Экономикалық теория
49
уақыттың ішінде неғұрлым интенсивті еңбек интенсивтілігі кем
еңбекке қарағанда көбірек кұн жасайды.
Маркстің құн категориясының орнына пайдалылық пен
субъективті құндылық категория қарсы койылады. Бұл
теорияны
ғалымдар
19-20
ғасырдың
арасында
құрған.
Құндылықты сирек игілікпен байланыстырады, яғни оның
қорының мөлшерімен.
Пайдалылықтың 2 түрі болады:
1) Абстракты пайдалылық (жалпы пайдалылық);
2) Нақты пайдалылық (оның субъективті мөлшері).
Игіліктің
құндылығы,
оның
соңғы
данасының
пайдалылығымен анықталады. Маркс теориясы бойынша құн
өндірісте пайда болып, нарықта (базарда) көрінеді. Егер тауарды
базарда біреу сатып алса, оның еңбек шығындарын біреу
қоғамдық қажетті еңбек шығындары деп бағалағаны емес. Онда,
сол тауар, сатыпалушыға қажет, пайдалы, кұндылық қасиеті бар.
Сатыпалушы бұл тауардың тұтыну құнын бағалайды. Яғни,
құндылық субъективті категория. Құн, (құндылық) айырбас
категория болғаны. Құндылық, ол сатыпалушының көзалдындағы
бағалы нәрсе. Субъективті баға затқа құн (құндылық) береді.
Әрбір сатыпалушы, қоғамдық қажетті еңбек шығындары
болғанына емес, ұнағанын сатып алады. Мысалы, вокзал
алаңындағы гүл шоғының, болмаса ұлы суретшінің суретінің
құнын қалай анықтауға болады? Әрине, қоғамдық қажетті еңбек
шығындары емес. Соңғы данасының пайдалылығы, ол шектелген
пайдалылық. Тауардың бағалары субъективті бағаға тәуелді, және
сол данасы пайдалылықпен анықталады.
Маршалл шектелген пайдалылық теориясын сұраныс пен
ұсыныс теориясымен және өндіріс шығындары теориясымен
қосты. Маркстің теориясында құнның қайнар көзі тек еңбек
болып саналады. Маржинализмнің теориясында құнның қайнар
көзі тек шектелген пайдалылық теориясы саналады. Маршалдың
теориясында құн мен бағаның анықтамасы, нарық күшінің өзара
қатынасымен байланысты. Сұраныс жағынан – бұл шектелген
пайдалылық, ал ұсыныс жағынан ол өндіріс шығындары.
Маршалдың тұжырымынша тауардың кұны, оның пайдалылығымен
және өндіріс шығындарымен анықталады.
Н. А. Маженова
50
4.4. Ақшаның мәні және қызметі.
Ақша айналымының заңы
Ақша тауарлы-нарықтық шаруашылық тәжірибесінде пайда
болады. Ол екі кезеңге бөлінеді:
алтын стандарт болған тауарлы ақша кезеңі;
қазіргі ақша кезеңі.
Алғашқыда барлық тауарлардың құнын өлшеуге мүмкіндік
беретін жалпы белгілі эквивалент болмады. Тауар айырбасы жиі
бола бастаған кезде, әрбір елде жергілікті өз эквиваленттері
мал, тері және басқасы пайда болды. Сонымен, ақша ол тауар,
ерекше тауар, барлық тауарға эквивалент.
Біртіндеп халықаралық саудада жалпыға белгілі эквивалент-
тер болып бағалы металдар – алтын мен күміс жүре бастады.
Алтынға негізделген ақша жүйесі Ұлыбританияда 18 ғасырдың
соңында орнатылды және 19 ғасырдың соңғы ширегінде Германия,
Франция, Жапония және Ресейде кең таралды. 20 ғасырда алтын
стандарт жойылды. Бұл ақшаның бұрыннан келе жатқан мәні,
қызметі және түрлерінің өзгеруіне әкеледі.
Стандарт бойынша қиратпалы оқиға 1929-1933 жылдардағы
экономикалық кризис әкелді. Ақшаның құнсыздануынан оларды
алтынға айырбастау мүмкін емес болып кетті. Нәтижесінде
1931-1936 жылдары қағаз ақшаны алтынға айырбастау барлық
елдерде тоқтатылды. Шамамен қырық жылдай алтын әлемдік
ақша қызметін атқарды. Бірақ ол долларды қамтамасыз ету үшін
азая бастады. 1971 жылы алтын стандарт толығымен өзгертілді.
Ақша дамуының мыңжылдық жолын және құнның бірнеше
нысанынан өтті:
- қарапайым, кездейсоқ;
- толық, дамыған;
- жалпылама;
- ақшалай.
Құн нысаны эволюциясынан ақша өзінің табиғаты бойынша
еңбек өнімі, тауар болып табылады, сондықтан басқа тауарлардың
құнын білдіреді, барлық тауар құнының эквиваленті бола
алатынын көруге болады. Айналымдағы ақша барлық тауарлардың
құнын білдіру үшін қажет болатындай болуы керек.
Экономикалық теория
51
Қазіргі кездегі қағаз ақша - үкіметке деген сенімге
негізделген заңды ақша. Мемлекет олардың қарыз төлеу кезінде
заңды төлем құралы екенін дәлелдейді. Қазіргі күнгі ақша келесі
қызметтерді атқарады:
құн өлшемі;
айналым құралы;
төлем құралы.
Қолдағы ақша 100%-ға өтімді. Оларға шапшаң түрде әр
түрлі байлық сатып алуға болады. Жинақ банктеріндегі жедел
салымдар мен бағалы қағаздар жойылымдығы әр түрлі болады.
Мұнда барлық ақша массасын әр түрлі ақша агрегаттарына
бөледі. Ақша агрегаттары – жойылу дәрежесі бойынша әр түрлі
қарыздық міндеттемелерді біріктіретін қазіргі күнгі ақша
қаражаты.
Ақша агрегатының үш түрі кең тараған, олар М1, М2, М3.
М1 = қолдағы бар ақшалар плюс банктердегі көп емес,
күнде алуға салуға болатын ақшалар;
М2 = М1 плюс банктердегі мерзімдік салымдар, күнде
алуға салуға болмайды;
М3 = М2 плюс банктегі ірі ақшалар және мемлекеттік
бағалы қағаздар.
Жойылу қаражаттарының агрегаттары көмегімен ақша
айналысын мемлекеттік реттеу және инфляцияны тоқтату үшін
маңызды мәнге ие.
Инфляция (көтерілу) – бұл ұлттық шаруашылықтың аса
маңызды қажеттіліктерін айналым сферасын ақшамен толтыру.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар: а) алтынға (алтын
стандарты кезінде); б) тауарларға; в) шетел валюталарына
қатысты құнсызданады. Бұның салдарынан бірінші жағдайда
қағаз ақшалардағы алтынның нарық құны артады. Екінші
жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда ұлттық
валютаның шетелдік ақша бірлігіне қатысты баға төмендейді.
Инфляция ақша жүйесінің «ауруын» білдіреді. Ол
шаруашылық сфераны күйретеді, алыпсатарлықты күшейтеді,
тұрғын халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізуі
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |