257
оқпанын бірнеше рет пайдалану бұрғы мұнарасы мен бұрғы үйін,
жабдықтарды көшіріп қондыру жұмыстарын азайтады.
80 - сурет.
Бағыттап бұрғылау кезінде байырғы көлбеу ұңғымаларды көп забойлы
ұңғымалармен алмаздыру схемасы
Көп забойлы ұңғыларды бағыттап бұрғылау үшін керек жағдайда
алдымен ұңғының негізгі оқпанын бітеп, жасанды забой орнатады. Одан кейін
ұңғы оқпанына керекті бағыт беретін жағдай қолданып, ұңғының қосымша
оқпанын бұрғылайды. Кен денесін екінші рет бұрғылап өту қажеттігі туғанда
авария болған жердегі қалып қойған бұрғы снарядынан
ұңғы оқпанын бұрып
алып кету үшін де, басқа жағдайларда да көп забойлы бұрғылауды
пайдаланады (80-сурет).
Жаңа оқпандарды негізгі оқпаннан немесе одан кейін бұрғыланатын
жаңа оқпаннан бұрғылай беруге болады. Бұрғылау кезінде ылғи ұңғы
оқпанының қисықтығын өлшеп тұрады.
Бағыттап бұрғылау үшін әртүрлі аспаптарды пайдаланады. Оларға
ауытқыш, бақылағыш, хабарлағыш құралдар және ұңғыда жасанды забой
орнату үшін қолданылатын құрылғылар жатады. Ауытқыш құрылғыларды
жаңа оқпан бұрғыланатын жердегі тау жыныстарының физико-механикалық
қасиеттеріне сәйкес етіп қабылдайды. Онда қолданылатын бұрғы
жабдықтары мен бұрғы аспаптарының ерекшеліктері және ұңғының мақсаты
да ескеріледі.
Ауытқыш
құралдар ретінде көтерілетін, тұрақты сыналарды, топсалы
және басқа түрлі ауытқыштарды, арнайы жасалған бұрғылау снарядтарын
пайдаланады.
Ауытқыш сыналар ашық және жабық аталынып екіге бөлінеді. Ашық
сыналарды пайдаланғанда жаңа оқпанды да негізгі оқпанның диаметріндей
етіп бұрғылауға болады. Бірақ ашык сыналар бұрғылау кезінде өз бағытын
өзгертіп жіберіп, авария туғызуы мүмкін. Жабык сынада бұрғылаудың бір
диаметрі жоғалады, яғни жаңа оқпанды негізгі оқпан диаметрінен бір диаметрге
258
кішірейтіп бұрғылайды. Әйтпесе жабық сынадан бұрғылаушы аспап өтпейді.
Ұңғыдағы орнатылуларына қарай сыналарды көтерілетін және көтерілмейтін
яғни тұрақты және алынбалы деп екіге бөледі. Қосымша жаңа оқпанды
бұрғылап жаңа бағытқа бұрып алғаннан кейін көтерілетін сынаны жер бетіне
шығарады да, бұрғылауды әрі қарай жүргізе береді. Тұрақты сына ұңғымада
қосымша оқпан бұрғыланып біткенше тұра береді. Оны еш уақытта жер бетіне
көтермейді.
Оны шегендеуші құбырдан, жұмыр темірден, рельстен, кей кезде
ағаштан да жасайды. Сынаның жалпы ұзындығы 2—4,5 м аралығында болады.
Сынаның кеңістіктегі орнын және бағытын жаңадан бұрғыланған ұңғы
оқпанының азимуты мен зенит бұрышын өлшеу арқылы анықтайды. Ұңғы
қисаюы өскен сайын, оны бұрғылауға жұмсалатын қуат мөлшері де өсе түседі.
Сондықтан ұңғы оқпанының көлбеулігін бірте-бірте өсіреді. Тегінде ұңғы
оқпаны қисаюының өсімшесі әрбір 100 см аралық ушін 0,3 градустан
аспағаны жөн.
Жаңадан бұрғыланатын нүктеден ұңғы оқпанын бұрғылауды бастау
үшін алдымен жасанды забой орнатады. Жасанды забой ретінде ағаш немесе
металлдан жасалған тығынды ұңғы оқпанына цементтеп бекітеді. Содан кейін
ауытқыш сынаны немесе бұрғы снарядын ұңғыға орнатып,
керекті бағыт
береді, яғни оны бағдарлайды. Ол үшін әртүрлі бағдарлағыш, хабарлағыш
аспаптарды пайдаланады. Хабарлағыш аспап ауытқыш бұрғы снарядының
үстіне орналасады. Ауытқыш снаряд керекті бағытта тұрғанда забойдан
арнаулы хабар келеді. Ол хабар аспаптың ерекшелігіне байланысты болады.
Қазіргі кезде колданылып жүрген бағдарлағыш аспаптардың хабары электр
импульсіне негізделген. Мысалы, бұрғы снарядының колоннасын аздап
қолмен айналдырғанда ауытқыш снарядқа дұрыс бағыт берілген кезде жер
бетіндегі электр шамы жанады, ал сәл ғана баска жаққа бұрсаң шам сөнеді
т.с.с. Өндірісте көп таралып жүрген бағдарлағыштар
қатарына электрлі
хабарлағышы бар АШ-3 сүмбілі апсидиоскобын (апсидиоскоп штыревой),
«Курс»
деп
аталатын
бағдарлағыш
аппаратураны
және
сыналарды
бағдарлайтын сүмбісі бар ШОК-1
(штыревой
ориентатор
клиньев)
бағдарлағышын жаткызуға болады.
ШОК-1 бағдарлағышының (81-сурет) диаметрі 17— 14мм, ұзындығы 1,5
м тіктеме-сүмбісі бар. Оны бұрғылау құбырларының ішімен жіңішке сым
арқанға іліп жібереді. Бағдарлағыш тұлғасының ішінде көлденең диск
орнатылған. Дискінің тұлғаға тиетін айнала жиегінде тіктеме-сүмбі үшін
жасалған жыраша (тесік) бар.
Ауытқышты бағдарлау үшін бұрғылау құбырларының тізбегін оңға
қарай баппен айналдырады. Бұл жұмыс тіктеме-сүмбінің диск жырашасынан
өтіп, төменгі ауытқыштың өзгерткішіне жеткенінше жүргізіледі. Бұл жағдай,
яғни тіктеме-сүмбі мен жырашаның бір-бірімен беттесуі тек ұңғының төменгі
жатыс қабырғасында екеуі бірдей түйіскен жағдайда ғана болады. Ұңғының
көлбеулігі 45 — 88° болғанда ғана бағдарлағыш ШОК-1 жұмыс істейді.
259
Өндірісте қолданылатын бағыттағыш сыналар мен арнайы бұрғы
снарядтарының түрлері өте көп. Дегенмен ең көп таралған снарядтар қатарына
конструкциясын ҚазИМС жасаған СНБ-КО (авторы Е.Л.Лиманов ж. т.б.)
және конструкциясын Оңтүстік Қазақстан геология басқармасы (ЮКГУ)
жасаған СНБ-АС (авторы Я.Сейфуллин ж.т.б.) бағыттағыш бұрғы
снарядтарын жатқызуға болады.
СНБ-КО бағыттап бұрғылаушы бұрғы снарядының сыртқы диаметрлері
үш түрлі, яғни 89,75 және 57 мм етіліп шығарылады. Бұл снарядтың
құрамында сатылы колонкалы снаряд (82, а-сурет), ауытқыш снаряд СНБ-КО
(82, б-сурет) және ұңғыны баппен қисайта бұрғылайтын снаряд (82, в-сурет)
бар. Сатылы колонкалы снарядтың (82, а-сурет) көмегімен ұңғы забойынан
пішіні цилиндр тәрізді озба ұңғыма оқпаны бұрғыланады. Оның диаметрі ұңғы
диаметрінен кіші болады. Озба оқпанды СНБ-КО снарядының қасық тәрізді
ауытқыш сынасын бекіту үшін бұрғылайды.
СНБ-КО бұрғы снаряды (82, б-сурет)
екі бөліктен, яғни тұлғадан және
ауытқыш снарядтан құрылған. Тұлғаның пішіні қасыққа ұқсаған сына /1/
тәрізді. Оның жоғарғы бетінде төлке (втулка) /3/ бар. Сынаның төменгі
майысқан бөлігіне бетіне қатты корытпа жалатылған, кесілген жұқа темір /2/
пісірілу әдісі арқылы бекітілген. Бұра бұрғылау үшін арналған снаряд
құрамына қашау немесе алмаз коронка /5/, ұзартқыш /6/, топса /7/, өзгерткіш
/8/, диаметрі кішірек бұрғылау құбыры /9/ және өзгерткіш /10/ кіреді. Бұра
бұрғылайтын снаряд втулканың /3/ ішінде штифтермен /4/ бекітіледі.
260
81-сурет.
Сүмбілі багдарлағыш (ШОК-1).
1
— ролик;
2
— бұрғылау құбырлары;
3
— өзгерткіш;
4
— сым арқанга жалганган сүмбі;
5
— колонкалы құбыр.
6
— диск орналасқан стерженъ;
7
— қарсы гайка:
8
— сақина;
9
— өзгерткіш;
10— лебедка
Достарыңызбен бөлісу: