1.
Бұрғы құралы бір-бірімен жалғасқан әр түрлі саймандардан тұрады. Оның
негізгі мақсаты — бұрғы станогынан шыкқан айналу моментін
жынысталқандаушы
құралға жеткізу.
2.
Тізбектің дұрыс жұмыс істеуі үшін және забойға керекті осьтік күшпен
қамтамасыз ету үшін ауырлатылған бұрғы құбырларын пайдаланады.
3.
Колонкалық бұрғылауда забойдағы тау жыныстарын талқандау үшін
қаттылықтары және беріктіктері зор әр түрлі қажағыш материалдар
қолданылады. Қажағыш материалдар ретінде көп қолданылып жүргендері
металды-керамикалы қатты қорытпалар,
табиғи алмаз және шойыннан
немесе болаттан жасалған бытыралар.
4.
Бүрғылауда ВҚ-6, ВҚ-8, ВҚ-6В, ВҚ-8В, ВК-11 және ВҚ-15 қатты
қорытпалары қолданылады.
5.
Алмаз — жер қыртысында өте сирек кездесетін минерал. Оны кристалды
көміртегі деп те айтады.
Алмаздың қаттылығы кварцтен 1000 есе, ал
корундтан
150 есе артық.Алмаз мына топтарға бөлінеді: борттар, балластар, карбонадо
(қара алмаздар) және синтетикалық алмаздар.
6.
Керн алып бұрғылауда тау жыныстары сақина тәрізді забоймен
талқандалады.
Ондай бұрғылау әдісін колонкалық бұрғылау дейді.
7. Жыныс талқандау үшін қолданылатын қажағыш материалдардың түріне
қарай бұрғы коронкалары үшке бөлінеді:
1) қатты қорытпалы коронкалар;
2) алмаз коронкалар;
3) бытыра коронкалары.
8. Қолдану жағдайларына қарай қатты қорытпалы коронкалар үш топқа
бөлінеді: 1) қабырғалы коронкалар (М-1, М-2 және М-5), 2) кескішті (мұқалатын)
коронкалар (СМ-ІМ, СМ-2М, СМ-3, СМ-4, СМ-5, СМ-6, СТ-ІМ, СТ-2), 3) өзі
қайралатын (мұқалмайтьш) коронкалар (СА-1, СА-2, СА-3, СА-4).
9. Алмаз кескішті коронкалар бұрғыланғыштығы V –
XII категориялы қатты
және өте қатты тау жыныстарын бұрғылауға арналған.
10. Матрицадағы алмаз кескіштердің орналасуына және қолданылу саласына
карай алмаз коронкалар үш түрге бөлінеді: 1) бір қабатты, 2) көп қабатты, 3)
импрегнирленген.
11. Алмаз коронкалардың матрицаларының бес түрін шығару жобаланған: 1-
өте жұмсақ матрица; 2- жұмсақ матрица; 3- калыптағы матрица; 4- қатты матрица;
5- өте қатты матрица.
12. Алмаз кеңіткіштер
.
Бұрғылау кезінде ұңғы диаметрі ептеп кішірейe береді,
cе6e6i кемерлегіш алмаздар қажалады. Осыған байланысты ұңғыны тарылтпау
ушін арналып жасалған алмаз кеңіткіштерді пайдаланады.
13. Кернciз бурғылауда қолданылатын
бұрғы ұштарына найза бұрғылар,
қалақты, шарошкалы және алмаз қашаулар жатады.
14. Керн алмай бұрғылауда бұрғыланғыштығы I—III категорияларына кіретін,
иілімді жұмсақ, тау жыныстарын бұрғылауда найза бурғылары кеңінен
колданылады.
15. Қалақты қашаулар. Бұл қашаулар бұрғыланғыштық категориясы I—III,
жұмсақ, борпылдақ тау жыныстарын бұрғылағанда қолданылады.
16. Шарошкалы қашаулар
.
Бұл қашаулар бұрғыланғыштықтары I—XII
категориялы тау жыныстарын бұрғылауға арналған.
17. Жыныстардың 6epiктігінe қарай шарошкалы қашаулар төрт түрге бөлінеді:
М (орыстың мягкий- жұмсақ деген сөзінен), С (средний- қаттылығы орташа), Т
(твердый- қатты), К (крепкий- өте қатты).
18. Төрт жэне алты шарошкалы ұштар колонкалық қашауларда қолданылады.
Олар мына бөліктерден тұрады: 1) бұрғы ұшы; 2) сырткы тұлға; 3) керінді
сақтайтын және өзімен 6ipre көтеретін ішкі колонкалық құбыр; 4) кернтұтқыш.
19. Турбиналы және роторлы
тәсілдермен ұңғы бурғылағанда, әcipece қатты
жыныстарды казғанда - алмаз қашаулар қолданылады.
20. Ұңғы забойындағы қашаумен жер үстіндегі кұрал-саймандарды
жалғастыратын бұрғы тізбегі негізгі құрал болып
саналады. Ол мынадай
бөліктерден тұрады: квадрат штанга (жетекші
құбыр), бұрғы құбырлары,
жалғастырғыш құлыптар, өзгерткіштер
мен көшіргіштep, центрлегіштер және
ауырлатылған бұрғы
құбырлары.
Достарыңызбен бөлісу: