Н. А. Маженова
52
Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі келесідей
формуламен белгіленеді және И. Фишер формуласы деп аталады:
М х V = P x Q
мұндағы М – ақша массасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Р – тауар бағасы;
Q – нарықта ұсынылған тауар саны.
Осыдан, М = (P x Q) : V.
Бұл теңдеу айналымға қажет ақша санын анықтауға мүмкіндік
береді, тауар бағасының сомасы мен айналымдағы ақша массасы
арасындағы сандық тәуелділікті көрсетуге, инфляция құбылысын
тауарлар
бағасының
артуымен
ілесе
жүретін
ақшаның
құндансыздануы ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.
4.5. Нарықтық шаруашылық тауар өндірісінің
дамуы жоғары сатысы ретінде. Нарықтың
сипатты белгілері
Біздің елімізде бизнес жүйесінің құрылуын қалыптастыру
үшін, олардың экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету
керек. Бұл тек нарықтық экономика бар жағдайда ғана болуы
мүмкін.
«Нарықтық экономиканың» құраушы кілттік элементі
болып нарық табылады. Нарықтың ең қарапайым анықтамасы
мынадай, нарық сұраныс пен ұсыныстың қосындысы. Нарық
туралы басқа анықтама келтірейік. Нарық - бұл адамдар
арасындағы
қоғамдық
байланыстардың
формасы,
яғни
тауарларды екі жақты сату-сатып алудан құралады. Сұраныс пен
ұсыныстың қосындысы берілген анықтамада дараланып тұр,
сондықтан нарықты экономикалық қатынастар сферасы ретінде
қарастыруға мүмкіндік берді.
Енді, келесілерді атап өтеміз.
Біріншіден, нарық – бұл экономикалық субъектілердің
арасындағы қатынастар сферасы.
Екіншіден, нарық - бұл нарықтық экономиканың элементі
ғана болып табылады, оған қосымша жататындар тауардың
Экономикалық теория
53
өндіріс сферасы, бөлу, тұтыну және экономиканы программалау
мен реттеу.
Нарық белгілеріне сипаттама береміз:
Біріншіден, қазіргі замандағы нарық тұтынушы нарығы
болып табылады. Нарықтың мұндай жағдайы сатушыларға
қарағанда өнімді тұтынушылардың басымдылық жағдайын
анықтайды, яғни “тұтынушылар диктаты” “өндірушілер
диктатына” қарама-қарсы.
Нарықтың екінші міндетті белгісі болып оның бәсекелестік
сипаты табылады. Бұл дегеніміз бизнес жүйесінде әрбір субъект
басқа барлық субъектілерге бәсекелес ретінде бола алады.
Қазіргі заманғы нарықтың үшінші белгісі – интеграция
(қосылу) негізінде субъектілер арасындағы қатынастарды
тұрақтандыру. Бұл субъектілердің іскерлік қатынастарда
экономиканы монополизациялауға қарсы іс-әрекетке мүдделі
екенін білдіреді, олардың мүддесі экономиканы монополизация-
лаумен емес, интеграциясымен (қосылуымен) байланысты.
Нарықтық жүйе, жекеменшіктің үстемділігімен, еңбектің
қоғамдық
бөлінуімен,
ақшаның
көмегімен
жүргізілетін
айырбастық қатынастың кеңірек дамуымен сипатталады.
Нарық
жүйесі
аралас
меншікпен,
алға
басқан
технологиямен, мемлекеттің қатынасуымен негізінде дамиды.
Кәсіпкерлік тірліктің ынталандырушы ретінде үлкен пайда алу,
шығындарды төмендету болып табылады.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері
2. Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
3. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары және
тарихи модельдері
4. Тауар және оның қасиеттері
5. Құн заңының қызметтері
6. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуы
7. Еңбек құн теориясы
8. Шектеулі пайдалылық теориясы
9. Ақшаның мәні мен қызметтері қандай
Н. А. Маженова
54
10. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері
11. Айналымдағы ақша мөлшері. И.Фишер теңдеуі
12. Бір ақша агрегатының екіншіден айырмашылығын
неде екенін түсінгеніңізді дәлелдеңіз
13. Инфляция табиғатын сипаттаңыз? Инфляция кезінде
қай теңдік бұзылады
14. Тауарлы шаруашылық категорияларын зерттеудің
марксистік және маржиналистік әдістері
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Натуралды шаруашылық
Тауарлы шаруашылық
Қоғамдық еңбек бөлінісі
Тауар
Тұтыну құны
Айырбас құны
Құн
Құн заңы
Қоғамға қажетті еңбек шығындары
Еңбек өнімділігі
Еңбек интенсивтілігі
Пайдалылық – (полезность)
Шекті пайдалылықтың азаю заңы
Ақша
Ақша агрегаты
И. Фишер теңдеуі
Нарық
Тест сұрақтары
1) Тауар – ол:
A) салық түріндегі байларға (помещикке) тиесілі бидай;
B) баласына сый түріндегі автомобиль;
C) өзендегі су;
D) сату үшін жасалған еңбек өнімі;
E) отбасына арналған үйдің құрылысы.
Экономикалық теория
55
2) Тауардың тұтыну құны, ол:
А) тауар өндірісіне кеткен еңбек мөлшері;
В) тауарды жасауға жұмсалған материалдың мөлшері;
С) тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиеті;
D) адамның бір қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі;
Е) жалпылама еңбек.
3) Тауардың айырбас құны не болады:
А) баға;
В) басқа тауарларға белгілі көлемде айырбасталуы;
С) сиректік;
D) құндылық;
Е) сұраныс.
4) Тауардың құны, ол:
А) тауар өндірісіне жұмсалған еңбек;
В) тауардың қажеттілігі;
С) басқа тауарларға айырбасталуы;
D) тауардың тапшылығы;
Е) адам қажеттілігіне жарамдылығы.
5) Қоғамға қажетті жұмыс уақыты деген:
А) еңбектің қарқыны;
В) бір өнім данасына жұмсалған уақыт мөлшері;
С) әрбір жеке жұмыскердің тауарға жұмсалған еңбек мөлшері;
D) тауар өндірісіне жұмсалған жиынтық еңбек шығыны;
Е) қоғамда қалыптасқан өндіріс жағдайында тауарға
жұмсалатын уақыт мөлшері.
6) Ақша экономикалық категория ретінде – бұл:
A) жалпылама эквивалент қызметін атқаратын тауар;
B) басқа тауарға қарай құнын анықтайтын тауар;
C) алтын мен құнын анықтайтын тауар;
D) алтын және күміс;
E) тауар айырбасына қызмет атқаратын құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |