Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 9,76 Mb.
бет35/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42

саламат. Саламат ел иесі есен жүрсең. Пейілің кең болсын жұртқа, жүзің жарқын! Жайлы бол жанның көңілін жабырқатпай, Сыр бермей, сыпалардың ұстап салтын (Кете Жүсіп). «Өмір — ит» пұрсат бермей бара жатыр, Керуендей ара шөлден аса көшіп. Саламат Достан, Сәруар тірі жүрсең, Жылатпа жетімдердің ығын есіп (Шораяқтың Омары);

сәламат. Бармаққа ел алдына міндім атқа, Мінәсіп көрінген соң көңіл шатта. Ағайын жүзін көріп амандаспақ, Емес пе көркемшілік сәламатта (М. Сералин). Ернінің ұшымен әрең ғана: «Сәламатсыз ба», - деді Айша (Т. Ахтанов);

сәләмат. Есен-сау хастесінен жазылды деп Ахметжан — атаңыздан хабарландық. Сәләмат көрерлікке күн бар ма деп, Қуанып қапа тартқан, бек шатландық (Н. Наушабаев). «Сұлтанға мұны тарту етейік» — деп, Құзырына қойды шердің алып келді. «Сәләмат дәулетінің саясында болсын»,— деп бір өзіне рұқсат берді (А. Жарасбайұлы);

салемат. Сәлематсыз ба, тілші ағай! — деп жайдары амандасты (Ө. Қанахин). Сәлематсыз ба, қария! — дедік біз (Қ. Қайсенов).

саламаттық. Мәмет мырза, ұлы ағзам ханымның саламаттығы шәп па?— деп сұрады Әбілхайыр хан (Т. Ахтанов);

сәлеметшілікаманшылық, есенділік. Ол дұға қазинасы күллі... Ортақтастырып, оларға да сәлеметшілік тілеп, әм рақмет тілеп бітіресіз (Абай);

сау-саламат. Қош, Әлім, бақытты боп тұр, сау-саламат. Анама жайымды айтып жазармын хат (З. Қалауова). Жауыңды арпалысқан жерге тығып, Еліңе келген едің сау-саламат (Жансаева);

сау-сәламат. Ал, сау-сәламат бол, құлыным, — деді анасы (М. Сатыбалдиев);

сау-сәләмәт. Сау-сәләмәт бол, солдат! (Дм. Снегин);

сау-сәлемат. Жүрсің бе сау-сәлемат, ақын құрбым? Сен дағы бұлағы едің сұлу жырдың (Мұса). — Өздерің де сау-сәлемат барсыздар ма? — деді ол (Ө. Қанахин);

сау-сәлемет. Мен көрдім сырқауланып көп ғаламат, Жатқаным төсек тартып отыз күн нақ Аға, інің, дос-жарлардың дұғасында Көп шүкір, бас көтердім сау-сәлемет (Сапарғали). Асыл жұбайыңыз сау-сәлемет тұрған шығар деп үміттенемін,— деді Мартынов Ахметович Қаратаевқа (X. Есенжанов);

сәлемдесу. Гончаров ас алып кіріп келіп, менімен сәлемдесті (Б. Момышұлы). Олардың жоқ ойында малын бақпақ, Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ. Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып, Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ (Абай);

сәлемшісәлем беруші, сәлем әкелуші. Балықшылар аулында шіреніп жатып алып, сәлемші арқылы ат сұратып жіберді (Ә. Нұрпейісов). Қыңыр ғой Қайып хан, сәлемші салдым ел ағасы Төлеге, Ұлы жүздің көш бағдарын осылай бұрса керек, терең ойлы қария,— деді Әбілхайыр хан (Т. Ахтанов);

сәлемшілсәлем бергіш. Желігі басылмай жүрген неткен жан! Сәлемшілін қара, өзінің! (С. Бақбергенов). Оғалай куммуссалам, доңызым-ай, Сәлемшіл сау-саламат болыңыз-ай, Дәретке тұрмағалы үш күн болды, Ажалдың азабы көп, жолы ұзын-ай,— деді Молда Шошқаға (І. Жансүгіров).

سلطان (султанун) сұлтан1) өкімет, үстемдік, билеп тұрушылық; 2) сұлтан, тақсыр, патша; 3) ауыс. батыр, ер, асыл. Қойды құртаң бүлдіреді, Елді сұлтан бүлдіреді (мақал). Есебін өткізерсің бір күн қолдан, Орынсыз опасыз да ойнап-күлсең. Басыңда пенде болсаң, тотия жоқ, Сұлтан боп Сүлеймендей бұлтқа мінсең (Кете Шахар). Сегіз қырлы семсердей, Жігіттің нағыз сұлтаны (Қ. Аманжолов);

сұлтандық1) салтанат; 2) сұлтанның үстемдігі; 3) сұлтанның атқаратын қызметі, орны. Тілемес Құсмұрында аға сұлтандық құрып жүрген Шыңғысқа барып шағым айтады (С. Мұқанов). Романдағы Қодар өлімінен басталған жер дауы — екі рет үлкен соғыс пен Құнанбайды аға сұлтандықтан түсірумен аяқталғанмен, біржолата тоқтап қалмады (М. Атымов);

сұлтансызәкімсіз. Аға сұлтансыз қалдық-ау деп қайғырған ел де болған жоқ (Ғ. Мүсірепов);

сұлтансиық сұлтан сияқты, үстемші сияқты. Ханнан жүрген шабарман Момынды нақақ сабаған. Қарайып тұрған көңілге Арттырып өкпе жамаған. Өздерін көріп азулы, Ен жайын жатқан халықты Жайылған қойға санаған. Қоныстан жәбір ел көрді, Бұзықтар тағы көбейді. Арқасын ханға сүйеген, Сұлтансиық — танадан (Ығылман);

салтанат1) сұлтандық, сұлтан билеген ел; 2) мәліктік (корольдық); 3) ауыс. айбындылық, жарқыл, әсемдік, асқан әдемілік. Ынтымақ, бірлік, береке, Салтанат сәнім бұл да өсті («X. А.»). Жүрмісің аман-есен, перизатым, Көрген жан сипатыңа таңғалады, Бар шығар Гүлбарамдай салтанатың (Ақан сері);

салтанаттысәнді, сәулетті. Қызыл тулар желбіреп, Салтанатты сапта тұр. Ашық аспан мөлдіреп, Күн төгеді шұғыла нұр (Ахметов). Бүгін Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында республика астанасының жұртшылығы өкілдерінің салтанатты жиналысы болды. Жиналыс Совет Қарулы Күштерінің 50 жылдығына арналды («С. Қ.»);

салтанаттылықсәнділік, сәулеттілік. Киімінің салтанаттылығына қарап... саудаласпастан мінгізіп алып, айдай жөнелді (Ә. Әбішев).

سلوك (сулукун) сүлік1) қимыл амалы, құлық-мінез; 2) өзін ұстау үлгісі; 3) этика (мінез-құлық нормасы), мораль (адамгершілік), өсиет; 4) ауыс. діни қауым; секта, жік, тарам. Исламды қабылдаған ұйғырлар орта ғасырларда бірнеше «сүлікке» топталған (С. Мұқанов). Бура хан бағындырмай елді күшпен, Шаманды шірітпек боп, ептеп іштен, Ұйғырлық әр шәһәрдан ашып «сүлік», Еркімен көнді оның уын ішкен (С. Мұқанов);

сүлікшілдіншіл. Рас сөз кейбіреуге көрінді осы, Сияқты сүлікшілдер елдің досы, Молая берді ақырын қобалжыған, Аңсаған мекендерін көңіл босы (С. Мұқанов).

سليم (салймун) сәлим1) сау, дені сау; бүтін; 2) нағыз, шын; 3) аман; 4) азат. Махаббат әуелі адамның адамдығы, ақылы, ғылым деген нәрселерімен. Мұның табылмақтығына себептер бірінші хауас сәлим һәм тән саулық, бұлар туысынан болады. Қалмысы өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады (Абай).

سليمانية (сулайманиятун) Сүлеймания1) Сүлейменнің мешіті; 2) Стамбулдағы мешіттің аты. Сүлеймания мен Ая Софияда болып, жеті күн, жеті түн салауат оқыған пірәдар Құтқожа сәжде қылып отыр, — деді қазірет Қуанай (X. Есенжанов).

سماء (сама’ун) самааспан, көк. Өтілім өз басына жүрсе ұзатпай Жұлдызға тигіз қолды самадағы. Хатыма қайтар жауап, бұл жазылған, Ұсталған алтын оқам қамадағы (Кете Жүсіп);

самауат. Ілгергі өзін айтқан ғазиздердің, Нәсілі сол шынжыр қағар шыны бекзат. Солармен, кемдігім жоқ, теңмін депсің, Жер менен бара-бар ма ол самауат? (Қаңлы Жүсіп).

سموم (самумун) самумаса ыстық жел, керімсал. Самум - (арабша — ыстық жел) Арабия түбегінде және Солтүстік Африка жерінде құм дауылдарын көтере, қатты екпінмен соғатын құрғақ, ыстық жел («Қ. С. Э.»).

سميع (самй’ун) сәмиғестуші. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және басар, сәмиғ, яғни көруші, есітуші деген! (Абай).

سنبل (сунбилун) сүмбіл1) масақ (дәнді дақылдардың басы); 2) бот. сүмбілгүл ; 3) гиацинт (хош иісті пияз текті өсімдік); 4) поэт. қара шаш; 5) ауыс. сұлу, әдемі. Жас тәнім ажарланып күннен-күнге, Бәйшешектей құлпырар түрден түрге, Талпынам асыққандай жігіттікке Ұқсайтын жүзім гүлге, шашым сүмбілге (С. Торайғыров). Керме қас, сүмбіл шашың, құмай көзің, Мазалы тоты құстай айтқан сөзің (Айтмағамбет). Қала бар Бурабайдың жағасында, Күркіреп суы атқыған сағасында. Ақ балтыр, сұлу қайың, сүмбіл шырша, Аңқытқан жұпар майын ағашында (С. Сейфуллин).

سنبلة (сунбилатун) сүмбіле1) масақ; 2) астр. Бикештер шоқжұлдызы; 3) күн жылнаманың алтыншы айына сәйкес келетін август айының аты (22 август 21 сентябрь). Сүмбіле туса, су суиды (мақал). Ертедегі египеттіктер (Мысыр халқы) аспандағы ең жарық Сириус (қазақша сүмбіле) деген жұлдыздың тууына қарап, егін салатын кезін біліп отырады. «Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер құнтиып» деген немесе «Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда не қалды» деген мақалдар күздің, жаздың қай кездерде болатынын аңғартады (X. Әбішев).

سنة (суннатун) І сүндет1) әдет, әдет-ғұрып; тәжірибе; 2) діни. сунна (Мұхаммедтің айтқан өсиеттері туралы аңыздар). ...Фарыз, сүндеті бір заман қауымына аумас, айнымас қағида болған (М. Әуезов). «Қыздарға ерге тимек болса — сүндет», Қадірлеп ерді ләзім етпек құрмет. Сондықтан шайырларға жаздым жұмбақ... (Шәкей Дәуіш қызы);

II сүндетескі. ер балаларды сүндеттеу ырымы. Өткен жазда осы маңайдағы ауылдар балаларын сүндетке отырғызды (Ғ. Малдыбаев). Неке қиса, зат алар, Адам өлсе, ат алар, Сүндет басы — үш түйе Молда сұмның олжасы (Ы. Алтынсарин);

суннәт. Әр жерде шариғат айтатын молдалар шыққан. Бұл молдалар «қазақтан солдат алмаймын» деген уәдесін бұзған патшаға қарсы соғысу — «күнә емес» екенін және «енді қазақтыққа шығудан күллі мұсылманға «сүннәт» екенін қуаттап, елге пәтуа таратып жатыр (С. Сейфуллин). Пайданы көп іздедік зиян кештік, Қолға түссе, қылмайды дүние көптік. Жақсылар күйеу сыйла деп кетіпті, Тәркі суннәт болған соң, сізді сөктік (Нармамбет);

сүннет. Жарқыным, сәлеміңді ғалік алдық, Мүлде жат бойыңызға тәкаппарлық. Сүннеті пайғамбардың жазулы жол, Білісу айып емес, есен-саулық (Жарылқасын). Араб тілінен кірген сөздер орынсыз түсінік арқылы шұбарланады. Қажы, тағдыр, зұлым, пір (?), сүннет, ғибрат, ғаделет тәрізді сөздерге түсініктің керегі не?! (Т. Әлімқұлов);

сүндеттеусүндетке отырғызу (баланы). Мәшһүр Көпеевтің «Жасымда қожа бір сүндеттеген»... Өлеңін қара! (С. Дөнентаев). Қолға түскен қазақ-орысты мұсылман қылып, дінге кіргеніне таңба салу үшін сүндеттемек болды, Иманбай (І. Жансүгіров);

суннадіни. Мұхаммедтің айтқан өсиеттері мен істеген әрекеттері туралы аңыздар. Мұхаммед өлгеннен кейін құран феодалдық қоғамдағы үстем таптардың қажеттілігін қамтамасыз ете алмады. Сондықтан заманына қарай, жағдайына қарай құранның жетіспейтін жерлерін толықтыруды ойластыруға тура келді... Құранға қосымша ретінде мұсылмандардың «қасиетті» аңызы — сунна шықты (X. Ақназаров);

сұнна. Ол оқымысты ғұламалар сияқты шекпен киіп, басына сала құлаш сәлде орап, қолына... пайғамбардың сұннасын алып, көпке билік айтатын («Т. С.»);

сүнне. Ислам дінінің ең негізгі кітабы — Құран. Бірақ тұрмыста кездесетін мәселелердің бәрін бірдей Құран қамти алмайды. Сондықтан діншілер кейде Мұхаммедтің... өмірбаяндарынан мысалдар алып, ...аңыз ретінде айтылып жүретін әңгімелерге сүйенеді. Бұл аңыздың жинағын сүнне деп атайды (М. Ысқақов). Пәкістан молдаларының ішіндегі бір көрнекті көсемі Иналолда хан өзінің жақында ғана шығарған «Қазіргі замандағы ислам» атты кітабында: «Құран мен сүннеде пайғамбар мұсылман заңдарының тек негізін берді, сол заңдардың егжей-тегжей детальдарын өмірдегі өсіп-өлу қажеттік жағдайларға сәйкес өздерің шешіңдер», — деді,— деп жазған (М. Тоқжігітов);

сунни ислам дінінің сүндет жігін жақтаушылар (Сүннилер төрт негізгі мазһапқа (қауымға) бөлінеді. Ол қауымдар өз негіздерін салушылардың есімімен: 1) ағзами немесе ханафи, 2) мәліки; 3) шафиғи, 4) хәнбали немесе әхмеди деп аталады. Олар Мұхаммедтен кейінгі төрт халифаны (Әубәкір, Омар, Осман, Әли) заңды деп қабылдайды. (Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия мұсылмандары, түріктердің көпшілігі — ханафилер, Кавказ, Мысыр, Сирия мұсылмандарының көпшілігі — шафиғилер, африкалық мұсылмандар негізінде — мәлікилер, ханбалилер Арабияда, Мысырда, Сирияда тұрады — Н. 0.).— Сөйле, інім, қандай жаңа хабар бар?— деді.— Соңғы күндерде ший мен сүнни арасындағы егестерден басқа, айтарлықтай ешбір хабар есіткем жоқ,— деді Дәруишәлі (Айбек). — Сары ала қазды сүнни мәзһаси мұтлақан қарам қылмыш сәбәп: сары ала қаз қайыз көреді,— деп белден бірақ басты (І. Жансүгіров);

сүнниет. Сүнниет дінін берік ұстаған (І. Есенберлин);

сунниттік. Дін жолын ұстаған қазақтар ислам дінінің сунниттік ережелерін қабылдайды («Қ. С. Э.»);

сүннеттік. Сүннеттік бағыттағы ресми ислам дінімен қатар (түрік тайпалары IX-X ғасырларда қабылдаған ислам дініне дейінгі наным) тәңіріге табыну көріністері де байқалады («Қ. С. Э.»);

суннашы — суннизм ағымындағы мұсылман суннашылар Мұхаммед пайғамбармен қатар, одан кейінгі төрт халифті де (Әбубәкір, Омар, Осман, Әлі) қасиет тұтады («Қ. С. Э.»).

سند (санадун) санат1) тірек, сүйеніш, таяныш; 2) тау беткейі; 3) тілхат, документ, ақша міндеттемесі. қарыз; 4) бағалы, қымбат қағаздар; 5) ауыс. бедел, абырой, беделді, абыройлы; 6) ауыс. әсем, тамаша. Ұлық тақтан таймайды елге жақса, Қатын байға еркелер бала тапса. Иілген сегіз бұтақ — сегіз санат, Жайылған жапырағы қағаз ақша (Әсет). Ауызбен айтып жеткізбес сәні менен санатын (Дулат). Екі жақсы бас қосса, Санат емей немене ұхар).

سهل (саһлун) сәл1) жеңіл, оңай; 2) жұмсақ; 3) тегіс; 4) ауыс. аз, шағын, шамалы. Сәл шытынап қабағы, Аз кідіріп аялдап, Өмірінің тарауын Кетті бізге баяндап (С. Мәуленов). Сапар бұл сөзін қаншама нық айттым десе де, даусы сәл дірілдеп, солғын шықты (М. Иманжанов);

сәһил. «Сәпиді сәһил көрген себебінен, — Депсің-ау, жанабынан қашықтатты-ақ» (Ерімбет);

сәл-ақ аз-маз, шағын ғана, шамалы ғана. Оқиғалар бас-аяғы бір жылдан сәл-ақ артық мерзімді қамтыса да, соншалық тарихи мәні бар көп құбылыстар елес береді (Р. Бердібаев). Бұрылыс алдында артыма жалт қарап, қаланы соңғы рет көріп қалған мен шоферге «машинаны тоқтат» деп айтуға сәл-ақ қалдым (Шауки Бағдади).

سهيل (суһайлун) суһайластр. Канопус. Сәһил ұрысы: суһайл — Н. О.) жұлдызы (Есек қырған) туды, күзетшінің барлығы ұйықтады («М. Б. Т.»).

سواد (сауадун) сауат1) қаралық; 2) қара дақ; 3) сауаттылық, жаза білу. Қалаған балаға жаңаша сауат ашу, хат таныту сабақтарын оқытады (Д. Әбілев). Шолпан 1922 жылы сауатын ашады, 1923 жылы тұңғыш өлеңі «Еңбекші қазақ» газетіне басылады (М. Хакімжанова);

сауаттандыру. Марқұм Алтынсарин бар өмірін, мен далада болған кезде, өзі сүйген қазақ халқын сауаттандыруға арнады (Ф. Соколов). Білімінің қанша екенін кім білсін, әйтеуір «төте оқумен» мені тез сауаттандырды (Қ. Бекхожин);

сауаттану1) жазуды үйрену, хат тану, 2) ауыс. өнерін арттыру, шеберлігін көтеру. Қазақ режиссурасы осы заманғы дәрежеге көтеріліп, жақсы сауаттанды (Т. Ахтанов);

сауатты. Досыңмен екеуің неге біріңнен бірің айрылмайсыңдар?! Сірә, біріңді-бірің өте жақсы көресіңдер ғой, шамасы! — деп сұрапты. Сонда Бұ Адам:— мына қойдан жуас құлыңыздың азын-аулақ оқи алатынын білесіз ғой, ал досым жазуды нақыштап келтіреді. Керекті жеріне екеуіміз сауатты эфенденің орнына жүреміз. Сондықтан, бір-бірімізден айырылмаймыз, – депті (“Бұ Адам”);

салауаттылықсауатсыздығын жоюшылық, білімділік. Ұлы Октябрь революциясына дейін Россия 73 проценті, ал қазақ халқының 98 проценті сауатсыз еді. Бірінші бесжылдықта қазақ халқының салауаттылығы 10,5 процентке көтерілді, 1950 жылдар қарсаңында жаппай сауатты елге айналды.

(Х. Жабасов). Сауаттылық - бүкіл совет азаматының айрықша қасиеті (Ө.Айтбаев);



сауатсыз. Өзінен-өзі белгілі, мұндай сауатсыз қағида сынауға да тұрмайды (М.Қаратаев). ...Крылов сана-сезімін көптеген өсиет, мәтел, нақыл сөздермен байытты, бұлар тіпті сауатсыз шаруаның аузында да үйреншікті болып алды. (Қ. Сағындықов);

сауатсыздық. Қала молдасымен киінген қызыл шырайлы жігіт колхоз мүшелерінің сауатсыздығын жою үшін келген мұғалім болып шықты. (Б.Майлин). Ойымдағыны Бегімшеге хат арқылы білдірген? десем, оның сауатсыздығы діңкемді құртты (Б.Момышұлы). Патшалық Россияда шығып тұрған “Ағарту хабаршысы” 1908 жылы Қазақстан мен Орта Азиядағы сауатсыздықты жою үшін ең кем дегенде... 4800 жыл керек деп жазған екен. Советтік Қазақстан табандықпен жүзеге асырылған лениндік ұлт саясаты нәтижесінде тарихи қысқа мерзімнің ішінде экономикасы жан-жақты өркендеген ғылымы мен мәдениеті көркейіп, гүлденген қуатты республикаға айналды (“С. Қ.”).

سوُال (суалун) сауал – 1) сұрақ; 2) өтініш. Омаржан, осылардан хабар қайтар, Жол еді бізден сауал, сізден ашпақ (Ерімбет). Болыпты саған тағын барлық сырым, Алға тарттың мен білмеген сөздің шынын. Шығардың қара өлеңмен түрлі қияу, Мен айтқан бірақ ұғым сауал түрін (Айқын қыз);

суал. Мұратқа талаптының жетпегені бар, Бұл сөзді молда айтады суал сорған (Әріп);

суәл. Көрмедім шын еркекті жол таныған, Жаһил көп тілін тіске құр жаныған. Қандай нәрсе екеннен хабары жоқ, Не пысық суәл қылсаң иманыңнан (Молда (Мұса).

سودائى (саудаййун) саудайы 1) ашулы, кейісті; 2) мұңды, қайғылы; 3) сезім кернеген, есінен адасқан (ғашықтықтан). Саудайы-ай, сауды алмадың-ау сырқауды алып, Бір пәлеге жолықтың шырқау барып, Ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қойдың ба, ірге аударып? (Абай). Саудайы (?), бойкүйез, қараша, тоқсан, шау сайысу, бұйрық секілді қазақтың төл сөздеріне қандай түсінік керек? (Т.Әлімқұлов).

سورة (суратун) суре – құранның тарауы, суресі. Құран араб тілінде жазылған, үлкенді-кішілі 1147 тарауға бөлінген. Бұл тараулар суре деп аталады (М.Ысқақов). “Суре” – арабша (С.Мұқанов). Әншейін-ақ қасына суре танитын сопысымақ сұмырайларды жинап алған... (С.Торайғыров);

сүре. Халифа Құранның бір ұзақ сүресіне түскен сияқты (С.Айни). Имам әдетте Құранның сүресін оқитын даусымен әндете сөйлейді (З.Шашкин).

سيئة (саййатун) саят – жаман қылық. Адамды қақ жолында бабаң саят, Айтамын жаным ашып сізге шаят. Жаныңда жан жоқ, денең әммесі өлі, Илалап арамдықпен таппа тоят (Әріп).

سياح (сйахун) саяқ – саяхатшы, жиһанкез, жолаушы. Бір ықылым – Мекке менен Медине-дүр, Молда емес, саяқлардан білдім тыңдап (Құлымбет). ...Әлемнің не данышпан саяқтары, Өмір жоқ, ол тарапқа жол жоқ деген (І. Жансүгіров);

саяқтану – жекелену, даралану, жеке жүру, шарлау. Әкесі кеткелі Тұрар бала болып көп ойнамайды, өзге балалардан бөлініп, саяқтана береді (Ш. Мұртазаев);

саяхат – саяхат жасау, жиһан кезу, сапар шегу, жол жүру. Тек бір ғана билеп сезім, Саяхат та қажытты өзін (А. Пушкин). Саяхат жасауға ниет еттік. (С.Мұқанов). Саяхатқа, пионер лагеріне кеткен оқушылар қайтып келе бастады (С.Баязитов) атақты орыс саяхатшысы және географы Н.М.Пржевальский өзінің тұңғыш саяхатын 28 жасында жасады (“Қ.Қ”);

саяқат. – Жасағанда ғасыр сырлас, Күрең нардай жатыр бір тас... Саяқатқа өзің де келдің, Сенің де жастық сақталған белгің... (Ә.Сәрсенбаев). Тым-тырыс сыйлар толыпты Саяқат, курорт, серуенге. Иесі ең мықты Ұқсайды жаңа келгенге (Ғ.Орманов);

саяхаттау. Саяхаттап білім кенін Кештік, достар, өмір сырын. Дауылпаздай қанат қаққан. Оқыдық біз Горький жырын (С.Адамбеков). Роза биыл ғана Тургеневтің романдарындағы арбамен саяхаттайтын қыздарға еліктеп дағдыланған еді (С.Мұқанов);

саяхатты. Осы бір жыл, осы бір ай, осы күн, Сәтті сағат саяхатты кешімде “Қош бол, ботам, есіңе ұста”, – деген үн Мәңгі жүрер от-жалын боп есімде (С.Бегалин);

саяқатшы. Балуан-Шолақ елінен тағы бір торы төбел ат тауып алып, қасқыр, түлкі алатын иттер жинап, қаршыға, лашын, бүркіт ұстап, жазы-қысы саяқатшы аңшылық кәсібімен шұғылданады (С.Мұқанов);

саяхатшы – саяхат жасаушы, қыдырушы, аралаушы адам. Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тұңғыш ағартушы қайраткері және саяхатшы ғалымы (М.Ақынжанов). 629-жылы Жетісу арқылы өткен Қытай саяхатшысы Сюань Цзань Шу алқабындағы тары, бидай, жүзім егілетін жерлердің құнарлылығын жазыпты (“Қазақ ССР тарихы”).

سيار (саййарун) саяр – 1) үнемі қимылдаушы; 2) жүріс жорық; 3) көшпелі, жылжымалы, Сансыз саяр мен шырғалаңға толы әскери қызметтің ақыры Петербургта аяқталып, Әулиеатада үзілді (Т.Әлімқұлов).

سيارة (саййаратун) сайера – астр. Планета. Жерден жеті қоян тапқандай тағы бір қуанғаным, – деді қарт, – біздің “семсер” дегеніміз арабтың “сабағу Сайера”, яғни “Жеті сапар” (“Жеті хат көк иесі”) деген мағнаға дәл келетін сияқты (А.Машанов);

жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау