Н. Э. Пфейфер (қолы) (аты-жөні)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 291,23 Kb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі291,23 Kb.
#17288
түріНұсқаулар
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ тілі кафедрасы

(кафедра атауы)



Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәні бойынша

(пән атауы)


барлық мамандықтардың студенттеріне арналған

(мамандық шифрі және толық атауы)


практикалық сабақтарға

(сабақ, жұмыс түрі)


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э. Пфейфер

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: М.А. Баймуханова

(аға оқытушы)
Қазақ тілі кафедрасы

(кафедра атауы)


Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәні бойынша

(пән атауы)



Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған

(мамандық шифрі және толық атауы)



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар

__________________________________________________

((КЖ-а/КЖ-с/Бж/ЕКЖ/ЗЖ)оқу құжаты түрінің атауы)

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ А.Ф.Зейнулина 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)



Филология, журналистика және өнер факультеті ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Е.Н. Жуманкулова 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



1. Әдістемелік нұсқауға қысқаша түсініктеме

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсында әрбір студент іс

қағаздары үлгілерімен таныса отырып, құжат түрлері бойынша мемлекеттік тілде құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады. Бұдан басқа термин сөздер мен ресми іс қағаздары стилінің қолданылуын практика жүзінде қалыптастыра алады.

1.1 Мақсаты:

Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың дұрыс ресімделуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру
1.2 Практикалық сабақтардың маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар

- пән бойынша құжаттарды дұрыс құрастыруда және оны меңгеруде үлкен орын алады;

- практикалық сабақ студенттердің пәнге деген көзқарастарын қалыптастырады;

- практикалық сабақ барысында студенттердің келесі қабілеттері қалыптасады: еңбекқорлық, мақсаттылық, ұқыптылық, жинақтылық, өздік ойлау, іске деген жауапкершілік;

- жүйелі тапсырмалар студенттердің ойлау қабілеттерін арттырады, білімдерін тереңдетеді, кеңейтеді;



1.3 Сабақ соңында студенттер мыналарды білуі қажет:

- Қазақстан Республикасының Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңын, оның қашан, қай жылы қабылданғанын;

- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін;

- құжаттардың түрлерін;

- құжаттарды құрастырудың және ресімдеудің негізгі талаптарын;

- құжат мәтінін дұрыс құрастыруын;

- реквизиттердің қазақша атауларын;

- реквизиттердің орналасу тәртіптерін;

- ресми іс қағаздары стильдерінің ерекшеліктерін;

- іс жүргізуге байланысты термин атауларын;

- іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілде сауатты жазу.

1.4 Жұмысты өткізу және қорғау

- студенттер жұмыстарының нәтижесін семинар сабағында айтады немесе жазба түрде тапсырады;

- студенттер өз уақыттарын және жұмыстың тапсыру күнін оқытушымен келістіріп, белгілейді;

- жұмыстарды тексергеннен кейін тиісті ұпайлары (балл) қойылады.



Пәннің тақырыптық жоспары


Р/с

Тақырыптардың атаулары

Сағат саны

1

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы

Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері




1



2

Құжат реквизиттері

1

3

Жеке адамдардың құжаттары. Өмірбаян.

Резюме. Қолхат, Сенімхат



1


4

Қызметтік құжаттар. Жеке құрамның құжаттары:

өтініш.


1


5

Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1

6

Мінездеме

1

7

Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар

1

8

Еңбек келісімдері

1

9

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар: анықтама

1

10

Баяндау хат

1

11

Түсініктеме

1

12

Хабарландыру

1

13

Қызметтік хаттар

1

14

Реттеу құжаттары. Хаттама.

1

15

Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы

1




Барлығы

15


Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері

1. Қазақстан Республикасының Конституциясының тіл туралы баптары (7,19,93-баптар).

2. ҚР тіл туралы ҚР заңы.

3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4. Павлодар облыстық «Ана тілі» бағдарламасы.

2-тақырып. Құжат реквизиттері.

1. Қазақстан Республикасында белгіленген құжат реквизиттері.

2. Құжат реквизиттерін ресімдеудің тәртібі.

3. Қазақ тілінде құрастырылып ресімделетін құжаттардағы реквизиттердің орны .



3-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары. Өмірбаян. Резюме. Қолхат. Сенімхат

1. Жеке адамдардың құжаттарының ерекшеліктері

2. Өмірбаян

3. Резюме

4. Қолхат

5. Сенімхат



4-тақырып. Қызметтік құжаттар. Жеке құрамның құжаттары: өтініш

1.Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттардың ерекшеліктері мен маңызы.

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш.

3. Ауыстыру туралы өтініш.

4. Еңбек демалысы туралы өтініш

5. Босату туралы өтініш

5-тақырып. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1. Жеке іс парағының үлгісі

2. Жеке іс парағын толтыру.

6- тақырып. Мінездеме

1. Мінездеменің жазылу жағдайлары.

2. Мінездеме үлгісімен жұмыс

3. Мінездеменің мәтінін құрастыру



7-тақырып. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар.

1. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың жазылу ерекшеліктері.

2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық.

3. Жұмыстан босату туралы бұйрық.

4. Еңбек демалысы туралы бұйрықтар.

8-тақырып. Еңбек келісімдері

1. Еңбек келісімінің үлгісімен жұмыс.

2. Еңбек келісімінің түрлері.

3 Еңбек келісімінің үлгісін аудару



9-тақырып. Анықтамалық – ақпараттық құжаттар: анықтама

1. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы мен түрлері.

2. Анықтаманың түрлері, үлгілермен жұмыс.

3. Жұмыс орнынан берілетін анықтама жазу



10-тақырып. Баяндау хат

1. Баяндау хаттың жазылу жағдайлары.

2. Орындлған жұмыс туралы баяндау хат жазу

3. Орындалмаған жұмыс туралы баяндау хат жазу.



11-тақырып. Түсініктеме.

1. Түсініктеменің жазылу жағдайлары.

2. Орындалмаған жұмысқа қатысты түсініктеме жазу.

3. Жұмыс босату туралы тұсініктеме жазу..



12 –тақырып. Хабарландыру.

1. Хаттамалардың жазылу жағдайлары.

2. Мерекелік шара туралы хабарландыру жазу.

3. Жиналыс туралы хабарландыру жазу.

4. Кездесу туралы хабарландыру жазу.

13-тақырып. Қызметтік хаттар.

1. Қызметтік хаттың жазылу жағдайлары.

2. Қызметтік хаттардың мәтіндерін аудару.

3. Жарнамалық қызметтік хат жазу.

4. Шақыру хат жазу.

14-тақырып. Реттеу құжаттары. Хаттама

1. Реттеу құжаттарын ресімдеу мен құрастырудың ерекшеліктері

2. Хаттама мәтінін оқып аудару.

3. Хаттама мәтінін құрастыру.



15-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы.

1. Ұйымдастыру құжаттарының түрлері.

2. Ереже мәтінін оқып аудару.

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің маңызы

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Қазақстан Республикасы Конститутциясының қандай баптарында мемлекеттік тіл туралы айтылған№

  2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қашан қабылданды?

  3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттері қандай?

  4. Қазақстан Республикасының тіл туралы заң актілерін оқыңыз.


2-тақырып. Құжаттарға қойылатын талаптар. Қағаздың түрлері.

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Құжаттар қандай форматты қағаздарға дайындалады?

  2. А4,А5 форматты қағаздардың өлшемдері қандай?

  3. Ресми мәтіндер басылатын бланкілердің жиек өлшемдері қандай болуы тиіс?

  4. Мәтіннің тақырыбын жолдың ортасынан басқанда қандай ережелер сақталуы тиіс?

  5. Құжаттың беттерін нөмірлеудің ерекшеліктері қандай?

  6. Рим цифрлары қандай жағдайларда қолданылады?

  7. Қазақ тілінде қысқарған сөздерге жалғау қалай жалғанады?

  8. Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндері қалай жазылуы тиіс?

  9. Өзіңіздің аты-жөніңізді жоғарыда айтылған жарлыққа сәйкес жазыңыз.

  10. Құжаттардың мәтінінде дата қалай жазылады?

  11. Цифрлармен жазылған мына даталарды сөз бен цифр аралас жазып көрсетіңіз: 2007.03.04., 2005.01.15., 2006. 09.01.

  12. Өзіңіз оқитын оқу орнының толық атауын жазыңыз.


3-тақырып. Құжаттарды ресімдеу. Құжаттардың реквизиттері

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Реквизит деген не?

  2. Реквизит атауларын жатқа айтыңыз№

  3. Өзіңіз тұратын қалада жұмыс істейтін ірі-ірі кәсіпорындардың атауларын жазыңыз. Сол кәсіпорындардың анықтамалық деректерін жазыңыз.

  4. Мекемедегі лауазым иесіне арналған құжатқа адресат жазыңыз.

  5. Төмендегі адресаттың қатесін табыңыз:

«Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның бас маманы

Азметовке А.



  1. Студентке жазылатын мінездеме мәтінің тақырыбын жазыңыз.


4-тақырып. Құжаттың түрлері

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Құжаттар мазмұны мен қызметіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

  2. Жек адамдардың құжаттарын атаңыз.

  3. Қызметтік немесе ұйымдастыру-реттеу құжаттары өз ішінде қандай топтарға бөлінеді?

  4. Жасалу сатысына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

  5. Формасына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

  6. Көшірменің түрлерін атаңыз.


5-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Өзіңіздің болашақ мамандығыңызға сәйкес жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

  2. Оқу орнының бірінші басшысының атына академиялық демалыс сұрап немесе басқа оқу орнына ауыстыруға рұқсат сұрап өтініш жазыңыз.

  3. Кез-келген мекеменің бірінші басшысының атына кезектен тыс еңбек демалысын сұрап, себебін көрсетіп өтініш жазыңыз.

  4. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағын толтырыңыз.

  5. Өз мамндығыңызға сәйкес жұмысқа қабылдау туралы жазған өтінішіңіздің негізінде бұйрық жазыңыз.

  6. Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш негізінде бұйрық жазыңыз.

  7. Өз мамандығыңыз бойынша мекемеде бірнеше жыл жұмыс істейтін маманға басқа қызметке ауыстыру мақсатында мінездеме жазыңыз.



6-тақырып. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Мекеме басшысының атына орындалған жұмыс туралы баяндама жазыңыз.

  2. Мекемедегі бір қызметкердің немесе бір бөлімнің атқармаған жұмысы туралы хабарлайтын баяндау хат жазыңыз.

  3. Мекеменің хатшы-референтінің атынан бірінші басшының атына жұмыскер А.А.Ахметованың мекемеге басқа мекемеден бір ай бұрын келіп түскен хатты жоғалтқаны туралы баяндау хат жазыңыз.

  4. Мекеменің бастығының бұйрығының мезгілінде орындалмауының себебі көрсетілген баяндау хат жазыңыз. Мәтінде қолданылатын деректерді өздеріңіз ойлап табыңыз.

  5. Жұмысқа, оқуға кешігіп келуіңіздің себебі көрсетілген түсініктеме жазыңыз. Түсініктеменің мәтінінде кешігіп келген күніңіз, уақыты және себебі көрсетілсін.

  6. Атқарылған жұмыстардың тоқсандық есебін мерзімінде тапсырмауыңыздың себебі көрсетілген түсініктеме жазыңыз.

  7. Мекемеде болған мерекелік шара туралы хабарландыру жазыңыз.

  8. Мекемелердің бос орындарға жарияланған байқауы туралы хабарландыру мәтінін баспасөз құралдарынан тауып оқыңыз.

7-тақырып. Қызметтік хаттар

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Кәсіпорынның жеке және мемлекеттік кәсіпорындарға келісімді ақыға персоналдық компьютер сатаныны туралы ақпараттық хат жазыңыз.

  2. Келесі кәсіпорынның басшылығының атына кәсіпорынның шығаратын өнімі туралы толық мәлімет сұрап өтініш хат жазыңыз.

  3. Мекеменің атынан жеке тұлғаға белгілі бір жағдайға байланысты ескерту хат жазыңыз.


8-тақырып. Реттеу құжаттары

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын «Құрылыс» ЖШС-ның жұмыскерлерінің тұрғын үй салуға қажет материалдар шығару туралы болған жалпы жиналысының хаттамасын жазыңыз.

  2. Өз мамандығыңызға сәйкес, мекеменің бірінші басшысының бір жылда атқарылған жұмыстарының есебі талқыланған хаттама жазыңыз.

  3. Қаулы, шешімнің мәтіндерін баспасөз құралдарынан тауып оқыңыз. Мәтіннен жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін тауып, көшіріп жазыңыз.


9-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Жарғы қандай кәсіпорындарда дайындалатын құжат?

  2. Жарғының мәтінін баспасөз құралдарынан тауып оқыңыз. Мәтіннен жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін тауып, көшіріп жазыңыз.

  3. Ереже қандай кәсіпорындарда дайындалатын құжат?

  4. Ереженің мәтінін баспасөз құралдарынан тауып оқыңыз. Мәтіннен жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін тауып, көшіріп жазыңыз.



Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000. – 216 б.

2 Баймұқанова М.А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу. ─ Павлодар, 2007. – 76 б.

3 Делопроизводство в Республике Казахстан. /Сост. Скала В.И., Скала Б.В., Скала Н.В. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005. – 305 с.

4 Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері. – Астана: Елорда, 2002. ─180 б.

5 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ─ Алматы, 2001. ─ 42 б.

Қосымша әдебиеттер:

6 Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: Ана тілі, 2000. – 89 б.

7 Екі тілде іс жүргізу: Сөздік –анықтамалық. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. – 224 бет

8 Есімболова М.Қ. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы (үлгілер). Оқу құралы, - Алматы, 2004. – 150 б.

9 Жахина Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. Мемлекетік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. - Көкшетау, 2003. – 120 б.



10 Кирсанов М. В., Аксенов Ю. М. Курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие – 5-е изд., - М.: ИНФРА-М; Новосибирск: Сибирское соглашение, 2003. ─ 320 с. (Серия «Высшее образование»)

11 Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь: Делопроизводство и архивоведение - Алматы: «Рауан», 2000. - 360 б.
жүктеу 291,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау