бойынша машиналар мен құрамдардың үлес салмағы басым, 2003 ж. 34,3 %, 2004 ж. – 35,5 %.

Шаруашылықтар, сондай-ақ егін жинайтын СКД-6Р және СКГД-6 комбайндарымен, ЖРК-5 күріш орғышпен, СРК-3,6 құрастырылған агрегаттармен және басқа қазіргі заманғы техникамен жабдықталған.

Елдің күріш өсіретін шаруашылықтарындағы бір жылдық орташа жұмыскерге келетін энергиямен жарақтандырудың 30%-дан астамы негізгі капиталдың ең белсенді бөлігі болып табылатын трактор двигателінің үлесіне келеді.

Ауыл шаруашылықтар 1,4 және 3 т класты тракторлармен жақсы қамтамасыз етілген, бірақ Т-100 типті тракторлар жетіспейді. Есеп бойынша күріш егістігінің әр 1000 га мұндай машинаның ең кем дегенде 5-уі керек, ал іс жүзінде бірден де келмейді. Бұл ауыр скреперлермен және грейдерлермен танаптарды күрделі дайындау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде жүргізуге бөгет жасайды. Осы уақытқа дейін күріш себуге байланысты негізгі мәселенің бірі – ылғалды немесе су құйылған шектермен тракторлардың жақсы жүріп өту проблемасы әлі де шешілмеген. Ал аспалы орақтары бар Т-74 және ДТ-75М тракторларының қанағаттанарлық жұмысы топырақтың ылғалдылығы 30-35%-дан аспағанда ғана мүмкін.

Дәнді дақылдар себетін шаруашылықтар әлі күнге дейін жоғары өнімді комбайндардың қатты жетіспеушілігін бастан кешіруде. Күріш себетін негізгі аудандарда бір комбайнға келетін жұмыс көлемі 40-45 га келетініне қарамастан, күріш жинау 10-15 күннің орнына, 2-3 айға дейін созылады. Нәтижесінде ысырап көбейеді, дәнні сапасы төмендейді, алдағы жыл егініне танаптарды дайындаудың жақсы мерзімі өтіп кетеді. Өнім аса жоғары болған учаскелерде – 1 га 50-60-тан астам – СКПР6 «Колос» және СКД-5Р «Сибиряк» сияқты жаңа комбайндар да жоғары сапаны қамтамасыз етпейді – үлкен ысырапқа жол береді және дәнге зақым келтіреді.

Қорлану мөлшері аса маңызды көрсеткіш, ол ауылшаруашылығындағы кәсіпорынның қорлану деңгейі ретінде кеңейтілген ұдайы өндірістің мүмкіншілігін көрсетеді. Ауылшаруашылығын өндірісінің тәжірибесінде осы қордың орнын толтыру өзінің мал азығы, тұқымы, органикалық тыңайтқыш, малы, қажет материалдары есебінен натуралды (табиғи) нысаны күйінде де жұмсалған отынды, минералды тыңайтқышта, улы химикаты, құрама жемді, қосалқы бөлшектерді сатылған өнімнен түскен ақша есебінен сатып алу күйінде де жүзеге асырылады.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірістің сипаты жөнінде келесі көрсеткіштер бойынша пікір айтуға болады: шаруашылығы нарықтық капиталдың жаңару және істен шығару коэффициенті.

Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын талдау (2003-2004 жж.)

1. Жаңару коэффициенті:

кейін түскен НҚ

Кж = ---------------------------------------;

жыл соңындағы НҚ қоры


2033

2004 ж: Кж = --------------- = 0,03

64544
10272

2003ж: Кж = --------------- = 0,084

122103
2. НҚ жаңартылу мерзімі:

жыл басындағы НҚ құны

Тж = ---------------------------------------;

1 жылда келіп түскен НҚ құны


122103

2004ж: Тж = --------------- = 60

2033
118044

2003ж: Тж = --------------- = 11,49

10272

3. Шығу коэффиценті:



кеткен НҚ құны

Кш = ---------------------------------------;

жыл басындағы НҚ құны
14177

2004 ж: Кш = --------------- = 1,116

122103

213


2003 ж: Кш = --------------- = 0,0018

118044


4. Өсім коэффициенті:

НҚ өсім сомасы

Кө = ---------------------------------------;

жыл басындағы НҚ құны


109959-122103

2004 ж: Кө = ---------------------- = -0,099

122103

122103-118044



2003 ж: Кө = ---------------------- = -0,034

118044
5. Тозу коэффициенті:

НҚ тозу сомасы

Кт = ---------------------------------------;

НҚ алғашқы құны
2110

2004 ж: Кт = --------------- = 0,017

122103

1174


2003 ж: Кт = --------------- = 0,096

122103
6. Техникалық жарамдық коэффициенті:

НҚ қалдық құны

Кт.ж. = ---------------------------------------;

НҚ алғашқы құны
109959

2004 ж: Кт.ж. = --------------- = 0,9

122103

67215


2003 ж: Кт.ж. = --------------- = 0,55

122103
19 кесте – «Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің НҚ қолда бары және қозғалысын талдау




Көрсеткіштер

2003 ж

2004 ж

Ауытқу (+, -)

Алғашқы құны бойынша жыл басындағы бары

118044

122103

4059

Есепті кезеңдегі түскені

10272

2033

-8239

Есепті кезеңдегі кеткені

213

14177

13964

Жыл соңындағы бастапқы құны бойынша барлығы

122103

109959

- 12144

Жыл соңындағы баланстың (қалдық құны) бойынша

67215

64544

- 2671

1 жылдағы НҚ тозуы

1174

2110

+ 936

20 кесте – НҚ қозғалысы мен техникалық жағдайын талдау





Көрсеткіштер

Мәні

Ауытқу
(+, -)

2003 ж

2004 ж

1

Жаңару коэффициенті

0,084

0,032

- 0,052

2

НҚ жаңартылу мерзімі

11,49

60

48,5

3

Шығу коэффициенті

0,0018

0,116

0,1142

20 кестенің жалғасы

4

Өсім коэффициенті

0,034

-0,089

- 0,133

5

Тозу коэффициенті

0,0096

0,017

0,0074

6

Техникалық жарамдылық коэффициенті

0,55

0,90

0,35


Ескертпе – «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері негізінде талданған.
Талдау нәтижесі бойынша 2004 ж-ға қарай жаңару коэффициенті төмендеуде, шығу коэффициенті артуда. 2003 ж. жаңару коэффициенті шығу коэффициентінен жоғары болғанымен, 2004 ж кеміген, бұл шаруашылықта негізгі капиталдың ұдайы өндірісі кеңейтілгенін айтады.

Негізгі қор пайдалану қарқындылығы мен тиімділігін талдау

Негізгі қор пайдалану тиімділігінің жалпылама сипаттамасы үшін талдау қажет (Rоп.ф.):

негізгі қызметтен түскен пайда

Rоп.ф. = ----------------------------------------------------------------------

негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны


2003 ж:

666


Rоп.ф. = --------------- х 100%= 0,54 %

123260
2004 ж:


729

Rоп.ф. = --------------- х 100%= 0,54 %

118047
Негізгі өндірістік қордың интенсивтілік деңгейін келесі көрсеткіштер бойынша бағалауға болады:

1. Негізгі өндірістік қордың (ФОопф) қор қайтарымдылығы:

өндірістік өнім қоры

ФОоп.ф. = ----------------------------------------------------------------------

негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны
2. Қор сыйымдылығы (ФЕ):

орташа жылдық құны

ФЕ = -----------------------------------------------

өндірілген өнім құны

1) 2003 ж:

27220


Фопф = -------------------------- = 0,22

123260
2004 ж:

35666

Фопф = -------------------------- = 0,30



118047
2) 2003 ж:

123260


ФЕ = -------------------------- = 4,53

27220


2004 ж:

118047


ФЕ = -------------------------- = 3,31

35666
Зерттеулер көрсеткендей, егер шаруашылықтарда жердің сапасы жоғары болса, қор қайтарымы деңгейі жоғары болады. Бұдан ауыл шаруашылығында қор қайтарымын арттыру резервтерінің бірі жердің өнімділігін арттыру мен оны тиімді пайдалану.

Қор қайтарымын арттырудың маңызды факторы – негізгі өндірістік қорлардың тиімді құрылымын қамтамасыз ету, ең алдымен өсімдік және мал шаруашылығы.

Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану тиімділігі күш және жұмысшы машиналар арасындағы тиімді үйлесімділік болғандықтан жағдайды арттыруға болады.

Қор қайтарымы көбінесе негізгі және материалды айналым құрылымы арасындағы күрделенген жағдайға байланысты. Еңбек құралдарымен оптималды қамтамасыз еткен жағдайда алғашқылар және, керісінше – тыңайтқыштар, тұқым, жем-шөп жетіспеушілігі кезінде негізгі қор пайдалану тиімділігі төмендейді.

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі олардың техникалық жағдайына, жаңару дәрежесі мен тозуына байланысты болады. Тозудың жоғары дәрежесі, нашар техникалық жағдай қор қайтарымының төмендеуіне әкеледі. Керісінше, негізгі қор өз уақытылы жаңарту (жаңасын сатып алу, құру, ескісін қайта құрастыру және жөндеу жолымен) оларды өнімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Негізгі қор пайдалануды жақсартуға жерді өңдеу және мал шаруашылығында еңбекті тиімді ұйымдастыру; жұмысшылардың қор қайтарымды арттыруға материалды және моральды ынталандыру мүмкіншілігін береді. Сондықтан негізгі қор тиімділік және қарқындылық деңгейі жер, еңбек, материалды, қаржылық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты және осы факторлардың тиімді үйлестіруінде оң нәтижеге жетуге болады.

Тәжірибеде капиталдың қорлануы инвесторлар нысанында жүзеге асырылады, ол ұзақ мерзімді қаржы жұмсау түрінде іске асырылатын жиынтық шығарымдардан қайтарым алу үдерісі.


3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында жер негізгі капитал болып табылады., өйткені жер өндірілген өніммен және өндірістік ресурстармен қатар тауарлы ақшалай қатынастарға, нарықтық айналымға тартылады.

Жер – құнарлылығы жоғары болса, соғұрлым ауылшаруашылығы дақылдарының түсімі жоғары болады. Құнарлылық түрлері – табиғи, жасанды, экономикалық.

Табиғи құнарлылық – жердің табиғи қасиеті, ұзақ уақыттағы топырақ түзілу үдерісінің нәтижесі, ол топырақты қоректік заттың болуымен, олардың сіңімділігімен анықталады.

Жасанды құнарлылық – егін шаруашылығы мәдениетін жақсарту жолымен, қосымша қаржы жұмсаумен Адам еңбегінің нәтижесі.

Экономикалық (тиімді) құнарлылығы адам еңбегінің әсерімен жасалған табиғи және жасанды құнарлылықтың тұтастығын көрсетеді. Ол елдегі ҒТП, ҒТР қол жеткен деңгейіне байланысты.

Өндірісті интенсивтендірудің және топырақтың құнарлылығын арттырудың аса маңызды бағыты минералдарды және органикалық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде топырақтан кететін қоректік заттарды тыңайтқыш енгізу арқылы орнын толтырудың интенсивті 30%-дан аспайды, ал тыңайтқышты ғылыми негізделген норма бойынша енгізген кезде бұл көрсеткіш 75-80 %-ға жетуі тиіс.

Республикада топыраққа минералды тыңайтқыште енгізудің жылдан жылға төмендеуі тікелей шаруашылықтарда оны сатып алатын ақша қаражатының жоқ болуы себебінен болып отыр. Тікелей шаруашылықтарда минералды тыңайтқыштарды және химиялық құралдардың басқа да түрлерін сатып алуға инвестициялық қаражат көздерін қалыптастыру агросектордың дамуының ең өткір мәселесі болып табылады.



ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі меншік капиталының сомасының өсуімен сипатталады; ең алдымен негізгі қалыптасу көзі ретінде негізгі, инвестициялық қаржылық, төтенше жағдайдан болатын пайда табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда ауылшаруашылық кәсіпорыны алынған өнімнің барлығын өткізбейді. Оның бір бөлігі (тұқым, фураж, өңдеуге арналған шикізат) өндірілген мақсаттарда қолданылады.

Меншікті өндірістегі өнімдерді тиімді пайдалануға бір жағынан, өсімдік және малшаруашылығы саласының кеңеюуіне, 2-ші жағынан өндірістің тауарлығының өсуі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты.

Кәсіпорынның пайдалылығы кәсіпорын жұмысының тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтің табыстылығын көрсетеді.

Өнімді өндіру көлеміне сондай-ақ оның өзіндік құны, пайда сомасы, пайдалылық деңгейі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлемділігі және басқа да экономикалық көрсеткіштер байланысты. Сондықтан кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдауда ең алдымен ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемін зерттеуден бастау қажет.

2004 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өткізу көлемі сәйкесінше 6810 центнерге (30362-23552), сәйкесінше өнімді өткізуден түскен түсім 3109 мың тенге кеміген. Нәтижесінде жалпы табыс 9867,5 мың тенгеге азайған.

Өндірістік кооперативтің 2004 ж. мал шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемі 2053 ц-ге кеміген, яғни ірі қара және ұсақ мал есепті жылы өткізілмеген. 2004 ж. өткізілген өнімнен түскен түсім де сәйкесінше, 4779 мың тенгеге, жалпы табыс 5019 мың тенгеге төмендеген.

2003-2004 жж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК өндірілген көлемінен өткізілген астық өнімдерінің көлемі аз. 2004 ж. өнім өндіру 58739 ц-ге, ал өткізілген өнім көлемі 7573 ц-ге азайған.

Кәсіпорынның таза табысы 2003 жылы 666 м. тг-ні құраса, 2004 жылы 729 м.тг, яғни 63 м.тг, немесе 9,5 %-ға артқан. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен, осыған сәйкес жалпы осыған сәйкес жалпы табыстың табыстың 2003 жылмен салыстырғанда 8850 м. тг болуымен түсіндіріледі. Бұл кезең шығындарының, яғни жалпы және әкімшілік шығындарының, өткізу бойынша шығындардың сәйкесінше өткен жылғымен салыстырғанда артқы есебінен болып отыр.

Будан кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын, қаржының тұрақтылығын көруге болады.

Өндірістік кооперативтің табысының өзгерісіне ең қолайлы әсерін тигізген фактор кәсіпорынның шығындары көлемінің өзгерісі (1766 мың тг) және өімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (1805 мың тенге) қолайлы әсерін тигізген.

Өндірістік қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа бағасының өзгерісі.

«Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-ның 2004-2005 ж.ж. пайдалылық деңгейін талдау нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің пайдалылығы (пайдалылығы) 2004 ж. 9,19% болса, 2005 ж. 6,12 %, яғни 2005 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік құралдарының пайдалылығы 2004 ж. 2249,7 %-ды құраса, 2005 ж. меншік құрамының шығындылығы 2405,2 %-ды құраған. 2005 жылы кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін) қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2004 жылы таза табыс мөлшері 2,3 % болса, 2005 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды құраған. Ал, өндірістің пайдалылығы, яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза табыспен есептегенде 2004 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса, 2005 жылы өндірістің зияндылығы 1,4 %, ал өндірістің пайдалылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4 %-ды құраған.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс сомасы болып табылады. Ол ауыл шаруашылық өнімін сатудан түскен түсім мөлшері мен өнімді өндіру және оны өткізумен байланысты шығындарға байланысты. Кәсіпорын табысына өнімнің бағасы мен тауарлы өнімнің көлемі әсерін тигізеді. Өз алдына нақты ауыл шарушылық өнімінің сатылу бағасы сұраныс пен ұсынысқа, көбінесе өнімді өткізу жолдары мен каналдарына тәуелді болып келеді. Өнімді өткізуден түсетін түсім көлемінің артуына әсер ететін аса маңызды фактор - бұл өнім сапасының артуы. Нарыққа шығарылған өнімнің сапасына оның саны байланысты, себебі стандартқа сай келмейтін және сапасыз өнім өте төмен бағамен өткізіледі және жалпы сатылған өнім көлемінен алынып тасталады. Әсіресе астық сапасына, қант қызылшасы, көкөніс, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімінің сапсына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, астық құрамындағы белоктың төмендігі, қант қызылшасындағы қанттылықтың, томатта құрғақ заттарының төмендігі өнімді өткізу бағасының төмендеуіне және жалпы шаруашылықтағы жоғалуларға әкеп соқтырады.

Өндіріс көлемін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту және шығындарды азайту жол – көлік шаруашылығының дамуы, өндіріске өнімді қораптаудың жаңа формаларымен әдістерін енгізу, өндірістің барлық қорларын үнемді жұмсау есебінен жетуге болады.

Өндірістік кооперативтік негізгі қорлар құрамы бойынша негізгі қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 59610 м.тг., ал 2004 ж. бойынша 57119 м.тг., яғни сомасы 2491 м.тг-ге кеміген, негізгі емес қызмет бойынша негізгі қорлар 2003 ж. 7605 м.тг. болса, 2004 ж. 7425 м.тг., яғни 180 м.тг. сомасында кеміген. Барлық негізгі қорлар 2003 ж. 67215 м.тг., ал 2004 ж. 64544 м.тг., яғни 2671 м.тг., немесе 3,97%-ға кеміген. Негізгі қор құрылымы бойынша, негізгі қызмет түрі бойынша машиналар мен құрамдардың үлес салмағы басым, 2003 ж. 34,3 %, 2004 ж. – 35,5 %.

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі олардың техникалық жағдайына, жаңару дәрежесі мен тозуына байланысты болады. Тозудың жоғары дәрежесі, нашар техникалық жағдай қор қайтарымының төмендеуіне әкеледі. Керісінше, негізгі қор өз уақытылы жаңарту (жаңасын сатып алу, құру, ескісін қайта құрастыру және жөндеу жолымен) оларды өнімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Негізгі қор пайдалануды жақсартуға жерді өңдеу және мал шаруашылығында еңбекті тиімді ұйымдастыру; жұмысшылардың қор қайтарымды арттыруға материалды және моральды ынталандыру мүмкіншілігін береді. Сондықтан негізгі қор тиімділік және қарқындылық деңгейі жер, еңбек, материалды, қаржылық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты және осы факторлардың тиімді үйлестіруінде оң нәтижеге жетуге болады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ


  1. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.

  2. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.

  3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. – Минск: ООО «Новое знание»,2002. –688с.

  4. Қазақстан ауыл, орман, балық шаруашылығы ҚР статистика жөніндегі агенттігі, Алматы қ., 2004 ж.

  5. Ауыл (село) дамуының мониторингі. Тоқсан сайынғы статистикалық анықтамалық. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан / Под ред. Ю.Шоқаманов.-А. (б.и.), 2006 ж.

  6. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің жарғысы

  7. Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 1999г.

  8. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің қаржылық есеп формалары

  9. Контроль качества продукции: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 2001г.

  10. Управление издержками организации. / учебник под ред. Кибанова А.Я. М.: «Инфра-М», 1997г.

  11. Издержки промышленной продукции по двум категориям качества: Методические документы. – М. Издательства стандартов, 2001г.

  12. Котляров С.А. Управление затратами. – СПб: Питер, 2001г.

  13. Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист, 2002г.

  14. Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.

  15. Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998г.

  16. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.

  17. Алдағы шығыстар мен төлемдерге арналған резервтерді есептеу – Тояпаков Ж.С. - Бухгалтер бюллетені, 1998ж. №50


Қ О С Ы М Ш А Л А Р




жүктеу 2,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау