Егер жер асты суы немесе бұрғыланушы жыныс агрессиялы болса, онда олар
бұрғылау кезінде балшық ертіндісіне физико-химиялық
әсер беріп оны
коагуляциялайды. Агрессиялы жыныстарға ізбестастар, гипстер, ангидриттер,
әсіресе тұздар кіреді. Минералды су немесе агрессиялы тұзы бар жыныс
кездескен жағдайда олардың кесірлі әсерінен балшық ерітіндісін сақтау үшін,
тұрақтылықты көбейтетін реагенттер қолдану керек.
Балшықтың әрбір ұсақ бөлшектері пластина тәрізді жапрақшалар болады.
Ерітінді ішіндегі әрбір балшық бөлшектерінде электр заряды бар. Ол көбінесе
теріс заряд. Коллоидтық жүйенің барлық қатты бөлшектерінің тұнбастан
қалықтап тұратынын және өзгермеушілігін
көрсететін дәрежені
тұрақтылық
дейді.
Балшық ертіндісінің жапрақшалары Броундық қозғалыста болады.
Қозғалыс кезінде бөлшектер өзара соғылысып бір-бірімен жабысады. Ондай
жабысулар жапырақшаларды қоршаған су қабыршағының ең жұқа тұсында-
жапрақшалардың екі шетінде болады. Өзара жабысқан жапрақшалардан тор
тәрізді қаңқа құрылады. Коллоидтық ерітіндіде кездесетін мұндай құбылысты
құрылым пайда болу
дейді. Мұндай құрлымы
бар дененің ішінде қозғалыс
тудыру үшін әжептеуір күш жұмсалады. Ерітінді өз құрлымын жойып аға
бастағанда, оның 1 см
2
ауданына берілетін күш мөлшерін
ығысудың
статикалық кернеуі
дейді. Ол мг/см
2
- мен өлшенеді. Балшық ерітіндісінде
құрылымының пайда болуы оған өз сыбағалы салмағынан ауырырақ
бөлшектерді қалықтатып, тұндырмастан ұстап тұра алатын қасиет береді.
Балшық ерітіндісі қозғалмай тұрса, іркілдек түрге келеді.
Оны былғаса
қайтадан қозғалмалы сұйық қалпына түседі, ал қозғалысты тоқтатса, ол
іркілдекке қайтадан айналады. Ерітіндінің қозғалыссыз жағдайда іркілдек түрге
келіп, оны былғаған кезде қайтадан сұйылып кетуін
тиксотропия
, ал оның
қайтадан құрылым құруын тиксотроптік қасиет дейді. Ерітіндінің шыр айналма
ағыс тоқтаған кезде іркілдек түрге түсіуі, бұрғылаудан пайда болған жыныс
ұнтақтарының қалықтап тұруына септігін тигізеді. Бұл жағдай бұрғылаушы
аспаптың ұңғы түбінде ұсталынып қалмауы үшін қажет. Бірақта,
бір ескеретін
жағдай, тиксатропия үлкейген сайын балшық ерітіндісінің тұтқырлығы көбейіп,
осының салдарынан насостың жұмыс істеуі ауырланып, ерітінді талқандалған
жыныс бөлшектерінен нашар тазаланады. Сол себептен балшық ерітіндісінің
тиксотропиясын белгілі бір мөлшерде ұстаған жөн. Ол жағдай - насос жұмыс
істей бастағанда ерітіндінің жылдам сұйық түрге келуі, ал ұңғыда бұрғылау
жұмысы тоқтағанда жылдам бұрынғы құрлымына қайта келуі.
Достарыңызбен бөлісу: