бұзылуы
8 Тау
жыныстарын
бұзушы
аспаптар.
Шарошкалы
қашаулар
Караулов Ж.К.
Рахметов М.Т.
ҚазҰТУ, 1994
9 Тау
жыныстарын
бұзушы
аспаптар.
Керн
алушы
аспаптар
Караулов Ж.К.
Рахметов М.Т.
Курмангалиев
М.Ж.
ҚазҰТУ, 1993
10 Основы
физики
горных пород
Ржевский В.В.
Новик Г.Я.
М.Недра 1985
11 Расчет
мощности
двигателя
буров.
станка
с
применением ЭВМ
Мусанов А.М.
Алматы,
КазНТУ, 1988
12 Қатты
қорытпалы
каронкалар
Касенов А.К.
Ратов Б.Т.
Байнемиров О.
ҚазҰТУ, 2001
13 Барлама бұрғылау,
1-2 томдары
Тұяқбаев Н.Т.
Мектеп,
1977,1979
14
Барлау
скважиналарын
бұрғылау.
Туякбаев Н.Т.
Мусанов Ә.
Алматы, 1990.
15 Свойства
горных
пород и способы их
разрушения.
Мусанов А.
Алматы, 1985
Бақылау сұрақтары:
1.
РС қашаулары қандай тау жыныстарын бұрғылауға қолданылады?
2.
ИР қашауларының ерекшеліктері қандай?
3.
Шарошкалы қашаулар қандай жағдайда қолданылады?
4.
Шарошкамен бұрғылауда соққы әсері қайдан пайда болады?
5.
Шарошкамен бұрғылауда кесу әсері қайдан пайда болады?
6.
ТАЛҚАНДАЛҒАН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ЖЕР БЕТІНЕ ШЫҒАРУ.
Жыныс ұнтақтарын жер бетіне шығарудың әдістері үшке бөлінеді. Олар:
механикалық, гидравликалық (пневматикалық) және қосынды әдістер.
Механикалық әдістерде жыныс ұнтақтарын шығару үшін шнекті құрал,
желонқалар, жылан бұрғы, бұрғы қасығы т.б. құралдар қолданылады.
Гидравликалық (пневматикалық) әдістерде жыныс ұнтақтарын ұңғыдан
шығаруға жуғыш сұйықтар (қысылған газ немесе ауа) қолданылады.
Қосынды әдістерде жыныс ұнтақтарын шығаруға
жуғыш сұйықтармен қоса
бір механикалық құрал (мысалы, шлам жинағыш құбыр) қолданылады.
6.1 Ұңғыларды жуу әдістері
Ұңғыларды бұрғылағанда жыныс талқандаушы аспаптар ұңғы түбіндегі
тау жыныстарын талқандайды. Осының әсерінен ұңғы забойында бұрғылау
ұнтақтары (шлам) пайда болады. Егерде мұндай ұнтақтарды дер кезінде
ұңғыдан жер бетіне көтермесе, олар көбейіп ұңғыны тереңдетуге кедергі
жасайды, ал кейбір жағдайда апатқа әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар
жынысталқандаушы аспаптардың кескіш ұштары бұрғылау процесі жүріп
жатқан кезде тау жыныстарымен үйкелісу салдарынан қызады, сондықтан
оларды салқындату қажет. Осы айтылған жұмыстарды орындау үшін
ұңғыларды бұрғылап жатқан кезде оларды үздіксіз жуып немесе үрлеп тазалап
тұру керек. Сонымен ұңғыны жуу немесе үрлеу деп ұңғының түбіндегі
талқандалған
тау
жыныстарының
ұнтактарынан
тазарту
және
жынысталқандаушы аспаптарды салқындату процесін айтады.
Ұңғыларды жуу әдістері тура, кері, құрастырылған және ұңғының түбінің
маңындағы жергілікті жуу болып төртке бөлінеді.
Ұңғыларды тура әдіспен жуғанда ( 40а- сурет), жуу сұйығының ағыны жуу
насосы арқылы айдағыш түтікке беріледі де, одан әрі сальник арқылы бұрғы
құбырлар тізбегінің ішімен өтіп, ұңғының түбіне
жетіп ондағы талқандалған
тау жыныстарын ұңғы қабырғалары мен бұрғы тізбегінің арасындағы сақиналы
саңылаумен жоғары көтереді.
Ұңғыларды кері әдіспен жуғанда ( 40 б - сурет), жуу сұйығы насостың
күшімен бұрғылау тізбегі мен ұңғы қабырғалары аралығындағы сақина тәрізді
саңылау арқылы ұңғының түбіне жетіп, талқандалған тау жыныстарын
бұрғылау құбырларының ішімен жоғары көтереді.
Өндірісте тура жуу әдісі өте жиі қолданылады. Өйткені бұл әдіс кері жууға
қарағанда ұңғының қабырғасының құлауына кедергі жасайды,
содан соң жуу
сұйығын ұңғыға жіберу үшін оның сағасын бекітудің және герметизацияның
қажеті жоқ. Тура жуудың бір кемшілігі бұл әдіс ұсақталған, жарықшақтары көп
және ерігіш тау жыныстарында керн шығымын өте төмендетіп жібереді.
Сондықтан керн шығымын көбейту үшін кері және қосарлас жуу әдістері
қолданылады.
Қосарлас жуу әдісінде ( 40 в - сурет) жуу сұйығы колонкалық
құбырға дейін тура әдіспен жіберіліп, одан кейін яғни ұңғы түбіне жақын
аумақта кері әдісті пайдаланады. Ол үшін эжекторлы немесе эрлифті снарядтар,
пакерлер және батырылмалы насостар қолданылады.
Ұңғы түбі маңындағы бұрғы сұйығының
шыр айналысын туғызатын
бұрғылау әдісі, яғни жергілікті жуу әдісі насоссыз бұрғылау кезінде жиі
қолданылады. Ол үшін жуу сұйығы ретінде ұңғы ішіндегі жер асты суларын
немесе арнайы жоғарыдан құйылған жуу сұйығын пайдаланады. Ұнғы түбінде
жуу сұйығының тұйық шырайналма қозғалысы болу үшін арнайы нососсыз
бұрғылауға арналған аспаптар қолданылады. Ұңғыны жуудың қандай түрі
болса да жуу сұйығының шыр айналымына, тау жыныстарының физико -
механикалык қасиеттері, мұнай мен газ және жер асты суларының мөлшері, ағу
жылдамдығы, қысымы,
температурасы, және т.б. жағдайлары өте үлкен әсер
етеді. Мысалы, мұнай мен су атқылаушы ұңғыларда жуу сұйығының шыр
айналымы толығымен бұзылады, ал жоғары температуралы ұңғыларды
бұрғылағанда, жуу сұйығы тек қана өз қасиеттерін жойып қоймай, әсіресе жуу
сұйығы ретінде су қолданылса, олар буға айналып кетуі мүмкін.
а) тура б) кері в) қосаралас
40 -сурет. Ұңғыларды жуу схемалары
Достарыңызбен бөлісу: