Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


сұхпаттасу. Қызмет бабымен бас қосып, сұхпаттаса



жүктеу 9,76 Mb.
бет40/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

сұхпаттасу. Қызмет бабымен бас қосып, сұхпаттаса қалған сәттерімізде 3.С.Кедринаның бұл аймақ жазушыларының жаңа шығармаларын үнемі оқып отыратынын салиқалы сөз саптауынан жиі аңғарамыз (Т. Нұртазин).

صحة (сиххатун) сихат1) денсаулық; 2) шындық, ақиқат, дұрыстық. Ей, Нақып, жанабыңа жазылды хат, Нәпсісі келген сөздің төртінші рет. Білмекке хабарыма болсаң қалдар, Шүкір-ақ, дархақында тәнім саһат (дұрысы: сихат Н. 0.) (Шораяқтың Омыры);

сиқат. Дұғамның қуатын Жіберме өзгеге. Әбіштің сиқатын Беркітсең кеудеге (Абай);

сихаттық саулық, амандық. Төртінші жауһар — қағанат. Ақ малыңды алдырма — Сұқаншы ғибат шұғыла! Аяғыңды аңдап бас, Ойылма ұят жылымға. Саһаттықпен ұрысы: сихаттық — Н. О.) сәлем хат Жолдаушы дүр Омар — Қызылдың қия құмында (Шораяқтың Омары);

صحراء (сахарау) сахарашөл, дала, айдала. Ильминский қазақ сахарасында ашылған мектептердің инициаторы болды. Ыбырай қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде дүниетану мектебін ашты (М. Ақынжанов). Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау туған сахара, өлке белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен қарайды (М. Әуезов);

сақара. Сақарада жатқан ел, Деуге келдім — қоссын бас! Жер астында жатқан кең, Деуге келдім — қойныңды аш! (I. Жансүгіров). Жай жату - тек бүгінгі жанның қамы, Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы. Өзді-өзін талап жеген әлі жетсе, Хайуан сақарада аңның қамы (Ақан сері);

сақыра. Атпен жүрсе айналасы әлденеше күндік бұл самиан сардала сақыраның құбыла беті қырат та, арқа жағы ойпаң (X. Есенжанов). Сол дәуірдегі қазақ сақырасын торлаған қараңғылық түнегін қалай серпудің жолдарын қарастырып, «Мыңмен жалғыз алысқан» Шоқанның алдағы күндерге арманды үмітпен қараған сәттері сезіледі (Ж. Бейсенбаев);

сахар. Алда әлі ауыр асу, сусыз сахар шөл жатыр (Д. Досжанов);

сахра Табиғаты сахраның Өсірді оны ашумен: Тамыр, бұтақ жапырағын Суғарды да зәрлі умен (I. Жансүгіров). Кейкіманның қолынан жүзге тарта адам ата-бабаның жандасып өткен құт сахрасының торқалы топырағын құшақтап қалды (X. Есенжанов);

сахыра. Ертерек үсіді кей жапырағың, Бірақ сені өсірген топырағың. Тамырыңды үсітпей, соңғы жылдар Тағы өсірді көркі ғып сахыраның (С. Мұқанов);

саһара. Маған ыстық — жасыл Арал, ақ Арал, Қарақалпақ мойнағы, Сол теңіздің еңбеккері дана шал, Балуан балық ойнағы, Саһарасы, жиде, бауы, қаязы, Қамыс, тоғай, сайғағы (Миртемир).

сахаралық шөлдік, шөл далалық, айдалалық («Қ. Т. О. С.»);

сахарауишөл, шөлдік, сахаралық. Заманға жаралған ғылым, білім Табылмас, бұл қазақтың арасынан. Ескі ұсулман оқытып, оқығанмен Кім жетілген сахарауи даласынан (Мақыш). Қала болған сіздерден кем бе дейді, Мәдениетті сахарауи тең бе дейді (Әбубәкір);

сахраун. Ұйғырлар жанындағы тау атырауында көптеген сахраун түркілер тұрады (М. Қашғари).

صحن (сахнун) сахын1) табақ, ыдыс; 2) әулі, қора (үйдің); 3) алаң. Бұл сөз сағын сияқты сөздерде кездеседі;

сағын. Сан ру ежелгі қазақ елінің, Інжу жағасы мен Қаратау әм Ұлытау үстін, Есіл мен Ертіс жағасын, Алатау етегін, үстірт үстін жайлаған әм қалалары мен сағындарының алтын қақпасы осы (Д. Досжанов).

صحنة (сахнатун) сахнатеатрда ойын көрсету үшін арнайы жасалған орын. Сахнаға жылтыр қара, талдырмаш денелі Жапаш шықты (Д. Әбілев). «Қыз Жібек» операсының мыңыншы рет сахнаға қойылуы республикамыздың мәдени өміріндегі қуанышты оқиғаның біріне айналды («С. Қ.»). Ашылды да жиналыс, Күн тәртібі бекілді... Сахнаға ең алғаш Шыққан актер секілді (С. Сейітов);

сахына. Жарқ етіп шықты, міне, сахынаға, Тұр екен ән толқыны дәтін ала, Көзінен кереметті ұшқын атты, Солай бір серпіледі ақын ғана (Қ. Бекхожин);

сахналықсахынаға жарарлық, сахнаға керек. Республикалық орыс драма театры жанындағы «Галерка» театр студиясы Олжас Сүлейменовтің «Шығыстың шырайлы шағы» кітабы бойынша «Асау даланың жаңғырығы» деген сахналық композиция жасады (Ә. Әлімжанов). Ғылымдағы шынайы да саналы, дарынды ғалымдар мен мансапқорлар, жағымпаздар, жалақорлар, күншілдер тартыстары қайда? Олардың сахналық бейнелері неге жасалмайды? (А. Тоқпанов).

صحيح (сахйхун) сахих 1) таза, сау; 2) нағыз, ақиқат, дұрыс, түзу; 3) шындыққа үйлесімді, заңды; 4) грам. дұрыс (араб сөздерінің түбірлері жөнінде). Сөйлесе сөзі сахих тоты кепті. Асылзат арғы атасы сұңқар текті. Шаһарбану той қылам, - деді, - өзім, Шаһзада өзі менің балам, - депті («Ғашық-наме»).

صدى (сада) сада1) дауыс, үн, дыбыс; 2) жаңғырық, айқай, шақыру. Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Наркес көз, қалам қасты лағыл бала. Иранның Құсни Зия тотысындай Гәуһәрден шыққан нәсіл тудың зада (Ақан сері);

садои-шарқ шығыс жаңғырығы. Тәжікстан жазушылар одағы басқармасының органы «Садои шарқ» журналының алғашқы нөмірі жарық көргеніне елу жыл толды («Қ. Ә.»).

صدد (сададун) сәдет1) жайында, жөнінде (осы), байланысты (бір нәрсемен); 2) жақындық, туыстық, көршілестік: 3) тілек, ниет, мақсат. Нағымет қазір бұл жақтағы ағайын-туманы сағалап, елде көп жүрген. Ана жақта баласының басына бұлт айналып тұрғанын бұндағы ағайынға сәдеттеп, көңіл жетерлерінен қаржы жинап ала қайтатын ойы бар екен (Ә. Нұрпейісов).

صدر (садрун) садыр1) көкірек, жүрек; 2) алдына, алда; 3) орталық; 4) құрметті орын (бұрын Персияда - бас уәзірді, бас қазыны, Түркияда — бас мүфтіні садыр деп атаған). Мысалы, жоғарыдағы текстегі садыр (I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев);

сәдір. Таң ата көшіп «Сәдір сарайынан», «Шұқыркөңге» жеткенде жолы айрылған, «Көкшеқұм» белестеніп артта қалды, Күн қыза шықты бұлар «Үштағаннан» (А. Тоқмағамбетов).

صدف (садафун) сәдеп1) қабыршық (інжу бітетін), ұлудың қабығы; 2) ақық, меруерт. Тыңдаңыз, сөз сөйлейді, ақын Мансұр, Атағым бұл өлкеге болған мәшһұр. Азырақ бір мысал сөз аңдатайын Сәдептен аңғарғанға ашылған дүр (Мансұр);

садап. Отыз тісің гауһарындай садаптың, Парқын білдің, неше түрлі әдептің Айдай нұрлы, балдай тәтті, шаһизадам, Қалпы өзіңе белгілі ғой ғадаттың (Нұржан);

садаф. Садафтың шашыраған жауһарысың, Көңілімнің заһирасына салдың ұя (Ақан сері);

седеп. Сырым, сізден басқамен ісіміз не-ай? Жаманға көрсетпесін түсімізді-ай! Теңізден шығып тұрған сіз бір седеп, Дүр тамар қай бұлттан етіңізге-ай (Молда Мұса).

сәдептейінжудай, меруерттей. Естісе сенен хабар «келсін» деген, Қандай жан бұл хабарға есірмеген. Сәдептей жаңа шыққан таза дүрсің, Салынып еш дүкенге тесілмеген (Молда Мұса).

صدقة (садақатун) садақаескі. қайыр, құдайы. Бастан құлақ садақа (мақал). Жалғыз-ақ Омардың: «Кетші, кет! Қамарымның басқан ізінен садақа кет!»— деген қорқынышты жаман дауысы шықты (С. Торайғыров). Бұларға Құнанбай Тінібайдың қолымен садақа бергізіп, бәрінің тегіс фатихасын алған (М. Әуезов);

садаға. Бар байлық — жан садағасы, жан — ар садағасы (мақал). Қауіп дүниесі — еншім менің Садағаңмын, қасиетті Отан, сенің (Ж. Саин). Тұра ма сыймаған соң жер іздетпей, Садаға сен қайтесің одан кетпей? (Қуанышбай).

صديق (садйқун) сиддық1) дос, берілген, жанқияр дос; 2) әр уақытта шын айтушы, шын сөзді, шыншылдың шыншысы (Мұхаммедтен кейінгі болған бірінші араб халифасы Әбубәкірдің лақап аты, теңеуі). Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат болар деген сиддық, кәрәм, ғақыл — бұл үшін дән сиддық, ғадаләт болар (Абай). Әбубәкір Сиддықтың даналығынан, Ғұмардың әділдігінен, Ғұсманның ғылымдығы мен Ғалидың ерлігінен басталды - қазірет Қуанайдың уағызы (X. Есенжанов).

صراحة (сарахатун) сарахат1) анықтық; 2) ашықтық, айқындық. Қазы, мен сені қазы қойғанымда жұртқа қайырлы, байға, жарлыға бірдей, ақ — сарағат (дұрысы: сарахат — Н. О.) би болар ма екен деп үміт етіп едім, бұл жаңылысыма тоба қылдым (Ы. Алтынсарин).

صراط (сиратун) сират1) жол; 2) діни. көпір (Діни ұғымда жаһаннамдардың үстінде қылдан жіңішке, қылыштан өткір қиямет көпір бар-мыс. Шын мұсылмандар одан кідірмей өтіп, бейішке барады да, күнәкарлар сираттан құлап, оның астындағы дозақтарға түседі. Қазақтар ол қиямет қыл көпірінен қорықпаса да болады, өйткені, дін аңызынша, оның жасалуы, одан мұсылмандарды айдап өткізуші етіп Алла тағала біздің жерлесіміз Қожа Ахмет Яссауиді тағайындапты-мыс — Н. О.). Қылыштан, қылдан нәзік сират деймін, Бейіште иманды құл тұрат деймін (Тезек). «Мизан», «сират» құрулы... (Шәңгерей). Тумаңды мұнда шақыр, сөйлесейін, Беремін қалған малы болса бәрін. Жаппасын өтірік пен бәле салып, Сират дейтін жолы бар ұзақ сарын (Ашубай). Бұл қонысқа қондырған, Ата, бабам оңбасын, Таңда сират басында (Махамбет);

ысрат. Бүгінгі күні арамыздан жетім шал дүние салып, ысрат сапарына жол шеккенде... уа, мына артында қалған, бауырлас біздер, оның аз ғана алапасына көз сүзетін сияқтымыз (Ә. Нұрпейісов);

сұрат. «Осылай боси береміз бе? Бұл сүргінге кім шыдайды? Қашан тоқтар екенбіз. Жауды бөгер күш жоқ па? О дүниенің қыл көпірі болады дейді. Сол сұрат көпір осы мына біздің күйімізден ауыр емес шығар»,— дейді Рухия (С. Сматаев);

сирати-мустақами тура, шын, ақиқат жол. Еңбекшілерді 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстарға қатыстырмау үшін мұсылман дін иелері поптармен, ксендздермен, раввиндермен тізе қосып, қолынан келгендерін істеп бақты. Осы мақсатпен молдалар контрреволюциялық листовкалар таратты, мұсылмандар «Сирати-Мустақами» атты діни ұйым құрды (X. Ақназаров).

صراف (саррафун) сарраф1) ақша ауыстыруды кәсіп еткен адам; 2) кассир (банк); 3) салық жинаушы. Арабша сарраф — ақшаны, алтынды, асыл тасты бағалаушы, соның сыншысы, банкир (Л. Будагов). Сарраф қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделе келіп, сарап болып өзгерген . Болатов);

I сарап ауыс. сұрыптау, бағалау. Алтынды алып берді қолындағы: — Сарапқа сал, бар дағы шаһарыңдағы. Алтын емес деп біреу айтса, балам, Алдамшы амалым жоқ болдым дағы (Абай). Жүнісбайға жүгінем, Сөзді салсын сарапқа (Жамбыл);

II сарап сұрыптаушы, айырушы, жіктеуші, бағалаушы. Сарраф қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделе келіп, сарап болып өзгерген (Ж. Болатов). Жетпесе өз зейінің ғажап емес, Шайырға Тұрмағамбет оқытып аш! Сан ердің сөзін сынар Сарабы сол, Білімге биік біткен ділуар хас (Қаңлы Жүсіп). Көз салып көлеңкеңе күшігіндей, Деймісің: «Бола қалдым мұзды балақ!» Саф ақыл, туған сақа, сараптар көп, Ететін, екеумізді көріп, сынақ (Қаңлы Жүсіп);

сараптаусұрыптау, бағалау. 1965 жылы Польшада қоғамдық пікірді зерттеу мен программаны сараптау орталығы ұйымдастырылды (К. Үсебаев). Болашақ атты көкжиектен қылаулап атар таңдарын сараптап, алдағы еңселі күндерге қиял боп аттанып еді (А. Смаилов).

сарапшы. Хан — қарақшы, халық — сарапшы (мақал). Тұрмағамбет өнер сайыстарына қатысқан айтулы ақындардың айтқан сөздеріне әділ баға беріп, сөз құнын түсініп, шатақ түйінін шеше білетін, таразыны тең ұстап, айтысты аяқтайтын төреші, алтын мен жезді айыратын сарапшысы болған («Айтыс»).

صرف (сарфун) сарпбарлық өмірін, дүниесін белгілі бір іске арнау. Сіздер бір ғана менің разылығымды іздеп, малдарыңызды, өмірлеріңізді сарп қылып едіңіздер, мен разы болдым (Абай). Өзінің туған халқын ағартуға бүкіл өмірін сарп еткен тамаша адам, ардақты азаматымыз - Ыбырай... (С. Көбеев). Жас жеткіншектерді тәрбиелеуге бар өмірімді сарп етемін,— деді Елена Степановна (С. Омаров);

сарфграм. септеу, жіктеу морфологиясы. Араб тілінде де грамматикалық сарф бар (С. Мұқанов). Жадидтік әдіспен жазылған араб пен парсы тілінің сарфын (грамматикасын) өз ұлтының тіліндегі сауатты бала өз бетімен де үйреніп кетуге болады (С. Мұқанов);

сарыпжұмсау (ақшаны), орынсыз шығындау, босқа жіберу (дүниені). Болса да қайдан тауып түссе қолға, сарып қылып сіздей жанға зерді кісі (Ысқақ). Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек (Абай).

صرف و نحو (сарф уа наху) сарф-нахуграм. морфология және синтаксис, грамматика. Кадими мектептерінің кейбіреулерінде тарих әнбие, тарих ислам (халифат), араб тілінің сарф-нахуиі (грамматика) оқылды Қ. С. Э.»).

صغير (сағйрун) сағыр — 1) кішкене, кішкентай; 2) майда, ұсақ; 3) жас, жас бала. Дәме қыз, айтып сөзді тауыстың ба? Жамандап ашып салдың ауыз Сырға. Сағырдың мойнындағы аманатын Ішіңде мықтап сақта, ауыстырма (Мансұр). Бір биі кіші жүздің — Жамақ сағыр, Әзеке-ау, сөйлер сөзге болдың мамыр. Көп дұшпан арадағы не демейді? Мен емес, Наурыз баймен ағам тамыр! (Қыз Болық). Иланшы Қадырхан сағыр шалға қиыс қарап тыңдады (Д. Досжанов).

ас-сағир. Әл-Фараби Дамаск шаһарының Баб ас-сағир (Кіші қақпа) жанындағы зиратқа қойылды Қ. С. Э.»).

صف (саффун) сап1) әск. қатар; 2) топ; 3) класс (мектеби); 4) кезек. Қаланың төңірегіне күзет қойылып, қалған жауынгер клуб алдындағы алаңға сапқа тұрды (С. Бақбергенов);

саптасполктес, әскер қатарында бірге болушы («Қ. Т. О. С.»);

сапталуқатарға тұру, топталу, топтану. Полктің күші құрыстап, Қолына қызыл ту ұстап, Тайғақ кешу, тар жолда Көрсетіп ерлік майданда, Сыйлық алып, сапталып Қуатты ер қаптай қаулаған (Жамбыл);

саптанутоптану, жиналу, қатарға, сапқа даярлану. Түні бойы рота дайындалып, Саптанып, таңсәріде жөнеледі, Атакаға аттанып (С. Сейітов);

сап-сапқатар-қатар, топ-топ. Қаласына Лениннің Жан-жағынан елімнің Жүйткіп күн-түн отарба,— Жас ерімнің өскенін, Майданға қызыл әскерін — Жөнелтті Қазақстаным Тұрғызып сап-сап қатарға (Жамбыл). Жаумен бетпе-бет кездесер жағдай туса, қыпшақтар сап-сап бірнеше қатарға бөлінетін (I. Есенберлин).

صفاء (сафаун) сапа1) тазалық, мөлдірлік, ашықтық; 2) адалдық, тыныштық, бүлінусіздік; 3) ауыс. заттың, құбылыстың тек өзіне тән қасиеті, өзгеше ерекшелігі. Тұқымды сенен туған өсірмей-ақ Бір жерге бәрін топтап жияды да, Көргенше саған тиіп зауық, сапа, Нәпісіні ер қылмай-ақ тияды да (Қадиша). Қарсақпай, Қарағанды жатыр дулап, Кен шеккен, алтын, күміс астын қулап, Алтайда Риддерім сапасы алтын, Күлгізген еңбек ісін нұрмен булап (И. Байзақов). Соғыста саны артық ұтпайды, сапасы артық ұтады (В. Суворов);

сафа. Шаян Бегжан, мәжілісті хұзыр қыл, Тантаналы тамашамыз біздің бұл. Ғиш-ғашырат, кәйіф-сафа айталық, Күйші, жырау қайда? Аларны хазір қыл,— деді Жәңгір (I. Жансүгіров);

сапасызсапасы төмен, қасиетсіз. Дарынсыз, Оралда мех комбинатының Сапасыз көп бұйымын шығаратын (Хамит). Ақындық өсу сапасыз санмен өлшенбейді (С. Әшімбаев);

сапасыздықсапасы төмендік, қасиетсіздік. Әбіш Кекілбаевтың мақаласында бастауыш кластардың «Ана тілі» оқулықтарының сапасыздығы өткір сынға алынған (Ж. Сомжүреков);

сапалыайрықша сапасы, қасиеті, тазалығы, адалдығы бар. Жамбыл қор болып кешкен көптік пен барлықтан намысты, қасиетті болған аздықты сапалы елдік артық дегізеді (М. Әуезов). Төбедей болып көзге көрінеді, Сапалы үйген пішен қорадағы (Қисса);

сапалырақсапасы, қасиеті жоғарырақ. Рухани жұмыста шығарманың «көбірек» болғанынан гөрі «сапалырақ» болғаны жақсы деу керек (Ә. Шәріпов). Жазушылар секілді сыншылар да халық алдындағы парызын сапалырақ атқаруды қатты ойланулары тиіс (Р. Бердібаев);

сапалықайрықша қасиеттілік, тазалық, адалдық. Бұл, әрине, сандық өзгеріс. Бірақ, осы сандық өзгерістен қазақ прозасындағы сапалық өзгерістер нышанын тануға да болады (Т. Әлімқұлов). Мен бұл арадан сан салмағы емес, сапалық салмақты айтамын (Ғ. Мүсірепов);

сапалылық. Еділбай қой тұқымының өнімділігі, төзімділігі жағынан жергілікті қазақы қойдан едәуір сапалылық танытты (Қ. Ахметбеков).

صفة (сиффатун) сипат1) сапа, қасиет, мінез, құлық, ерекшелік; 2) грам. сын есім. Социалистердің қатынасқаны жөнінде және де оның оппортунистік сипаты жөнінде есіттім, тек қана есіттім (В. И. Ленин). Бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды (Абай). Сипатың жұмақтағы хор қызындай Жамандар сізді көріп қалтыраған (Ақан сері);

сыйпат. Дәстүр мен жаңашылдық дегеннің парқын жақсы айыратын ақын ертеден ел аузында жүрген сөздер мен тіркестердің қажетті нәрін ала біледі, сол ұғымдардың ескірмес мазмұнын жаңа талапқа сай етіп шығарады. Соның арқасында көне баламалар жаңаша сыйпат алып отырады (Р. Бердібаев);

сыпат. Дүниені ескермейтін паң секілді. Жатырқап тірі жанды аң секілді. Сыпатын, түрін көрсе сол бүкірдің, Бір үлкен мақсұты жан секілді (Абай). Совет жазушылары шығармаларында Отанымыздың нелер тамаша патриоттары, мүлде жаңа адамдардың сыпаттары суреттеледі (С. Көбеев);

сыпаттас. Адамның көңілі де аспан сыпаттас екен, өз күні, өз шуағы, өз бұлты, өз бораны, өз аязы бар (Әкім Тарази);

сымбат1) жүз, шырай, өң, түс; 2) нұсқа, мүсін, тұлға. Сымбат — арабтың сіфәт сөзінен (Л. Будагов). Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат (Абай);

сипатталусуреттелу. Еңбектің «Социализм» атты бөлімінде Маркстің ғылыми социализмі сипатталады (С. Юсупов);

сыпатталу. Жаңа бағыт көптеген техникалық және көркемдік ерекшеліктерімен сыпатталады (К. Байпақов, Б. Нұрманов);

сипаттамамінездеме. Аудармашы капитализмнің сипаттамасын автордан гөрі өзгеше, ұзартып аударған (Е. Букетов). Иса Байзақов Маринадай советтің даңқты ер әйелінің жан сырына дұрыс сипаттама береді (Е. Ысмайылов);

сипаттануерекшелену, өзгешелену, бейнелену. Сенде бұл - ғылым, рақым, ғадаләт - үш сипатпенен сипаттанбақ (Абай);

сымбаттанукөріктену, келбеттену. Мінер атын, киімін ып-ықшам қып, Сымбаттанып, сымпиып, тамақ аңдып, Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан Антұрған қосылмай, кел, кет қаңғып (Абай);

сипаттау бейнелеу, суреттеу. Ленинге ұлы нұрдайын Жыр арнап, оның дидарын Тіл жеткенше сипаттап, Құяйын өлең балдарын (Жамбыл). Құстар шулаған көлдерді, анау өрістеп бара жатқан малдарды сипаттап жазса, шіркін (С. Мұқанов). ...ғылым құдіреті сипаты бірлән сипаттадық (Абай);

сыпаттау — Ақбөпе Әмірханды бұрын білген, Көрмей-ақ өткен қыста даңқы келген. Өнерін Әмірханның көрген жастар Сыпаттап Ақбөпеге айтып берген (И. Байзақов). Түкті мерген Туғанбекті сыпаттап, мақтап еді, Туғанбек оған қабағын түйген соң, тартынып қалды (Айбек);

сыпаттаушылықбейнелеушілік, суреттеушілік;

сыйпаттаушылық. Біраз қаламгерлеріміздің тарапынан психологиялық талдау орнына... сыртқы әрекеттерін сөзсіз суреттеушілік, әсерсіз әңгімелеушілік, сыпыра сыйпаттаушылық... әлі де етек алып отыр (С. Әшімбаев);

сипатты1) сапалы; 2) өзгеше, бейнелі. Таң алдында Шолпан туса, Тартқан сымдай белін буса, Неше түрлі ән шырқайтын Сол сипатты әнші Мұса (Жаяу Мұса). Кең иық, һәм кеуделі, құмырсқа бел, Сипатты, салтанатты көргенде ел (Б. Момышұлы);

сыпатты. Ол сыпатты қазақтан Дүниеге ешкім келмепті. Өлмейтін атақ қалдырып, Дүниеге көңілін бөлмепті (Абай). Әкімдіктің ешбір нышаны жоқ, бұйрық сыпатты ресми де жазылмаған (Б. Момышұлы);

сипаттылық1) сапалылық; 2) өзгешелік, бейнелілік. Шындығында, роман композициясының күрделілігі, кемелділігі, жаңа сипаттылығы оның әңгіме мен повестен сыртқы айырмашылығын ғана білдіріп қоймайды, жазушының роман жазуға табиғи бейімділігін, өмірдің қат-қабат шындығын мол білетіндігін айғақтайды (С. Әшімбаев);

сымбаттыкөрікті, келбетті, сұлу, денелі, мүсінді. Сымбатты оқтай түзу бойың мінсіз, Бұл жақта сенде-ақ көрдім мұндай көрік. Аспанға бой созасың үндемейсің, Тәкаппар, жалғыз өскен дәтің берік (С. Сейфуллин). Сымбатты сұңғақ бойлы жас жігіт өзін Рабиға шешейге «колхоз председателімін» деп таныстырды (Б. Соқпақбаев);

сымбаттырақсұлуырақ, шырайлырақ, мүсіндірек. Ол түсінді кешегі қатесін де: «Кешегіден бұл сұлу сымбаттырақ». Мызғып кетіп оянса, қапелімде, Қасында ай жүзді отыр күліп аппақ (Ә. X. Д);

жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау