Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 9,76 Mb.
бет24/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42

қасиетсіздікқадірсіздік, абыройсыздық, құрметсіздік («Қ. Т. О. С.»).

خاطر (хатирун) қатер1) ой, идея, пікір, долбар, түсінік, ойлау, ұғыныс; 2) ақыл, ес; 3) жан; 4) тілек, ықылас. Тындасаң мен сенікі, сен менікі, Тұл маған басқа жанмен ойын-күлкі. Аударма көңіліңді ғашықтықтан, Шығарма қатеріңнен, мені ілкі («Ғашық-наме»);

хатер. Бір Хамит хатеріме келе қалды,— деген сияқты араб сөздері көп болады екен (С. Мұқанов). Не үшін қайғың өкүш, хатерің тар, Ғам ғаза яр болып тұр саған, ей, жар («Ғашық-наме»);

хатир. Қазақ халқының қоғамдық құрылысына орай, оған жазбаша шаирдан гөрі «аттың жалы, атанның қомында» суырып салып өлең айтатын, көңілін көтеретін, мұңын сейілтетін ақындар анағұрлым ұнамды болған. Түркіше, жартылай парсыша жазған шаирлардың аты аз сақталып, ауызша айтатын импровизатор ақындардың халық хатирасында (есінде) қалу себебі осыдан (Р. Бердібаев);

хатір. Бойың зифа, мәшәк жұпар шашыңыз бар, Мұхиттың гауһарындай басыңыз бар. Кірпіктерің өкпеме қадалып тұр, Неліктен болдың маған хатірің тар («Ғашық-наме» ).

қатержам1) тыныш, жайбарақат; 2) сенімді, тыңғылықты, Келдібай, Кішкенебаймен һәм Қосназар, Білетін азаматтар атын алаш. Қатержам Кете, Керейіт қабиласы Төбеден күдіксіз боп, күліп тарас! (Шораяқтың Омары).

خاطب (хатибун) хатип1) шешен; 2) уағызшы, мешітте құтпа оқушы. Қожа Сиврихсарда хатип болып тұрған кезінде, бірде дуанбасымен араздасып қалса керек. Дуанбасы кенеттен қайтыс болады. Жұрт қожаға: «Келіп жаназасын шығарып беріңіз»,— дегенде, қожа: «Жоқ, басқа біреуді шақырыңыздар, марқұм екеуміз араз едік, менің тілімді алмас», — депті. («Қож. Ә.»). Молдалар... өздерінің жеке мүдделерін көздеп... өздері белгілі бір бағытта ғана, сыңар жақ тәрбие алғандықтан, барлық жақсылық тек қана Мұхамметтің діни оқуынан шығады деп біледі... Мысалы, ғалым молла (хатип) атағын алғысы келген адам түрлі «фәндерді»... оқуға тіпті міндетті екені дәлел бола алады (Ы. Алтынсарин).

خالد (халидун) халидмәңгі, өлмейтін, өлмес. «Уәләзина... халидун» деген аяттар құранның іші толған ғаламус-салих не екенін білмейміз (Абай).

خالص (халидун) қалыс1) таза, жасанды емес, табиғи, шын, адал; 2) ерікті, азат; 3) біткен, аяқталған; 4) ауыс. бейтарап. Жазушы — бір кәмина, қалыс ағаң, Сіз қанық болған жоқсыздар жөндеріме. Балтекей — атам есімі, атым — Мықан. Хабарым мақұл көрдім бермегіме (М. Балтакейұлы). Бақшаға барғанда, бақшадан қайтып келе жатқанда, жолшыбай қалыс адамдардан да бізге жолығушылар көп болды (С. Сейфуллин);

халис. Бұлар өз иждиһадің бірлән ниет халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ (Абай). Ол суды жарты бөліп құйды меске, Міндетті мойындағы алып еске. Ақ іске анығынан асылған соң, Халистің қалай қалсын еңбегі ешке (Шораяқтың Омары);

қалысаншын, адал, ақ көңілмен. Сол кезде анық байқап, көзі көрер, Мақұлықтың жұмбақ қылған түр-сипатын. Жазушы бұл жұмбақты осылай деп, Қалысан хабарға дос мынажатың (Қаңлы Жүсіп);

қалыстаубейтараптау. Науан қайтсе де жұбата беруге ден қойып, қалыстау әңгімемен көңіл аулады (А. Байтанаев);

қалыстық1) тазалық, шындық, адалдық; 2) бейтараптық. ...Үйренген жерім демей, тілін алды, Болған соң ниеттерінің қалыстығы (С. Торайғыров);

خالق (халиқун) халиқдіни. жаратушы, тәңірі, құдай. Күні-түні ойымда бар-ақ тәңрі, Өзіне құмар қылған оның әмрі. Халиққа мақұлық ақылы жете алмайды. Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі (Абай);

халық. Келе жатыр сегіз жүз әскер алып, Жаратқан басында артық жаппар халық. Патшалық салтанатпен келе жатыр. Дүбірі тақсыр ердің жерді жарып («Ғашық-наме»).

خالى (халййун) қалибос, құр. Үлгі алған қали қалмас кемеңгерден, Жетісер ақтан — қуат, медет — пірден (Шегебай).

خائن (хаинун) хаин1) опасыз, қиянатшыл, сатқын; 2) хаин Қабылға тағылған жаман есім. Діни кітаптар оны бұлай дейді: Адам — атаның Хауа — анадан Қабыл және Әбіл деген екі ұл туады. Құдай Қабылға диқаншылықпен, Әбілге мал шаруашылығымен шұғылдануды бұйырады. Біраз уақыт өткеннен кейін Қабыл мен Әбіл өздерінің өнімдерінен құдайға тарту жасайды. Құдай Әбілдің тартуына жылылық пейіл көрсетеді, Қабылдың сыйлығына — назар салмайды. Сонан іші күйген Қабыл інісі Әбілді алдап далаға ертіп барып, өлтіреді. Сол жауыздығы үшін оған опасыз, Хаин (Қаин) деген ат тағылған. Сонымен қатар, бірде жөнге келіп, бірде сотқарлық іс істеген әйгілі қарақшы Ванька — хаин да бар (М. Әуезов).

خبائة (хабасатун) қауесет1) кесірлік, лаңдылық, кері кеткендік; 2) жауыздық, қаскүнемдік, жаман ниеттілік, қара ниеттілік; 3) ауыс. лақап, өсек. Әлімовтың ыстығы 40 градус, аузына су тамызып отыр дейді, - деген қауесет тарады (С. Адамбеков). Бұл хабарды халық үлкен қауесет лақапқа айналдырған (А. Машанов);

кәуесет. Оның үстіне, лепірген, алып-қашты кәуесеттер де аз болмайды (Ж. Арыстанов).

خبر (хабарун) хабар1) мәлімет; 2) жаңалық; 3) ұзынқұлақ; Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза кетеді (мақал). Қол жетпес жерде тұрсың көз көргенмен, Не пайда дидарласып, жүз көргенмен, Тоқтату көңіліме бере алмадым, Болар деп хабар сенен сөз бергенмен (Ақан сері). Верныйдан жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығынан тіпті зілді. «Отыз бір — он тоғызды алады» деген, Суық хабар халықты бұлқындырды (Жамбыл);

қабар. «Бес жүз жігітпен келе жатыр дейді», - деген қабар бір күні бұрқ ете қалды (С. Мұқанов);

хабар-ошарбіреудің амандығы, күй-жайы туралы дерек, мәлімет. Кәрі әжең сапар шеккелі талай болды... Хабар-ошар жоқ (М. Әуезов). Атбасардан конвоймен жөнелтерде Ғалия Балуан Шолаққа анадайдан амандасып, «артыңнан барам» деп қалған, одан да хабар-ошар жоқ (С. Мұқанов);

хабар-ошарсыздерексіз, мәліметсіз. Хабар-ошарсыз кеткен қыз көңілін одан бетер қобалжытпай ма? (Б. Нұржекеев). Өрістен қайтқан қойдың алдынан өзгелерден ерте шығып, қызыл көзденіп батып бара жатқан күн астына үнемі жасаурап жүретін көзін сығырайта хабар-ошарсыз кеткен күйеуін іздейтіндей ұзақ қарап тұратын (А. Смаилов);

хабархатхат арқылы хабарлау. Саттардың жеткен кезде хабархаты, Ұйқыда жатқан кезде бар Алматы. Несіпбай және үш жігіт күтіп алған, Ертеңгі күн дос, бауыр, болар жақын (Ж. Боранбаев);

хабарсызбейхабар, хабары жоқ. Жаздыртқан Перизатқа тағы да хат, Мінекей, жауап келді, ол — тағы жат?! Алданнан бір ауыз сөз жазса нетті! Хабарсыз бөбегіңді сағын да жат! (Ә. Сәрсенбаев). А, Логинов — Петр қайда?.. Қайда жүр?... Неғып хабарсыз жоғалып кетті, неғып?... (Ғ. Мүсірепов);

қабарсыз. Мен кетермін құпия боп, жасырын, Барар жердің білем хауіп басымын, Барар жердің білем қиян қабарсыз, Маған жабық, жауға жолдың ашығын (К. Салықов);

хабарсыздықбейхабар, хабар жоқтық. Ғылымнан хабарсыздық, техника тілін білмеу барлық жерде де қол байлады (Б. Сарбалаев);

хабаршы хабар беруші, хабарлаушы. Екінші ротамен байланыс телефон былай қалып, қос атты, қос жаяу хабаршылар дайындап жібердім (Б. Момышұлы). Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті (М. Әуезов);

хабаршылықхабар берушілік, хабарлаушылық. Бауекеңнің әйелі Кәмәш екі этажда серейіп жатқан екеуміздің арамызда үлкен хабаршылық қызмет атқарды (Ә. Нұршайықов);

хабарласмәлімдес, бір-бірімен хабарласып тұрушы. Қадірлі болсаң, жаяу жүрмес едің, Жаралған адам болсаң асыл тектен. Хабарлас қылмай үйге кіріп келдің, Адамдай қайыр сұрап, арың кеткен (Сырға). Есенбісің, ақын досым, қаламдас, Болмасам да бұрын таныс хабарлас (Рамазан);

хабарласухабар алысып тұру, байланысып тұру. Әзірге оның қызметі трест қызметкерлерінің оқта-текте командировкаға баруынан, телефонмен хабарласудан аса алмай отыр (Л. Изьящев). Дүйсенбаймен хабарласуға айналғанда үстелдегі домалақ қара телефон шылдырлап қоя берді (С. Омаров);

хабарландыруқұлақтандыру, жарнама. Түрлі бояулармен құлпырта жазылған хабарландыруды биік прическалы Қасымова бірінші болып келіп оқыды (С. Шәймерденов). Уәзір қаланың барлық делдалдарын хабарландырып, патша айтқандай қыз табуға қосты («М. Б. Т.»);

хабарланухабарлы болу, құлақтану. Хабарланып әр тұстан, Көрмей дамыл алмады (Абай). Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды (Ғ. Мұстафин);

хабарлаухабар беру, мәлімдеу. Мен өзіміздің барлаушылардың өте жақсы жұмыс істейтіндігіне іштей сүйсіндім. Олар бас штабтағыларға хабарлап үлгерген екен («Л. Ж.»). Диқанның шықса еккені, Еңбегі жанып, қонар бақ. Батырдың мінеу жеткені, Баба-әже барған хабарлап (О. Иманәлиев).

хабарлыхабары бар. Сезік берген дегене хабарлы кек, Бадалыма сұғымен қадалды кеп (Майса). Жазған сөзім қыдырды Орал менен Торғайды. Хорезм жұрты хабарлы Шорахан, Төртқұл, Шымбайды (Тұрмағамбет);

хабарлықхабары барлық, жаңалық («Қ. Т. О. С.»);

телехабартеледидар арқылы берілетін жаңалық (хабар). Күнделікті телехабарлар мен газет-журналдардағы тәрбие мәселелерін қоссақ, біздің жастарымыз арасынан «жаман тәрбиелі» жеткіншектің шығуы санаға сыйыспайды (Ж. Алдабергенов). Қазақ халық қолөнері жайлы 10 телехабар берілді . Беркімбаев);

радиохабаррадио арқылы хабар. Капиталистік елдерде түрлі жала, өсек-өтірік арқылы радиохабардың нәтижелілігі арттырылмақ (Қ. Үсебаев).

خبيث (хабйсун) хабіс1) жаман, оңбаған, жексұрын; 2) жауыз, мейірімсіз, маскүнем; 3) мед. қатерлі (ісік). Қашқын қолға түскенде, қарт зынданда хабіс болсын! — деді Жәңгір (I. Жансүгіров).

ختام (хитамун) хитам1) аяғы, соңы, ақыры, қорытынды (сөз); 2) финал (бір нәрсенің ақыры, соңы, ақтығы). Араб тілінде хитам «бітіру, түгесу» дегенді білдіреді (І. Кеңесбаев).

ختم (хатмун) хатым1) мөр, мөр басу, мөрлеу; 2) аяқтау, бітіру, оқып шығу, бастан-аяқ жатқа білу; 3) ауыс. үлес, сыбаға. Үлгілі сөз шығады сабырлы ерден... Білгенсіп шариғаттан сөз айтасың, Келіп ең хатым қылып қайсы жерден (Ақан сері). Оқуды бүгін бітіріп, ғылымды хатым қылсаң да, бір тиын шығарып әперетін кітабым жоқ,— деді ол (С. Торайғыров). Кейбір намазқой діндар кәрілер мен шала сопы, молдалар Абай үйіне қонып отырып,— Шариғат жайын оқып отырады екен-ау бұл кісі, әлде әруақтарға құран хатым қылып жатыр ма екен!— десетін (М. Әуезов). Айттық, құрбандық, жаназа, хатым, підия сияқтыларға имамдар өздері қатынаспаса да, оларға дербес «имамдық сыбаға» қойылу міндетті болған («Қ. С. Э.»);

қатым. Қатым түсірді (құран түсірді). Мәні — өлген кісіге арнап, құранды бастан-аяқ оқып шықты; бұл фраза ескілік уақытта қолданылған (І. Қеңесбаев). Қатым менен құранға, Сан тоқтыны байлатты, Қосақты қойды айдатты (Жамбыл);

қатім. Асан қазірет тек балаларды медресеге жинамай, өзі мешіттегі имаматтығын ғана атқарып, құран, қатім, уағызбен ғана қалатын болған (I. Жансүгіров). Қатім құран шығарып, пидия алдың, Жұрт алдында тарттырам саған саза (К. Әзірбаев);

хатім. Сылдыраған қыз лебізіне қарлыққан жуан қоңыр дауыспен жауап қату да құран хатіміне күпіршілік келтіргендік сияқтанды (X. Есенжанов). Олар - үйінен өлік шыққандарды аңдып, «жаназа», «хатім», «фидия» деп өліктен пайда тапқандар . Арыстанов);

хатма. Шаһбал тамашалы қылды тойын. Жаңылды адам-пері ақыл-ойын. Хәтпе (дұрысы: хатмаН. О.) оқып, ғашықтарға неке қиып, Қосылды екі ғашық алма мойын («Ғашық-наме»).

خجل (хажалун) қыжалат1) ұят, ұялшақтық; 2) қажет. Қыжалат керек деген бұйрық барды, Бар еді не керегім енді менің. Құндаққа нәрестемді келдім бөлеп, Қатында бала тапқан бар ма кегің (Нұрила).

خدمة (хидматун) қызмет1) қызмет ету; 2) жұмыс; 3) лауазым, мансап; 4) көмек. Жауап сөз сөйлеген Совет делегациясының басшысы Д.А.Қонаев Совет және Иран халықтары арасындағы ынтымақтың дамуы, өзара ұғынысушылық пен тату көршілестік қатынастарды онан әрі нығайту ісіне қызмет ететініне кәміл сенім білдірді («С. Қ.»). Не үшін, кім берді екен шенді шекпен, Қандайлық қызметі үшін халыққа еткен? (С. Торайғыров);

қызмат. «Екен,— деп заһір мынау, заты шарип» «Төреге» түзу тұрып, етті қызмат (Қаңлы Жүсіп);

қызымет. Поэзия қашанда өз уақытының тілінде сөйлеген, өз заманына қызмет еткен (Қ. Мырзалиев);

хызмет. Хүкіметке қазылар Халал хызмет қылуға Хақ ниетпен жұмылсын!— деді Генс (І. Жансүгіров);

қызметтесістес, кәсіптес. Қыз істес, қызметтес адамның жайын білгісі келген ғана сиқы байқалады (Т. Нұртазин). Сәкенмен бірге қызметтес болған жылдардың Бейімбетке идеялық-творчестволық зор әсері болады, ол өзінің саяси бағытын мықтап айқындайды («Қ. Ә. Т.»);

қызметшіқызметкер, қызметтегі адам, күтуші. Ерлігіңе шама жоқ, Ағаштан биік мерт тауып, Қызметші қара құлдарша, Қорлықпенен өлген ер («Ер Тарғын»). Түнгі қызметші ғой деген қарт кісінің жай ғана ыңылдап салған әніне Роза құлағын көп тосты (С. Бақбергенов).

خرب (хараба) харап1) қирату, бүлдіру. жою; 2) талқандаушылық; 3) опат болу; 4) бүлініп, қирап қалған орын. Туғанына екі жыл, Ойна да ойла, талап қыл. Ай санап өс, күн санап, Надандықты харап қыл (С. Дөнентаев). Қалыпты қыздың қолы шолақ болып, Ісін істеп, ас жеуге олақ болып. Кесір болып бұл ісі дәулет қайтып, Ақырында бай өлді харап болып (Молда Мұса);

қарап. Қайбардың тас қақпасы талқандалған, Сүрігі біткеннен соң, бармай дәмге. Бір күні, өзің қарап болсаң сондай, Табылмас ешбір нәрсең, іздеп емге (Таубайдың Жүсібі). Бір жарым миллиардтан көбірек жан, Шамасы мыңнан аса тіл сөйлеген. Солардың арасында жасап тұрып, Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап өлген (С. Дөнентаев).

харабат1) бұзылып қалған, қирап қалған орын; 2) ауыс. шарапхана (маскүнемдік дырду орны). Әттең, дүние-ай! Ерке сұлу дарытпайды маңына, Жібімеді-ау жүрегі бір ғашықтарға күйінген. Бақытты екен шайхы, сірә, іздемесе ханақа, Ей, мүриді харабаттың, арт қасірет жүгіңнен! (Хожа Хафиз).

خراج (харажун) ғараж1) жер салығы; 2) діни. зекет төлеу. Хан қорына әскер ұстауға, мешітке, мемлекет ісін жүргізетін адамдарға арналған салық, ғараж, ұшыр, зекет жинау (І. Есенберлин);

хараж. Ең алдымен, «хараж» дегені бар өнімнің оннан үші — соның үлесі (С. Сматаев);

خراجة (харажатун) қаражат1) шығын; 2) жұмсау, тұтыну; 3) ауыс. қаржы, ақша, пұл. Ойлады тәжірибе қып көрейін деп, Халықтың ыңғайына көнейін деп. Табылмас не қаражат, не түзелмес, Ойды енді басқа жаққа бөлейін деп (С. Торайғыров). Оқуға, әрине, көп қаражат керек, сондықтан да біраз іс басында болсам ба деп едім (X. Есенжанов);

харажат. Биыл харажатым жоқ болғандықтан, оқуға бара алмадым,— деді Баймағамбет (С. Мұқанов);

қаражат-қаржыжұмсалатын ақша («Қ. Т. О. С.»).

خرافة (хирафатун) құрапат1) жоқтан-барға сенуші, ырымшыл; жоқ нәрсеге сену, ескілік, ескі ұғымға сену; 2) ертегі, мысал, аңыз, өтірік. Фараби, Ибн Сина, Ұлықбектер, Шынымен салар еді ілім тапқан! Жатқанда жұрт ұйқыда олар ояу, Дүниені дабыл қағып таңырқатқан! Данышпан сол секілді ғалымдарды — Орынсыз, жан бола ма жабырқатқан? Заманның өтіп кеткен оқулығы, Болыпты көбірегі құрапаттан. Жарыққа ілім, білім жаңа шықты, Арасын аспан, жердің жақындатқан (Уамық). Дини құрапат болғаш, соң күлмәскә нәрсә! — деді мұғалім (I. Жансүгіров);

хұрапат. Ләкин құранды тапсил рәуіште білмей тұрған надан молдаларны һәр дайым мағынасыз құран атынан хұрапатлар сөйлеп жүруіне күлемін,— деді мұғалім (I. Жансүгіров).

خرج (харжун) қаржы1) шығын; 2) шығынға жаратылатын ақша; 3) сыбаға, рацион; 4) алым-салық. Сералин қаржы жинайды, өкіметтен рұқсат сұрайды, баспахана ашуды қарастырады (Б. Кенжебаев);

қарыж. Қымбатқа сөз қарыжың жетпегенсін, Деген кім: Өзіңді өзің сонша зорла!» (Ермұрат);

қарыш. Арабтың бұл сөзін қазақтар қарыш деп атайды (Л. Будагов);

ғарж-қаражат. Бұлар... әскерге керек ғарж-қаражатты аз төлеймін деп қиналуда (І. Есенберлин);

қаржы-қаражат. Сырттағы көз қашанда тосырқауын қоя ма, құрылыс жұмысына да қаржы-қаражат есепсіз кетіп жатқандай көретіндер бар... (Ғ. Мүсірепов);

қаржысызқаражатсыз, ақшасыз. Қаржысыз, қажып кеткен бір қаңғыбас Қазақтан тауып оңай құрбы-құрдас... (Ә. Тәжібаев);

қаржылаужұмсау (ақшаны), қаражаттау («Қ. Т. О. С.»);

қаржылыақшалы. Мұхаң (Әуезов) керемет ақын болғандықтан ғана сұлу түйсік дегеннен жұрдай, қара тастай мелшиген, қатыгез қайырымсыз қаланың, қаржылы қалта ғана билеген саудагер қаланың сараң кейпіне бай теңеу, бейнелі сөз, сұлу салыстырулар тауып, табан аузында өмірді өлеңге айналдырып жіберген (Е. Букетов).

خزينة (хазйнатун) қазына1) асыл, қымбат заттар; 2) қойма, көмбе, байлық; 3) асыл дүние; 4) қымбатты асыл заттарды сақтайтын орын; 5) ауыс. мемлекет, қауым, қоғам. Табиғат байлығы — қымбат қазына (мақал). Қорасына бір байдың түнде кірді ұрылар, Қазынасы қайда сол байдың, Аңдығыш білгіш құрғырлар (Абай). Жамбыл бұрынғы ауыз әдебиетіндегі ақындық өнердің мол қазынасын сарқа пайдаланды (Жамбыл). Қазынаның малына қас қылмай-ақ, Оқ тие ме өкпеңнен жүрсең тегі (Шашубай). Қалаға қазынаның алымын салуға барып, ақынның қайтып келе жатқан беті (М. Әуезов);

қазна. Ит — жеті қазнаның бірі (мақал). Түсте көрдім бір үлкен ғазым шаһар, Екі жүз мәткесі бар қиып салған. Зейнеті тоғыз түрлі, өңкей гауһар, Санағанда он түрлі қазна бар, Әр қазна басында бір-бір ие, Жаратқан бек ғажайып қадыр жаппар, Жеті жүз шегесі бар шегелеген (Ысқақ). Қазна - білімдінің басында, оның бір езуі — алтын, бір езуі — күміс ұхар жырау);

қазина. О дұға қазинасы күллі... ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп, һәм рақмет тілеп бітіресіз (Абай). Тиеліп түйелерге жиһаздары, Келіпті Самарханнан сипаз кәрі. — Алдияр, алдыңызға бар қазинам, Айтатын гәбім бар,— деп сипаздады (Қ. Бекхожин);

қазине. Қазинесі кең, құдай-ай, бұл пәлені жалғызымның маңдайына қайдан тап қылдың,— деді Ақкемпір ішінен (Ә. Нұрпейісов);

хазина. Толған жасау үй іші оттай жанған, Таңғалады байқамай кіріп барған. Сән-салтанат хазина тұрғаныңда, Бар ма екен деп ойлайсың мұнда да арман (С. Мұқанов);

қазынадайқымбат заттай, байлықтай. Оның айтқан әрбір сөзін азаппен тапқан асыл қазынадай, бір түйірін жерге түсірмей, қағып алуға тырысатын (X Есенжанов). Ақын-жазушылар тіл мамандарынан гөрі ана тілінің арғы-бергі ұңғыл-шұңғылын қапысыз білуі тиіс, қалтарыстағы тығулы қазынадай тың құпияларын таба білуі парыз (М. Әлімбаев);

қазынасыз байлықсыз, асыл заттарсыз. Насыр-ау, ер тумайтын ел бола ма, Байлықсыз, қазынасыз жер бола ма? (Қалмахан);

қазынасындайбайлығындай. Ей, жайқалған жасыл желегім, Сол желекті өзім мәпелесем деп келемін. Сенің сыңғыр күлкіңді Жер жүзінің күміс қазынасындай көремін (Ж. Қыдыров). Қай адамның да асыл қазынасындай... көңілінің алыс түкпірінде тасаланып жатқан көп дәмелері болады («Л. Ж.»);

қазнашы. Алдына салды ақтарып алтын, күміс, Мұншалық ен байлыққа таңғалады. Таңдайын қағуменен қалды тыныш: Қазнашы да көрсе егер қызғанады (Ә. X. Д.);

қазналы. Глаша шу дегеннен-ақ профессордың жайнаған қазналы, толып жатқан қымбат кілем, айналы үйінде өзін қартая бастаған профессордың қызығы үшін әкелгенін, осындағы ойыншық заттардың бірі секілді сезінді (I. Есенберлин);

қазналық. Екі көз, екі құлақ, екі танау. Алды-артың кіндік, ауыз, өңеш шығар. Басына қазналықтың ие болып, Баста ми, кеудесінде ақыл тұрар (Иса);

жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау