Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


саярад. Екі жүз күн, екі жүз түн оқтар ұшты зуылдап, Екі жүз күн, екі жүз түн соқты жүрек суылдап. Сиярадтар



жүктеу 9,76 Mb.
бет36/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42

саярад. Екі жүз күн, екі жүз түн оқтар ұшты зуылдап, Екі жүз күн, екі жүз түн соқты жүрек суылдап. Сиярадтар (дұрысы: саййарат – Н:О.) сілкінеді, селкілдетті тау-тасты, Екі қоғам, тағдыр – өмір, өлім шайқасты (М.Қанатов).

سياسة (сйасатун) саясат – 1) басқарма, басқару; 2) саясат; 3) дипломатия. Саясат дегеніміз – экономиканың түйдек көрінісі (В.И.Ленин). Оқып келген жігіттер екпінді көрінеді. Екі сөзінің бірі “тап саясаты”, “тап күресі” (Ғ. Мұстафин). Мұнымен тағы да өтті ойын-сауық, Істесті, саясаттың кілтін тауып (І.Жансүгіров);

саясаттық – саяси. 1934 жылдың сентябрь айында Қазақстанға БК (б) П Орталық Комитеті Саясаттық бюросының мүшесі, БК (б) П Орталық Комитетінің секретары Сергей Миронович Киров келді (“Қ.Қ.”). Бірақ, сонымен қатар – тақырып, мазмұн, таптық, саясаттық санасы, мүддесі жағынан қарасақ, совет ақындарының айтыстары ескі айтыстан әлдеқайда терең, кең, озық та өзгеше (М.Әуезов);

саясатқұмар – саясатшыл. Шынында да “саясатшы” деген атау орысшасы сиақты шынайы саясат адамын бейнелейтін болса, “саясатқұмар” деген сөз ақыл-парасаты төмен, пайымы тайыз, бірақ пысықсынған белсенді адамның кейпін білдіреді, ал “саяси” деген сөз өзінің түпнұсқасы сияқты анықтаушы қызметін атқарады (Қ.Сағындықов);

саясатсыз. Барлық адамға да өз ақылы айқын, өз баласы жарқын көрінеді. Үш нәрсені баянсыз деп біл: саудасыз твор, айтыссыз ғылым, саясатсыз мемлекет (Сағди);

саясатшы – саясат мемлекеттерімен шұғылданушы, саясатқа жетік адам, саяси қайраткер. Саясат дегеніміз ғылым және аспаннан түспейтін, қолға тегін тимейтін өнер, сондықтан пролетариат, егер буржазияны жеңем десе, өзінің пролетарлық “таптық саясатшыларын” жасап шығару тиіс, бұлар буржуазиялық саяхатшылардан кем соқпайтын болуға тиіс. (В.И.Ленин);

саяхатшылық – айлакер, қулық. Бұл - өте айлалы, өте “саясатшылдық” тәсіл... (В.И.Ленин);

саяси1) саясатқа қатысты, саясатқа тиісті; 2) дипломатикалық, дипломатияшыл; 3) мемлекеттік қайраткер, саясатшы, саясатшыл. Осылай алпарыс күндерінде Ғаниды большевиктер рухани, саяси жағынан қолдап, шыңдап отырды (Ж.Арыстанов). Саяси сауатсыз кісі социализм ісін шала түсінеді. (С. Мұқанов);

саяси-идеялық. Саяси-идеялық бағытын жасынан берік ұстаған ақын Ғали Орманов әр кезеңдегі әлеуметтік құбылыстарға, ауыл өміріндегі ересен өзгерістерге үндете үн қосты (Қ.Бекхожин);

саяси-экономикалық. Саяси хабаршылар, үгітшілер мен лекторлар, идеологиялық майданның барлық жауынгерлері саяси-экономикалық және халықаралық тақырыптағы әңгімелерде СССР халықтарының достығы және туысқандығын нақты мысалмен баяндайды (Т.Жаңабаев);

саяси-тарихи. Соңғы жылдардағы поэзиядан байқалатын ұнамды беталыс – саяси-тарихи тақырыптарды көтеруге батылдық жасау (Қ.Бекхожин);

саяси-тәрбие – саяси баулу. Біз коллективтердің әлеуметтік дамуы жоспарларын еңбекшілердің еңбектігі және қоғамдық белсенділігін, идеялық саяси-тәрбие жұмысының пәрменділігін арттыру үшін кеңінен пайдаланамыз (Т.Жаңабаев). Кітапхана да еңбекшілерге саяси-тәрбие беретін мекеме екені белгілі (Қ. Қасымбеков);

саяси-бұқаралық. Малшылар арасында саяси-бұқаралық жұмысын пәрменді жүргізіп, социалистік жарысты өрістетуге көңіл аудару қажет (“С.Қ.”);

саясилық. Типтілік пен партиялықты теңестіру, типтікті реалистік өнердегі партиялықтың көрінетін негізгі сферасы, ол тек қана саясилыққа саяды деп қарау – әдебиет пен өнердегі құбылыстарды тарихқа қарсы тұрғыдан бағалауға итермелейді (З.Қабдолов);

қоғами-саяси. Туысқан әдебиеттер дамудың жаңа сатысына көтеріліп, маркстік-лениндік эстетиканың дәстүрін берік ұстанып, социалистік реализм жолмен өркендеп, олардың творчестволық байланысы жан-жақты өріс жайып, тереңдеп келе жатқанын социалистік елдердің бүгінгі қоғами-саяси өмірінің көрінісі, мәдени-әдеби тірлігінің тынысы айқын аңғартады (“Қ.Ә.”).

қоғамдық-саяси. КПСС Орталық Комитетінің “Белорусия партия ұйымында идеология кадрларын іріктеу және тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы” қаулысы да совет адамдарының қоғамдық-саяи өмірдегі, өндірістік еңбектегі белсенділігін, іскерлігін, тәртіптілігі мен ұйымшылдығын арттыруға жасалған қамқорлықтың тағы бір көрінісі (“С.Қ”).

سياق (сйақун) сияқ – 1) тәртіп, рет, қатар; 2) бейне, қияпат, үлгі, әдіс; 3) әңгіменің желіс,і арқауы; 4) есеп жүргізу тәртібі; 5) ауыс. келбет, пішін, кескін, сыртқы бейне, мүсін. “Қошемет” емес, мұның анық еді, Зейінім сүйегіңді танып еді. Сөзіме сенбейтұғын сияғың бар, Неліктен көңілің маған қалып еді? (Тұрмағамбет);

сияқтану – тәріздену, секілдену, ұқсау. Қылшық жүнді қойлардың аралық қылшығының бір жағы жіңішкелеу қылшық сияқтанып тұрады (М.Ермеков). Таужан келіп, босат орынды деп тұрған сияқтанды (Т.Тілеков);

сияқтандыру – тәріздендіру, секілдендіру, ұқсастыру. Кей адамдар сенімен алғаш танысарда “құдайдай” құрмет тұтып келеді. Бірақ, бүкпесіз ашық 2-3 сағат сөйлескеннен кейін сені “алынған қамал” сияқтандырады да, артық сыйлауға зауқы болмайды (Т.Айбергенов);

сияқты – тәрізді, секілді. Украин жырлары да қазақ жырлары сияқты арнаулы әнімен ғана айтылады (С.Мұқанов). Елтіріден ішік, бас киім, жаға және тағы сол сияқты жылы киімдер жасалады (М.Ермеков). Соққан дауыл сияқты өмір өтер (Абай);



сияқсыз. Шал емес сұңқар қияқсыз, Ит баласын тапты ғой Қаншайымдай ұятсыз. Естірткелі келіп тұр, Ананың сорлы сияқсыз (“Ғашық-наме”)

سيد (сайидун) сейіт 1) ескі. өзінің тегін Мұхаммедтен және оның қыздарынан деп есептеуші ақсүйектер; 2) қожа ие, тақсыр, мырза; 3) қолбасшы, әкім, бастық. Сейіттер оған өздері естіген қолайсыз лақапты ашып айтпай, тұспалдап әңгімеледі (Ә.Кекілбаев);

сейт. Әмірші бұны әлденеге аян берген нышан ба деп, қасына сейіттерінің бірін шақырып алып, сұрағысы келді (Ә.Кекілбаев).

سير (сайрун) сәйір1) Қимыл, қозғалыс, жүріс, марш; 2) жүріс-тұрыс; әрекет, қимыл бейнесі. Бір сағат сап ауасын татқан адам Табады неше түрлі дертке дарман. Сәйір етіп ауруменен жүрсең мұнда, Көкіректе қалмас еді-ау титтей арман (Шәңгерей);

сайран1) серуен, қыдырыс, сейіл, аралау, көру, көңіл көтеру. Сайран – арабша сәйір (қыдыру) мен түрікше бәйрам (мейрам) сөздерінен құралған сөз (А.Гафуров). Басталды ел ішінде жазғы сайран (С.Мұқанов). Күн жаңғырып бойына қуат енген, Алтынды үйдің ішінде еркелеген. Жан-жағын қалай сайран қылсаң еркін, Жалғыз-ақ есікке кірме деген (Абай);

сайрандау. Бұл сапар бір ай сайрандап, Дем алу болды мақсатым (Х.Ерғалиев). Сайрандап сақараны жүрдім кезіп, Қуаныш серуенімен шаттық сезіп (Б.Майлин);

сайранды. Пионер бөлмесіндегі қызықты думан, сайранды жиын қыза түсті (Омаров).

سيف (сайфун) сайф, сәйф, сейп, сейф – семсер, қылыш;

сейфуль-мәлік – патшаның қылышы, семсері. Сәбит Мұқанов шығыс сюжетіне құрылып, қазақшаға тараған “Сейфуль-Мәлік” сияқты дастандарды көп оқыған (Р.Бердібаев);

сейфуль-мүлік. Қазақ тіліндегі ең тұңғыш азаматтық кітап Қазан баспаханасында 1807 жылы шығарылған “Сейфуль-мүлік” қиссасы екен (Ә.Нұрмағамбетов).

سيل (сайлун) сейіл – ауыс. серуен, көңіл көтеріс, қыдырыс. Сол күннен бастап оны (ананы) сейілге күнде ертіп шығып жүрдім (Көпбаев). Осы сейілде біз парасаттың өзімен таныстық (М.Әуезов). Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып, Бір уақыт жүгіріпті басқа барып. Арыстан өлтіруге айналыпты, Басын басқан тышқанды ұстап алып (С.Торайғыров);

сейілдету – көңілін көтеру, серуендету. Қазақ халқының қоғамдық құрылысына орай оған жазбаша шаирдан гөрі “аттың жалы, атаның қомында” суырып салып өлең айтатын, көңілін көтеретін, мұңын сейілдететін ақындар анағұрлым ұранды болған (Р.Бердібаев);

сейілдеу — серуендеу, бой жазу. Осы өзіміз отырған жерге күнде сиырдың түскі сауыны кезінде келіп, сейілдеп қайтатын дағдым да бар еді (Кенбаев).



سيل (сайлун) селтасқын, Таудың іші аққан сел (С. Сейфуллин). Ақсақал болып Отан, отбасыңа, Көзіңнің көп жыламай, құрғат селін (Тұрмағамбет);

селдету. Өлеңді өр қияға өрлетейін, Іркілмес жүйрік ойды желдетейін. Ағытып серіппесін серпінімнің Сөзімді тасқын судай селдетейін (Тілеген). Қиялымды қия шыңға өрлетті, Еркімді алып еркелігі тербетті. Балғын білек, бал бөбегім ержетіп, Жыр бұлағын жүрегімнен селдетті (М. Хакімжанова);

селдеу. Ағыны жан-жүйені билеп тегіс, Лепіріп тау суындай кетті селдеп (З. Қалауова). Үйірлі жылқы көз тартпаса Желісін атпен көрмесе,— Жайлауын жақсы тапқандық Сиырдан сүт селдесе (К. Айнабекұлы);

селді. Хорезмде қалды жайлар, Ойлар болдым ауыр ойлар. Тау қасында жатқан сайлар, Селді болар, селсіз болар (Әжінияз).

селсіз. Хорезмде қалды жайлар, Ойлар болдым ауыр ойлар. Тау қасында жатқан сайлар, Селді болар, селсіз болар (Әжінияз).

селше. Небір оқиғалар, тың фактілер, тосын кейіпкерлер селше ақтарылды (Ғ. Қабышев).

سيمياء (сймйа’ун) симиежалған ғылым, магия (сиқыршылық). Әдисон мұны істеген — ғалым адам, Оқымас, жалқау біздей емес надан. Пәндерден кимие-симие ғылымы хикмет Көп сырлар ашты түпсіз дариядан (Шәңгерей).
ش
ش ~ شاء (ша’ун) араб алфавитінің он үшінші әрпі; сандық мағынасы 300.

شارة (шаратун) шарат 1) белгі, символ (белгілі бір идеяны білдіретін әрекет, зат, бейне); 2) дәреже (әскери); 3) значок, герб (мемлекеттің, қаланың, тайпаның шартты белгісі).

шаратұл-ислам 1) ислам (дін) белгісі; 2) «Шаратұл-ислам» қазақтың әйгілі ағартушысы, ардақты ұстазы Ыбырай Алтынсариннің кітабының аты.

شاعر (шаирун) шайыр1) ақын; 2) әңгіме айтушы. Ақында шайыр ақпанмын, Аспанға ұшар пырақтай. Сөзіңде сенің асыл жоқ, Құбылып тұрған сынаптай (Жамбыл). Сөз жаздым, «Омар шайыр — кен» дегенде, «Көреді өлең-жырды — шен» дегенге. «Тақпақшы топтан озған таңырқатып!» Көңіліңмен сыр суына өңдегенде (Таубайдың Жүсібі);

шағир. «Шағирі ғасырдың», Мініңді жасырдың, Жұлдыздан жоғары, Өзіңді асырдың (С. Сейфуллин). «Мәшһүр шағир Ақмолданың өлеңдері» 1892 жылы басылып шықты (С. Рысбеков);

шағыр. «Ердің халі білінер лебіз айтса, Кімнің халі білінер қарап жатса»,— деп атақты Ақмолда шағыр (ақын) айтыпты ғой (С. Торайғыров);

шаир. Шаирлар мен бахшылардың, ғафиздер мен жыршылардың көркемдік өсу өрісі олардың идеялық-саяси және мәдени есеюімен, олардың шығармаларының туындауына, халық арасына кек таралуына жаңаша жасалған жағдайымен байланысты қаралады Қ. Ә. Т.»). Деген патша: «Ділмарсың ғой бәсің зор, Сарайымда шаирлардың басы бол» (Қ. Бекхожин);

шайырлыақын тілді, шебер тілді. Шайырлы тілі бар осы шығармадағы құлақ кесердей кесек сөздердің кейбіреуін қысқарту артық емес Қ. Ә.»);

шайырлықақындық. Шәкіртімін ұстаның қолы шебер, ісі нық; Сөз бұранын жүргізген Көмірсіз күміс пісіріп. Шайырлық жолы — шартарап, Болғаным жоқ түсініп (Шораяқтың Омары). Әркімді әзіл сөзге олжа қылып, Адам жоқ ат шығарған құр сықақтан... Болды ғой шайырлығың халыққа мәлім, Жүйріктей заманында озған топтан (Таубайдың Жүсібі);

шаирлық. Жазба әдебиеттің меруерттерімен таныстық - Иса Байзақовтың творчестволық тәсіліне үлкен жаңалық әкеледі, енді ол бұдан былай айтушылықпен қатар шаирлыққа да дендеп көңіл бөле бастайды (Р. Бердібаев);

шағириақындық. Әркімнің ішкі сыры Аллаға аян, Сабырдың таяғына мықтап таян. Айып етпе, үгіт айтты деп, жаным, бізді, Шағири сөздерімді еттім ғаян (М. Сералин);

шағирия1) ақындық талап; 2) ақындық. Халықтың құлақ салсам арасында, Көп екен сізден шығып жайылған сөз. Жақсы сөз өнер көркі — шағирия, Назымдап, ұйқастырып қайырған сөз (Рахымжан).

شافع (шафиун) шапиғқорғаушы, қолдаушы;

шапиғи. Зарлық Қарадөңге әлі жетпейтін болған соқ, әуелі алла тағалаға, екінші жамиғи пайғамбарларға шапиғи келтіріп, әулиелерден медет сұрайды («Б. Ж.»);

шапиғат. Аларни қолдаушыларға ешбір рақым — шапиғат етілмәскә тура-дүр (Д. Әбілов);

шафиилықмұсылмандардың шафии мазһабына тиісті. Аш-шафи—шафиилық мектебінің негізін салушы Қ. С. Э.»).

شاكر (шакирун) шәкір1) алғыс айтушы, сыйлаушы, құрметтеуші, қадірін білуші; Менен артық оған кім шәкір? — деді (С. Бақбергенов);

шәкірат. «Қара тасқа хат жаздым, Шәкір, Шәкірат деп ат жаздым» деген жазу бар (Т. Әбсәлімов);

Шәкір-Шәкіраткітаптың аты. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Құла мерген» сияқты сюжетті дастандарды бұрын-соңды ақындар жатқа айтып келді Қ. Ә. Т.»). Жатақтағы Сармолданың дүкенінен сатылып алынған «Шәкір-Шәкірат»... сияқты дастандарды өте қызыға, құлшына оқыдым (Қ. Бекхожин);

шәкірлікқұрметтеушілік, қадірін білушілік. Шәкірліктен ғибраттың бәрі туады (Абай).

شامل (шамилун) шәмил1) бәрін тегіс қамтушы, толық, жалпы, әр жақты. Шиғыр дұрыс, насихат қабыл болса, Иесі қадарихал ғылым болса. Естіген адамдарды жылатқандай, Уағыз бен ғибраты шәмил болса (Ақмолда).

شامى (шамййун) шамишамдық, сириялық, суриялық.

شان (шанун) шан1) іс; 2) қатынас, байланыс; 3) адамгершілік, ар, намыс, маңыздылық, мағына; 4) құштарлық; 5) ауыс. бедел, мәртебе;

шани-шаукәт. Даңқы мен мәртебесі арта берсін! Сыртыңнан есітіп ем дабысыңды, Мырзалық шани-шаукәт шабысыңды. Жібердім сынағалы өлеңменен, Жүруші ем келтіре алмай қабысыңды (Айтмағамбет).

شاهد (шаһидун) шәһит1) күз; 2) қараушы, қарап тұрушы; 3) куәлікке жарайтын мәліметтер; 4) үзінді (текстен); 5) көшірме; 6) құлпы тас; 7) поэт. сүйікті, аса сұлу, көркем, әдемі, сымбатты. «Құл болды — жүрісінен» дегендейін, Әркім өз пиғылынан сөгіс табат. Халық білед сөз тәуірін, аңғарғандай Адам көп ақыл шаһит пікір ойлат (Қаңлы Жүсіп).

шәді. Сендердің шектерің болса, қазақтың да шәді бар (С. Сейфуллин).

شبهة (шубһатун) шүбәкүмән, күдік. Сөзіңнің шүбәсі бар қилы-қилы, Қашырған сен бір қапыл бастан миды. Қабыңа осы түрлі келбетімен — Қасекең, мен сенбеймін қалай сыйды («Қ. М. Қ»).— Бүгін бізбен бірге миллиондаған адам аза тұтып отыр,— деді Елена Михайловна. — Бірақ, Лениннің тірі болатындығына еш шүбә келтірмеймін (М. Қаратаев);

шүба. Қыбылаңызға шүба қылмаймын... - деді Мағаш (М. Әуезов). Халқыма пайда келтіре алмас күйге түсіп барам ба? Қалай деген шүбадан да сау емеспін, не істеуім керек, сен маған ақылыңды айтшы, - деді Күдері (М. Иманжанов);

шүбһә. Абайла, мұнан былай ақырын бас, Өзіңе оңай емес, көрмей шатқан... Бір белгі перзенттіктен таппаған соң Шүбһәм (дұрысы: шубһам Н. О.) бар емес пе шын әулаттан? (Қаңлы Жүсіп);

шүбһасыз. Ислам дініне шүбһасыз сенетін күннің өзінде де қазақ «Қол жетпеген жерде нанның үстіне шығып, құранды алуға болмайды, құранның үстіне шығып, нанды алуға болады» дейтін (С. Мұқанов);

шүбасыз. Зұлымдыққа не жазып ед? Нәресте ғой күнәсыз! Қарғауға да жауызсың деп, Тілі жоқ қой, шүбасыз (Қ. Шаңғытбаев). Тіліміздегі Дархан, Баршын, Еңлік, Қордай, Албанов, Бодықов тәрізді есімдер мен фамилиялардың түпкі негізі осы сөздерден шыққаны шүбасыз (Т. Жанұзақов);

шүбәсыз. Барлығына шүбәсыз, неге мәужүт ол куә (Абай). Түркі тілдеріндегі антропонимдердің зерттелуіне жол ашып, әсер еткені шүбәсыз. (Т. Жанұзақов);

шүбәсіз. Ойындағысын іске асыратынына шүбәсіз сенгендіктен де, іске кірісіпті («Т. С.»).— Мейірбан перзентімнің мейірі үшін, Келтіргіл бір қап гауһар, болса імкән. Шүбәсіз шыным осы, ая, тәліп, Көңілімде жоқты пікір зәррә пінһән (Шораяқтың Омары);

шүбәланбаукүмәнданбау, күдіктенбеу. Сот енді найыптың сөзінде шындық, ал үй сыпырушының сөзінде жалғандық жоқ екеніне шүбәланбады (Р. Тагор);

шұбалану. Өз әрекетіне өзі шұбаланып, жүрегіне үңілді (3. Шашкин);

шүбәланукүмәндану, күдіктену. Неғұрлым шамалы білсек, соғұрлым шүбәланамыз (Генри Шоу). Орталық Қазақстанның аңызақтан қаңсыған шөлейтті жерлерін ерсілі-қарсылы шарлап жүрген талапты жандардан тым алыста отырған кейбіреулер дала кезген геолог Сәтбаевтың айтқандарына шүбәлана қарап, оның әрекеттерін жастық шақтың қызбалығына балайтын (Е. Букетов);

шүбәланушыкүмәнданушы, күдіктенуші. Сонда да Құдайдың барлығына шүбәланушылар болған көрінеді (М. Тоқжігітов);

шұбалы. Түрлі шұбалы сезімдерді кешкен Банудың аласапыран күндері дәл қазір артта қалған тәрізді (М. Иманжанов). «Егерде маған ұнамайтын ақыл болса да, көне беремін бе?», - деген шұбалы ой келді (X. Есенжанов);

шүбәлікүмәнді, күдікті. Атбасардың ақтарынан Колчак жансыздары көп келеді. Шүбәлі адамдарды ұстап, тексеруге бұйрық берілген,— деді ол (М. Қаратаев). Эсерлердің коммунистік штабқа жәрдемдеспей, жан сауғалап кеткені де шүбәлі көрінді (Ж. Арыстанов).

شجرة (шажаратун) І шежіре1) ағаш; 2) ауыс. шежіре ағашы (бір текті ұрпақтардың шыққан тегін және жақындығын көрсететін тізім). Кім болса мағол жұрты, қалмақ сонан, Мағынасын үшбу сөздің сұрасаң біз деп. Баршасын түгел айтқан шежіре жоқ, Ел өткен бізден бұрын тізбек-тізбек (Құлымбет). Шәһді күнделікті өмірді, қоғам жайын тіпті аз жырлаған; шығармаларының тақырыптарын да ертедегі әдебиеттерден, тарихи шежірелердің жазғандарынан, өткен өмірден алған; ертегі-аңыздарды қисса, дастан етіп жырлаған (Б. Кенжебаев, Ө.Есназаров). Ерте заманғы қаңлылардың мәдениеті жөнінде қытай шежірелері қызық мәліметтер қалдырған Қазақ ССР тарихы»).

шежірат. Тіл алмай «қой» дегенге қоржаңдайсың, Шыққандай, тілің ащы, күн бұлттан... Кел, Жүсіп, көп ұзатпа, қысқарт сөзді, Мың тоғыз жүз тоғызыншы шежіраттан (Қаңлы Жүсіп);

II шежіреауыс. көпті көрген ділмар, шешен. Ақындарды сайратып, Шежіре жақ тіл берген (Жамбыл). Ғылымы бейне дария, Шежіре шешен — қария — Аристотель сықылды Ғалымдар да өтіпті (Қ. Аманжолов);

шежіре-ақбаршежіре туралы мәліметтер. Билердің кеңесінде айтқан сөзді, Жиылған көп халайық «мақұл» депті... Мекеңнің «Шежіре-ақбар» кітабында, Бұл сөзді, аңда, Жүсіп, баян етті (Даңмұрын);

шежіредей. Өткен өмірден шежіредей («Жұлдыз»). Бірі — бауыр, бірі — құрбы-құрдасым, Қарт шахтер — шежіредей сырласым (Ә. Әлиайдаров);

шежірешішежіре айтушы. Шын мәніне келгенде, ақындар, суырып салып айтатын жыршылар жазбасы жоқ, өз халқының шежірешілері болған Қазақ ССР тарихы»). Халық жайын жырламақ болған, шежіреші ретінде шындықты айтуды көздеген, ақынның алға ұстаған айқын мақсаты бар Қ. Ә. Т.»);

шежірелеушежіресін айыру. Таңсық та тас мұнара Баян бейтін Жөкей шал: «Балам, соны көрдім», - дейтін, Түнеріп қас-қабағы бір түйіліп, Шежірелеп кетуші заман кейпін (С. Бегалин). «Алмас қылышта» қазақ елінің жүздеген жылдарда басынан кешкендерін шежірелеп көрсетуге екі ақынның — Қазтуған мен Қотанның кезектесіп айтысу диалогтары өте қолайлы болып шыққан (Р Бердібаев);

шежірелі1) шежіресі бар; 2) ауыс. текті, даңқты, атақты. Қыздарыңыз үстіне не киеді, Мерекеде, көшкенде не мінеді. Қарақалпақ ел дедің шежірелі, Бұрынғыдан, соңғыдан не біледі? (Меңеш). Алатау — шежірелі сыр (Б. Ерімбетов);

шежірелікшежіреге тиісті. Сақтардан қалған сөз өнерінің жұрнақтары болып табылатын аңыздарды әдебиетіміздің қазынасы қатарына енгізсек, онда біздің ертедегі әдебиетіміздің қоры, шежірелік материалдары молыға түсер еді (Ә. Оспанұлы).

شداد (шаддадун) шаддат1) деспот (қатал билеуші), өктемші, тиран (күшпен билеуші), қысымшыл; 2) ескі заманда Йеменде өмір сүрген Ғад қауымының бір патшасының аты. Жаныңда қайда кетті азбандарың, Секілді шылдың ...ғы тозғандарың. Аяғы Арыслан боп сынған екен, Аспанға айға қолын созғандарың. Бетіне ора алмастай перде салып, Намрут, Шаддат секілді азғандарың (Ақан сері). Мысалы, Намруд, Шаддат ферғауындар - өздерін-өздері тәңірі дағуасына көтергендер (А. Машанов);

шиддат1) күш, қуат; 2) қаттылық, қатаңдық; 3) жоқшылық, мұқтаждық; 4) бақытсыздық, қайғы, қасірет, апат. Шиддат — қаһарлы, қатал деген сөз (С. Мұқанов).

شر (шаррун) шер1) ашу, кек, қаһар, ыза; 2) зиян, залал; жауыздық, жамандық, қастық; 3) ауыс. уайым, қайғы-қасірет. Айта бермей өткенді, Шығармай құмар шеріңді, Айтшы, Жамбыл тағы да (Жамбыл). Ойхой, қазақ даласы! Не көрмедің! Қанша қурап, қаншама көгермедің. Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге оранған өлеңдерін (М. Мақатаев);

жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау