Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет19/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

Экономикалық теория 
 
65 
Пайдалылықты  анықтауда  негізгі  екі  ықпалды  атап  өту 
керек: 
1.  Тұтынушылар 
таңдауы 
жағдайында 
шектеулі 
пайдалылықтың  жалпы  өлшемі  қажет  емес  (кардинализм),  яғни 
пайдалылықтың  сандық  ықпалы.  Бұнда  тұтынушылар  таңдауы 
туралы болып отыр (сандық теориясы). 
2.  Негізіне 
қатынастық 
өлшем 
бірлестігі 
қойылған 
(ординализм), яғни сандық тәртіп. 
Тұтынушылар  тәртібі  –  бұл  әртүрлі  тауарлар  мен 
қызметтерге  тұтынушылар  сұранысын  құрайтын  процесс. 
Тұтынушылар  тәртібі  адамдардың  табыстарымен  белгіленген, 
оны  олар  максималды  пайдалы  және  олжалы  сатып  алынатын 
игіліктерге 
бөледі. 
Тұтынушылар 
ретінде 
адамдардың 
экономикалық  тәртібіне  өз  заңдылықтары  тиісті,  олар  өнім 
шығаруда, өндіріс көлемін құруда маңызды болып табылады. 
Талғаусыздық кисығы. 
Бюджеттік шектелу, тұтынушылық немесе өзіндік бюджет 
–  бұл  тұтынушының  ақшалай  табысы,  бұл  мөлшерде  тауарлар 
мен қызметтерге сұраныс болуы  мүмкін. Суретте, тамақтар және 
киімдер 
тауарлары 
бөлігінің 
арасындағы 
тұтынушылар 
таңдауының  баламасы  көрсетілген.  Тұтынушылар  бюджетінің 
қисығы КМ  қисығымен  көсетілген. Талғаусыздық  қисығы  А,В,С 
нүкте  сызықпен  қөрсетілген.  Е  нүктесі  тұтынудағы    тепе-
теңділікті  көрсетеді.  Бұндағы  талғаусыздық  қисығы  С  шектеулі 
бюджеттің  сызығымен  түйіседі.  Сатыпалушылар  үшін,  екі 
өнімдерді  пайдаланғанда  максималды  пайдалылық  Е  нүктесінде 
болады.  Талғаусыздық  қисығы,  тұтыну  жағдайында  бірдей 
жиынтық  пайдалылығы  бар,  тұтынылатын  тамақтар  мен 
киімдердің барлық комбинациясын көрсетеді.  
Тұтынушылар  тәртібінің  ережесі.  Тұтынушылар  тәртібінің 
теориясында тепе-теңділік Е нүктесі, бұл өзінің жеке бюджетіне 
алынатын  тауарлардың  пайдалылығының  максимум  жететін 
нүкте.  Пайдалылық  максимизациясының  ережесі  келесі  түрде 
көрінеді: 
 
 


Н. А. Маженова 
 
66 
 
 
1.11-сурет. Талғаусыздық қисығы 
 
Шектелген пайдалылықтың Х жиыны  =  Шектелген пайдалылықтың У жиыны   = 
Х жиынының бағасына 
 
            
    У жиынының бағасына 
 
=  өзіндік  бюджеттік  табыстың  ақшалай  шығындарының 
бірлігіне келетін шектелген орта пайдалылыққа. 
Бұл  ережемен  тек  ақшаны  жұмсағанда  ғана  емес,  уақыт 
бюджетін,  басқа  да  бағалы  бағыттарда  да  пайдалануға  болады. 
Бұнда  әр  уақытта  бір  есеп  шешіледі  –  ол  шектелген 
ресурстардың пайдаланылуының альтернативті варианттарының 
арасындағы бөлінуі. 
 
Қайталауға арналған сұрақтар 
 
1.  Нарықтық  тепе-теңділік  бағаға  анықтама  беріңіз?  Тепе-
теңділік 
бағаны 
орнатуда 
тауарлар 
санымен 
бағаның 
арасындағы  тікелей  және  кері  сызықтық  тәуелділік  қандай  рөл 
атқарады?      
2.  Инфляциялық  жағдайда  барлық  тауарларға  баға  тез 
өседі.  Инфляция  кезінде  сұраныстың  өсу  орыны  бола  ма? 
Тауарлардың  ұсынысы  мен  өндірістің  ұлғаюын  инфляциялық 
баға ынталандыра ма? 
3.  Икемді  және  икемсіз  сұраныс  кезінде  тауар  сатудан 
алынатын ақшалай түсім қалай ауысады. Ұсыныстың икемділігі 


Экономикалық теория 
 
67 
мен  өндіріс  шығындары  деңгейінің  арасында  өзара  байланыс 
бар ма? 
4.  Нарықтық  механизмге  араласудағы  бағаның  құрылуы, 
сатуды  салықтандыру  және  нарықтық  тепе-теңділіктен  төмен 
еріксіз баға орнату сияқты тәсілдерінің айырмашылығы неде? 
5.Тауарлардың  бағасының  деңгейіне  рэкет,  шенеуніктерге  
пара 
беру 
және 
мемлекеттік 
салықтандыру 
сияқты 
факторлардың  әсері  қандай?  Осылардың  әсерін  графиктің 
көмегімен көрсете аласыз ба? 
6.  Неге  талондар,  купондар,  бөлудің  карточкалық  жүйесі 
тауар нарығындағы зәрушілікті жоюға қабілеті жоқ? 
 
Жаңа терминдер мен ұғымдар  
 
Сұраныс 
Ұсыныс 
Нарықтық тепе-теңділік 
Икемділік 
Икемді 
Икемсіз 
Бірыңғай икемді 
Тұтынушылық тәртіп 
Тұтынушылық немесе өзіндік бюджет 
Талғаусыздық қисығы 
 
Тест сұрақтары 
  
1) Сұраныс заңы бойынша: 
A) ұсыныстың сұраныстан асуы, бағаның төмендеуіне әкеледі; 
B) тұтынушылардың табысы өссе, олар көп тауарлар сатып 
алады; 
C) сұраныс қисығы оң еңісте болады; 
D) тауардың бағасы төмендесе  сатып алу көлемі өседі; 
E) сұраныс қисығы тіке сызықта болады. 
 
 


Н. А. Маженова 
 
68 
2) Тауар мен қызмет нарығы, тепе-теңдік қалыпта тұрады, 
егер: 
A) сұраныс ұсынысқа тең; 
B) баға, шығын мен пайдаға тең; 
C) технология деңгейі бір қалыпта өзгерсе; 
D) ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшеріне тең болса; 
E) тұтынушының табыстары өссе. 
 
3) Егер өнім  ұсынысы артық болса, онда оның бағасы:  
A) тепе-теңдік дейгейінен төмен; 
B) жақын болашақта өседі; 
C) тепе-теңдікте болады; 
D) тепе-теңдік дейгейінен жоғары; 
E) ынталандырушы болады. 
 
4) Екі тауар бір-бірін алмастыратын болса, онда бірінші 
тауар бағасының өсуі, былай әсер етеді:  
A) екінші тауарға сұраныстың өсуі; 
B) екінші тауарға сұраныстың төмендеуі; 
C) екінші тауарға сұраныс көлемінің өсуі; 
D) екінші тауарға сұраныс көлемінің кемуі; 
E) екінші тауарға әсер етпейді. 
  
5)  Тауар  бағасы  бір  пайызға  қысқарса,  ол  сұраныс 
көлемінің ұлғаюын екі пайызға жеткізсе, онда бұл сұраныс: 
A) икемсіз; 
B) икемді; 
C) бірыңғай икемді;  
D) жалпы икемсіз; 
E) жалпы икемді.  
 
6) Сұраныстың баға икемділігінің коэффициенті тең: 
A) баға төмендеуінің сұраныс көлемінің өсуінің қатынасына; 
B) жалпы табыстар өзгерісі (%-бен)  сұраныс көлемі өсуіне 
(%-бен) қатынасына;  
C)  жалпы  табыстар  азаю  (%-бен)    бағалар    өсуі    (%-бен) 
қатынасына; 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау