Білім басқарамасының
2016 «___»________
№___ бұйрығына 1 қосымша
«Үздік АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы - 2016»
облыстық байқауын өткізу ережесі
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
«Үздік АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы - 2016» облыстық байқауы (бұдан әрі –Байқау) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогының үздіксіз білім беру тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
Байқау Талдықорған қаласындағы агротехникалық колледжі базасында өткізіледі.
Байқауға жалпы басшылық етуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын білім басқармасы бұйрығымен бекітеді. Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының құрамын және есеп комиссиясының құрамын бекітеді.
Қазылар алқасы құрамына Облыстық білім басқармасының мамандары, Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, жоғары санатты алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушылары, магистранттар, ғылым қайраткерлері, жоғары оқу орындарының, біліктілік арттыру институттарының педагог кадрларды дайындау мамандары кіреді.
Әрбір қатысушының ұпай санын, ұсынылған материалдардың сапасын, сайыстың қазылар алқасы бағалайды; қазылар алқасының мүшелері барлық сайыстық сынақтар түрлеріне қатысады.
Есеп комиссиясы қорытынды ұпайлар санын есептейді және қорытынды кестеге нәтижелердіенгізеді.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сайыстың негізгі мақсаты- алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіптік өсуіне ықпал ету, осы мамандық мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру.
Сайыстың негізгі міндеттері: шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді анықтау және ынталандыру;
Педагогикалық идеяларымен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу;
Педагогтардың өз тәжірибесіндегі жетістіктерді тарату болып табылады.
ҚАТЫСУШЫЛАР
Байқауға білім мекемесінде үш жыл педагогикалық өтілі бар барлық техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысады.
Қатысушылар 2016 жылдың 13 мамырға дейін сұраныс пен портфолио құжаттарын Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық өңірлік оқу-әдістемелік орталығына тапсырылуы тиіс.
АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының портфолиосы сырттай бағаланып, ең жоғары ұпай алған он бес қатысушы байқаудың екінші кезеңіне жіберіледі.
Қатысушылардың финалдық кезеңге өткен тізімдері 2016 жылдың 25 мамырда білім басқармасының www.almobldo сайтында жарияланады.
САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗУ ОРНЫ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІ
Сайыс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең – АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының портфолиосы (сырттай бағаланады).
II кезең – облыстық: 2016 жылдың 26-27 мамырда
Өткізу орны: Талдықорған агротехникалық колледжі, Талдықорған қаласы, Каблиса-Жырау көшесі №211.
5. Байқау талаптары
5.1. «АӘД пәнінің Үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» Байқауы 2 кезең бойынша өткізіледі:
5.2. Байқау 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс көрсеткіштері мен нәтижесі бойынша өткізіледі.
5.3. Байқауға қатысуға ұсыныс құқығын техникалық және кәсіптік орта білімнен кейін білім беретін мекемелердің директорларына беріледі.
5.4. Байқауға қатысуға ұсыныс беру үшін әдістемелік жұмыстары бойынша жинақталған материалдар, видео, фотоматериалдар және слайдтары, таныстырулары болуы керек.
5.5. Тапсырылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге конкурс комиссиясының құқығы бар.
6. І кезең бойынша қатысушыларды бағалау көрсеткіштері
Портфолио (қағаз жүзінде және электронды)
6.1. Портфолиоға қойылатын талаптар:
- Қатысушының суреті.
- Портфолионың мазмұны;
- Білім мекемесі, жұмыс өтілі, қызметі.
- Білімі тұралы мәлімет.
- Санаты, мадақтамалары, дәрежесі,
- Мұғалімнің сабақ беретін топтары.
- Педагогикалық кредо.
- Өз жұмысымен таныстыру (сабақтағы, сабақтан тыс іс - шаралары).
Жетістіктері:
- Әдістемелік басылымдар (нұсқаулар, оқу құралдары, мақалалар, басылымдардың тұпнұсқасы және көшірмесін әкелу);
- Мұғалімнің өзінің мамандығы бойынша жетістіктері (3 жылдық);
- Білім алушыларының жетістіктері (3 жылдық);
- Инновациялар.
- мұғалімнің қатысқан байқаудар, конференциялар, ашық сабақтарымен таныстыру,
шебер-сынып, презентациялар, әдістемелік нұсқаулар, мақалалар, әдістемелік
зерттемелер.
- Қалалық, аудандық, облыстық жарыстарға қатысу (жүлделі орындарды растайтын
мақтау қағаздары).
Ең жоғарғы ұпай – 20 ұпай.
Ескерту: Презентация кезінде Портфолиодағы жазылған мәлімет қайталанбауы ескертіледі. Әр таныстырушының уақыты 10 мин. аспауы керек.
7. ІІ - кезең бойынша қатысушыларды бағалау көрсеткіштері
7.1. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысының өзін таныстыруы (3-5 мин.)
Презентацияның қойылатын талаптар:
- Көркемдік, әдеби және педагогикалық шеберлігі мен білім алушылар алдында өзін-өзі ұстай білуі;
- Оқытушы-ұйымдастырушы жөніндегі мәлімет;
- Техникалық оқу құралдарын пайдалана білуі, жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі;
- Ғылыми жұмыс: оқытушы-ұйымдастырушының өзіндік ізденіс тақырыбы (тәжірибелік – эксперименттік жұмыстары - бейнеролик пайдалануға болады);
Ең жоғарғы ұпай – 10 ұпай.
7.2. Әскери-патриоттық шаралар:
Колледж басшысы бекіткен патриоттық үйірмелерінің түрлері:
- Үйірме жұмысының жоспары;
- Әдістемелік бірлестік отырыстарының жоспары мен хаттамалары;
- Колледж ішінде өтетін дәстүрлі Патриоттық шаралар (Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жұмыс, Ауған соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлерімен бірлесе өткізілген іс-шаралар, кездесулер, Әскери бөлімдерде болу және олармен бірлесе өткізген іс-шаралары, үйірмелер атаулары мен жоспарлары, жоғарғы әскери оқу орындарын бітірген немесе оқып жатқан түлектермен кездесулер, Патриоттық сабақтар, Жас шақырылушы т.б.(ережелері, дыбыстандырылған видеороликтері) 3-5 мин.)
Ең жоғарғы ұпай – 20 ұпай
7.3. Ашық сабақтарға қойылатын талаптар:
Байқау Талдықорған қаласындағы агро-техникалық колледжінде (Қаблиса Жырау көшесі) 2016 жылдың 26-27 мамыр аралығында өтеді. Байқауға қатысушылар бейтаныс 1-2 курс білім алушыларымен (10-12 адам) сабақ өткізеді, әртүрлі әдістер пайдалана отырып жарыс, саяхат, интегралды т.б. сабақ түрінде өткізуге болады.
Сабақ тақырыптары бірін-бірі қайталамау үшін алдын ала тізімі жасалынып қойылады, сол тізімнен байқауға қатысушы өз тақырыбын іріктеп алып, комиссияға өткізеді.
Сабақтың өткізілу уақыты – 20 мин. Сабақты жүргізер алдында қатысушы әділ- қазылар алқасына өзінің тақырыбына сәйкес сабақ жоспарын табыс етеді.
Сабақты өткізіп болған соң өз сабағының сараптамалық-талдауын жасауға (2 мин).
Байқауға қатынасушы оқытушы-ұйымдастырушы әскери киінуі. күнделікті жаңа киім үлгісімен (повседневка, салтанатты емес) болуы талап етіледі. Сабақ жоспары (мазмұны), оқушылардың үлгерімінің бағалануы және сараптамасына ұпай сабақтар өткізілгеннен кейін комиссия бірлесе талданып қойылады.
Ескерту: Сабақ тақырыптары тапсырылғаннан кейін сабақтар өткізілу реті жеребе тастау негізінде анықталады.
Ең жоғарғы ұпай – 20 ұпай (сабақ уақыттын 20 минуттан сыйғыза алмаған қатынасушыда 5 ұпай шегеріледі).
7.4. Кәсіби шеберліктерін көрсету.
5.5.1. Саптық элементтерді жасай білуі:
5.5.2. Саптық тұрысты қабылдау;
5.5.3. Бастыққа келу, қайта оралу, баяндау;
5.5.4. Орнындағы және қозғалыстағы бұрылыстар жасауы;
5.5.5. Сәлемдесу: Бас киіммен және бас киімсіз, Бастықты басып озу және қарсы жолығуы;
5.5.6. Пәрмендерді мемлекеттік тілде дұрыс бере білуі.
Ескерту: Пәрмендерді өзі беру арқылы жасалады және уақыт ұзақтығы 3 мин.
Жоғарғы ұпай - 20 ұпай.
8. Жеңімпаздарды анықтау және бағалау
8.1. Жеңімпаз барлық номинация бойынша алған орындарына төменгі тәртіппен ұпайлар
беріледі, барлық номинациялардың хаттамаларының жиынтықтары бойынша жеңімпаздар анықталады.
8.2. Байқаудың I-II кезең қорытындысын ұйымдастыру комиссиясы анықтайды.
8.3. Байқау комиссиясы жеңімпазды жинаған ұпай саны бойынша анықтайды.
8.4. I,II,III орынды жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен және заттай сыйлықтармен марапатталады.
8.5. Барлық Байқауға қатысушыларға облыстық білім басқармасы мен өңірлік оқу-
әдістемелік орталықтың алғыс хаттары беріледі.
8.6. Жеңімпаздарды марапаттау 2016 жылдың 27 мамырында өтеді.
9. Байқауға қатысу тұралы растау.
9.1. Байқауға қатысу өтініші.
9.2. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жөніндегі мәлімет (аудан, колледж).
9.3. Жұмыс орнынан анықтама.
9.4. Байқауға қатысушы туралы мінездеме.
9.5. Аудан (қала) өз аймақтары бойынша өткізілген Байқау жеңімпазы екендігін
анықтайтын хаттама, бұйрық, марапаттамасы, фото-видео материалдары.
Тапсырыс
_________________________________________________________байқауға қатысушы
(аудан , қала, ауылдағы колледждің атауы)
1.
|
Тегі, аты – жөні. (толық)
|
2.
|
Туған жылы
|
3
|
Мекен –жайы (жеке басының)
|
3.
|
Атқаратын қызметі
|
4.
|
Білімі (мамандығы,бітірген жылы)
|
5.
|
Жалпы еңбек өтілімі.
|
6.
|
Педагогиқалық еңбеқ өтілі.
|
7.
|
Квалификациялық санаты, сағат саны
|
8.
|
Біліктілігін жетілдіру (жылы)
|
9.
|
Жұмыс істеген уақыттағы жоғары жетістіктері
|
10.
|
Аудан, Облыс, Республика көлемдегі мақтау қағаздары мен марапаттаулары (жылдары)
|
|
Дәрежесі (еңбек сіңірген мұғалім, білім беру үздігі, ғылыми атағы)
|
11.
|
Аудан, Облыс, Республика көлеміндегі әдістемелік нұсқаулар, әдебиеттер, мақалалар шығаруы (көшірмелері, жылдары)
|
|
«Үздік жыл мұғалімі» конкурсына қатысуы (аудан, қала, облыс, жылдары)
|
|
Білім алушыларының жетістіктері.
|
12.
|
Байланысы (жұмыс орны бойынша мекен –жайы, телефон, e-mail)
|
Колледж директоры (қолы, мөрі )
Ескерту: Тапсырыс құжаттарымен бірге 2016 жылдың 13 мамырында беріледі.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалықіс-тәжірибесі туралы құжаттары.
- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну:
- педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама,
дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,
- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік
алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемеліккешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы
туралы қолда бар анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары:
- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)
- оқушылардың сұрақ-жауап, сауал намалары,
- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауал намалары;
- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері
1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы
2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № Жұмыс атауы. Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б. Сынақ нәтижесі Күні
3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелекүстелдер, көрмелер) (таблица түрінде) № Шаралар Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде. Дәлелдейтін құжаттар Күні
4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) № Пән. Тақырып. Сынып.. / топ Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі Күні
5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) № Қызмет мазмұны. Дәлелдейтін құжаттар. Сынып / топ Сараптама қорытындысы. Күні.
6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № Пән. Шаралар. Нәтиже. Дәлелдейтін.құжаттар.Күні.
7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № Пән.Сынып / топ. Сараптау түрі. Нәтиже (білім сапасы). Күні.
8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № Бағалауға қатысушылар. Бағалау пәні. Сараптау түрі. Сараптау жұмысының нәтижесі.Күні.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өз ара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестікпен белсенділіктің жоғарылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |