Н. А. Маженова
60
және нарықта сол тауарға ұсыныс қысқарады. Бұндағы
алдыңғы негізгі фактор – баға, ол өнім өндіруші үшін белгі
береді. Суретте көрсетілгендей тауардың ұсынысы нәтижелі
еңкею қисығын көрсетеді, тауардың бағасы және оның
нарықтағы сату көлемін бейнелейді.
1.6-сурет. Ұсыныс қисығы
Ұсыныс қисығын ұсыныс заңының өзі бейнелейді. Ұсыныс
заңы бойынша, тауардың бағасы жоғарылаған сайын, нарыққа
олардың көп саны түсуі керек. Тауардың көлемі мен тауардың
саны түсінігі, «тауардың ұсынысы» түсінігімен бірдей.
Баға өзгермеген жағдайда ұсыныс қисығы «жоғары»
немесе «төмен» жаққа мынадай жағдайларда өзгереді:
1. Ресурстарға бағаның өзгеруі. Тұқым және тыңайтқыш
бағасының төмендеуі бидай өндірісін арзан жасайды және
бидайға ұсыныс өседі.
2. Технологияның өзгеруі.
3. Салықтар және субсидияның өзгеруі.
4. Басқа тауарға бағаның өзгеруі. Қарақұмық бағасының
төмендеуі, фермерлерге жүгері өндіруді оятуы мүмкін, онда
жүгеріге ұсыныс өседі.
5. Ауа райы жағдайы. Ауа райының жайлы болуы, өте көп
жоғары өнім жинап алғызады және өнімдерге ұсыныс көбейеді.
6. Өндірушілер санының өзгеруі. Елдердегі көп және одан
да көп кіші наубайхананың көбеюі, нан, тоқаш заттардың
Р (баға)
Q (мөлшері)
S
А
В
Экономикалық теория
61
әртүрлі ұсынысын жасайды да, көбейтеді. Сонымен, жоғарғы
көрсетілген
факторлардың
бәрі
сол
тауардың
өндіріс
шығындарына әсерін тигізеді, олардың бәрі сол тауардың
нарықтағы ұсынысының өзгеруіне шешуші әсерін тигізеді.
5.3. Сұраныс және ұсыныстың өзара әрекеті.
Тепе-теңділік баға
Нарықтағы тепе-теңділік баға – бұл, артық немесе
тапшылығы жоқ тауардың нарықтағы бағасы. Сұраныс және
ұсыныс қисығынан қиылысқаны Е нүктесі ординат өсіндегі тауар
бағасының белгілі деңгейіне және абсцисс өсіндегі тауардың
белгілі санына сәйкес. Тауарлардың әрбір артықтығы бағаны Е
тепе-теңділік нүктесіне төмен қарай итереді. Әрбір тауарлық
тапшылық бағаны сұраныс және ұсыныс тепе-теңдігінде Е
нүктесіне, жоғары итереді. Қорыта келгенде тепе-теңділік баға
орнатылады. Нарықта Qe тауарлары Ре-мен сатылады. Нарықтық
тепе-теңділікті уақыттың белгілі бір моментінде ғана қарауға
болады. Бұл, қашан Qs=Qd жағдайында болады.
1.7-сурет. Нарықтағы тепе-теңдік
Тепе-теңділік – әрбір бәсекелес нарық үшін заңдылық.
Тепе-теңділік арқылы әрбір тауар нарығында экономикалық
жүйені толығымен қолдау табады.
Р (баға)
Q (мөлшері)
D
S
E
Н. А. Маженова
62
5.4. Икемділік түсінігі.
Сұраныстың табыс және баға бойынша икемділігі
Сұраныстың бағалық икемділігінің өлшемі, бағаның 1%
өзгерту салдарынан тауарлардың сатылу көлемі қанша пайызға
өзгергенін анықтау үшін жүргізіледі.
Баға бойынша сатылу = сатылу көлемінің өзгеруі, %
икемділігі бағаның өзгеруі, %
Сұраныстың бағалық икемділігінің үш әртүрлі варианттары
бар:
сұраныс икемді, қашан баға аздап өзгерсе, сатылу көлемі
едәуір өзгереді;
сұраныс икемсіз, егер, баға әжептеуір өзгерсе сатылу
көлемі аздап өзгереді;
сұраныс бірыңғай икемді, егер баға 1% өзгерсе, тауар
сатылуының 1% өзгерісіне әкеледі;
Сұраныстың бағалық икемділігінің үш әртүрлі суретін
көрсетейік:
1.8-сурет. Сұраныс икемді
Р
Q
D
5
Икемді К = ---- = 2,5
2
А
А
В
Q
1
5% Q
2
Р
1
2%
Р
2
Экономикалық теория
63
1.9-сурет. Сұраныс икемсіз
1.10-сурет. Сұраныс бірыңғай икемді
Икемділіктің әрбір вариантына өз коэффициенті сәйкес:
К икемді > 1
К икемсіз < 1
К бірыңғай икемді = 1
Табыс бойынша икемділік: ол тауар сұранысының
тұтынушылар табысының өзгеруіне ықпалы деңгейін өлшейді,
Р
Q
D
5
Бірыңғай икемді К = ----- = 1
5
А
А
В
Q
1
5% Q
2
Р
1
5%
Р
2
Р
Q
D
2
Икемсіз К = ----- = 0,4
5
А
А
В
Q
1
2% Q
2
Р
1
5%
Р
2
Н. А. Маженова
64
сұраныстың өзгеру пайызының табыстың өзгеру пайызына
қатынасы. Мысалы, егер табыс 8%-ға өссе, ал автомобильге
сұраныс 24%-ға көбейсе, онда бұл тауарға табыс бойынша
сұраныстың икемділігі 3-ке тең (сұраныс өсуі табыстың өсуінен
үш есе асып отыр).
Тауарлардың жоғарғы категориясына сұраныс табыс
сияқты осы бағытта өзгереді: табыс жоғарыласа сұраныс та
жоғарылайды. Төменгі категориялық тауарлар бойынша (нан,
картоп, маргарин, автобилеттер) табыстың және сұраныстың
өзгеруі кері бағытта болуы мүмкін. Табыс бойынша сұраныстың
икемділігін білу экономиканың әртүрлі салаларындағы дамудың
бағдарын анықтауға мүмкіндік береді: Салалардың біреуінің
кеңеюі басқасының қысқаруына әкеледі.
Икемділік түсінігі тауарлардың ұсынысына да қолданбалы.
Бұнда келесі жағдайлар орын алады: ұсыныс икемді, ұсыныс
икемсіз, ұсыныс бірыңғай икемді.
Ұсыныс икемді болғанда тауарлар бағасының 1%-ға көбеюі
сатылатын тауарлардың көлемінің ұсынысы 1%-дан едәуір көп
болады. Бұнда икемділік коэффициенті бірден көп болады.
Икемсіз ұсыныс кезінде бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемінің
көбеюіне әсерін көп тигізе қоймайды. Бұнда икемділік
коэффициенті бірден аз болады. Ұсыныс икемділігі мына
факторлардан тәуелді болады:
өндірістік қуаттардың нақты резервтерінен;
тауар қорларының деңгейінен;
өндірушілер бағаның өзгеруін сезіну үшін қажетті уақыт
мөлшерінен.
Бос қуаттар, қорлар және уақыт көп болса, соғұрым
бағаның жоғарылауын ынталандыратын ұсыныстың көбеюінің
мүмкіндігі көп.
5.5. Тұтынушылар тәртібі
Тұтынушылар тәртібінің таңдауы теориясы негіздерін
қазіргі варианттағы шектеулі пайдалылық категориясының
көрінісі құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |